Босанудан кейінгі эндометрит

Босанудан кейінгі эндометрит, асқынуы, емдеу және алдын алу

Эндометрит жайлы айтпас бұрын осы жерден эндометрит деген не? және оның пайда болу себебі мен емін оқып шығыңыз. Содан кейін осы материалға ауысқан жөн.

Босанудан кейінгі эндометрит жиі жеңіл формада өтеді, және жазылып кетеді. Бірақ әрбір 4 ші әйелдерде ол ауыр өтіп, асқынумен көрініп, инфекцияның генеализациясына қауіп болады.

Клиникалық жағдайды және диагностикалау. Жеңіл формада ауру кеш басталады (босанудан кейін 5-12 апта), дене температурасының 38-38,5 С дейін жоғарылауы, ЭТЖ шамалы көтерілуі (25-30 мм/сағ), лейкоцитоз (9-12 шамасында). Науқастың жалпы жағдайы өзгере қоймайды, тәбеті және ұйқысы қалыпты, бас ауруы жоқ. Жатыр шамалы үлкейген, лохиялар ұзақ уақыт қанды болып келеді. Жеңіл формасында емдік шаралардан кейін тәулік ішінде әйел жағдайы жақсарады.

Ауыр босанудан кейін эндометрит босанудан кейін 2-3 тәуліктен басталады. Жатыр ауыртпалы, лохиялар іріңді, дене тепературасы 38-39 С, тахикардия, тоңазыту (озноб), әлсіздік анықталады.

Ауры эндометритте геммограма өзгеріске ұшырайды: гемоглобин деңгейі төмендеген, лейкоцитоз немесе лейкопения, таяқшаядролы лейкоциттер саны жоғарылай түседі.

Әсіресе кесар тілігі операциясынан кейінгі эндометрит ауыр өтеді. Әйелдің басы ауырады, әлсіздік, ұйқы бұзылуы, тәбет төмендеуі, іштің төменгі бөлігінде ауырсынулар байқалады. Тахикардия, дене тепературасының жоғарылауы тән.  Лейкоциттер саны қанда 14-30 дейін жетеді. Анемия әрбір 3 ші әйелде көрініс береді. Жатыр инволюциясы баяулаған.

эндометриоз

Босанудан кейінгі эндометритті диагностикалау үшін қазіргі заманауи трансвагиналді ультрадыбысты сканерлеуді қолдану нақты жауап береді алады. Бұл әдіс жоғары дәлдікпен жатыр қуысын, миометрий, және оның кері даму динамикасын көрсете алады. Сонымен қатар гистероскопияға қосымша бола алады.

Гистероскопиялық көрініс босанудың түріне байланысты (өздігінен немесе кесар тілігімен) болып келеді. Жатыр қабырғасында болбыр фибринозды қалдықтар, шырышты қабаты ісінген, көгеріп цинотикалық түрде болады. Жеңіл қанайтын тамырлар көрінеді.  Эндометриттің созылмалы түрде өткен босанушы әйелдерде 9-10 тәулігінде жатыр қуысындағы қабырғасында тығыз, біркелкі фибринозды жағынды (налет), іріңді қоспалармен көрінеді. Лас ақ түстен, сарғыш жасыл түске дейін болып келеді.

Босанғаннан кейінгі эндометритті емдеу

Ең алдымен инфекция көзі –жатырға әсер ету керек. Жатыр ішінде қалдық заттар табылса, онған вакуум-аспирация жүргізіп, жатыр қуысын жуу қажет. Аспирацияны жалпы наркозбен жүргізу керек.

Ыдыраған өнімдердің сіңірілуін азайту үшін жатыр қуысын антисептиктер және антибиотиктермен жуу жүргізіледі. Кең спектрлі антибиотиктерді ерте тағайындайды. Екі антибиотиктен кем емес, максимальді дозада микрофлора сезімталдығына байланысты енгізеді.

Антибиотиктер комбинациясы келесідей болуы мүмкін: оксациллин, метициллин 40 г тәулігіне; цепорин, кефзол, цефамизин 4,0 г тәулігіне; канамицин 0,5 г 4 рет тәулігіне; гентамицин 40 мг 2 рет тәулігіне.

Антибиотиктермен бірге сульфаниламидті препараттар да тағайындайды. Кандидоз және дисбактериозды алдын алу үшін нистатин 5 млн. ӘБ 4 реттен тәулігіне тағайындайды.

Инфекция көзі анаэробты болуын ескере отырып, цефалоспориндерді (цефотаксим, цефметазон), гентамицин клиндамицинмен бірге тағайындау ұсынылады.

Гиповолемияны жою үшін детоксикация және коллоидты –осмостық бұзылыстарды түзету жүргізу керек. Ол үшін көп компонентті гидратациялық терапия ұсынылады. Ол үшін 400 мл реополиглюкин ертіндісі, 200 мл қан плазмасы, 400 мл 10% глюкоза ертіндісі, 250 мл Рингер ертіндісі қолданылады. Тәулігіне инфузияның жалпы көлемі 1250 мл болу керек.

Сонымен қатар іріңді қабыну аурулары гиповитаминозы дамуымен жүретіні белгілі. Сол үшін комплексті терапияға С және В тобындағы дәрумендерді қосу керек.

Босанудан кейінгі эндометритті сәтті емдеп, жазу сепсис және перитониттің алдын алу болып табылады. Себебі дәл осы аурулардың бастамасы эндометриттен басталады.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!