Иерсиниоз

Иерсиниоз ауруы

Иерсиниоз– инфекция қоздырғышы фекальді-оральді жолмен берілетін өткір зоонозды бактериалдық ауру. Клиникалық көрінісі полиморфизмді: асқазан-ішек жолдарын, буындарды зақымдаумен, сондай-ақ интоксикация, қызба өршуі және рецидивімен сипатталады.

Этиологиясы: қоздырғыштары-Verginia pseudotuberculosis (V.pst) және Versinia enterocolitica (V.ent). Versinia туысына, enterobacteria тұқымдасына жатады. О,Н антигендері бар (Vжәне W-вирулентті антиген). О-антигені бойынша 8 (V.pst) және 51 (V.ent) сероварианттары бар. Олар инвазияға және клеткаішілік паразиттауға қабілетті. Сонымен қатар эндо және экзотоксин бөліп шығарады. 22-28С (оптимальды) және 2-4С температурада көбейеді, сыртқы ортаға төзімді.

Эпидемиологиясы: Таралуы жергілікті және ошақты.

Инфекция көздері: – жабайы және синантропты кемірушілер (негізгі резервуар)

  • ауыл шаруашылық жануарлар (ірі қара мал, шошқа, жылқы т.б.)
  • үй жануарлары (ит, мысық)
  • үй және жабайы құстар
  • адам (ауру және бактериотасымалдаушы)

Берілу жолдары: – алиментарлы (негізінен жиі жеміс-жидекпен)

  • су арқылы (ашық су қоймалары)
  • тұрмыстық қатынас (жиі ауруханаішілік және жанұялық ошақта)

Мезгілі: қыс, көктем айлары. Иммунитет – толық жетілмеген.

Патогенезі: Негізгі факторлар:- инфекциялық

  • токсикалық
  • аллергиялық
  • иммунопатологиялық

Ену жолдары-ішек және ауыз қуысының шырышты қабаты (тоқ ішектің бастапқы бөлігімен, мықын ішектің дистальді бөлімі).

Патогенез фазалары:- қоздырғыштың енуі және біріншілік зақымдалу (энтеральды)

  • аймақтық ошақтарда көрінуі және жалпы реакция (регионарлы)
  • генерализация, гематогенді диссеминация
  • 2-лік көп ошақты, реактивті аллергиялық және иммунопатологиялық өзгерістер

Патологиялық анатомиясы: патологиялық процестің айтарлықтай өзгеру көрінісі оның қолайлы жерде орналасуымен байқалады.

Клиникасы: ішек иерсиниозы мен псевдатуберкулездің клиникалық көрінісі полиморфты және бір-біріне ұқсас. Сондықтан бұлдардың салыстырмалы диагнозы қиян.

Иерсиниоздың клиникалық жіктелуі:

Ауру формасыКлиникалық варианты
гастроинтестинальдыгастроэнтерин

энтеротоксин

гастроэнтероколит

абдоминальдімезентеральді

лимфаденит

терминальді колит

жедел аппендицит

генерализденгенаралас

септикалық

септико-ишемиялық

2-шілік ошақтыартриттер
түйінді эритема
миокардит
Рейтер синдромы және т.б.

Ауыр ағымы бойынша:- жеңіл

  • орташа ауыр
  • ауыр

Ағымы бойынша:– өшірілген

  • жедел
  • созылыңқы
  • созылмалы

Иерсиниоздың негізгі клиникалық көрсеткіштері: гастроинтестинальді формасы 50% жиілікте кездеседі. Интоксикация көрінісінде гастроэнтероколит түрі бойынша өтеді. Қосымшалық болуы мүмкін:- бауырдың ұлғаюы

  • малиналы тіл
  • буындағы ауырсыну
  • катаральді көріністер
  • әр түрлі сипаттағы шамалы бөртпе
  • күйдіру сезімі (алақан және табанда)
  • қабыршақтану (2-3 айдан кейін)
  • толқын тәрізді ағым

иерсиниоз қазақша

Абдоминальды формасы:интоксикалық көріністе оң және мықын аймағында аппендицит, мезаденит ауырсыну синдромымен өтеді. Сонымен қатар артралгия және миалгия, бауыр ұлғаюымен жүреді.

Генерализденген формасы: аралас варианты-интоксикация симптомы (қалтырау, қызба, бас ауру, бас айналу, апатия, әлсіздік, ұйқысыздық, тершеңдік, сүйек сынғыштығы, бұлшық еттегі ауырсыну) немесе асқазан-ішек жолдарының симптомдарымен (іштегі ауырсыну, құсу, жүрек айну, іш өту) басталады.

Катаральді синдром (тамақтағы ауырсыну, құрғақ жөтел), алақан-табандағы күйдіру сезімі, буындағы ауырсынумен көрінеді.

Обьективті белгілерге сипаттама:- бет, мойын гиперемиясы

  • қол-аяқ сүйектерінің гиперемиясы (қолғап, шұлық симптомы)
  • коньюктивит
  • энантема
  • аурудың 2-3-ші күніндегі экзантема (кейде 1-ші күні) әртүрлі сипаттағы (дақты, папулезді, артикальді, эритрематозды т.б.) дақтар. Кейде қышумен бірге (ірі буынның айналасы және табиғи қатпарлардағы бүкіл денеге жайылған)
  • 2-ші аптадағы қол саусақтары, алақан, табан терілерінің ірі немесе ұсақ пластикалық қабыршақтануы
  • бауыр, көкбауыр ұлғаюы
  • ағымның 5-6 күніндегі толқын тәрізді қызба

Болуы мүмкін; – гепатит

  • серозды менингит
  • пиелонефрит
  • пневмония

Септикалық вариант: (2-3% жағдайда). Өзгерудің сипаты:

  • гектикалық түрдегі ұзақ қызба
  • қалтырау
  • профузды
  • айқын интоксикация
  • әртүрлі мүшелер мен жүйелердің зақымдануы (пневмония, полиартрит, миокардит, эндокардит, менингоэнцефалит, жедел бүйрек жетіспеушілігі, гепатит т.б.

ІІ-лік ошақты форма: мына түрде көрінеді:

  • моно және полиартрит ірі буындардағы (5-8%)
  • гастроэнтерит өткергеннен кейін 2-3 аптадан кейінгі түйіндер эритема (2-10%)
  • типтік көріністегі миокардит
  • Рейтер синдромы (артрит, коньюктивит, уретрит)

Асқынуы:– токсико-инфекциялық шок

  • жедел бүйрек жетіспеушілігі

Диагностикасы: иерсиниоз диагнозын зертханалық зерттеудің оң (+) қорытындысымен және клинико эпидемиологиялық мәлімет негізінде қояды.

Зертханалық әдістер:

  • бактериологиялық (фекалин, зәр, қан, ми-жұлын сұйықтығы)
  • қандағы, сілекейдегі, зәрде иерсиний антигенін анықтауға ИФА әдісі
  • серологиялық (РА, РНГА)

Салыстырмалы диагнозы: иерсиниоздардың салыстырмалы диагнозын ас-токсикоинфекциясымен, сальмонеллезбен, дизентериямен, скарлатиналық және клиникалық көрінісі ұқсас басқа да аурулармен жүргізді.

Емі: ауру ағымының ауырлығымен және клиникалық формалардың көрінісімен жүргізіледі.

Комплекстік емге кіреді:

  • режим
  • диета
  • патогенетикалық терапия (дезинтоксикационды)
  • этиотропты препараттар (токсициклин, тетрациклин, гентамицин, левомицитин, цефалоспариндер, фторхинолонды препараттар және т.б.)

Көрсеткіштер бойынша:

-қабынуға қарсы препараттар

– иммунды корректорлар

Шығын:

  • сауығу (негізгі)
  • постиерсиниозды колит
  • дәнекер тканьдердің жүйелік ауруларының қалыптасуы (түйінді периартрит) жүйелі қызыл жиегі, анкилоздаушы + спондилоартрит)

Шығару ережесі:иерсиниозбен ауырған адамдарды клиникалық сауығу көрінісі пайда болғанда шығарады.

Диспансеризация: анықталмаған

Профилактикасы: тамақтардың бұзылуын алдын алу үшін санитарлы-гигиеналық шаралар жүргізеді.

Жазған: Еркебулан Молдаханов

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!