Генитальды эндометриоз

Эндометриоз

ЭНДОМЕТРИОЗ (эндометриоидты ауру) – эндометридің құрылысымен, функциясымен ұқсас, бірақ жатыр қуысынан тыс орналасқан қатерсіз тіннің өсуімен жүретін дисгормоналды, иммунтәуелді және генетикалық негізделген ауру. Эндометриоз 20-40 жастағы әйелдердің репродуктивті жүйе органдарының кең таралған ауруы. Негізгі бөлігін генитальды эндометриоз (92—94%), сирек экстрагенитальды эндометриоз (6—8%).

Этиология– іскер әйелдер ауруы, бизнесвумен және т.б.

Пайда болу жайлы әртүрлі теориялар бар. Олар:

(«Теориялар ауруы»)

  1. Эмбриональды
  2. Имплантационды гипотеза.
  3. Миграционды гипотеза.
  4. Иммунологиялық гипотеза.
  5. Метапластикалық гипотеза.
  6. Индукционды
  7. Конституциональды – генетикалық гипотеза.
  8. Гормональды гипотеза.
  9. Басқа гипотезалар

Пайда болу қауіп топтары:

  • Конституциялық тұқым қуалаушылық
  • Иммунды статустың өзгеруі
  • Хирургиялық жарақаттар
  • Стрессті жағдайлар
  • Нейроніндеттер, созылмалы індеттер
  • Жыныс мүшелерінің аномалиялары мен қабыну аурулары

Эндометриоздың себептері мен патогенезі:

  • эмбрионалды жаму теориясы
  • метапластикалық даму теориясы
  • имплантациялық даму теориясы
  • конституциялық тұқым қуалаушылық жанұялық даму теориясы
  • гипоталамус – гипофизарлық бездер нысана мүшелер жүйелерінің функциясының өзгерістері теориясы

Классификациясы:

1. Эндометриоидты ауру:

  • Генитальды
  • Экстрогенитальды
  • Біріккен

2. Стадиялар бойынша:

  • Беткей
  • Таралған
  • Инвазивті

3. Клиникасы бойынша:

  • Жеңіл
  • Орташа
  • Ауыр

4. Локализациясы бойынша:

  • Сыртқы
  • Ішкі

5. Ағымы бойынша:

  • Асқынған
  • Асқынбаған

Сонымен генитальды эндометриоз ішкі және сыртқы болып бөлінеді:

Ішкіге: Жатырдың бұлшықетті қабаты (аденомиоз), Жатыр мойнағы, Жатыр мойнындағы процестер жатады.

Сыртқыға: Түтікшелер, Аналық без, Сегізкөз-жатырлық және кең байлам, ішастар, Жатыр-тікішектік шұңқырындағы өзгерістер.

НЕГІЗГІ КЛИНИКАЛЫҚ СИМПТОМДАРЫ

  • БЕДЕУЛІК
  • АУЫРСЫНУЛАР
  • МЕНСТРУАЛЬДЫ ЦИКЛ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Эндометриоздың арнайы белгілері жоқ. Клиникасы  локализацияға байланысты болады.

Эндометриоздың клиникалық ерекшеліктері:

  • Әр түрлі жиіліктегі ауру сезім
  • Жыныстық қатынаста ауру сезімінің болуы
  • Етеккір функциясының бұзылуы
  • Бедеулік
  • Көрші мүшелердің функциясының бұзылыстары
  • Жүрек айну, талып қалу,құсу
  • Анемия
  • Үлкен жабыспалардың пайда болуы
  • Инфильтрациялың өсуі
  • Эндометриоз ошақтарының циклдық өзгерістері

Жатыр денесінің эндометриозы (аденомиоз)

Аденомиоз – эндометриоидты тін миометриде анықталатын генитальды эндометриоз формасы. Сырт көзбен қарағанда жатыр денесі ұлғайған. Жатыр денесі мен мойнағы эндометриозы (аденомиоз) диффузды,ошақты,түйінді  сипатта болады.

Аденомиоз классификациясы:

I саты – шырышты қабаттың миометриге дейінгі зақымдалуы.
II саты – миометрий қалыңдығы ортасына дейін зақымдалу
III саты – эндометридің серозды қабыққа дейін зақымдалуы
IV саты – париетальды ішастардың зақымдалуы

 Ішкі эндометриоз клиникасы

I-II кезең – жатырдың үлкеюі жүктіліктің 5-6 аптасында.
II-III кезең – Аденомиоз
I кезең  –  менструальды цикл екі фазалы, предменструальды қан кету (менструациядан  2-4  күн бұрын). Айлық көлемі көп.

II кезең  – Пре – және постменструальды  қан кету. Айлық көлемі көп.     Циклдың екінші фазасында жатыр үлкейген.

III кезең –Пре – және постменструальды  қан кету.  (5-7 күн). Айлық көлемі көп. Жатыр үлкейкен. Зерттеу кезіндегі ауырсынулар . Анемия.

Ретроцервикальды эндометриоз

  • I – кезең Ошақтар ретроцервикальды клетчатка аймағында.
  • II  – кезең   Жатыр мойны мен қынапқа өсу.
  • IIІ – кезең Жақын жатқан органдарға өсу үдеген + сегізкөз-жатыр байламы және ішастардың серозды қабаттары
  • IV – кезең Кіші жамбастағы тік ішек-жатыр шұңқыры ішастарында спайка.

Аналық без эндометриозы

I – кезең  Без беткейіндегі ұсақ нүктелі гетеротопиялар, кей кезде басқа локализациялармен бірегеді.

II  кезең  Бір жақтағы аналық безіндегі ұсақ және орташа көлемдегі кисталар + кіші жамбас ішастары,  спайкалар, ішекпен бірге.

III – кезең Екі аналық бездегі диаметрі 5-6 см дейінгі  кисталар. Жатырда, түтікшелерде, қабырғалық ішастарда гетеротопиялар.  Айқын  спайкалық процесс. Ішекпен бірге.

IV – кезең Үлкен көлемдегі кисталардың көрші органдарға жайылуы.

Эндометриозбен ауыратын науқастардың 0,65% – да эндометриоидты рак дамиды

ДИАГНОСТИКА:

  • Шағымдар мен симптомдар
  • Клиникалық тексеру
  • УЗИ ( генитальды)
  • гистеросальпингография, гистероскопия   (ішкі)
  • лапароскопия, лапаротомия

эндометриоз

Аденомиоз, түйінді формасы (УЗИ)

эндометриоз қазақша

 

Аденомиоз, диффузды формасы  Гидросонография

Эндометриоз терапиясының жалпы принциптері:

Ескеру керек!

  • жасы,  репродуктивті функцияға қатысы, жалпысоматикалық  жағдайы, жеке бас ерекшеліктері.
  • эндометриоздың орналасуы, таралуы және ағымының ауырлығы.

Көрсеткіштер бойынша қажет:

  • симптоматикалық  терапия, қосымша ауруларды емдеу.
  • иммунокоррекциялық, десенсибилизирлеуші  терапия.
  • психосоматикалық бұзылыстар коррекциясы.
  •  хирургиялық ем.

Эндометриоидты ауруды хирургиялық емдеуге көрсеткіш :

  • Эндометриоз және миома.
  • Эндометриоз қан кетумен және анемиямен.
  • Айқын ауырсыну синдромы.
  • Гормональды және комплексті терапияның тиімсіздігі немесе көтере алмау.
  • Шап аралығының және кіндік отасынан кейінгі тыртық эндометриозы.
  • Эндометриоз және жыныс органдарының аномалиялары.
  • Ішек және несепағар стенозы.
  • Эндометриоз және бедеулік.

Эндометриоидты аурудың гормонотерапиясы:

  1. Прогестагендер (дюфастон).
  2. КОК (комбинирленген синтетикалық эстроген-гестагенді препараттар)
  3. Антигонадотропиндер (дановал, даназол).
  4. Антигестагенді препараттар (гестринон)
  5. гонадотропты рилизинг-гормон агонистері мен антогонистері.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!