Эпидемиологиялық процесс. Эпидемиология ғылымы

Эпидемиологиялық процесс

Эпидемиология пәнінің даму тарихы

Ертедегі Шығыс Азия халықтары инфекциялық аурулардың мәні туралы кейбір мағлұматтардан хабардар болған. мысалы, олар алапес ауруының жұқпалы екенін білген,ондай ауруларды халық арасынан аластаған немесе ерекше алапестер қорасына қамаған. Қытайда осыдан 3 мың жылдан астам уақыт бұрын халықты шешекке егу әдісі қолданылған. Қазақстан жерінде Өтебойдақ Тілеуқабылұы деген халық емшісі шешекке егуді осыдан 500 жыл бұрын шамасында, ал Дженнерден 350 жыл бұрын жасап, іс жүзінде пайдаланып көрген.

Инфекциялық ауруларды тірі қоздырғыштардың тудыратындығы алғаш рет Гиппократтың (біздің дәуірге дейінгі 460-372ж.) және басқа да Греция және Рим ғалым –философтарының еңбектерінде болжам ретінде айтылған. Тек қайта өркендеу дәуірінен бастап медицина ғылымы дами түсті. Эпидемиялардың пайда болу себептерін түсіндіруде 2 түрлі бағыт пайда болған: миазматикалық және контагиялық болжамдар

  • Миазматикалық болжам бойынша эпидемиялардың себебін қоршаған ортаның ластануымен түсіндірген:түрлі комета,метерит және вулкан.
  • Контагиоздық (жанасу, инфекция) болжаушылар

Эпидемиологиялық қазіргі ғылыми- техникалық жетістіктерде пайдаланатын көптеген әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы. Мысалы: компьютерлік технологияны пайдаланып, эпидемиялық процестің математикалық үлгілерін және оған болжау жасауды оның көріністерін қадағалауды және әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды жасауды: нәзік және өте дәл биохимиялық иммуногенетикалық әдістерді пайдаланып, қоздырғыштың жан –жақты қасиеттерін субмолекулярлық құрылымын зерттеуді гендік инженерлік технологияны пайдаланып, жаңа иммундық егулер жасауды.т,б жүзеге асыруға болады.

Эпидемиологиялық әдіс-инфекциялық аурулардың пайда болу себептерін, берілу механизмдерін анықтау және эпидемиологиялық жағдайды бағалауда қолданылатын әдістің жинақы.

Эпидемиологиялық әдістердің құрылымы

 

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

4

 

 

 

5

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДІСТЕР

Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау

а) инфекция ошағын тексеру

б)аумақты барлаумен сараптау

в) микробиологиялық. Серологиялық. Иммунологиялық. Паразитологиялық, энтомологиялық, санитарлық-химиялық әдістер

Аналитикалық әдістер

а)оқиға – бақылау түрінде зерттеу

б) когортты зерттеу(біркелкі топты зерттеу)

Статистикалық әдістер

 

 

Эксперименталдық әдіс

 

 

 

Математикалық үлгілеу

 

 

 

Зерттеу мақсаты

Инфекциялық аурулардың пайда болу жағдайын мен себебін анықтау:қауіп- қатердің алдыңғы себебін анықтау:эпидемиологиялық диагноз қою; аурудың этиологиясын дәлелдеу, эпидемиялық процеске қатынасатын буынаяқтылар түрі, кеміргіштер: аумақта инфекциялық аурулардың пайда болу мүмкіндігін, эпидемиялық жағдайды асқындырмау шараларын анықтау.

Қауіп қатер факторларын болжап бағалау, қорытынды жасау. Эпидемиологиялық дигноз қою; қауіп-қатер факторға байланысты індетке қарсы шаралардың бағытын анықтау

 

Сырқаттанушылық деңгейінің дұрыс дәрежесін сандық бағалау;індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін анықтау

Болжауды дәлелдеу; індетке қарсы жұмысқа және алдын алу шараларына қолданылған жабдықтар мен әдістердің сандық тиімділігін бағалау

 

Эпидемиялық процестің көрінісін болжау

 

1. Эпидемиологиялық тексеру мен бақылау. Инфекциялық аурулар ошағын эпидемиологиялық тексеру әдісі ең алғашқы және маңызды болып саналады. Бұл әдіс ошақтың пайда болу жағдайы мен себебін, инфекция қоздырғышының көзін. Берілу факторлары мен жолдарын, сонымен қатар жұқтыру қауіп- қатеріне ұшыраған адамдарды анықтау үшін пайдаланылады.

2. Аналитикалық эпидемиолгиялық әдістер: Аналитикалық эпидемиолгиялық зерттеудің мақсаты- эпидемиолгиялық тексерумен қадағалау барысында инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуы туралы дигностикалық болжауды бағалау үшін тексеру жүргізу.

3. Эксперименталдық эпидемиологиялық әдістер. Инфекциялық аурулар эпидемиологиясында эксперимент эпидемиялық процестің тек кейбір жақтарын зерттеуге қлоданылады, өйткені оны толық түрде жасауға болмайды.

4. Математикалық үлгілеу. Эпидемиологиялық әдістің барлық түрлерін қолданғанда эпидемиялық процестің көрінісін байқауды математикалық үлгілеу әдісімен бірге атқаруға болады

5.Статистикалық зерттеу әдістері. Сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіштері және оны есептеу әдістері. Статистикалық зерттеу әдісінің мақсаты- эпидемиологиялық жағдайды атқарылатын індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін сан арқылы бағалау.

Эпидемиологиялық процестің белгілері

Эпидемиялық процесс деп – инфекциялық аурулардың бірінен кейін бірі жүретін ажырамайтын тізбек, яғни ұжымдағы инфекциялық ауруардың таралуы.

Эпидемиялық процесс үш звенодан тұрады – инфекция көзі, таралу механизімі және ағзаның қабылдап алушылығы.

Эпидемиология пәні. Эпидемиялық процесс

Эпидемиологиялық процестің белгілері «симптомдары» интенсивті және экстенсивті көрсеткіштер болып саналады, яғни уақыт боиынша, аумақтағы таралу бойынша және әрбір халық топтары арасында көріністері бойынша сипатталады. Статистикалық көрсеткіштер эпидемиялық процестің сандық және сапалық белгілері арқылы сипатталады.

Эпидемиялық процестің сандық белгілері:

  • Сырқаттанушылық деңгейі (өлім-жітім, тасымалдаушылық)
  • Сырқаттанудың даму динамикасы;
  • Жыл ішінде таралуы (маусымдық жоғарылауының қарқыны)
  • Инфекцияның ошақтық көрінісі (пайда болған уақыты, ошақтардың саны, олардың даму мегілдері, бір немесе көп науқасты болып бөлінуі)

Эпидемиялық процестің сапалық белгілері:

  • Аумақтар бойынша (әлем, мемлекет деңгейі немесе жеке аймағы, республика, облыс, аудан)
  • Қала және ауыл тұрғындары арасы бойынша;
  • Әр түрлі жас топтары бойынша;
  • Жынысына қарай;
  • Әр түрлі кәсіптік топтар бойынша (жұмыс орнында науқастардың саны, ұйымдастырылған балалар мемкемелерінде)

Эпидемиологиялық талдаудың мақсаты эпидемиялық процеске әсер ететін факторларды, оның таралу заңдылықтарын және індетке қарсы шаралардың тиімділігін анықтау. Эпидемиологиялық талдаудың қорытындысына қарай инфекциялық ауруларға қарсы шаралардың жоспары жасалады. Эпидемиологиялық талдауды жасау үшін аймақтағы табиғи жағдай, санитарлық жағдай, экономикалық, демографиялық даму туралы, инфекциялық аурулармен сырқаттану, қоздырғыштардың патогенділігі, атқарылған эпидемияға қарсы шаралар туралы мәліметтер қажет.

Ауылшаруашылық жануарларының саны, инфекциялық аурулар туралы мәліметтерді ветеринарлық қызметкерлерге береді.Халық саны,жасы, кәсіптері туралы мәліметтерді статистикалық бөлімдер береді.

Эпидемиологиялық талдауды жасау үшін жергілікті аймақтың картасы әр бөлшектердің кесіндісі керек. Дәрігер эпидемиологтың көмекшілері мәліметтерді жинауға, Эпидемиологиялық талдауды жасауға, қауырт құжаттарды сақтауға белсенді түрде қатысады.

Инфекциялық аурулардың берілу факторлары

Берілу факторлары-қоздырғыштық бір организмнен екіншісіне тасылуын қамтамасыз ететін сыртқы орта обьектілері және буынаяқтылар.

Берілу факторларына жатады; ауа, тағамдар, су, топырақ, үй жабдықтары мен өндіріс құралдары және буынақтылар.

Су арқылы-егер су арқылы инфекциялық аурулардың қоздырғыштарымен ластанған болса, инфекцияның су арқылы таралуына мүмкіндік туады. Оларға: ашық су қоймаларының сулары, қалдық сулармен, жаңбыр сулары, қардың еріген суларымен малдарды суарудан болуы мүмкін.

Инфекциялық аурулардың су арқылы таралуы ластанған суды ішкенде, ыдыстарды қолданғанда, кір жуғанда болуы мүмкін. Су арқылы көбіне ішек инфекциялары таралады,мысалы, тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия, вирусты А, Е гепатит.

Тағам арқылы инфекциялық аурулардың таралуы да өте жиі кездеседі;

  • сүт және сүт өнімдері (қаймақ, ірімшік, балмұздақ)
  • жұмыртқа
  • ет және ет өнімдері
  • жеміс -жидектер
  • нан, ұн тағамдары.

Тамақ өнімдерінде ішек инфекцияларының қоздырғыштары көпке деиін сақталып қана қоймай, онда көбеюі де мүмкін, сондықтан ауру өте ауыр немесе орташа ауыр түрінде өтеді, аурудың инкубациялық кезеңі қысқа болады.

Тамақ өнімдері. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарымен бастапқыда және кейіннен ластануы мүмкін.

  • Бастапқыдан ластану – ауру малдың сүті, еті, жұмыртқасы арқылы таралады. Мысалы: туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, күйдіргі.
  • Кейіннен ластану ауру адамның лас қолы арқылы немесе ластанған ыдыс арқылы. Кейіннен ластану тамақ өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау, тарату барысында болуы мүмкін.

Тұрмыстық заттармен-қоздырғышпен ластанған қол арқылы және түрлі тұрмыста қолданылатын заттар арқылы жұғуы мүмкін.

Тікелей жанасу-арқылы тері венерологиялық аурулары, қотыр және кейбір зоонозды инфекциялар таралады.

Ауа – тамшылы жолмен инфекциялық аурулардың қоздырғыштары түшкіру, жөтелу, сөйлесу, тыныс шығару арқылы таралады.

Ауа шаң арқылы қоршаған ортада төзімді қоздырғыштар таралады, өйткені тамшылар түрлі заттардың үстінде кеуіп шаңмен таралады. Еден сыпырғанда төсек ауыстырғанда, киім қаққанда шаңдар көтеріліп тыныс алу жолдарына түседі. Ауа шаң арқылы туберкулез, дифтерия, туляремия, аурулары таралады.

Топырақ арқылы көбіне ішек құрт аурулары таралады. Олар 2 жолмен таралады.

  1. нәжіс-> топырақ-> жеміс-> жидек-> адам
  2. нәжіс-> топырақ-> ашық сулар-> адам

Инфекциялық аурулардың жіктелу түрлері, сипаттамасы

Қазіргі кезде 250-ден артық инфекциялық аурулардың нозологиялық түрлері белгілі. Олардың қоздырғыштары әртүрлі түрлермен топтарға жататын микроорганизмдер.

Инфекциялық ауруларды тудыратын қоздырғыштар топтары

Қоздырғыш топтарыҚоздырғыштардың топтарыАуру топтары
ВирустарВирустарИнфекциялар
ПрокариоттарМикоплазмалар

Хламидийлар

Риккетсиялар

Бактериялар

Спирохеттер

Кандидоз

Хламидоз

Бөртпе сүзегі

Іш сүзегі

Мерез

ЭукариоттарСаңырауқұлақтар

Қарапайымдылар

Гельминттер

Буынаяқтылар

Инвазиялар

Микоздар

Протозооздар

Гельминтоздар

Инфестициялар

Л.В.Громашевский бойынша қоздырғыштардың организмде тәндік орналасуы және беоілу механизмі топтастырудың негізін құрайды, соған сәйкес игфекциялық аурулар бес топқа бөлінеді.

  1. ішек инфекциялары
  2. тыныс жолдар инфекциялары
  3. қан инфекциялары
  4. сыртқы қабат инфекциялары
  5. әртүрлі механизмдермен берілетін инфекциялар

И.И.Елкиннің топтастыруына сәйкес инфекциялық аурулар лкиннің топтастыруына сәйкес инфекциялық аурулар топқа бөлінеді 3 топқа бөлінеді:

  • Антропоноздар тек адамдарға тән аурулар
  • Зооноздар хайуанаттарға тән аурулар
  • Антропозооноздар адамға да, хайуанат топтарына да бейімделген аурулар.

Инфекциялық аурулардың экологиялық эпидемиологиялық жіктелуі

Инфекциялық ауруларИнфекция топтарыҚоздырғыш қорыТаралатын аурулар
АнтропоноздарІшек

 

Респираторлы

Қан

Сыртқы қабат

АдамІш сүзегі, тырысқақ, А, Е вирусты гепатиті,

Қызылша, қызамық, дифтерия

Бөртпе сүзегі, безгек, қайталама сүзек

Мерез, қышыма

ЗооноздарҮй және синантропты хайуанаттар

Жабайы хайуанаттар

Хайуанат

 

Хайуанат

Бруцеллез, аусыл, қызба, орнитоз

 

Туляремия, құтыру, оба, Ласса қызбасы

СапроноздарТопырақтық

Сулы

 

Сапрозооноздар

Топырақ

Су

 

Сыртқы орта хайуанаттары

Клостридоз, актиномикоз,

Легионеллез, тырысқақ, мелиоидоз

Күйдіргі, лептоспироз, иерсиниоз, листериоз

 

Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық топтастыру (Б.ЛЧеркасский 1993)

ВирустарБактерияларПротозойларМикоздарГельминтоздар
12345

 Антропоноздар (ішек инфекциялары):

Гепатит АПарасүзектерАмебиазАфрикалық гистоплазмозАскаридоз
Гепатит ЕІш сүзегіЛямблиозГименолепидоз
Норволк инфекциясыШигеллездерДракункулез
Ротавирус инфекциясыЗонне дизентериясыТрихоцефалез
Энтеровирус инфекциясы (Коксаки)Флекснер дизентериясы

Эшериохозды тырысқақ

Энтеробиоз
Полиомиелит

Тыныс алу жолдары инфекциялары

ТұмауДифтерияАкантамебты

Менингит

Аденовирусты инфекцияГемофилусПневмоцистоз
Герпес инфекциясыИнфлюэнца инф
Реовирусты инфекСтрептококк инф
Риновирусты инфеКөкжөтел
ҚызылшаАлапес
Мононуклеоз инф

Парагрипп

Респираторлық микоплазмоз
ЭпидемиялықРеспираторлық хламидиоз

Қан инфекциясы

Гепатит В ГепатитGБүргелермен берілетінМасалармен берілетін безгекШыбындармен берілетін лоаз
Гепатит С ГепатитF2Бартонеллез
Гепатит Д Гепатит TT VБитпен берілетінМасалармен берілетін
Цитомегаловирусты инфОкопты қызба
Вирусты сүйелдерҚайталама бөртпе сүзгекБругиоз
Москиттермен берілетінБөртпе сүзгекВухерериоз

Сыртқы қабат инфекциялары

Гепатит ВБеджельҮнді висцералды лейшманиозыАктиномикозАнкилостомидоз
Гепатит СГонореяКандидозОнхоцеркоз
Гепатит ДДонованозАнтропонозды микроскопияСтронгилойдоз
АИТВ инфекциясыСтафилококк инфекциясыТері лейшманиозыШистосомоздар
Цтимегаловирусты инфекцияМерезАнтропонозды трихофития
Вирусты сүйелдерТрахомаЭпидермофития
 

 

 

Хламидиоз

Зәр шығару жыныстық

Шанкроид

Трихомониоз

Зооноздар (ішек инфекциялар):

Ласса қызбасыБотулизмБалантидиозАльвеококоз
АусылБруцеллез

Ішек иерсиниозы

Хламидия инф

Кампилобактериоз

Лептоспироздар

Листериоз

Мелиойдоз

Некробациллоз

Жалғантуберкулез

Сальмонеллездер

 

Криптоспаридоз

Токсоплазмоз

Ангиостронгилиоз

Апизокиоз

Дифиллоботриоз

Ішек капилляриозы

Өкпе капилляриозы

Бүйрек капилляриозы

Клонорхоз

Описторхоздар

Тениаринхоз

Тениоз

Эпидемиялық процестің көрінуі, сипаттамасы

Эпидемиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғышпен ие арасындағы әрекеттестік түрлі сыртқы көріністермен сипатталады.Оған тікелей ішкі реттелу механизмдерінің ықпалымен қатар әлеуметтік – табиғи факторлардың әсері мол болады, эпидемиялық процестің қосымша қозғаушысы болып табылады.

Эпидемиялық процестің осы қырына Л.В.Громашевский көп көңіл бөлген, ол табиғи және әлеуметтік факторларды эпидемиялық процестің қосымша қозғаушы күштері деп санаған. Эпидемиялық процестің даму барысы табиғи және әлеуметтік құбылыстардың әсерінен сандық және сапалық жағынан өзгереді.

Эпидемиялық процестің көрінуі:

  • Эндемиялық сырқаттанушылық
  • Экзотикалық сырқаттанушылық

Кең мағынадағы эпидемиялық сырқаттанушылық:

  • Спорадия
  • Пандемия
  • Эпидемия

Эпидемиялық ошақ – бұл инфекция көзі орналасқан орын және оның маңайындағы аумақ. Осы шектелген аумақта нақты жағдайда науқас адамнан сау адамға қоздырғыш берілуі мүмкін. Эпидемиялық ошақ эпидемиялық процестің бір бөлшегі болып келеді және де эпидемиялық процестің таралуын бөгейтін орта болып табылады.Эпидемиялық ошақ жанұялық,өндірістік немесе мекемелік болуы мүмкін. Инфекциялық ауру бір адамнан екінші адамға жұғып отырса, инфекция айлап, жылдап жалғасын тауып отырады, таралу жолын таппаса тоқтап қалады.

Эпидемиялық процесс сандық таралуына сәйкес 4 түрлі болып келеді: Спорадиялық, кездейсоқ, бірен саран сырқаттанушылық – бір белгілі аймаққа тән, белгілі сырқаттанушылық деңгейі, бір – бірімен байланысы жоқ инфекциялық ауру.

  • Өршу – шектелген аумақта,жеке ұжымда немесе ұжымдардағы топтарда бір мезгілде адамдардың науқастануы.
  • Эпидемия – инфекциялық аурулардың бүкіл халық,үлкен аймақ, қала, аудан ішінде жаппай науқастануы.
  • Пандемия – инфекциялық аурудың жаппай, елден елге таралуы.

Экзотикалық сырқаттанушылық – деп қоздырғышты басқа жерден әкелгенде,осы жерге тән емес аурудың пайда болуын айтады.

Эндемиялық сырқаттанушылық деп табиғи және әлеуметтік жағдайға байланысты осы жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтады. Эндемиялық аурулар бір белгілі аймақта таралған, сол аймақтың әлеуметтік табиғи жағдайына тән инфекциялық аурулар. Мысалы: белгілі аймақтың табиғатында кенелер өмір сүрсе, сол жерде кене энцефалиті аурулары таралады.

Қоздырғыштың берілу механизмдері мен оны іске асыратын факторлар қауіп қатерлі топтарды анықтайды. Аэрозольді механизмімен таралатын аурулар үшін (тұмау, менингит) ұйымдасқан ұжымда өте көп кездеседі (фабрика, зауыттар) және т.б

Қауіп-қатерлі факторлар ұғымдарының қысқаша анықтамасы

Қауіп –қатерлі аумақ: қоздырғыштың вирулентті түрінің қалыптасуынан және оның таралуын қамтамасыз ететін факторлардың әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші бар аумақ.

Қауіп қатерлі әлеуметтік әртүрлі жастағы топтар: қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші.

Қауіп қатерлі ұжым: қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіштері бар нақты ұжымдар (балабақша, мектеп, жатақхана)

Қауіп-қатерлі уақыт: эпидемиялық түрге байланысты қоздырғыштың таралу факторларымен анықталатын сырқаттанушылықтың жағдай жасайтын факторлар:

  • Қоздырғыштың эпидемиялық түрін тарататын қауіп қатерлік;
  • Жұғу қауіп қатер;
  • Ауру қауіп қатер;

Е.Н.Павловскийдің инфекциялық аурулардың табиғи ошақ, табиғи – ошақтық аурулар туралы ілімі. Кейбір аурулардың қоздырғыштары бір эпидемия мен келесі эпидемия арасында адамның қатынасынсыз, әр түрлі кеміргіштердің, буынаяқтылардың организмінде сақталатыны туралы мағлұматтар бірте жинала бастаған. Бұл жағдайды алдымен Д.К.Заболотный, кейіннен Е.Н.Павловский байқады.

Табиғи ошақ болу үшін 3 шарт болу қажет:

  • Қоздырғыш паразит
  • Қабылдағыш хайуанат популяциясы
  • Қоздырғышты тасымалдаушылар (кене, бүрге, маса түрлері).

Осы факторлардың бір бірімен қарым қатынасы «паразитарлық жүйе» деп аталады. Оны Павловский табиғи ошақтың «үштігі» деп атады.Табиғи ошақ тек үздіксіз эпизоотиялық процесс болғанда ғана және қабылдағыш хайуанат популяциясымен тасымалдаушы белгілі бір мөлшерде осы табиғатта өмір сүргенде іске асады.

Антрапургиялық ошақ – адамның табиғатты меңгеру қимылдарының әсерінен пайда болған ошақ.

Карантиндік аурулар

Карантин жағдайында Қазақстан Республикасында қауіпті аурулардан аумақты қорғау Санитарлық ережелерге сәйкес жүргізіледі:

  • Қ.Р мемлекет шекарасындағы өткізу пунктерінде медициналық қарау.
  • Халықаралық байланыс порттарында ашылған санитарлық – эпидемиологиялық станциясындағы санитарлық карантиндік пунктерінде қарау;
  • Халықаралық әуе жолындағы санитарлық карантиндік пунктерде қарау;
  • Халықаралық машина жолдарындағы санитарлық карантиндік пунктерде қарау;
  • Қазақстан мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін темір жол көліктеріндегі санитарлық карантиндік пунктерде қарау;

Инфекциялық ауруларға қарсы қолданылатын шаралардың негізгі қағидалары індетке қарсы шараларды топтастыру қағида эпидемиялық процестің «үштігі» туралы концепция бойынша атқарылады, концепция бойынша 3 бағытта жүргізілуі тиіс.

  • инфекция қоздырғышының көзін жою.
  • қоздырғыштың берілу механизмін тежеу
  • организмнің қоздырғышты қабылдағыштығын болдырмауға бағытталған шаралар(вакцинация,т.б).

Эпидемияға қарсы шаралар:

  • Клиникалық диагноз қою: науқастың этиологиясын анықтауда алдыңғы және соңғы диагноздардың айырмашылығының жиілігі;
  • Оңашалау және ауруханаға жатқызу: жалпы мұқтаж болғандардан оңашаланғандардың бөлігі
  • Емдеу: этиотропты емдеу алған аурулардың бөлігі. Аурудың аяқталуы.
  • Тәртіп шектеулік (карантин) шара: карантин мен обсервацияға жататын обьектілер мен адамдарды қамтудың толықтылығы.
  • Дератизация: дератизацияға жататын обьектілердегі қамтылған бөлік. Кеміргіштердің дератизацияға дейінгі және одан кейінгі саны.
  • Ветеринарлық – санитарлық шара: ресми құжаттарда қарастырылған және қалыптасқан ветеринарлық жағдайға керекті шаралардың орындалуының толықтылығы
  • Індетке қарсы бағытталған санитарлық –гигиеналық шара: ресми құжаттарда қарастырылған және қалыптасқан ветеринарлық жағдайға керекті шаралардың орындалуының толықтылығы
  • Дезинфекция: бактериологиялық тексерудің нәтижелері
  • Дезинсекция: буынаяқтылардың дезинсекцияға дейінгі және одан кейінгі саны.
  • Вакцинациялау: тұрғындардың ішіндегі егілгендердің бөлігі. Егілгендердің иммундық реакциясы.
  • Иммундық түзету: иммундық түзетуге жататындардың егілгендер тобы
  • Жедел алдын алу: жұғу қауіпі туғаннан кейінгі өткізу уақыты.

Індетке қарсы шаралар 3 бағытта жасалады:

  • Инфекция көзіне бағытталған шаралар.
  • Беріліс механизмдеріне бағытталған шаралар.
  • Қабылдағыш организмге бағытталған шаралар.

Эпидемиялық процестің І буынына бағытталған шаралар

Антропонозды инфекцияларда жасалатын шаралар:

  1. Инфекциялық ауруларды анықтау белсенді және енжар әдіспен жасалады.

Белсенді анықтау әдісі:

  • Дәрігер науқас адамның үйіне барғанда немесе әрбір үйді аралау кезінде анықталады.
  • Инфекциялық аурумен қатынаста болған кезде анықталады.
  • Алдын алу дәрігерлік тексеру кезінде анықталады.

Енжар анықтау әдісі: науқас адам өзі ауырып немесе туыстары алып келген кезде анықталады.

2.Хабарлау. Инфекциялық ауруды анықтаған мед қызметкері жедел түрде СЭҚБ шұғыл хабарлама беруі тиіс. 058/у бланкасына тіркелуі тиіс. Бұл хабарлама 12сағат ішінде берілуі тиіс.

  1. Жекешелеу науқастың үйінде немесе инфекциялық аурулар ауруханасы. Аса қауіпті оба,тырысқақ, Қырым геморрагиялық қызбасы секілді ауруларда және іш сүзегі, бөртпе, дифтерия, полиомиелит, құтыру, күйдіргі, сіреспе ауруларында жедел түрде ауруханаға жатқызылуы тиіс.
  2. Инфекциялық аурудың диагнозын қою науқастың клиникалық белгілеріне, эпидемиологиялық анамнезге және зертханалық тексеру нәтижелеріне сүйеніп тұжырымдалады.
  3. Инфекциялық ауруды емдеу арнайы этиотропты және симптоматикалық болып бөлінеді
  4. Ауруханадан шығару. Жұқпалы аурулар ауруханадан толық емделгеннен кейін және зертханалық тексеруден кейін және зертханалық тексеру қорытындысы теріс болғаннан кейін шығарылады.
  5. Диспансерлік бақылау. Науқас адам емделіп болғаннан кейін аурудың түріне қарай «Жұқпалы аурулар бөлмесінде» дәрігер – инфекционисттің бақылауына, диспансерлік тіркеуге алынады.

Зоонозды инфекцияларда жасалатын шаралар:

  • анықтау
  • жекешелеу
  • емдеу
  • вакцина егу
  • жою

Анықталған ауру зоонозды инфекциялар тобына жатса инфекция көзі болған жануардың түрін, санын, иесін және т.б көптеген эпидемиологиялық маңызы бар ақпараттарды жинау қажет.

Ошақта жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралар

Эпидемиялық процестің 1-буыны:

  • Ауруды табу
  • Эпидем анамнез
  • жекелеу
  • СЭҚБ хабарлау

Эпидемиялық процестің  2-буыны:

  • Дезинфекция
  • Дезинсекция
  • Дезинсекция

Эпидемиялық процестің 3-буыны:

  • Қатынаста болғандардың табу
  • Инкубациялық кезеңге сай уақыт мерзіміне бақылау
  • Қабылдағыш адамдарды қорғау
  • Қатынаста болған адамдардан инфекция көзін табу

Эпидемиялық процестің 3 буынына бағытталған шаралар

Инфекциялық ауруларды иммунды алдын алу түсініктері

Инфекциялық ауруларды алдын алуда иммунды әдіс түбегейлі тәсіл болып табылады. Бұл тәсіл арқылы шешек ауруы әлемде бір жола жойылды, полиомиелит, қызылша аурулары біржола жойылуға жақын. Алайда, қазіргі кезде иммунды әдіспен алдын алатын инфекциялардың саны көп емес. Мәселен, жылына 6 млн. бала әлі вакциналары жоқ инфекциялардан қайтыс болады. Біздің елімізде есепке алынатын 65 инфекциялық аурулардың 50 түрі (75%) иммунды алдын алу тәсілімен «басқарылмайтын» инфекциялар қатарына жатады.

Әлемде жылына 500 млн адам инфекциялық аурулармен тіркелсе, олардың 400 миллионы вакцина егілмегендер, өйткені осы инфекцияларға вакцина әлі табылмаған.

Иммунизация және вакцинация жайлы толығрақ оқи кетіңіз.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!