Психоактивті заттар. ПАЗ

Психоактивті заттар жіктелуі. ПАЗ

Психоактивті зат – психикалық жағдайды өзгеріске әкелетін, ОЖЖ-нің қызметіне әсер ететін, жасанды және табиғи кез келген зат. Бір рет қолданғаннан кейін эйфория немесе басқа психотропты эффективті (галлюцинация, қозу) және жүйелі түрде қолданғанда психикалық және физикалық тәуелділікті шақыратын химиялық зат.

  • Психотроптар: жоғары психикалық функцияларға әсер ететін психоактивті зат , жиі медицинада психикалық ауруларды емдеуге қолданады.
  • Наркотиктер (есірткілер): заң бойынша рұқсат етілмеген немесе тәуелділікті шақыратын психоактивті затттар.

психоактивті заттар. Паз

Психоактивті заттардың жіктелуі:

Жасалу жолына қарай:

  • Өсімдік текті
  • Жартылай синтетикалық
  • Синтетикалық

Өсімдік текті:

Заңсыз:

  1. Дельта-9-тетрагидроканнабинол(канапля)
  2. ДМТ (диметилтриптамин)
  3. Кодеин (мак)
  4. Кокаин (кокки)
  5. Мескалин (кактус)
  6. Морфин (мак)
  7. Псилоцибин (саңырауқұлақ)
  8. Сальвинорин (шалфей)
  9. Эфедрин (хвойник)

Заңды:

  1. Атропин (дурман красавки)
  2. Кофеин (шай, кофе, мате, кола жапырақтары)
  3. Миристицин (мускатты жаңғақ)
  4. Мусцимол (мухомор)
  5. Никотин (табак, махорка)
  6. Теофиллин (шай, мате, какао)
  7. Туйон (туе, кипарис)
  8. Эвгенол ( корица)

 

ОЖЖ әсер ету типіне қарай

A.Ми функциясын төмендететін заттар (ОЖЖ супрессорлары)

  • Алкоголь
  • Опиоид
  • Седативті ұйыктататын дз.
  • Ұшатын органикалық заттар

Б. Ми функциясын стимулдайтын заттар

  • Кокаин
  • Амфитамин қатарындағы психостимуляторлар
  • Кофеин және ксантин туындылары

В. Галлюциногендер (психомиметиктер, психодизлептиктер)

  • Диэтиламид лизергин қышқылы
  • Мескалин
  • Псилоцибин
  • Фенциклидин

Г. Каннабиодтар

  • Тетрагидроканнабинол
  • Каннабигерол
  • Каннабидиол

Д. Никотин

Наркогенділік дәрежесіне қарай:

  • Жоғары (героин, метадон, кокаин)
  • Орташа (алкоголь, тетрагидроканнабинол, кодеин, алпразолам)
  • Төмен (оксазепам, никотин, кофеин)

Наркомания (нашақорлық) синдромы

Наркомания дегеніміз адамдардың психикасына әсер ететін заттарға тәуелділігі. Наркомания (грек тілінен- меңіреу, естен айырылу, құштарлық)- белгілі наркотикалық заттарды қабылдау нәтижесінде туындайтын созылмалы ауру .

Наркоманияда (нашақорлық) комплексті психикалық, неврологиялық, вегето-соматикалық бұзылыстар және жеке тұлғаның терең өзгерістері болады.

Наркомания (нашақорлық) патогенезі

Наркомания дамуында 3-кезеңді ажыратады:

1. Бастапқы кезең (адаптация кезеңі). Бұл кезеңде ұйқы бұзылуы, тез шаршағыштық, тітіркенгіштік, гиперестезия түрінде сезімталдықтың бұзылуы т.б. байқалады. Бірінші кезеңде екі синдром анықталады:

  • Ағза реактивтілігінің өзгерген синдромы. Ол кезде наркотикалық заттарға  қорғаныс реакциялары (жүрек айну, құсу) жоғалады.
  • Психикалық тәуелділік синдромы. Бұл кезде наркотикалық заттар көңіл-күйді көтереді.

2. Физикалық тәуелділік кезеңі. Бұл кезең наркотикалық затқа толеранттылық жоғарлаудан пайда болады.

  • Физикалық тәуелділік синдромы.Осы жағдайда науқаста артерияльды гипертензия,тахикардия,көп сөйлегіштік,қозғалғыштық,бозару байқалады.
  • Абстиненция синдромы. Психикалық,неврологиялық,вегетосоматикалық бұзылыстар болады.

3. Жүдеу кезеңі. Бұл наркомания дамуының соңғы кезеңі болып табылады. Организм сезімталдығының , реактивтіліктің төмендеуімен, ОЖЖ және перифериялық жүйке жүйесінің және ішкі органдар  бұзылысымен сипатталады

Полинаркомания – бір уақытта екі немесе одан көп ескірткілік заттарды (наркотикалық) қабылдау

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!