Ұрықтағы көз аппаратының дамуы

Көз ағзасының эмбриогенезі ұрықтың гестационды жасына сәйкес дамуы

Көздің эмбриогенезі көз ми шекарасынан тыс болатын мидың бір бөлігі болып табылатынын көрсетеді. Көз эмбриональды кезеңнің 2-ші аптасында түзілетін аралық мидың  екі жақ шығыңқыларынан пайда болады (біріншілік көз көпіршіктері).
Жатыр ішілік даму кезеңінде көз алмасының ұрығы ерте бөлінеді- 2-ші аптаның аяғында, бұл кезде ұрық пластинкасы 3 қабаттан тұрады: эктодерма, мезодерма және энтодерма және оның формасы жаншылған чечевица тәрізді болады. Кейіннен орталық жүйке жүйесі дамитын эктодерманың бейтарап бөлігінің алдыңғы бетінде жұп көру шұңқырлары пайда болады.
3 аптада ми түтікшесінің тұйықталуы кезінде шұңқырлар сыртқа қарай шығып тереңдейді, орнын ауыстырады және көз көпіршіктерінің қалпын алады. Олар алдыңғы ми көпіршігінің бүйір жақтарында орналасады және онымен еркін байланысады.

3-4 апта аяғында көз көпіршігінің өз күші әсерінен оның алдыңғы қабырғасының инвагинациясы болады да, көпіршік көз бокалына айналады. Алдыңғы көру қарыншасынан (көпіршігінен) тек тар саңылау ғана қалады. Кейіннен бокалдың дистальды жапырақшасынан тор қабаты, ал проксимальдыдан пигментті эпителий түзіледі. Бокал түзілуімен бір уақытта эктодермадан көз бұршағының ұрығы пайда болады.
Көз бұршағының ұрығы мен бокалдың ішкі қабырғасының арасында біраз мөлшерде мезенхимальды жасушалар қалады, солардан біріншілік шыны тәрізді дене дамиды. Бокалдың сыртқы бөлігі тезірек өседі, көз бокалының төменгі жиегі көбірек қайырыла бастайды, осыдан екіншілік ұрық саңылауы пайда болады. Бұл саңылау арқылы көп мөлшерде мезенхима өтеді, ол шынытәрізді дененің бай тамырлы жүйесін қалыптастырады және көз бұршағы айналасында тамырлы капсула түзеді.
Гестацияның 6 аптасында көз бен көру жүйкесінің ұрық саңылауы жабылады және көз бокалының аяқшасы дифференцирлене бастайды, шыны тәрізді дене мен көз бұршағын қоректендіретін гиалоидты артерия пайда болады. Көз бокалының жиектері алдыға өсіп тор қабаттың шатырашты және кірпікті бөліктерін қалыптастырады. Көз бокалының аяқшасы ұзарады, жүйке талшықтарымен тесіледі, саңылауларын жоғалтады және көру жүйкесіне айналады.

Көз бокалын қоршайтын мезодермадан тамырлы қабық пен склера өте ерте дифференцирлене бастайды. Эктодерма мен көз бұршағы арасында өсетін мезенхимадан саңылау пайда болады- алдыңғы камера.

Саңылау алдыңда жатқан мезенхима тері эпителиімен қоса қасаң қабыққа, ал артында жатқан шатыраш қабыққа айналады.

9 айға таман ақырындап шыны тәрізді дененің тамырлары босайды, көз бұршағының тамырлы капсуласы атрофияға ұшырайды. Көз бұршағы ішінде тығыз ұрық ядросы пайда болады, көз бұршағының көлемі кішірейеді.

Қабақтар тері қатпарларынан түзіледі. Олар көз бокалынан жоғарыдан және төменнен түзіледі, бір- біріне қарай өседі және өзінің эпителиальды жабындарымен жабысады. Бұл спайка дамудың 7 айында жоғалады.

Жас безі жатыр ішілік дамудың 3 айында пайда болады, жас өзегі мұрын қуысына 5 айында ашылады.

Ұрықтың туу кезінде көз және оның қосалқылары дамуының күрделі циклі толығымен аяқталмайды. Туғаннан кейін алғашқы апталарда қарашық смембранасы элементтерінің, шыны тәрізді дене мен көз бұршағының, мұрын-жас өзегі перепонкасының кері дамуы болады, макулярлы аймақтың дамуы, иннервациясы жалғасады.

 

Көру анализаторы дамуының 5 кезеңі

  1. Өмірінің бірінші жарты жылының ішінде тор қабатының сары дене аймағының және орталық шұңқырының түзілуі- тор қабатының 10 қабатынан негізгі 4 қалады (көру жасушалары, олардың ядролары және шеткі мембраналар);
  2. Өмірінің бірінші жарты жылының ішінде көру жолдарының функциональды мобильділігінің жоғарлауы және түзілуі;
  3. Өмірінің бірінші 2 жылы ішінде қыртыстың көру жасушалары элементтері мен қыртысты көру орталықтарының жетілдірілуі;
  4. Өмірінің алғашқы жылдары ішінде көру анализаторының басқа мүшелермен байланысының түзілуі мен күшейтілуі;
  5. Өмірінің алғашқы 2-4 айларында бас- ми жүйкелерінің морфологиялық және функциональды дамуы.

Постнатальды даму кезеңінде көздің қалыптасуы:

Қабақ терісі нәрестелерде өте нәзік, жұқа, тегіс, қатпарсыз, ол арқылы тамырлы тор көрінеді. Көз саңылауы тар  және қарашық өлшеміне сай келеді. Бала ересектерге қарағанда 7 есе сирек көзін ашып- жұмады (минутына 2-3 рет). Ұйқы кезінде жиі қабақтардың толық жабылуы болмайды да, склераның көгілдір сызығы көрінеді. Туғаннан кейін 3 айында қабақтар қозғалысы жоғарлайды, бала минутына 3-4 рет көзін ашып- жұмады, 6 айында- 4-5, 1 жаста- минутына 5-6 рет.

2 жасқа таман көз саңылауы ұлғаяды , қабақ бұлшықеттерінің толық дамуы және көз алмасының үлкеюі нәтижесінде сопақ пішінге ие болады. Бала минутына 7-8 рет көзін ашып- жұмады.

7-10 жасқа таман қабақтар мен көз саңылауы ересектер көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Бала минутына 8-12 рет көзін ашып- жұмады.

Жас безі туғаннан соң 4-6 аптадан және одан да көптен кейін қызмет ете бастайды, бұл уақытта балалар жассыз жылайды. Алайда қабақтардағы қосалқы жас бездері жасты бірден шығарады, ол төменгі қабақтың жиегі бойымен айқын жас жылғасымен жақсы анықталады. Жас жылғасының болмауы қалыптыдан ауытқу ретінде бағаланады және дакриоцистит дамуының себепшісі болу мүмкін. 2-3 айда жас безінің және жас шығарудың қалыпты қызметі басталады.

Бала туған кезде көп жағдайда жас әкеткіш жолдар қалыптасқан және өтімді болады. Алайда шамамен 5% балаларда жас- мұрын өзегінің төменгі тесігі кейінірек ашылады не мүлдем ашылмайды, ол нәрестелер дакрициститінің себепшісі болу мүмкін.

Көз ұясы (орбита) 1 жасқа дейінгі балаларда салыстырмалы кішкентай болады, сондықтан да көздері үлкен сияқты болады. Көз ұясының пініні үш қырлы пирамидаға ұқсас, пирамидалардың негіздері конвергентті бағытталған. Сүйек қабырғалары, әсіресе медиальды, өте әлсіз және көз ұясы клетчаткасының коллатеральды ісінулердің дамуын демейді (целлюлиттер). Нәрестелер көз ұясының горизонтальды өлшемі вертикальдыдан үлкен, көз ұясы осьтерінің тереңдігі мен конвергенциясы  аздау, ол кейде түйіскен қилылық тәрізді болады. Көз ұясының мөлшері ересектердің 2/3 сай. Нәрестелердің көз ұясы жазықтау және кішілеу, сондықтан да көз алмаларын жарақаттардан нашар қорғайды және көз алмалары шығып тұрған тәрізді болады. Балаларда сына тәрізді сүйектердің самай қанаттарының жеткіліксіз дамуынан көз саңылаулары кең болады. Тістер ұрықтары көз ұясы құрамына жақын болады, ол одонтогенді инфекцияның түсуіне жеңілдік береді. Көз ұясының дамуы 7 жасқа таман аяқталады, 8-10 жаста көз ұясының анатомиясы ересектерге жақын болады.

Конъюнктива нәрестелерде жіңішке, нәзік, ылғалдылығы жеткіліксіз, сезімталдығы төмен, жеңіл жарақаттанады. 3 айға таман ол ылғалданады, жарқырайды, сезімталдығы күшейеді. Конъюнктиваның айқын ылғалдануы мен суреттенуі қабыну ауруларының белгісі (конъюнктивит, дакриоцистит, кератит, увеит) немесе туа біткен глаукоманың белгісі болу мүмкін.

Қасаң қабық нәрестелерде мөлдір, алайда кейде туғаннан алғашқы күндері біраз тұнық болады. 1 апта ішінде бұл өзгерістер ізсіз жойылады да, қасаң қабық мөлдір болады. Қасаң қабық диаметрі нәрестелерде 9-9,5 мм болады, 1 жаста 1 мм ұлғаяды, 2-3 жаста тағы 1 мм-ге, ал 5 жасқа таман ересектерге сай болады- 11,5 мм. 3 айға дейінгі балаларда оның сезімталдығыайқын төмендеген. Корнеальды рефлекстердің төмендеуінен бала көзге түскен бөгде заттарға мән бермейді.

Склера нәрестелерде жіңішке, көгілдір реңмен, ол ақырындап 3 жасқа дейін қайтады. Бұған абайлап қарау керек, себебі склераның көгілдір болуы синдромды аурулардың және туа біткен гллаукоманың белгісі болу мүмкін.

Алдыңғы камера нәрестелерде кішкентай (1,5 мм), алдыңғы камераның бұрышы өте өткір, шатыраш қабақтың түбірі аспидты түсті. Бұл түс эмбриональды тіндердің қалдықтарының салдарынан болады деген пікір бар, ол 6-12 айында боғалады. Алдыңғы камераның бұрышы ақырындап ашылып, 7 жасқа таман ересектерге сай болады.

Шатыраш қабық нәрестелерде пигменттердің аздығынан көгілдір- сұр түсті болады, 1 жасқа таман индивидуальды түсті болады. Шатыраш қабықтың түсі толығымен 10*12 жасында тұрақтанады. Қарашықтардың тура және үйлесімді реакциялары айқын емес, қарашықтары медикаменттермен нашар кеңейтіледі. 1 жасқа таман қарашықтардың реакциясы ересектерге сай болады.

Кірпікті дене бастапқы 6 айда спастикалық жағдайда болады, ол циклоплегиясыз миопиялық клиникалық рефракцияны және гомотропиннің 1% ерітіндісімен инстилляциядан кейін рефракцияның гиперметропиялық жаққа ауысуын демейді.

Көз түбі нәрестелерде алқызғылт түсті, азды- көпті айқындалған паркеттілікпен және көптеген жарықтық бликтермен. Ересектерге қарағанда ол әлсіз пигменттелген, тамырлы тор нақты көрінеді, тор қабаттың пигментациясы көбінесе ұсақ нүктелі немесе дақты. Шет жақтарында тор қабаты сұр түсті, перифериялық тамырлы тор жетілмеген. Нәрестелерде КНД бозғылттау, көк- сұр реңмен, оны қателесіп атрофия деп қалу мүмкін.Сары дене айналасындағы рефлекстер болмайды және 1 жылдың аяғында қалыптасады. Бастапқы 4-6 айында көз түбі ересектерге сай болады, 3 жаста көз түбі тонының қызаруы байқалады. КНД-да тамырлы құбыр анықталмайды, ол 1 жаста дами бастап, 7 жасында аяқталады.

Жатыр ішінде дамығанда көз ағзасының дамуы

  • 3 апта. Көз шұңқырларының пайда болуы және олардың көз көпіршіктеріне айналуы. Эктодермальды пластинканың түзілуі- линзаның ұрығы. Көз көпіршігінің ашық аяқшасының пайда болуы.
  • 4 апта. Көз бокалының, көз бұршағы шұңқырының пайда болуы. Шыны тәрзді дене артериясының көз бокалының ұрықтың саңылауына өсуі. Тор қабатының артқы полюсқа жақын екі қабатқа ажырауы. Примитивті КНД пайда болуы.
  • 5 апта. Көз бұршақты көпіршіктің- линза капсуласының, талшықтардың және капсулалы эпителийдің пайда болуы. Линзаның тамырлы қапшығының, хориоидеяның тамырлы торының, примитивті нейроэпителийдің пайда болуы.
  • 6 апта. Капсулоқарашықты мембрананың, біріншілік шыны тәрізді дененің өздік тамырларының, мезодермальды шыны тәрізді дененің, ганглиозды жасушалар қабаттарының пайда болуы. Қасаң қабық қабаттарының түзілуі.
  • 7 апта. Қабақтар ұрықтарының пайда болуы. Алдыңғы және артқы кірпікті артериялардың түзілуі. Ганглиозды жасушалардан жүйке талшықтарының көру жүйкесінің өзегіне кіруі. Шатыраш қабаттың стромасының дамуы. Жас өзекшелерінің эпителиальды тәж түрінде түзілуі.
  • 8 апта. Склера дамуы. Көз бұршағының эмбриональды ядросының пайда болуы. Хиазмада жүйке талшықтарының жартылай айқасуының дамуы. Көру жолының пайда болуы. Жас безінің орбитальды бөлігінің түзілуі.
  • 9 апта. Қабақтар жиектерінің бітісіп өсуі. Шыны тәрізді дененің өзіндік тамырларының жойылуы. Екіншілік шыны тәрізді дене түзілуі.
  • 10 апта. Таяқша мен құтышалардың жіп тәрізді өсінді түрде түзілу.
  • 11 апта. КНД-да глиозды өсіндінің пайда болуы. Шатыраш қабық пенкірпікті дененің эктодермальды бөлігінің түзілуі.
  • 12 апта. Лямбда тәрізді тігісімен көз бұршағының ұрықтық ядросының түзілуі. Эмбриональды кезең дамудың соңы.
  • 4 ай. Көру жүйкесінің тамырлы сақинасының түзілуі (цинновты). Көз алмасы қынабының түзілуі (тенонов капсуласы). Жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықеттің пайда болуы. КНД айналасындағы аймақтатор қабаттың артериясының түзілуі.
  • 5 ай. Мұрын қуысына жас жолдарының ашылуы.
  • 6 ай. Шыны тәрізді дене артерияларының айналасында глиальды қапшықтардың түзілуі.
  • 7 ай. Қарашық аралық мембрана жойылуы, шыны тәрізді дене артериялар облитерациясы. Бітіскен қабақтар ажырауы.
  • 8 ай. Көру жүйкесінің торлы пластинкасының дамуы. Линзаның артқы тамырлы қапшығының жойылуы.
  • 9 ай. Хиазма және көру жүйкесінің дамуы. Шыны тәрізді дене тамырларының жойылуы.
    Орталық көру- тор қабатының құтышалы аппаратымен іске асады. Ол жоғары көру өткірлігімен, түсті көрумен және заттың пішінің қабылдаумен сипатталады. Нәрестелерде орталық көру өте төмен болады. Балаларда пішінді көру тұрақты орталық фиксация болғаннан кейін дамиды. 4 айда көру өткірлігі 0,01 біраз кем, және 1 жасқа дейін ақырындап 0,1-0,3 жетеді.Көру өткірлігі 5-15 жасқа таман қалыпты болады.

Көру анализаторының жасқа байланысты өзгеруі

Шеткі көру– таяқшалы көру, ол кеңістіктегі ориентация үшін қажет және түнгі көруді қамтамассыз етеді. Балаларда ол біраз кейінірек 5-6 айында басталады.

Түсті көру– көздің түстерді ажырата алу мүмкіндігі- түсті көрудің дамуы көру өткірлігінің дамуымен параллельды жүреді, алайды ол туралы айту мүмкін болмайды. Қызыл, сары, жасыл түстерге баланың алғашқы реакциясын байқау бала өмірінің бастапқы алты айында болады. Түсті көрудің қалыпты дамуы жарықтандырудың интенсивтілігіне байланысты.

Бинокулярлы көру- стероескопиялық көру- тереңдікті қабылдауға, сонымен қоса заттардың зерттеушіге дейін және бір- біріне дейін арақашықтықты анықтауға мүмкіндік береді. Бинокулярлы көру 3 айында басталады және 6-12 жасында аяқталады

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!