Босану тарихы. Күнделігімен

Босану тарихы.

Аты-жөні:А

Алдын-ала қойылған диагноз: Жүктіліктің  40 аптасы. Босанудың 1 кезеңі. Жатырдың миомасы. Варикозды ауру.

Қорытынды диагноз: Жүктіліктің  40 аптасында уақытында босану.. Жатырдың миомасы.Жатыр мойны эрозиясы.Варикозды ауру.НЦД гипотоникалық түрі. .

 

І.Паспорттық бөлім.

1 .Босанушының аты-жөні,фамилиясы; А

2.Жасы:08. 03. 1968. 42 жаста

З.Ұлты:қазақ

4.Жұмыс орны:

5.Тұрғылықты жері:

б.Клиникаға түскен күні:17. 05. 2011. сағ  01. 20да

7.Бақыланған жері:СВА  № 18

ІІ.Шағымдары

Түскен кездегі:  толғақ тәрізді ауырсынулардың пайда болуы   саг 00.00 17.05 2011жылы болды.

ІІІ.Өмір анамнезі

08 03 1968 жылы дүниеге келді, 6 жастан бастап мектепке барды.

Білім жоғары. Қазіргі кездегі жұмысы мед универде спец бөлімде. Жұмыс жағдайы жақсы кәсіптік зияндылықтары жоқ ,күйеуімен және үш баласы  бар.Тамақтануы мен тұрмыстық жағдайы жақсы

Бала кезіндегі аурулары:  Тұмау,сары ауру, варикозды ауру ауырған.

1993 ж-Уақытан бұрын босану

1997 ж-Мед  түсік 5 апта

1998ж-Мед түсік 5 апта

2004ж-Уақытытында босану

Аллергологиялық анамнез бисептолға аллергия.

Зиянды әдеттері  жоқ.

Гемотрансфузия  болмаған.

ІУ.Арнайы анамнез

І.Етеккір қызметі: етеккірі  12  жастан бастап,  ай сайын  5 кун келет, қан жоғалту мөлшері  орташа, . Акырғы етеккір күн есінде жоқ

Жыныстық қатынас өмірінің  23 жасында. Алғашкы жүктілік 1993 жылы пайда болды.

Контрацепция. Гормоналды препараттар қолданылған

Гинекологиялық аурулары: жатыр миомасы,жатыр мойны эрозиясы Д есепте  тұрады

2.Бала көтеру кызметі:

Жыныстық қатынас   23 жасынан бастап,тұрмыста. Неке тіркелген.Қазіргі  5-інші  жуктілік.Барлық жүктілік саны 5,босану 3: 2 медициналық тусік  жасатқан.

босану мерзімі 17.05 2011ж саг 04.20 минутта, ұрық  салмағы,3800гр.тірі туды,басымен  асқынулар болған жоқ.Жынысы қыз  бала.бойы 56  см,бас  шенбері 36 см,  кеудесі  34см

3.Қазіргі жүктіліктің ағымы: 5 аптада  №18 СВА-ға тіркеуге алынған, . Әрбір триместр бойынша жүктіліктің ағымы  жақсы болды. Ұрықтың алғаш қозғалғаны мерзімі  есінде жоқ

У. Объективті зерттеу.

Жалпы жағдайы қанағаттанарлық,тері қабаттары қалыпты түсте,таза.Сүт бездері сау,аяғында ісінулер жоқ

Салмағы  .69 кг.

Бойы 164 см.

Дене температурасы. 36.3 С

Ары қарай жүйе бойынша.

УІ. Арнайы акушерлік зерттеу

Ішті қарау: іші жарты шар тәріздес пішінді, жүкті жатыр есебінен ұлғайған, жатыр контурлары айқын, қозғыш, пальпация кезінде

ауырсынады іштін төменгі бөлігі,

Іш шеңбері  110 см, жатыр түбі биіктігі  38 см.

Ұрықтың орналасуы  тігінен, екінші позиция,, келген бөлігі   басымен бастың жамбас жазықтыктарына  қалыпта. Ұрыктың жүрек соғысы кіндіктің оң жағында жақсы естіледі, 1минуттағы жүрек жиырылу жиілігі 142 рет,ырғақты,анық,

Сыртқы жамбас өлшемдер: 26-29-33-21 см

Жамбас өлшемдері: жүргізілетін зерттеу сипаты.

Distantia spinarum 26см.

Distantia cristarum  29см.

Distantia trochanterica 30см.

Conjugata externa 21 см.

Диагональды конъюгата 13 см.

Соловбев индексі  13.5см.

Жамбастың анатомиялық өзгерістерінде қосымша зерттеу жүргізу кіші жамбас кіреберісінің тік өлшемі 11см,  көлденең өлшемі 13см.
Ұрыктың болжам салмағы:
Жорданиа бойынша 4000г

Якубов бойынша 3800гр

Стройков бойынша 3800-4000 гр

Айнамен зерттеу:

Сыртқы жыныс мүшелері жақсы дамыған,қызарулар мен ісінулер  жоқ, дамуы  өз жасына  сай , патологиялық өзгерістері жоқ.

Қынап пен жатыр мойнының шырышты қабатының түсі қызғылт,жатыр мойнының эрозиясы , сыртқы араң жабық,  бөліністер: аз мөлшердегі шырышты.

Қынаптық зерттеу: 17.05 2011 жылы саг 21.25 минутта

Қынабы босанған, жатыр мойны орналасқан жамбас артқа қарай  орналасқан; жартылай  жұмсарған ұзындығы 2 см. Цервикальды канал ішкі араңға көлденең 2 саусакты өткізеді .сыртқы араң жабық, ішкі араңға көлденең 1 саусақты өткізеді , жатыр мойнының ашылуы—2 см. Ұрық көпіршігі анықталады келген бөлігі  баспен,

Кіші жамбас кіреберісінен жоғары.Сегізгөз қуысынан үштен екі  бөлігін алып  жатыр.

Кіші жамбас экзостоздары, деформациясы  жоқ.Зерттеуде мүйіс  жетілмейді. С.д »12 см

Қорытынды:  жатыр мойны   жетілуде.

УІІ. Алдын-ала қойылған диагноз: Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жатырдың миомасы.Варикозды ауру.НЦД гипотониялық түрі . Жатыр мойны эрозиясы. Босану кезеңі 1 .кезеңі 2 позиция келуі  басымен. Жүктіліктің асқынуы жоқ. Экстрагенитальды патология жоқ.

VIII. Болжам, қауіптілік дәрежесі және жүктілікті жүргізу жоспары.

Босану болжамы анасы мен баласы үшін жақсы . Аналық өлімі мен перинаталды паталогияның қауіптілік дәрежесі жоқ. Босану жоспары: табиғи босану жолы аркылы, .

Х.Босану ағымының анализі.

I кезең  әйелдегі толғақ басталуы  сағ 12.00 де .

Босанушы мен ұрықтың жағдайы  қанағатанарлық, . Жалпы жағдайы қанағаттанарлық . Шағымдары  іштің төменгі бөлігі ауырсыну. Пульс  75 рет  .

АҚҚ  120/80 мм.сын. бғ. Толғак әрбір   4-5минут сайын,10-15 секундтан, орташа ауырсынумен. Ұрыктың орналасуы,

Келуі  басымен, кіші жамбас  қуысына тірелген.

Ұрықтың жүрек соғысы  143 рет. Жыныс мүшелерінен патологиялық бөліністер  аздаған  шырышты. Зәр шығаруы–еркін.

Босануды консервативті түрде  жүргізу. Жансыздандыру жүргізілмейді.

Босану биомеханизмі

Ұрықтың келуі  басымен . Бала 17.05 2011 жылы саг 04.20-да дүниеге келді, уақытында,  жынысы қыз     3800грамм, бойы  56 см.

Апгар шкаласы бойынша бағалау  8 балл.Кіндіктің І-лік өңдеуі 1% йоданат ерітіндісімен 2 өңдеуі 5% калий пермаганат ерітіндісімен  өңделді

Жүктіліктің III кезеңін жүргізу:

Босанушының жағдайы  қанағаттанарлық, плацента бөліну бүтін бөлінді,аналық жағы  қызыл  көк  түсті,біргелкі емес,балалық жағы  біргелкі ,тегіс,сұр түсті. Егер қан кетудің  мөлшері  350 мл
Әйелде ұрық жолдасы минутында  6см бөлінді, өздігінен; Ұрық жолдасы

Кіндік    30 см, ерекшеліктері.

Айна көмегімен босану жолдарын қарау: босану жолдарының жұмсақ тіндерінің жыртылулары болған жоқ.

Босанған әйелдің жағдай қанағаттанарлық, жатыр бөліністерінің аздаған шырышты қан аралас

Босанудан кейінгі бөлімшеге ауыстыру: босанған әйелдің жақсы, жалпы қан жоғалту 350 мл.

Босанудың жалпы ұзақтығы:

I кезең: 4 саг

II кезең: 20 минут

III кезең: 5 минут

Қортынды диагноз: Жүктіліктің  40 аптасында уақытында босану.. Жатырдың миомасы.Жатыр мойны эрозиясы.Варикозды ауру.НЦД гипотоникалық түрі. .

  1. Партограмма

XII Босанғаннан кейінгі кезеңде әйелді бақылау.

Курация күні. Шағымы іштің төменгі бөлігі аздаған  ауырсыну, ЖЖЖ   75рет минутына, АҚ  110/60мм.сын. бағ. Сүт бездері жұмсақ; ауырсынусыз; емізіктері таза. Іші жұмсақ үлкейген, ауырсынусыз. Жатыр жұмсақ ауырсынусыз, жатыр пішіні домалақ,түбі кіндік бойында. . Қынапта және аралықта тігіс болған жоқ.

XIII Лабораторлы-инструментальды зерттеу әдістері.

Қан тобы 2, резус фактор оң

Жалпы қан анализі.

Гемоглобин120 г/л

Эритроцит4.0-10. 12л

Лейкоцит9.7-10.9 л

ЭТЖ33

 Тромбоцит194.0:10.9л

Гематокрит35%

 Жалпы зәр анализі

Түсі:сары сабан түстес

Тығыздығы 1020

Белок 0.98

Эритроцит 7-6-5

лейкоцит .4-5-6

XIV Эпикриз.

17.05.2011  жылы перзентханада 17.05.аралықта   22.05.2011ж диагнозымен: Жүктіліктің  40 аптасында уақытында босану.. Жатырдың миомасы.Жатыр мойны эрозиясы.Варикозды ауру.НЦД гипотоникалық түрі. .

Босану мерзімі   17.05,2011ж сағ 04.20 минутта асқынулары  болған жоқ, Бала 17.05 2011 жылы сағ 04.20-да дүниеге келді, уақытында,  жынысы қыз     3800грамм, бойы  56 см.

Апгар шкаласы бойынша бағалау  8 балл.

Өткізілген зерттеулер, Қан тобы 2, резус фактор оң

Қынаптан жағынды алу

Жалпы қан анализі.

Гемоглобин120 г/л

Эритроцит4.0-10. 12л

Лейкоцит9.7-10.9 л

ЭТЖ 33

 Тромбоцит194.0.10.12л

Гематокрит35%

 Жалпы зәр анализі

Түсі:Мутный

Тығыздығы 1020

Белок 0.98

Эритроцит көру алаңы 7-6-5

лейкоцит көру  алаңы.4-5-6

Емі

Режим палаталық

Диета №15

Консервативті түрде

 Босанғаннан кейінгі кезең ағымы. Шығару кезіндегі ұсыныстар

1.Гигиенаны сақтау

2Жыныстық  қатынасты  екі айға дейін болмау

3 Нәрестені  дұрыс емізу және  күтімін көңіл бөлу

4.Дене  шынықтыру

5.Жатыр  мойны эрозиясы, жатыр миомасын,варикозын   емдету

.6.Жергілікті дәрігерге  қаралып  тұру

Күнделік

17.05.2011ж. Жалпы  жағдай қанағаттанарлық.Есі анық. Тері қабаттары таза,қалыпта  түсте.Бұлшықет-сүйек жүйесі ауырсынусыз,деформация жоқ.Көзге көрінетін шырышты қабаттары қызғылт,ылғалды.

Тілі таза,палпацияда іштің төменгі бөлігіндегі аздаған  ауырсынулар.Жүрек-қан  жүйесінде патологиялық пулсациялар жоқ.Жүрек  тондары анық,патологиялық шулар жоқ.

Өкпеде екі жақтада везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ.

Зәр шығару еркін,ауырсынусыз.Бүйректері ұрғылау  симтомы екі жақтанда теріс

Шағымы іштің төменгі бөлігі аздаған  ауырсыну, ЖЖЖ   75рет минутына, АҚ  110/60мм.сын. бағ.Температура 36.9С Сүт бездері жұмсақ; ауырсынусыз; емізіктері таза. Іші жұмсақ үлкейген, ауырсынусыз. Жатыр жұмсақ  ауырсынусыз, жатыр пішіні домалақ,түбі кіндік бойында. . Қынапта және аралықта тігіс болған жоқ. Қан кетулер болған жоқ

Күнделік

18.05.2011ж. Жалпы  жағдай қанағаттанарлық.Есі анық. Тері қабаттары таза,қалыпта  түсте.Бұлшықет-сүйек жүйесі ауырсынусыз,деформация жоқ.Көзге көрінетін шырышты қабаттары қызғылт,ылғалды.

Тілі таза,палпацияда іштің төменгі бөлігіндегі аздаған  ауырсынулар.Жүрек-қан  жүйесінде патологиялық пулсациялар жоқ.Жүрек  тондары анық,патологиялық шулар жоқ.

Өкпеде екі жақтада везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ.

Зәр шығару еркін,ауырсынусыз.Бүйректері ұрғылау  симтомы екі жақтанда теріс

Шағымы іштің төменгі бөлігі ауырсынуына.  ЖСЖ   76рет минутына, АҚ  100/70мм.сын. бағ.Температура 36.7С Сүт бездері жұмсақ; ауырсынусыз; емізіктері таза. Іші жұмсақ үлкейген, ауырсынусыз. Жатыр жұмсақ ауырсынусыз, жатыр пішіні домалақ,түбі кіндік бойында. . Қынапта және аралықта тігіс болған жоқ. Қан кетулер болған жоқ.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!