Иммунология даму тарихы

Иммунологияның қысқаша даму тарихы

Иммунология қатерлі індеттерге қарсы күрес жолында пайда болып адамзатты көптеген құтқарған ғылым. Атының өзі жан түршіктіретін оба мен шешек тарихы біздің дәуірімізден 2000 жыл бұрынғы жазбалардан белгілі. Сол баяғы замандарда да бұл індеттермен бір рет ауырған адам екінші рет ауырмайтыны анықталғаны екен. Індет ауруларына алғаш аса назар салып зерттеген мұсылман ғалымдары Разы мен Ибн Сина деп көрсетілген медицина тарихында. Олар шешек ауруының белгілерін басқа індет ауруларынан ажыратып көрсетіп, алғаш иммунитет теориясын жасайды. Шешектен құтылу әдісі алғаш Қытайда пайда болған деген болжам бар. Бұл әдісте ауырып аман қалған адамның іріңін сау адамға енгізеді. Мұндай “вакцинациядан” соң 2-3% адам өлімі болып отырған. Сиыр шешегімен ауырған адамның нағыз шешектен аман қалатыны да өте ертеден белгілі болған және де сол сиыр шешегімен егу жекеленген жағдайларда қолданылып отырған. Алайда иммунология тарихы ағылшын ғалымы Эдвард Дженнердің еңбегінен басталады. Ол өзінің жұмысын 1798 жылы жариялады. Дженнер еңбегінің маңызы ол біріншіден, сиыр шешегімен ауырған адамның табиғи шешекпен ауырмайтынынғылыми тұрғыдан дәлелдеді, екнішіден өзінің әдісін кеңінен таратыпегетін бекеттер ұйымдастырды. Дженнердің өзі де жас шағында шешекпен ауырыпты. Ұзақ жылдар осы індеттің құпиясын зерттей келе ол 1796 жылы шешуші тәжірибе қойған. Сара Нельмс деген ғалым сиыр шешегі жұққан сауыншыдан шешек материалын алып 8 жасар Джеймс деген дені сау балаға егеді. Арада бір апта өткен соң бала сәл ауырып азылып кетеді. Тағы бір апта өткен соң, нағыз қара шешектің өзін егеді. Бірақ Джеймске бұл қатерлі шешек жұқпайды. Әрине бұлай жас балаға тәжірибе жүргізу үшін Дженнер 26 жыл дайындалған екен. Сөйтіп Дженнер шешек ауруынан құтылудың жолын көрсетті. Бұл өз заманынан 100 жылға озған жетістік еді.

Иммунология тарихы қазақша

Ғылыми иммунологияның атасы – францияның ұлы перзенті Луи Пастер. Ол вакцина жасаудың универсалды тәсілін тауып тырысқақ, күйдіргі, құтыру ауруларына қарсы вакцина жасады. Бұл әдістің негізі – әлсіреген қоздырғыштар арқылы организмде иммунитет тудырып, сол аурудың алдын алу. Пастер жұмыстарынан соң иммунология ғылым ретінде қалыптасты, көптеген аурулардың алдын алуға мүмкіндік ашылды. Пастер еңбегімен қанаттанған ғалымдар тек қана вакцинажасаумен емес, сонымен қатар иммунитет тууының себебін ашуға да тырысты. Бұл бағытта зор еңбек сіңіргендер: И.И.Мечников пен Пауль Эрлих бастаған неміс ғалымдары.

Мечников өзінің көпшілікке белгілі фагоцитарлық теориясын, ал неміс ғалымдары теорияны жасады. Мечниковтың айтуы бойынша организмге енген ауру қоздырғыштары арнайы клеткалар фагоциттермен жойылып, нәтижесінде науқас ауруынан айығады. Оның осы теориясы клеткалық иммунитеттің алғашқы теориясы болған еді. Кейін Эрлих, Беринг, Китазато және басқа ғалымдар жұмыстарынан соң , олар қан сарысуында гуморальды факторлар антиденелер болатынын, олар ауру қоздырушылары арнайы жолының дәлелденген соң, Мечников гуморалды факторлар иммунитет пайда болғанда қосалқы роль атқарады деген. Бірақ гуморальді теорияның жақтаушылары өз қағидаларын тамаша тәжірибелеремен дәлел тауып кул (дифтерия), сіреспе, (столбняк) антисарысуларын жасап миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалды. Біздің ғасырымызда шешек індеті толық жойылды, оба құрыды, күйдіргі, кул, сіреспе, полиомиелит, құтырма, энцефалит ауруларын алдын алу әдістері табылды. Ауыл шаруашылығы мен медицинада қолданылатын вакциналар мен шипалы сарысулар пайда болды және олар әлі де жасалып жатыр.

1900 жылы Ландштейнер қан топтарын ашты. Олар АВО жүйе деп аталады. Осылай, бір түрге жататын организмдердің иммунитеттік айырмашылығын зерттейтін иммунологияның бір тармағы пайда болды. Ол – ұлпа изоантигенін зерттейтін ілім. Осыдан соң, кез келген ұлпа арқылы мүшеге қарсы әсер ететін антидене жасап шығаруға болатыны анықталды.

Иммунология ғылыми дамуының жаңа белесі 1945 жылы басталды ол ағылшын ғалымы Медавар есімімен байланысты. Ол иммунитет организмді тек микорбтан ғана емес, сонымен қатар генетикалық бөгде организмдердің клеткалары мен тканьдерінен қорғайтынын дәлелдеді. Иммундық жүйе донор мен реципиент гистосәйкестіктің бр ғана гені бойынша жырасқанда, яғни гентикалық белгінің минимумуы бойынша іске қосылатыны анықталды. Бұл иммуногенетика саласының ашылуына әкелді. Организмнің генетикалық негізгі қатаң бақылануы үшін қажет деген сұрақты

Австралия микробиологы Бернет қойғанболатын. Сүт қоректілердің денесі 1013 генетика тұрғысынан біркелкі ұқсас клеткалардан тұрады. Осы клеткалардың әрқайсысы өздігінен мутацияға ұшырауы мүмкін. Демек әр кезеңде организмде 105- 106 өзгерген клетка пайда болады. Егер осындай клеткалар жойылып отырмаса, организм тіршілігі тоқталады. Демек организмнің барлық клеткаларының генетикалық тұрақтылығын бақылау үшін иммундық жүйе керек деген ой туды. Сырттан келген бөгде клеткалар мен микроорганизмдерді анықтап жою осы қызметтен шығатыны анықталды. Иммунитет дегеніміз тірі организмдердің генетикалық бөгде белгілер мен информациядан қорғану әдісі. Бұл “Бернет” аксиомасымен сәйкес келеді. “Өзіңдікін өзгенікінен ажырат “- тіршілік жарды. 1969- 1970 жылдары иммунитеттің 2 жүйесінің ашылуы, клеткалық және гуморальдық жүйелердің ашылуына, қазіргі иммунологияның пайда болуына әсерін тигізді. Жетістіктер қатарына: иммуноглобулин молекуласының құрылымын анықтау, иммунды процесстермен жеке иммуноглобулин класстарының ролін ашу, лимфоциттердің антиген ажыратушы рецепторларын табу жатады. Соңғы 10 жылда иммунды жауаптан Т және В – лимфоциттер мен макрофагтар арасында өзара әсер болуы керектігі дәлелденді. Т және В – лимфоциттер қызметі жағынан біркелкі емес екендігі, олардың суб популяциядан тұратыны: әсерлесу механизмдері, иммунды хабардар клеткалардың пайда болуы, дамуы, қызметі анықталды.

Сонымен қатар иммунитет жүйесі, иммунды теория жайлы оқи кетіңіз

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!