Қалыпты және патологиялық рефлекстер

Қалыпты және патологиялық, шартты, шартсыз рефлекстер

Рефлекс дегеніміз орталық нерв жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға (иін), яғни қозу импульстерін рецептордан орталық нерв жүйесі құрылымдарына, одан орын-даушы ағзаға (мәселен бұлшық етке) жеткізетін жол. Қарапайым (жабайы) рефлекстер доғасы екі невроннан ғана құрылады да жұлынның сегмент аппаратында тұйықталады.

рефлекстер

Көбінесе рефлекстік доғалар құрылымы күрделірек болып келеді де олар да афференттік және эфференттік неврондардан басқа бірнеше көмекші неврондар болады. Рефлекстік доға орталык нерв жүйесінде неғүрлым жоғары тұйықталса, рефлеке те соғұрлым күрделі болып саналады.

Рефлекс түрлері морфологиялық, және физиологиялық ерекшеліктеріне қарай рефлекстер бірнеше топқа бөлінеді:

  • Рефлекстердің барлығы И.П.Павловтың зерттеулері нәтижссінде шартты және шартсыз рефлекстер болып екіге бөлінеді.
  • Шартсыз рефлекстерге туа біткен және іс-әрекеттердің белгілі бір түріне ғана лайықты рефлекстер жатады. Олар жабайы (қорғаныс рефлексі) немесе аса күрделі (инстинкт, автоматты түрдегі қимыл – әрекеттер) болуы мүмкін.
  • Шартты рефлекстер онтогенез барысында, яғни адам өсе, есін біле келе жаңа машыққа, әдетке, тәртіпке үйренуіне қарай қалып-тасады. Олар шартсыз рефлекстер негізінде ми қыртысының тікелей араласуы нәтижесінде қалыптасады.
  • Адамда шартсыз рефлекстер жұлын, ми бағаны, ми қыртысы астындағы түйіндер және ми қыртысы қызметтерінің ықпалы ар-қылы жүзеге асырылады. Сол себепті шартсыз рефлекстер жұлын, жұлын бағаны, ми қыртысы асты т.б. рефлекстер болып жіктеледі.
  • Рецепторлардың (қабылдағыштардың) орналасуына (орнына) қарай экстерорецептивтік (ехіегаз – сыртқы), интерорецептивтік (іпіегіог – ішкі), проприорецептивтік (ргоргіш – өзіндік) рефлекстер болып жіктеледі.
  • Экстерорецептивтік рефлекс рецепторлары денс сыртында (теріде, кездің кілегейлі қабығында) орналасқан. Олар сырттан келіп түсетін тітіркендіруші есерлерді қабылдайды.
  • Интерорецептивтік рефлекс рецепторлары ішкі ағзаларда, тіндерде, қан тамырларында, ал проприорецептивтік рефлекс рецепторлары сіңірде, буын қабында орналасқан.
  • Нерв жүйесінің сомалық және вегетативтік жүйе болып екіге бөлінуіне байланысты оларға қатысты рефлекстер сомалық және вегетативтік рефлекстер болып жіктеледі.
  • Қимыл-әрекеттеріне қарай жұту, кірпік қағу, жөтелу, қимылдау рефлекстерін ажыратуға болады.
  • Орталық нерв жүйесінде пайда болатын құбылыстар (про-цестер) түріне лайықты қоздырушы және тежеуші рефлекстер бар.
  • Рефлекстік доға құрамындағы неврондар санына қарай екі, үш және көп нейронды рефлекстер болып та жіктеледі.

Шартсыз рефлекстерді зерттеу тәсілдері және олардың патологиялык жағдайлардағы көріністері

Рефлекстерді тексеру орталық нерв жүйесіндегі доғаларының тұйықталатын деңгейлеріне сәйкес «жоғарыдан төмен» қарай, яғни ми бағанынан жұлынның соңғы сегменттеріне қатысты құрылымдары қызметінің дұрыс-бұрыстығын барлау (байқап білу) арқылы жүзеге асырылады .

Үстірт рефлекстер теріні, көздің мөлдір қабығын немесе кілегей қабықтарды тітіркендіру арқылы білінеді. Олар:

  • Көздің мөлдір қабығы рефлексі – көздің мөлдір қабығына мақта-ның ұшталған талшықтары мен немесе қағаздың ұшымен жанас-тыру кезінде қабақтың жұмылуы.
  • Көз шырыштықабығы (конъюнктивалдық) рефлексі – көз шырышты қабығына мақтаның ұшталған талшықтарымен немесе қағаздың ұшын жанастыру кезінде қабақтың жұмылуы.
  • Жұмсақ таңдай рефлексі – қалақшамен немесе түтікше оралған қағаздың ұшын жұмсақ таңдайға жанастырғанда оның өзінің және тілшіктің жиырылып жоғары көтерілуі.
  • Жұтқыншақ рефлексі- қалақшамен жұтқыншаққа жанастыру кезінде жөтел немесе құсу әрекеттері қимылы пайда болу.

Құрсақ аймағы рефлекстері (үш жұп):

  1. жоғарғы құрсақ аймағы рефлексі – теріні сүбеден төмен қарай қабырға доғасымен жарыстыра тітіркендірген кезде құрсақ бұлшық еттерінін. жоғарғы бөлігінің жиырылуы;
  2. ортаңғы құрсақ аймағы рефлексі – теріні кіндіктің екі жағынан тітіркендіргенде осы тұстағы бұлшық еттердің жиырылуы;
  3. төменгі құрсақ аймағы рефлексі – шапты тітіркендіру арқылы құрсақтың төменгі жағындағы бұлшық еттердің жиырылуы.

Құрсақ аймағы рефлекстерінің доғалары жұлынның кеуде тұсын-дағы сегменттерінде тоғысады. Жоғарғы құрсақ аймағы рефлексі жұлынның ҮП-УІІІ ортаңғы құрсақ аймағы рефлексі ІХ-Х, төменгі құрсақ аймағы рефлексі XI-XII кеуде сегменттеріне тоғысады (тұйықталады).

Кремастер рефлексі – санның ішкі жағы тсрісін тітіркендіргенде кремастер бұлшық етінің жиырылуына байланысты аталық ұрық безінің көтерілуі. Рефлекстік доғасы І-ІІ бел сегменттерінде то-ғысады.

Табан рефлексі – табанның ішкі және сырт жағын тітіркендіргенде бақайлардың иілуі. Рефлекстік доғасы жұлынның V бел мен I сегізкөз сегменттерінде тоғысады.

Тік ішек рефлексі Артқы тесік айналасындағы теріні тітіркендіргенде осы тұстағы бұлшық еттердің ширауы (жиырылуы). Рефлекстік доғасы жұлынның IV-V сегізкөз сегменттерінде тоғысады.

Терең рефлекстер

  • Астыңғы жақ рефлексі — иекке батырылған саусақты невроло-гиялық балғамен соққанда шайнау бұлшық еттерінің ширығуы.
  • Білезік буын рефлексі – кәрі жіліктің шыбығын неврологиялық балғамен соққанда (ұрғанда) қолдың білезік тұсында бүгілуі. Рефлекстік доғасы жұлынның У-ҮІІІ мойын сегменттсрінде тоғысады.
  • Шынтақ жазылу рефлексі – үш басты бұлшық еттің сіңірін неврологиялық балғамен соққанда қолдың шынтақтан жазылуы. Рефлекстік доғасы жұлынның ҮІІ-ҮІІІ мойын сегменттерінде тоғысады.
  • Шынтақ бүгілу рефлексі – екі басты бұлшық еттің сіңірін невро-логиялық балғамен соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі. Рефлекстік доғасы жұлынның У-УІ мойын сегменттерінде тоғысады.
  • Тізе рефлексі – тобықты неврологиялық балтамен соққанда төрт басты бұлшық еттің ширығуына байланысты аяқтың тізеден жазы-луы. Рефлекстік доғасы жұлыңның Ш-ІҮ бел сегменттерінде тоғысады
  • Өкше рефлексі – өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық еттің ширығуына (жиырылуына) байланысты табанның керіліп жазылуы. Рефлекстік доғасы жұлынның І-П сегізкөз сегменттерінде тоғысады.

Жұлын шартсыз рефлекстерінің патологиясы

Нерв жүйесі құрылымдарының зақымдануына байланысты рефлекстердің төмендеуі (гипорефлексия), жойылуы (арефлексия), күшеюі (гиперрефлексия), симметриялы жақтардағы екі жақтан бірыңғайлығы сақталмауы (анизорефлсксия) мүмкін. Орталық нейрондар зақымданғанда қалыпты жағдайда кездеспейтін (патологиялық) рефлекстер пайда болады.

Патологиялық рефлекстерге келесілер жатады:

  • Ауыз рефлексі – неврологиялық балғамен төменгі немесе жоғарғы ерінді ақырындап соққанда ауыздың дөңгелек бұлшық еті жиырылуы.
  • Мұрын-ерін рефлексі – мұрынның ұшын неврологиялық  балғамен ақырындап соққанда ерін бұлшық еттерінің жиырылуы.
  • Маринеску-Радовичи алақан-иек рефлексі – терінің бас бармақ томпағы маңайын (тұсын) сызып тітіркендіргеңде иек бұлшық етінің жиырыла қысқаруы.
  • Оральдык автоматизм рефлекстері ми қыртысы-бұлшық ет жолының орталық неврондары екі жағынан зақымданғанда пайда болады.
  • Қол ұшы патологиялық рефлекстері – қол ұшы тұсын әр жерінен тітіркендірген кезде оның саусақтарының ақырындап бүгілуі.
  • Россолимо симптомының қол ұшындағы үйлестігі. Дәрігер саусақтарының ұшымен сырқаттың бүгулі ІІ-ІУ саусақтарының ұшын (әлсін-әлсін) соққылағанда байқалады.
  • Жуковский симптомы сырқат алақанының орта тұсын неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.
  • Якобсон-Ласк рефлексі істік тәрізді өсіндіні неврологиялық балға мен соғу арқылы белгі береді.

Аяқ ұшында көрініс беретін патологиялық рефлекстердің диагностикалық маңызы өте зор. Олар екі топқа бөлінеді.

Біріншісі— теріні аяқтың әр тұсынан тітіркеңдіргенде бас бақай жазылуы. Онымен қоса кейде басқа бақайлардың жан-жаққа ыдырап бірінен-бірінің алшақтауы. Сол себепті бұл рефлекстер экстензорлык немесе жазылу аяқ ұшы патологиялық рефлекстері қатарына жатады. Оларды төмендегідей тәсілдер арқылы анықтап, әрқайсысын жеке-жеке атайды.

Бабинский рефлексі — табан астының сырт жағын үшкір нәрсемен сызғанда пайда болады.бабинский рефлексі

Оппенгейм рефлексі бас бармақты жіліншіктің қырын баса жоғарыдан төмен қарай жүргізу арқылы анықталады.Опенгейм рефлексі

Гордон рефлексі сырқаттын балтырын ұстап қысу арқылы көрініс бередіГордон рефлексі

ЦІеффер рефлексі өкше сіңірін қатты шымшып қысу арқылы айқындалады.Шеффер рефлексі

Гросман рефлексі аяқтың кішкене бақайын тартып созу арқылы байкалады.

Флексорлық немесе бүгілу патологиялық рефлекстері аяқ ұшының ІІ, ІІІ, ІУ және У бақайларының бүгіліп изеңдеуі арқылы көрініс береді- Оларды төменгі тәсілдер арқылы анықтауға болады.

Аяқ ұшында көрініс беретін бақайлар бүгілу (флексорлык.) патологиялық рефлекстерін анықтайтын тәсілдер: 1-Россолимо рефлексі; 2-1 Бехтерев рефлексі; 3- Жуковский рефлексі; 4- II Бехтерев рефлексі

Россолимо рефлексі ІІ-У бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу арқылы байқалады.

Бехтерев I рефлексі аяқ ұшының үстін IV бақай тұсында балғамен соғу арқылы байқалады.

Бехтерев II рефлексі – неврологиялық балтамен өкшені немесе бас бармақ томпағын соққанда аяқ бақайларының немесе қол ұшы саусақтарының бүгілуі.Бехтерев рефлексі

Жуковский рефлексі табанның саусақтарға жақын тұстарын неврологиялық балғамен соғу арқылы білінеді.Жуковский рефлексі

Патологиялық рефлекстерге осы жоғары аталғандардан басқа аяқ ұшы мен тобықтың ырғақты түрде қимылдауы және қорғаныш рефлекстері де жатады.

  • Тобықтың ырғақты қимылдауы (тобық клонусы) тобықты күшпен төменнен жоғары қозғағанда тізе бұлшық еттерінің әлденеше рет ширығуына байланысты тобықтың ырғақты түрде біраз уақыт қимылдауы.
  • Аяқ ұшының ырғақты қимылдауы (аяқ ұшы клонусы). Аяқ ұшын шұғыл керіп (жазып, созып) қалса, онда аз уақыт ырғақты қимыл пайда болады.

Қорғаныс рефлекстері бақайларды шымшып, шаншып, шұғыл бүгіп қалу арқылы білінеді. Егер аяқ сал болып қалса жамбас, тізе және жіліншік буындары тегіс бүгіліп қалады (қысқару реакциясы). Сол мезетте бүгулі тұрған екінші аяқ түзеліп кетеді (ұзару реакциясы) – Мари-Фуа-Шехтерев рефлексі.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!