Бейімделу физиологиясы

Адам ағзасының қорғашан ортағы бейімделуі. Бейімделу түрлері

Бейімделіс – қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына ағзаның икемделуі. Адамның күнделікті тіршілік жағдайларында ақпараттық түрткілер, мәселен, жалған немесе оқыс, жеткіліксіз немесе артық хабарлар төтенше ықпал жасайды. Ағза осы жағдайларға бар мүмкіншілігінше өзінің құрылымдық және әрекеттік әсерленістері арқылы бейімделіп отырады. Оның табиғи орталығы әртүрлі маусымдық жағдайларына икемделу құбылысын акклиматизация деп атайды.

Физиологиялық бейімделіс – әрекеттік жүйе, ағза, ткань белсенділігі мен өзара байланысын реттеуші механизмдердің, орнықты деңгейін айтады. Бұның мәні ортаның жаңаша жағдайларында организмнің сақталуына, дамуына, қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін әрекеттердің қайта құруына келіп тіреледі.

Табиғи факторлар: ағзаға   қоршаған     орта температурасы,   барометриялық   қысым,     ғарыштық сәулелену,  су  және   оның     құрамындағы        заттар, геомагниттік     өріс,    фотопериодизм  әсер етеді. Жыл мезгілі  ағзаға әсер ететін толық факторлар комплексін өз қатарына қосады.

Әлеуметтік  факторлар: суық немесе ыстық өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдарда термореттелуші   механизмдерге қосымша жүк, жұмыс орнында шеттен тыс қатты дыбыстар, ортаның ластануын (нәтижесінде әртүрлі ауруларға әкеледі, мысалы, ауада кездесетін  улы заттармен демалу) тудырады.

Бейімделу механизмдерінің жіктелуі

Туа пайда болған механизмдер: 

  • Функция реттелу механизмдері
  • Геофизикалық биоритмдер
  • Тұқым қуалайтын иммунитет
  • Инфекциядан арнайы емес қорғаныс

Жүре пайда болған механизмдер:

  • Шартты рефлекстер
  • Дағдылар
  • Резистенттіліктің жоғарылауы
  • Жүре пайда болған белсенді иммунитет

Бейімделу реакцияның ұзақтығына байланысты бөлінеді:

  1. Жедел механизмдер. Ағза функциясы реттелуінің нейрогуморальды және миогенді механизмдері.
  2. Ұзақ уақытты механизмдер. Геоәлеуметтік биоритмдер. Арнайы және арнайы емес резистенттілікке тұрақтылығы.
  3. Тұрақты механизмдер. Геофизикалық биоритмдер. Тұқым қуалайтын иммунитет. Инфекциядан арнайы емес қорғаныс.

Тұқым қуалауға байланысты бейімделу жіктеледі:

  • Генотиптік бейімделу – ағзаның      туа    пайда     болған морфофизиологиялық  ерекшеліктері     мен  әртүрлі қоршаған       орта жағдайында қолайлы   өмір       сүруге   мүмкіндік беретін особьтардың болуы.
  • Фенотиптік бейімделу –  қоршаған орта  әсерінен    жүре     болған     реакция  (мысалы, күшті     физикалық   жүкке дайын емес адам ағзасының бейімделісі).

Бейімделіс процесінің қайтымдылығы. Қоршаған орта факторының әсері тоқтағанда ағзада деадаптация туындайды, яғни ағзаның тканінің әр түрлі   жүйелерінде пайда болған морфологиялық және биосинтетикалық бейімделістің өзгеруінің жоғалу процесі.

Ағзаның арнайы емес бейімделіс реакциялары

Адам ағзасының қоршаған ортаның әртүрлі тітіркендіргіш күштеріне бейімделісі          нейрогуморальды  жүйенің ұйымдасуымен бірнеше ағзаның  арнайы емес бейімделісі механизмдерін тудырады:

  • Симпатоадреналинді реакция;
  • Стресс-реакция;
  • Шынықтыру реакциясы;
  • Активация реакциясы.

Үлкен  күштің немесе стрессордың кез келген тітіркендіргіштеріне ағза арнайы емес бейімделіс реакциясы – симпатоадреналинді  және стресс-реакциясы  дамуымен жауап береді.

Симпатоадреналинді реакция ағзаға стрессор әсер еткенде вегетативті жүйке жүйесінің  симпатикалық бөлімін белсендендіретін норадренергиялық нейрондар маңында орналасқан рефлекстік қозу нәтижесінде     пайда болады. Адреналиннің  әсерінен жұмыс істейтін бұлшықет пен жүректі энергетикалық  ресурстармен және оттегімен қамтамасыз етеді. Адреналин гликогеннен глюкозаның, үшглицерид май тканінен бос май қышқылына айналуын, оттегі тасымалдаушы жүйе функциясын белсендендіруін: қан айналу – жүрек     соғуының саны мен күшінің артуы; тыныс алу – минутына   тыныс алу көлемінің артуы,  өкпеде көмірқышқыл газының азаюы; эритрон – қанда оттегі көлемінің артуы, т.б. реттейді.

Стресс реакциясы. «Стресс» термині ағзаның бейімді белсенділігі мен оның  стрессор әсер еткендегі         жүйесіндегі   арнайы емес нейрофизиологиялық    көрініспен түсіндіріледі. Стресс кезінде адам ағзасында   тек қана бейімделіс  өзгерістері ғана туындап қоймай, өмір сүруге   қауіпті, тіпті ауруға әкеліп соғатын бұзылыстар туындауы  мүмкін. Мысалы, соның бірі конфликт кезінде  байқалатын   стрестің   кең        тараған формасы – эмоционалды стресс  болып табылады.  Эмоционалды стрестің жиі қайталанып отыруы әртүрлі психосоматикалық аурулар –психоз, неврозды; жүрек-қан тамыр – аритмия, миокард инфаркті, гипертониялық ауруларға әкеледі.

Стрестің  ұзақ уақытқа созылуы жыныс гормондардың деңгейі төмендеп, нәтижесінде ер адамдарда сперматогенезі бұзылып, ұрпақсыз қалу қаупі төнеді. Сондықтан  стресс бірнеше формаға: оң, физиологиялық және теріс, патологиялық болып бөлінеді.

Әртүрлі жағдайлардағы бейімделіс

Организмнің күнделікті тіршілік жағдайына, еңбек жүктемелерінде, ағзалары мен тканьдерінде үнемі қоректік заттар мен су тапшылығы, оттегі жетіспеушілігі, температуралық  ауытқулар, газдардың               үлестік қысымының өзгерістері байқалады. Осы өзгерістер және оларды реттеуші жүйелер қалыпты   физиологиялық механизмдер арқылы организмнің бейімделіс негізін жасайды.

Қандай да бір климаттық факторларға бейімделіс кезінде адам ағзасы қалыпты өмір сүру алаңында   әрдайым факторлардың күрделі комплекстерімен кездесіп отырады.

Температура әсеріне бейімделу. Ағза қоршаған ортаның температура өзгерістеріне әртүрлі бейімделеді. Адам суық жерлерде немесе тоңазытқыштарда жұмыс істегенде, алғашқы кезде оның ағзаның жылу өндіруі тиімсіз, орасан көп, ал жылу шығаруы  әлі де жеткіліксіз болады. Кейін жылу өндіру мен жылу шығару процестері  теңестіріліп бейімделістің тиянақты кезі қалыптасады. Сөйтіп бұл адамның өзіне тән температуралық  режимі пайда болады. Мұнда бейарнамалық бейімделіс құбылыстарымен қатар, суықты қабылдауды бейімдейтін   және дене температурасының белгілі ырғағын жасайтын арнайы механизмдер қатысады.

Балалардың температуралық  өзгерістерге әсерленісі жас кезеңдеріне сәйкес жетіледі. Алғашқы балалық шақта олар жоғары температурадан гөрі салқындықты жақсы  көреді.

Бұл, әрине, олардың жылу реттелісінің толық жетілмегендігін көрсетеді. Өйткені балалардың осы жас кезеңдерінде жылу реттелуі, терісінің құрылысы, оның тамырлануы жете қалыптаспайды. Сондықтан       тері бездерінің  саны жеткілікті болғанымен, терлеу  әсерленісі ағзаның жылу шығаруын толық қамтамасыз етпейді. Жас ұлғайған сайын терлеу күшейе түседі. Балалар өмірінің  алғашқы айларында тері әрі суықтық, әрі жылылық тітіркеншдіргіштерге бірдей шығады. Бір жасқа дейінгі балаларда, үлкендерге қарағанда,      ішінара рефлекстік терлеу өте жоғары  температурада байқалады.

Сонымен   бірге      балалардың   дене аумағы мен салмағының арақатынасы үлкен болғандықтан, ағзаның жылу шығаруы қарқынды өтеді. Балалық шақта басталған климатқа бейімделіс өте тиімді және орнықты   болады. Өйткені жас организм, оның  текті аппараты бейімделістің өте зор және жан-жақты құрылымдық     негізін жасайды. Әрине, бұл үшін балалардың қалыпты тұлғасын, жүйке-психикасының дамуын, жоғары    иммуналық әсіребелсенділігін қамтамасыз ететін, олардың анатомиялық-физиологиялық        ерекшеліктеріне сәйкес жағдайлар жасалуы тиіс.

Бейімделу реакциясы және дизадаптация қалпы.

Бейімделу реакциясы қалпы – қоршаған орта факторларының әсерінен туындаған адам ағзасының жауап беру жүйесінің өзгеру шегі. Ағзаның бейімделу қалпының жоғарылауы – патологиялық өзгерістерге әкелетін көрініс – дизадаптация туғызады. Мысалы, спортшыларда кардиосклероздың болуы, жүгіру кезінде жүрек жұмысының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

Адам ағзасының жоғары температураға бейімделіс реакциясы.

Жоғары температураға икемделу суыққа бейімделу тектес болады. Алайда мұнда организмдегі өзгерістер суықтыққа  қарағанда қарама-қарсы. Бұл ретте бейімделістің бастапқы кезі тыныс, жүрек соғысының  жиіленуінен басталады. Ағзада қан мөлшері қайта бөлініп, ішкі ағзаларда ол азаяды да, сыртқы дене бетінің тамырларында қан ағымы жеделдейді.

Ағза жоғары температураға су-тұз алмасуын реттейтін эндокриндік жүйелер  арқылы икемделеді. Антидиурездік  гормонның сөлінісі белсендіріледі. Себебі көп терлегендіктен, ағзада су мөлшері азаяды, ал осморецепторлар арқылы гипоталамусқа мол ақпарат жеткізеді. Сөйтіп АДГ  бүйрекке   әсер етіп, судың қайта сіңірілуін күшейтіп, диурезді тежейді.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!