Гематоген

Бұрынға заманда гематоген десерт ретінде саналған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гематоген жауынгерлер рационына қосылып, стационарда емделетін балаларға және егде жастағыларға ұсынылатын. Ал қазіргі балалар мен ата аналар оның нақты құрамы және не үшін қажет екенін біле бермейді

Гематоген деген не?

Қазіргі уақытта гематоген құрылымы басқаша. Оның құрамында табиғи және химиялық қоспалар кездеседі. Бірақ оның негізгі бағытталған қолданылуы  -қан түзу процесстерін белсендіру бұрынғыдай қалды. Гематогеді өз еркімен, және көрсеткіштер жоқ болса жеуге болмайды.

Гематоген — бұл қан түзу процестеріне қатысатын белсенді зат. Яғни оны тәтті десерт немесе кәмпит ретінде санауға болмайды. Қазіргі уақытта фармацевтикалық жіктеуде гематоген биологиялық белсенді зат (биологические активные добавки –БАД) ретінде саналады.

Гематоген құрамы

Гемотоген негізі болып ірі қара малдың қаны. Қан микроорганизімдерден тазартылып, дефибрильденген күйде болады. Бірақ кейбір өндірушілер қан емес гемоглобин қолданады.  Гемотоген дәмі жағымды болу үшін келесідей қоспаларды қосады:

  • қант
  • кунжут
  • шоколад
  • жаңғақ
  • бал
  • цукат
  • кокос
  • сүт
  • ваниль және т.б.

Гематоген құрамында қан бар деген өзді ешқашан таппайсыз. Онда тек «тағамдық альбумин» деген атпен қан белоктары жазылады.

Көмірсулық құрамына келетін болсақ, онда қант құрамындағы келесі қарапайым және күрделік көмірсулар келесідей:

  • декстрин
  • мальтоза
  • сахароза
  • глюкоза (ең жиі қолданылады)

Майларға келетін болсақ, гематоген құрамына жануар тектес майлар қосылады. Себебі гематоген құрамындағы дәрумендер (витаминдер) майда еритін болып келеді. Гематоген құрамындағы маңызды элементтің бірі ол –темір. Ол темір жетіспеушілік анемия кезінде аса қажетті материал. Темірден басқа аз мөлшерде натрий, калий, хлор және кальций кездеседі.

Гематоген әсер етуі

Гематоген — темір көзі. Ол ағзадағы гемоглобин деңгейіне оң әсер береді. Темір ішектен сіңіріліп кейін қанға түседі. Ары қарай ол гемоглобин ақуызын (белок) түзуге қатысады.

Темір ағзадағы ақуыз ферритин жоғарылауына себеп болады. Ферритин өз кезегінде ағзадағы арттық темірді өзімен байланыстырып, ағзаны улануын болдырмайды. Яғни ағзадағы артық темір қорын жинайды.

Гематоген пайдалы жақтары

Келесідей жағдайларда гематоген пайдалы:

  • жалпы әлсіреген ағза (нашар экология, стресстер, физикалық және ұзақ психикалық жүктемелер әсерінен)
  • теміржетіспеушілік анемия
  • Асқорыту жолдарының жаралары, қан кетумен бірге көрінетін болып, көп қан жоғалтақнда.
  • Дәрумендер (витамин) жетіспеу
  • А витамині жетіспеу салдарынан көру нашарлауы
  • Бала салмағының жасын сай емес, немесе баяу өсуі.
  • Басынан өткерген ауыр жағдайлар

Гематоген зиянды жақтары

Көпшілік адамдар гематогенді тәтті дәміне бола ұнатып, оны дәрігер тағайындауынсыз пайдаланады. Бұл белсенді препаратты әдеттегі шоколад немесе тағам ретінде пайдалануға болмайтынын есте ұстау керек. Гематогенді артық пайдаланудағы жиі кездесетін салдар –темірдің ағзада артуы. Мұндай жағдайларда артық радикалдар түзіліп, ол ағза жасушаларының қабырғасын зақымдауға бейім, кейде толықтай жоюға да қабілетті болады.

Сонымен қатар еген ағзада темір мөлшері шектен тыс жоғары болса, қантамырлар қабырғасына холестерин шөгуге бейімділігі артады. Ал бұл атеросклероз тәрізді қауіпті ауруға алып келеді. Көп мөлшерде қабылданған гематоген ішекте ашу және шіру процестерін күшейтеді. Ал бұл жағдайда адамда жүрек айну, лоқсу, бас айналу, нәжіс сұйылуы секілді көріністер береді.

Жүктілік кезінде гематоген жеуге бола ма?

Жүкті әйелдердің темірге қажеттілігі жоғары болып келеді. Бұл плацентаның қалыпты қалыптасуына, болашақ ананың денсаулығына қажетті фактор. Темір көзі ағзадағы ферритин қорынан емес сырттан алынуы керек.

Жүктілік уақытанда әйел ағзасындағы айналымда жүрген қан көлемі 1,5 есе көбейеді. Соған байланысты бұрғыдан салыстырғанда ағза темірді көбірек қажет етеді. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде (4-9 айларында) темір мөлшері көбірек қажет болғандықтан, теміржетіспеушілік анемия даму қауіпі жоғары. Профилактика үшін жүкті әйел тәулігіне 27 мг темір қабылдауы қажет. Бұл үшін гематоген жеу қажет. Бірақ темір қорын толтыруда тек қана гематогенге сенуге болмайды. Сонымен қатар тағам рационына ет, балық, бауыр, тауық жұмыртқасын, дәнді дақылдар мен көкеністер қосылу қажет. Бір сөзбен айтқанда толыққанды тамақтану болу керек.

Бірақ гематоген тәрізді биологиялық белсенді заттарды қабылдамас бұрын өз дәрігеріңізбен міндетті түрде ақылдау керек. Тек маман дәрігер сізге гематогеннің индивидуалды дозасын анықтап тағайындай алады. Жүктілік кезінде гематогенді еш шектеусіз жеу, әйелдің ғана емес баланың да денсаулығына кері әсерін береді. Гематоген арық мөлшері бұл кезде қан қоюлығын жоғарылатып, тромбофлебит тәрізді аурудың пайда болуына алып келеді.

Гематогенді қандай мөлшерде пайдалану қажет?

Гематоген бүгінгі күнде дәріханаларда батон тәрізді қаптамада сатылады. Оның дозировкасы әртүрі болып келеді: 20-50 граммға дейін. 3 -6 жас аралығындағы балаларға 5 граммнан күніне 3 реттен қабылдауға болады. Ал 6-12 жас аралығында 10 грамм мөлшерінде 2 реттен қабылдау ұсынылады. 12-18 жастағы балалар үшін 10 грамнан 3 рет қабылдауға болады.

Ересектерге 5-15 гр тәулігіне 2-3 рет қабылдауға рұқсат етіледі. Жүктілерге күніне максималды доза 50 гр (әртүрлі болуы мүмкін). Кез келген жастағы адамдарға гематогенді жоғарыдағы дозировканы сақтай отырып 14-21 күнге дейін қабылдауға болады (курс). Егер қабылдаушы жүкті әйел болса, гематоген қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесу маңызды, себебі әр әйелдің индивидуалды ерекшеліктері ескерілуі қажет. Гематогенді тағам қабылдаудың арасында жеу керек. Бұл оның толыққанды ағзаға сіңуіне оң әсер береді.

Гематогенді таза сумен ішуге болады. Бірақ сүт немесе басқа сүт тектес тағамдармен бірге қабылдауға болмайды, бұл оның қорытылуын және сіңуін нашарлатады. Гематогенмен бірге басқа дәруменді (витаминді) препараттарды қабылдауға болмайды. Вместе с гематогеном нельзя курсами пить витамины. Сонымен қатар гематогенмен бірге басқа дәрілік препараттарды қабылдау ұсынылмайды. Мұндай жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесу керек.

Гематогенге қарсы көрсеткіштер

Келесідей жағдайларда гематогенді қабылдауға болмайды:

  • семіздік (дене салмақ индексі 30 жоғары болса)
  • Қант диабеті
  • 3 жасқа дейінгі балалар
  • тромбофлебит
  • тамырларды варикозды кеңеюі
  • зат алмасудың бұзылуы
  • Теміржетіспеушіліктен басқа анемия түрлері
  • Гематоген құрамыдағы заттарға индивидуалды жоғары сезімталдықтың болуы. Бұл жағдайда қарапайым аллергиялық реакциядан аса қауіпті Квинке ісігіне дейінгі асқыну көрінуі мүмкін.

Барлық дәрілік заттар тәрізді, Гематоген де өз жанама әсерелін көрсетуі мүмкін. Ол көбінесе асқорту ағзаларымен байланысты. Бұл белсенді зат асқазан шырышты қабатын тітіркендіріп, кезбе нерв (n.vagus) белсендіру мүмкін. Сондықтан құрсақ аумағындағы жағымсыз сезімдер, жүрек айну, лоқсу байқалуы мүмкін.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!