Ауруханалардағы санитарлы эпидемияға қарсы тәртіп

Ауруханаларды санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіппен қамтамассыз ету

Емдеу бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі

Науқас түсер алдында палатадағы төсек, тумба, дәрет ыдысына арналған заттар дезинфекциялық ерітіндідегі дымқыл шүберекпен сүртіледі. Осыған орай, бөлімнің жұмыс бөлмесінде дезерітінді мен шүберегі бар таңбалы ыдыс болады. Ыдысты жабық ұстау қажет. Төсекке дезинфекциядан өткен төсек жабдықтары төселініп, төсек жабдықтарына таза төсек жамылғысы жабылады. Науқасқа жеке заттар (аурудың жағдайына байланысты) бөлінеді: стакан, су ішкізетін ыдыс, түкіргіш, дәрет ыдысы, зәр қабылдауыш, жылытқыш, т.б. тиянақтап жуылады. Науқас жазылып шыққаннан кейін науқас қолданған заттар дезинфекцияланады.

Науқас ауруханаға түскен кезде өзімен гигиеналық заттарды алуына рұқсат беріледі. Битпен түскен аурулар қабылдау бөлмесінде алғашқы тазалаудан өтеді, ерекше қадағалауда болады және қажет болған жағдайда биттен толық арылту үшін тазалаудан қайта өтеді.

Рұқсатпен, әр ауру өз бөлімінде гигиеналық душ қабылдай алады (7-10 күнде 1 рет).

Науқас іш киімдері және төсек жамылғылары 7-10 күнде бір рет (душ қабылдағаннан кейін) және жамылғы кір болған жағдайда ауыстырылады.

Жамылғыларды ауыстыру мерзімі арнайы тіркемеде тіркеліп отырады, оны бөлімнің шаруашылық бөлімінің медбикесі жүргізеді. Жамылғыларды іріктеуге арналған арнайы бөлме болу керек. Пайдаланған жамылғыларды еденге лақтырып тастауға тиым салынады. Жамылғылар ауыстырылғаннан кейін палатадағы заттар дезерітіндімен дымқылданған шүберекпен сүртіледі.

Пайдаланған жамылғыларды іріктеу мен жинастыруға арналған бөлме ауасы таза, еденнен 1,5 м жоғары плиткамен жапсырылған немесе майлы бояумен боялуы керек.

Жамылғыларды ауыстыру кезінде халат, медициналық қалпақ, маска, резинке қолғап, шәркей болу қажет. Жамылғыларды ауыстырып болғаннан кейін бөлме дезерітіндімен жуылады, арнайы киім жууға жіберіледі, аяқ киім мен қолғап дезинфекцияланады. Бөлмелерді тазалау үшін арнайы белгі қойылған мүлік және шүберек бөлінеді, олар тазалаудан кейін дезинфекцияланады. Науқастар күнде таңертең және кешке, ұйықтар алдында жуынуы керек. Тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жуу керек. Төсектен тұрмайтын науқастарды жуындыру керек. Төсектен тұрмайтын науқастар үшін жуыну төсек жанында ұйымдастырылады. Бұл үшін, бөлімде белгі соғылған ыдыстар (шәйнек, леген, су және ағызба суға арналған ыдыс пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады) болуы керек.

Науқастарға, палатадағы көрші төсегіне отыруына тиым салынады. Сонымен бірге, келушілерге де науқастың төсегіне отыруға рұқсат берілмейді. Бұл жағдайда палатада орындық болу керек.

Палаталар ауасы күніне кем дегенде 4 рет тазартылуы керек. Түскі астан кейінгі демалыс және күн тәртібінің барлық науқастармен аурухана жұмыскерлері тарапынан қатаң сақталыну керек.

Ауруханалардың бөлімдерінде пост тәртібі мен күн тәртібі қатаң сақталуы керек, науқастар мен медицина қызметкерлерінің дауыстап сөйлемеуге тиісті, бөлмелерді таңертең ерте және кешке кешігіп жинамау керек.

Науқастарға басқа бөлімдерге баруға рұқсат етілмейді. Шәркейлер және басқа да қолданыста болған аяқ киімдер науқас шыққаннан кейін дезинфекцияланады.

Қызмет көрсетушілер қолдарын тазалау, осы нұсқаудың 2.14 тармағына сәйкес жүргізіледі.

Бөлімдерде тәртіп пен тазалық сақталынады. Тазалау күніне 2 рет 2% ыстық сабынды-содалы ерітіндіні немесе 2 пайыздық ыстық синтетикалық жуу заттары ерітіндісімен, ылғалды тәсілді пайдалана отырып жүргізіледі. Дәретханалар, душ бөлмелері дезинфекция жабдықтарын пайдалана отырып жуылады. Дезинфекция ерітінділерін пайдалана отырып, аптасына 1 рет жалпы тазалау жүргізіледі. Бөлімнің тазалау мүліктеріне (шелек, шүберек) белгі қойылады және дәретхана, палата, ванна, дәліз, емдеу кабинеттерінде және т.б. бөлмелер үшін арнайы пайдаланылады.

Белгі соғылған тазалау мүліктері қатаң белгіленген орындарда сақталады және белгілі бір мақсатта ғана қолданылады. Тазалау мүліктерді сақтайтын орын болмаған жағдайда дезинфекциялағаннан кейін жинайтын орын белгіленген жерге сақтауға болады. Осы мүліктерді басқа бөлмелерді және басқа да мақсатты істерге пайдалануға рұқсат етілмейді. Пайдаланғаннан кейін жинау мүліктері мен шүберектер дезинфекцияланады және тиісті жерде сақтайды.

Бөлім персоналдың медициналық бақылануы мен тексерісі медициналық бақылаудың қолданылыстағы нұсқауына сәйкес жүргізіледі.

Науқастар арасында ауруханаішілік инфекциялық дерт пайда болған жағдайда барлық қызметшілерге кезектен тыс медициналық бақылау жүргізіледі.

Аурухана бөлімдерінде, науқастардың инфекциялық ауруларына орай іс-шаралар жүргізіледі. Науқастардың қызуы көтерілген кезінде (37,5° С және жоғары), 5 күн бойы тифопаратифоз, риккетсиоз және басқа да инфекцияларға тексеруге арналған бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алады. Соңғы 2 жылда тропиктен келген, қызбасы байқалған науқастардың алғашқы белгілеріне қарамастан малярия зиянкестерін білуде міндетті түрде қаны зерттеледі. Осындай қанды зерттеу:

  • қызу жиі көтерілгенде, сырқаттанудың алғашқы 5 күн ішіндегі алынған анықтауларға қарамастан;
  • қан құйғаннан кейін 3 ай ішінде қызу көтерілгенде;
  • соңғы 2 жылда анализде маляриямен ауырғандардың қандай ауру түрі болмасын қызуы көтерілгенде;
  • белгісіз қан аздық, көк бауыр мен бауырдың өсуі кезінде жүргізіледі.

Науқастың жұқпалы ауру белгісі байқалғаннан, жұқпалылар ауруханасына (бөліміне) ауыстырғанға дейін, оны оңаша палатаға оқшаулау керек.

Жұқпалы аурумен қатысты науқастарды оңаша палатаға ауыстырады және аралық уақытына дейін оларға бақылау жасалынады, науқасты шығарар кезде жұқпалы аурумен қатысты болғаны туралы мекен-жайына орай СЭС хабарлайды. Босатылған палатаға кесте бойынша ЕПМ құралдары және күшімен соңғы дезинфекция жүргізіледі.

Емдеу бөлімдерінің асхана, буфеттерінде санитарлық-эпидимиологиялық тәртіп

Аурухананың тамақ бөлімдеріне арналған қолданыстағы санитарлық ережесінде қаралған тағамның құрылысы, дайындауы және ұстау талабы қатаң бақылану керек.

Тамақ бөлімдерінің көрнекті жерінде Санитарлық ереже ілулі тұру керек. Бұл ереже аурухана басшылығы мен аурухананың тамақ бөлімінде жұмыс істейтін әр жұмыскерге мәлімет болып табылады.

Тамақ блоктарының буфет және тарату жұмыскерлерінің медициналық бақылау мен тексеруі медициналық байқаудың қолданыстағы міндетті нұсқауына сәйкес жүргізіледі.

Тамақ даярлаушылар санитарлық минимум сынағынан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі.

Тамақ даярлау бөлмелерінде аурухана бөлімдерінің асхана ыдыстарын жууға қатаң тиым салынады.

Аурухана бөлімдерінің буфет пен тамақ блоктарының жабдықтары аурухана және емхана жабдықтарының қолданыстағы табеліне сәйкес болу керек.

Тамақ тағамдары мен нанды орталықтандырылған түрде жеткізу мүмкіндігі болмағанда, оны тасу үшін арнайы (жабық) көлік бөлінеді, яғни кем дегенде жылына 1 рет санэпидемиялық орындарында паспорттау жүргізіледі. Бұл көлікпен жамылғыларды, құрал-жабдықтарды, науқастарды, т.б тасуға тиым салынады.

Жартылай дайын тамақтар тасу. Аурухананың буфеттік бөлімдеріне дайын тамақтарды көлікпен әкелу кезінде термос, қол арба немесе тығыз жабылатын ыдыстар қолданылады. Оларды жуу және сақтау тамақ блогі жанынан арнайы бөлінген бөлмеде жүзеге асырылады.

Аурухана жанындағы буфетті бөлмелер: буфетті ыстық сумен қамтамасыз ететін жүйенің барлығына қарамастан ыстық және суық су үнемі болу үшін электрқайнатқышпен жабдықталу керек;

қосылған қос секциялы жуатын ванна, ыдыстарды кептіру мен шаюға арналған тор;

  • тамақтарды жылытуға арналған электроплитка және мармитті қондырғы;
  • асхана ыдыстары мен құралдарын сақтайтын және тағамдарды (нан, тұз, қант) сақтайтын шкафтар;
  • тамақтарды таратуға арналған үстел;

бір науқасқа арналған ыдыстар жиынтығы: бір шұңғыл, ұсақ және тәтті тағам тәрелкелері, шанышқы, асханалық және шай қасық, кружка;

“Буфет үшін” белгісі бар жинайтын мүліктер (шелек, шүберек, щетка, т.б) қамтамасыздандырылу керек.

Тамақты дайындап болғаннан кейін, оны бөлімдерге жеткізіп таратуға 2 сағат бөлінеді. Тамақ тарату және көлікпен әкелгенде ластанбау керек.

Науқастарға таратқаннан қалған тамақты буфетке қалдыруға қатаң тиым салынады, сонымен тамақ қалдығын жаңа тағамдармен араластыруға болмайды.

Науқастарға тамақты кезекші мейірбике немесе буфетші таратады. Тамақты “тамақты тарату үшін” деген халатпен тарату керек.

Палаталарды немесе басқа да бөлмелерді жинайтын санитарлық персонал тамақ таратуға жіберілмейді.

Бөлмедегі ауыр науқастардан басқа науқастар арнайы бөлінген асхана бөлмелерінде тамақтанады. Науқастардың жеке тағам өнімдері (үйден келген тағам) шкафта (құрғақ тағам) тумбада және арнайы тоңазытқыштарда (тез бұзылатын тағам) сақталады.

Науқастарға берілген тағам өлшемі мен ассортименті дәрігердің рұқсатымен қабылданады.

Әркез тамақты таратқаннан кейін буфет пен асханаларда дезинфекциялық ерітінді пайдалана отырып мұқият тазаланады.

Ыдыстардың майсыз болуы қарастырылады. Ыдыстардың кірлеуін қарастыра отырып, мына ретпен жуылады: шай қасық пен кружка, тәрелкелер, содан соң асханалық құралдар. Буфетті бөлмелердің көрнекті жерінде ыдыстарды дезинфекциялау және жуудың нұсқауы ілулі тұру қажет. Асхана ыдыстарын жуу;

  • қалдықтарға арналған ыдысқа тамақ қалдықтарын щетка немесе күрекшемен салады;
  • 45 минут деохлор 0,015 % ерітіндісімен дезинфекциялынады;
  • жуу құралдары қосылған 40° қыздырылған сумен жуылады;
  • 1-секциялы ваннаға қарағанда 2 есе аз жуу құралдары қосылған 40° қыздырылған сумен жуу;
  • ағып тұрған ыстық суда (40°) ыдыстарды шаю;
  • кептіру.

Асхана жабдықтарын ыстық суға буландырады. Ыдыс және үстелдерді жууға арналған шүберектерді тазалап болғаннан кейін 0,1 % деохлор ертіндісіне 60 минутқа салып қояды, сосын кептіреді және арнайы белгіленген орында сақтайды.

Тазалағыш мүліктерді еден жуып болғаннан кейін, сол тазалауға қолданылатын шелекке 0,1 % деохлор ерітіндісін құйып қояды, одан әрі ағып тұрған суға шайып кептіреді, мүліктің қажеттілігіне орай, қолданылуына бақылау жасалынып отырады.

Тамақ бөлмесі мен буфеттегі қызметшілер жеке басының гигиенасын ережеге сай сақтауға міндетті. Тамақ бөлімінің персоналы дәретханаға барар алдыңда халатын шешу керек. Дәретханадан кейін, қолын 2 минуттай 0,1 % Дезоксона  ертіндісінде өңдейді.

Аурухана бөлімдеріндегі тамақ бөлімдері мен буфеттегі жабдықтарға және тамақтың ұйымдастырылуына аурухананың бас дәрігері жауап береді. Тамақты дайындау және тарату кезіндегі санитарлық талапты бақылауына бөлімнің буфетшілері мен аспаздар жауап береді; диета дәрігері тамақ бөлімі жұмыскерлерінің санитарлық талабына бақылау жасайды.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!