Шеткі лимфа түйіндерінің туберкулезы

Көпшілік халықта туберкулез тек қана өкпені зақымдайды деген қате ұғым қалыптасқан. Шын мәнінде туберкулез адам ағзасының шартты түрде айтқанда барлық органдарын зақымдай алады. Соның ішінде ең жиі кездесетін өкпеден тыс туберкулез ол перифериялық лимфа түйіндерінің туберкулезі.

Лимфа түйіндерің туберкулезі —лимфоидты тіннің  спецификалық гранулематозды  қабынуымен жүретін созылмалы инфекциялық ауру.Жиі мойын және жақ асты лимфа түйіндері зақымдалады

Э.Н Беллендир бойынша эволюциялық және патогенитикалық жіктелуі :

  • 1 саты -Бастапқы және пролиферативті
  • 2 саты -Казеозды (ыдыраусыз)
  • 3 саты -Абсцедирлеуші
  • 4 саты -Жыланкөздік (жаралы)

Перифериялық лимфа түйіндерінің  зақымдалуы  кіші жаста біріншілік туберкулез кезінде  басталады.

  • Инфильтративті форма-лимфа түйіннінің ұлғаюы түберкулезды гранулемамен байланысты
  • Казеозды-некротикалық форма-лимфа түйіндерінің некрозы және жыланкөз пайда болуымен жүреді.
  • Индуративті форма-зақымдалған лимфа түйіндерінің тыртықты тығыздалуы.

Ауру ағымы созылмалы және бірнеше лимфа түйіндерінің зақымдалуымен жүреді. Бастапқы кезінде лимфа түйіндері тығыз, қозғалмалы жақын орналасқан тіндермен жабыспаған күйінде болады, кейін олар перифокальды қабынуға байланысты жабысып орталығында казеоз және ірің пайда болуына байланысты  жұмсару пайда болады. Лимфа түйіндері конгломераты устіндегі тері қызарған флуктуация пайда болады. Біраз уақытан соң ірің ашылып жыланкөз пайда болады.

Жалпы интоксикация симптомдары субфебрильды температура, тез шаршағыштық, терлегіштік, тәбет төмендеуі  байқалады.

Ауру жасөспірімдер мен жүкті айелдерде, қарт адамдарда атипті түрде өтеді.Оларда жедел басталып ,интоксикация симптомдары қатты көрінеді.

Асқынуы : абсцесс, жыланкөз, қан кету, ішкі мүшелердің амилоидозы.

 

 

Лимфа түйін туберкулезі
Лимфа түйінінің туберкулез таяқасының зақымдауы

image.jpg

 

Лимфогранулематоз

Жиі ерте жаста кездеседі (20—40 жас). Жедел немесе баяу ағымда пайда болып бірнеше жылға созылады.Дене температурсы жоғарылауы ,жалпы әлсіздік , тез шаршағыштық , терлегіштік арықтау ,құрғақ немесе шырышты-іріңді қақырықты жөтел .Кеуде іші перифериялық және құрсақ іші лимфа түйіндері зақымдалады.Кейде кеуде қуысында  ошақты немесе инфильтративті өзгерістер , экссудативті плеврит, перикардит дамиды.

Өзіне тән жеке процесстер : толқын тәрізді лихорадка ,кеуде тұсындағы,аяқ-буындарындағы аз мөлшердегі ауырсыну, дене қышуы тері қабаты сарғыш түске боялған ,көкбауыр үлкеюі . Жиі  анемия, лейкоцитоз, нейтрофилез, лимфопения, эозинофилия, туберкулин реакциясы теріс . 90—95%  науқастарда кеуде іші және сыртқы лимфа түйіндері зақымдалады .

Мойын, бұғана үсті ,қолтық асты ,шап лимфа түйіндері өлшемі үлкен қозғалмалы ауырсынусыз ,терімен жанаспаған  («картофель в мешках» —  А. А. Кисел бойынша).Үлкен көлемдегі медиастинальды лимфа түйіндері зақымдалған кезде   жоғары вена қысымынан  ауыр ентігу , цианоз,беттің ісінуі ,мойын тері веналарының ісінуі , афония және  дисфагия дамиды. Лимфогранулематоз кезінде жиі  медиастинальды және паратрахеальды, лимфа түйіндері зақымдалады, процесс екі жақты болады .

Лимфосаркома  және  ретикулосаркома

Бұл ісік процестері білінбей басталады ,бірақ әртүрлі клиникалық көрініспен жүреді:егер ауру плевритпен асқынса жедел және жеделдеу түрде өтеді лихорадка,жалпы әлсіздік және тағы басқа симптомдармен жүреді.Жиі құрақ  ұстама тәрізді жөтел, ентігу және кеуде тұсындағы ауырсынумен жүреді. Лимфо- және  ретикуло- саркома, әлсіз  пассивті туберкулинді  анергиямен жүреді, анемия, лимфопения,ЭТЖ жоғарылауы. Процесс  көптеген лимфа түйіндерінің зақымдалуымен және улкеюімен байқалады.Перифериялық түйіндер тығыз, ауырсынусыз және ағаш тәрізді конгломерат түзеді.

Рентгенологиялық көрінісі. Лимфа түйіндерінің аса қатты улкеюі ,массивтілігі және қатпарлығымен және ісіктің тез өсуімен жүреді.«дымовая труба» симптомы байқалуы мүмкін. Сәулелі және  цитостатикалық терапия әсерінен лимфа түйіндері кішірейеді.Сыртқы және ішкі лимфа түйіндерін  цито-гистологиялық зерттеу кезінде ( 90—98% ке дейін) лимфоидты  элементтер табылады.  Ретикулосаркома кезінде клеткалар әртүрлі өлшемді және формада болады ,ал ядролары хроматиннің жіпше тәрізді болуымен жүреді .

Саркоидоз ( Бенье—Бека—Шауманн ауруы )

Саркаидоздың  I сатысына ұқсас келеді . Жиі  20—40 жас аралығындаы айел адамдар ауырады. Ауру ағымы әртүрлі өтеді. Бір жадайларда  жедел түрде интоксикация симптомдарымен қоса жүреді  : лихорадка,түйінді эритема, кеуде қуысы мен буындардаы ауырсыну ,әлсіздік ,ЭТЖ жоғарылауы . Жиі баяу ағымда өтеді :субфебрильді температура,жалпы әлсіздік ,құрғақ жөтел ,ентігу .

Өзіне тән жеке бедгілер : баяу аымды сатысында науқастарда  увеит немесе  иридоциклит, аяқ сүйектерінде  ұсақ кистозды аймақты табады. Сонымен қоса ,сілкей бездері ,бауыр ,көкбауыр зақымдалады ,беттің терісінде ,аяқ және кеуде терісінде  әртүрлі дақтар  пайда болады. Нефрокальциноз дамуы мүмкін.Гемограммада ,әсіресе бастапқы сатысында  лейко- және  лимфопения, моноцитоз, кейде  эозинофилия у-глобулин деңгейі жоғарылауы  байқалады. Қанда және зәрде кальций деңгейі жоғарылайды .

Туберкулинді анергия  байқалады ,керісінше  спецификалық ангтигенге Квейма—Никерсон реакциясы оң болады .

Рентген көріністе  бронхопульмональды және  трахеобронхиальды, паратрахеальды және   бифуркациялық лимфа түйіндері улкейеді.Адепопатия,екі жақты жиі симметриялық  және  перифокальды  инфильтрациямен жүреді.Плеврада бөліктік тығыздалу байқалады.

Созылмалы лимфолейкоз.

Баяу түрде дамиды, интоксикация симптомдары удеген сайын  перифериялық лимфа түйіндері улкейеді, әсіресе кеуде іші және құрсақ іші лимфа түйіндері улкейеді. Перифериялық түйіндер ауырсынусыз, эластикалық консистенциялы,қозғалмалы,іріңдеуге бейім емес. Науқастарда бауыр және көкбауыр улкейеді.Қанда лейкоциттер саны  ( 30 000 нан  250 000 ға дейін және одан да жоғары болады), лимфоцитоз ( 95%), тромбоцитопения, удемелі анемия. Лейкограммада, патологиялық  элементтер — пролимфоцит және лимфобласт пайда болады. Сүйек кемігінде  тотальды  лимфоидты  метаплазия дамиды.

 

Рентген зерттеу кезінде өкпе түбірінің лимфа түйіндерінің улкеюі болады. Кейде өкпе тінінде  лейкемиялық  инфильтрат және плевра қуысында сұйықтық пайда болады. Лимфолейкоз ағымына  туберкулостатикалық  препараттар әсер көрсетпейді

Дифференциальді диагностикалық қиындық  алейкемиялық форма  кезінде туындайды .Бұнда перифериялық қанда өзгеріс байқалмайды, тек бауыр мен көкбауыр үлғаюы және сүйек кемігіндегі лимфоидты метоплазия байқалады .

Фелиноз

Қатерлі емес лимфоретикулез (от лат. felinus — мысықтық) — мысықтың тырнаған жері немесе тістеген жері арқылы қоздырғыштың енуі әсерінен регионарлы лимфоаденит, интоксикация арқылы жүретін процесс. Бір немесе бірнеше лимфа түйіндері зақымдалады,лимфа түйіндері улкейген бір-бірімен жабысқан түрде болады.

Ауру жедел басталады, тырналған жерде папула, везикула дамиды,дене  температуратурасы  38-39°С, регионарлы лимфа түйіндері зақымдалумен жүреді.Зақымдалан лимфа түйіндері тауық жұмыртқасындай мөлшерде,тығыз,аз қозғалмалы,пальпацияда  ауырсынулы.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!