Эпилепсияның хирургиялық емі

Материалды бастамас бұрын эпилепсия ұстамалары жайлы материалды толық оқып шығыңыз.

Эпилепсияның хирургиялық емі дегеніміз- эпилептикалық ұстамаларды шақыратын бас миы аймағын алып тастау операциясы. Ұстамалардан толығымен жазылу көрсеткіші өте жоғары және 80-90% құрайды, ал қалған 10-20% жағдайларда ұстама жиілігі төмендейді немесе еш нәтиже болмайды.

Эпилепсиның хирургиялық еміне көрсеткіштер:

  1. Медикаментозды ем нәтижесіз болса;
  2. Медикаментозды ем нәтижелі, бірақ науқас ұстамаларға қарсы дәрілердің кері әсерін көтере алмаған жағдайда;
  3. Эпилепсияның клиникалық формасы тек хирургиялық жолмен емделетін болса ғана.

Эпилепсия емі

Хирургиялық емге қарсы көрсеткіштер:

  1. Бас миының прогрессирлеуші дегенеративті аурулары, қабыну процесстері (менингоэнцефалиттер);
  2. Айқын психикалық бұзылыстар (операциядан кейін психикалық жағдайының ауыплау қаупі бар);
  3. Терең ақылаздық (хирургиялық ем нәтижесіз);
  4. “псевдоэпилептикалық” ұстамалардың болуы;
  5. Медикаментозды емге немқұрайлы қарау және емдеу кестесін әдейі бұзса;
  6. Ми қан айналымының жетіспеушілігі (тұрақты неврологиялық бұзылыстардың даму қаупі);
  7. Бас миының көп аймағының диффузды зақымдалуы.

Прехирургиялық диагностика:

Операция алдындағы  зерттеу келесі сұрақтарға жауап беруі қажет:

  • Науқаста эпилептикалық ұстамаларды шақырған бас миының ісігі немесе басқа патологиялық түзілістер бар ма?
  • Ұстамалар тек жалғыз  эпилептикалық ошақтан дами ма немесе бір-біріне тәуелсіз бірнеше эпилептикалық белсенділікке ие ошақтар бар ма?
  • Эпилептогенді ошақ қайда орналасқан?
  • Науқас миындағы функционалды аймақтың орналасу дәлдігі қандай?
  • Мидың негізгі қызметтерін: есте сақтау, сөйлеу, көру және т.б. бұзбай эпилептогенді ошақты алу мүмкін бе?

Диагностика әдістері:

  • магнитті-резонансты томография (МРТ)
  • Функционалды магнитті-резонансты томография (ФМРТ)- мидың функционалды аймағының орналасуын анықтайды;
  • Магнитоэнцефалография (МЭГ)
  • Видео-ЭЭГ- мониторинг- эпилептикалық ошақтың орналасуын көрсетеді.
  • Позитронды эмиссионды томография (ПЭТ)
  • Интракаротидті амобарбиталды тест (тест Вада) – Wada test
  • Нейропсихологиялық тесттілеу

—Эпилепсия емінің негізгі хирургиялық әдістері:

  1. Фокальді қыртысты резекция. Жекелеп қолданғанда әдістің тиімділігі – 40 – 50 %, медиальды құрылымдардың резекциясымен бірге – 80% дейін.
  2. Самай бөлімінің резекциясы . Жартышарлар доминанттылығы кезінде резекция шекарасы 4,5 – 5 см. Жартышарлар доминантсыздығы кезінде резекция шекарасы– 7 – 8 см.
  3. Экстратемпоральжы резекция. Әдістің тиімділігі- 64 % – аурудың клиникалық ағымының жақсаруы, 36 % – ұстамалардың тоқтауы.
  4. Гемисферэктомия.
  5. Каллозотомия.
  6. Мишықтың стимуляциясы.
  7. nervus vagus стимуляциясы.

Каллозотомия. Операция мақсаты- патологиялық электрлік импульстердің мидың бір  жақ жартышарларынан екіншісіне таралуын алдын алу. Операция кезінде сүйелді денені жекелеп кесу жүргізіледі. Сүйелді дене (Corpus Collosum) – жартышарлар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін мидың құрылымы.ның бірі. Оны жекелеп кесу генерализденген ұстамалар кезінде қолданылады, әсіресе кенеттен құлаумен жүретін атониялық ұстамлар кезінде. Операциядан кейіңгі түні науқас интенсивті терапия бөлмесінде бақыланады, кейін нейрохирургия бөліміне ауыстырылады. 4-6 күннен кейін үйіне шығарылады.

Гемисферэктомия.  Бұл әдістің мақсаты да – патологиялық электрлік импульстердің мидың бір жақ жартышарларынан екіншісіне таралуын алдын алу. Каллозотомиядан ерекшелігі- мидың жартышарлары толық екіге бөлінеді. Операцияға көрсеткіш- эпилепсияның ауыр формасы, Расмуссен энцефалиті.

Операциядан кейіңгі түні науқас интенсивті терапия бөлмесінде бақыланады, кейін нейрохирургия бөліміне ауыстырылады. 5-10 күннен кейін үйіне шығарылады.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!