Әйелдер кеңесі

Әйелдер кеңесі және оның атқаратын қызметтері, маңызы

Әйелдер кеңесі  – диспасерлік типтегі амбулаторлы-емханалық мекеме, оның жұмысында қазіргі кездегі денсаулық сақтаудың  негізгі мақсаты ретінде алдын алу мен емдеудің ұжымы толығымен көрсетіледі.

Әйелдер кеңесінің мақсаты – әйелдерді сауықтыру бағытталған  емдік –  профилактикалық көмек көрсету, аналық және перинатальдық аурушаңдықтың пен өліміне арналған профилактикалық шаралар көрсету.

Әйелдер кеңесінің басты мақсаты – ісік алды ауруларды анықтап, онкологиялық ауруларға профилактика жүргізу. Профилактикалық тексерулердің 3 түрі бар: комплексті, бағытталған, индивидуальді. Профилактикалық тексерулерді тұрғындарда 20 жастан бастап жүргізеді, ол жылына  2 рет цитологиялық және кольпоскопиялық тесерулермен бірге жүргізіледі.

Бұл мақсатқа жету үшін әйелдер консультациясында келесі шаралар орындалуы керек:
Жүктіліктің, босанудың асқынуының, босанудан кейінгі және гинекологиялық ауруларға бағытталған емдік-профилактикалық шаралар жүгізу, ұрықтың перинатальді қорғанысын қамтамасыз ету;

  • Квалифицирленген акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету;
  • Контрацепция әдістері туралы, түсіктерді ескерту;
  • Тәжірибеге патологиялық жүктіліктің профилактикасы мен емін, босанушылар мен гинекологиялық аурулардың , акушердік-гинекологиялық көмектің амбулаторлық берілу формасының және әдістерінің  заманауи диагностика әдістерін енгізу;
  • Санитарлық –ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • Ана мен баланы қорғау заңдарына сәйкес әйелге әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғау көрсету;
  • Салауатты  өмір салтын жүргізу;
  • Жүкті әйелдер, босанушылар мен гинекологиялық аурулары бар әйелдерге тексерілуге қол жетімділік көрсету;
  • Отбасын жоспарлау тақырыбы бойынша жұмыстар жүргізу.

Әйелдер консультациясында жүргізілетін жұмыстар арнайы есептік құжат формасында көрсетіледі.

әйелдер консультациясы

Әйелдер консультациясының құрылымы: Регистратура, жүктілерді, босанушыларды, босанған әйелдерді, гинекологиялық аурулары бар әйелдерді қабылдайтын акушер-гинеколог дәрігерлердің кабинеті, манипуляциялық бөлме, емдік процедураларды жүргізетін физиотерапиялық кабинет, терапевт, стоматолог, венеролог және әлеуметтік-құқықтық сұрақтармен кеңесетін заңгер кабинеті. Бедеулік, жүктілікті көтере алмаушылық, контрацепция сұрақтарымен кеңесетін, кабинеттер ұйымдасытырылған. Сонымен қатар лаборатория, УДЗ кабинеттері бар.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 07.04.2010 жылғы №239 бұйрығына сәйкес:

  • Біріншілік қабылдау – жүктіліктің 12 аптасына дейін ұсынылады
  • Екінші қабылдау – жүктіліктің 16-17 аптасында ұсынылады
  • Үшінші қабылдау – жүктіліктің 24-25 аптасында ұсынылады
  • Төртінші қабылдау – жүктіліктің 30-32 аптасында ұсынылады
  • Бесінші қабылдау – жүктіліктің 36 аптасында ұсынылады
  • Алтыншы қабылдау – жүктіліктің 38-40 аптасында ұсынылады
  • Жетінші қабылдау – жүктіліктің 41 аптасында ұсынылады

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!