Жұлын зақымдалу синдромдары

Материалды бастамас бұрын мына жерден Жұлын жайлы толық материалды оқи кетіңіз.

Жұлын – омыртқа каналында орналасқан және ми қабықшалармен айналған орталық жүйке жүйесінің филогенетикалық аса ерте бөлімі. Оның жоғарғы шекарасы жұлындық жүйкелердің I жұбының кіреберісіне сай келеді және шүйде саңылауының үлкен шетіне проекцияланады.
Жоғарыда ол аралық миға өтеді, ал төменде L I-II омыртқалардың милы конус деңгейінде аяқталады.

Жұлынның ұзындығы адамның бойына байланысты болады және 42-46 см құрайды. Шартты түрде жұлында 5 бөлімді ажыратады:

  • мойындық- pars – cervicalis (C I- C VIII);
  • кеуделік – pars thoracica (T I- T III);
  • белдік – pars lumbalis (L I- L V);
  • сегізкөздік – pars sacralis (S I- S V);
  • құйымшақтық – pars coccigea (Co I- Co II).

Жұлын 2 симметриялы бөлімге: алдыңғы орталық саңылау және артқы орталық жүлгелерге бөлінген.
Жұлынның көлдеңен кесіндісінде сұр затты, ол көбелек тәріздес және оны қоршаған ақ затты көруге болады. Сұр заттың алдыңғы және артқы түбірін ажыратамыз.

жұлын зақымдалу синдромы

Вегетативті (симпатикалық және парасимпатикалық нейрондар) бүйірлі түбірінде орналасады, висцероматорлы клеткалар болып саналады, олардың аксоны алдыңғы түбіршектің құрамына кіреді. Аяқтан келетін терең сезімталдық өткізгіштері (жіңішке түйін) медиальды орналасады, латеральды – қолдан келетін терең сезімталдық өткізгіштері (сына тәрізді түйін) орналасады.

Жұлынның бүйір бағаншаларында төмендеген және жоғарылаған өткізгіштер орналасады. Төмендеген өткізгішке пирамидті (латеральды қыртыс-жұлындық) жол, қызыл ядро-жұлындық және ретикулярлы-жұлындық жолдар жатады. Барлық төмендеген жолдар жұлынның алдыңғы мүйізінің жасушаларында аяқталады.

Жұлынның көлденең кескінінің жеке аймақтарындағы зақымдалу синдромдары

Алдыңғы мүйіздік синдром сәйкес сегменттің зақымдалған мотонейрондармен иннервацияланатын бұлшықет атрофиясы мен перифериялық салданумен сегменттік немесе миотомды салдану сипатталады. Жиі оларда фасцикулярлы тартылулар байқалады. Ошақтан жоғары және төмен аймақтарда бұлшықеттер зақымдалмайды.

Артқы мүйіз синдромы зақымдалған ошақ жағында сезімталдықтың диссоцирленген бұзылуымен көрінеді (буын – бұлшықеттік тактильді және вибрациялық сезімталдық сақталса ауырсыну мен температуралық сезімдері төмендейді ), ал өзінің дерматомалық аймақта (сезімталдықтың сегментарлы түрі бұзылады).

Бүйір мүйіздік синдром вегетативті иннервация аймағында вазомоторлы және қоректену бұзылыстарымен көрінеді. С VІІ-Т І деңгейі гомолатеральды – жағында зақымдалса Клод – Бернар – Горнер синдромы туындайды. Сондықтан, жұлынның сұр затының зақымдалуы үшін бір немесе бірнеше сегменттер қызметінің бұзылуымен сипатталады. Ошақтан жоғары және төмен орналасқан жасушалар қызметтерін жалғастырады.

Жұлынның толық зақымдалу синдромы төменгі спастикалық параплегия мен тетраплегия, перифериялық параличтің (миотомамен) барлық түрінің параанестезиясымен, белгілі бір дерматомадан бастап, жамбас ағзаларының функциясының бұзылысымен, вегетативті- трофикалық бұзылысымен көрініс береді.
Артқы бағанша синдромы: буын-бұлшықет сезімі жоғалады, кейіннен тактильді және вибрационды сезімталдық та төмендейді, ошақ жақта сенсетиві атаксия мен парестезия пайда болады( жіңішке өрімнің зақымдалуында төменгі шетік бұзылыс,ал клиновидті өрімде- жоғарғы).

Бағанша қырының синдромы: гомо- латеральды ошақ жақта спастикалық паралич, қарама- қарсы жақтан 2-3 сегментте ауырсыну мен температураға сезімталдықтың жоғалуы. Бағаншаның екі жақты қырының зақымдалуында спастикалық параплегия мен тетраплегия, орталық типі бойынша жамбас қуысы ағзаларының бұзылысы(зәрдің, нәжістің тоқтауы), параанестезия байқалады.

Жұлынның жарты бөлігінің зақымдалу синдромы (Броун- Секар синдромы):

  • зақымдалған жақта орталық паралич дамиды және терең сезімталдықтың жоғалуы;
  • сегментарлы тип бойынша сезімталдықтың барлық түрінің бұзылысы;
  • миотомаға сәйкес бұлшықеттің перифериялық парезі;
  • ошақ жақтан вегетативті-трофикалық бұзылысы;
  • қарама-қарсы жақта 2-3 сегментте өткізгіш диссоциативті анестезия.

Броун-Секар синдромы жұлынның жиі жараланғанда, экстрамедулярлық ісіктерде, сирек- ишемиялық жұлындық инсультта( жұлынның бір бөлігін қанмен қамтамасыз ететін сулько- комиссуральды артерияда қанайналымның бұзылысы- ишемиялық Броун-Секар синдромы) кездеседі

Жоғарғы мойын сегменттерінің зақымдалу синдромдары ( C1 – C5):

  • төс-бұғана-емізік, трапеция тәрізді бұлшықеттерінің ( XII жұп) және диафрагманың спастикалық тетраплегиясы,
  • зақымдану деңгейінен төмен сезімталдықтың барлық түрлерінің болмауы,
  • орталық тип бойынша зәр мен нәжіс шығарудың бұзылыстары.
  • С1 сегментінің зақымдалуы кезінде беттегі артқы Зельдер дерматомаларындағы диссоцирленген анестезия анықталады ( үшкіл нерв ядросының төменгі бөлімдерінің өшірілуі ).

Мойын жуандылығының зақымдалу синдромы ( C6 – T1):

  • аяқтың шеткі салдануы
  • зақымдалған сегментінен төмен аймақтағы сезімталдықтың барлық түрлерінің болмауы
  • орталық тип бойынша кіші жамбас мүшелері қызметтерінің бұзылыстары
  • Клод Бернар-Горнердің екіжақтылық синдромы ( птоз, миоз, энофтальм).

Кеуде сегменттерінің зақымдалу синдромы ( T1 – T12):

  • спастикалы төменгі параплегия
  • зақымдалған сегментінен төмен аймақтағы сезімталдықтың барлық түрлерінің болмауы
  • орталық тип бойынша кіші жамбас мүшелері қызметтерінің бұзылыстары
  • дененің төменгі жағы мен аяқтағы айқын вегетативті-трофикалық бұзылыстар.

Бел жуандылығының зақымдалу синдромы ( L1 – S2):

  • төменгі әлсіз параплегия
  • аяқ пен аралық аймағының параанестезиясы
  • орталық тип бойынша кіші жамбас мүшелері қызметтерінің бұзылыстары.

Жұлын эпиконусы сегменттерінің зақымдалу синдромы ( L4 – S2):

  • L4 – S2 миотомдарының симметриялы шеткі салдануы ( артқы сан, балтыр, өкше мен бөксе бұлшықеттері ахилл рефлексінің өшірілуімен бірге);
  • балтыр, өкше, жамбас пен аралық аймақтарындағы сезімталдықтың барлық түрлерінің параанестезиясы,
  • зәр мен нәжіс тоқтауы.

Жұлынның ат құйрығы сегменттерінің зақымдану синдромы:

  • аногенитальды аймақтың анестезиясы ( «ер тоқым» анестезиясы)
  • аналь рефлекі жоқ
  • шеткі тип бойынша кіші жамбас мүшелері қызметтерінің бұзылыстары ( зәр мен нәжісті ұстай алмау)
  • сегізкөз аймағының трофикалы бұзылыстары.

Жұлынның көлденең зақымдалуы кезіндегі топикалық диагностика болып спастикалық параличтың таралуы (төменгі параплегия немесе тетраплегия), беткей сезімталдықтың бұзылысы (ауырсыну, температура)жатады. Көп ақпарат беретін диагностикалық әдіске қимыл қозғалыстың сегментарлы бұзылысын (бұлшықеттердің әлсіз парезі, сегментарлы анестезия, сегментарлы вегетативті бұзылыстар) анықтау жатады.

Жұлындағы патологиялық ошақтың төменгі бөлігі сегментарлы ақпарат құрылымына (терең рефлекстер, бұлшықет трофикасы, спинальды автоматизм) байланысты анықталады.
Жұлынның әр түрлі деңгейдегі көлденең және вертикальды зақымдануының қосарлана келуі клиникалық тәжірбиеде жиі кездеседі.

Жұлынның сегментінің бір жартысының зақымдану синдромы (СVІІІ ТІ). (Клод Бернар-Горнер және Броун-Секар синдромдарының қосарлануы):

  • зақымданған жақта Клод Бернар-Горнер синдромы (птоз, миоз, энофтальм)
  • дене температурасының жоғарылауы
  • төменгі бөліктердегі буындық-бұлшықеттік, вибрационды, тактильды сезімталдықтың жойылуы
  • контралатеральды өткізгіштік анестезия (ауырсыну және температуралық сезімталдықтың жойылуы).

Жұлындық нервтің зақымдалуында, жұлынның алдыңғы түбірі және алдыңғы мүйізін құрайтын бұлшықеттердің қызметі бұзылады. Нерв жүйесінің құрылысының топикалық диагностикасында бұлшықеттік салданумен сеззімталдық бұзылады. Жұлынның алдыңғы мүйізі мен алдыңғы түбірінің локализациялық процесінде сезімталдық бұзылады. Симпатикалық жүйеде бұлшықеттің тұйық белгісіз ауырсыну болуы мүмкін.

Жұлын нервісінің зақымдалуы бұлшеқеттің салдануына және тиісті дерматомадағы сезімталдықтың барлық түрлерінің бұзылыстарын қамтиды, сонымен қатар, түбірлік зақымданудың пайда болуына алып келеді. Сезімталдық иннервация аймағының қатарлас артқы түбірінің жабылуына байланысты анестезиялық аймақтың дерматомаларының барлық аумақтарын алып жатады.

Ең жиі кездесетін синдромдар. Жұлынның алдыңғы түбірінің зақымдалу синдромы сәйкес бұлшықеттің шеттік салдануымен сипатталады, салданған бұлшықеттерде тұйық ауырсыну сезімі болуы мүмкін.

Жұлынның артқы түбірінің зақымдалу синдромы дерматомалық аймақтың интенсивті, атқылайтын ауырсынумен көрінеді; дерматомалық аймақтың барлық сезімталдық түрлері бұзылады, беткей және терең рефлекстер төмендейді. Омыртқааралық саңылау түбірдің шығуы ауырсыну нүктесі болып табылады, түбірлік созылу симптомы анықталады.

Жұлын нервісінің бағанасы бұзылу симптомының ішіне жұлынның алдыңғы және жұлынның артқы түбірі кіреді, сәйкес барлық сезімталдық бұзылады. «Ат құйрығы» зақымдану синдромы ( L11-SV) төменгі бөліктің, аралықтың жансыздануымен, өте қатты түбірлік ауырсынумен, шеттік салданумен тізе, ахилл, өкше рефлекстерінің жоғалуымен, кіші жамбас мүшелерінің зақымдалуымен, аналь рефлекісінің төмендеуімен және сегізкөз аймағында трофикалық бұзылыстармен сипатталады.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!