Жүктілерден анамнез жинау. Жүктілік мерзімін анықтау жолдары

Жүкті әйелден анамнез жинау ерекшелігі

  1. Жүкті әйелмен сыпайы әрі мейіріммен амандасу. Өзін таныстыру. Алынытын ақпараттар құпия болып қалатынын түсіндіру.
  2. Құжаттық мәліметтерді жинау: тегі, аты, әкесінің аты, жасы, мекен жайы, жұмыс орны, жанұялық жағдайы.
  3. Түскен кездегі шағымдарын анықтау.
  4. Өмір анамнезін анықтау: жанұясындағы нешінші бала, туған кезіндегі салмағы, пубертатты және постпубертатты кезеңдерінің ағымы. Басынан өткізген жалпыауруларын анықтау, гепатит, туберкулез, туберкулезбен ауыратын науқастармен қарым қатынасы болуын, жынысты жолмен берілетін аурулармен ауырғанын анықтау.
  5. Арнайы анамнезін анықтау: менструалды қызметін (менархе жасы, менструалды цикл тұрақтануы, реттілігі, ұзақтығы, ауырсынуы, аққан көлемін анықтау), жыныстық өмірін (бастаған уақытын, тұрмыс құрған не құрмаған кезінде), бала туу қызметін (ағымына және аяқталуына мән беру).
    Аллергологиялық анамнезді, тұқым қуалаушылықты анықтау. Анамнезінде гемотрансфузия бар жоқтығын анықтау.
  6. Осы жүктіліктің ерекшеліктерін анықтау: соңғы етеккір уақытын, ЖДА алғышқы келген кездегі ЖДА алғышқы келген кездегін және жүктілік мерзімін, жүктілік асқынулары және триместрлар ағымының ерекшеліктерін, болуы мүмкін экстрагенитальді ауруларын анықтау.
  7. Жүктілік кезінде жүргізілген клинико- лабораторлы зерттеулер нәтижелерін бағалау
  8. Осы жүктілік барысында басқа мамандық дәрігерлерінің қарау нәтижелерімен танысу және бағалау.
  9. Алынған мәліметтердің нәтижесінде өзіндік қорытынды жасау.

Жүктілік мерзімін есептеу

 

Жүйкті әйелдің босану мерзімін анықтау

Жүкті, босанушы әйелге зерттеу мәнін түсіндіріңіз.

  • Соңғы менустрация күні бойынша жүктілік мерзімін анықтау. Соңғы менустрацияның бірінші күніне 7 күн қосып, календарь бойынша апта боынша қаралуға келген күнге дейін есептейміз.
  • Овуляция бойынша жүктілік мерзімін анықтау. Күткен, бірақ әлі келмеген етеккірдің бірінші күнінен 14-16 күн аламыз, цикл ұзақтығына байланысты календарь бойынша қаралуға келген күнге дейін жүктілік мерзімін есептейміз.
  • Жүктілік мерзімін ұрықтың бірінші қозғалуы күні бойынша анықтау. Алғаш босанушыларға 20 апта, қайталап босанушыларға – 22 апта қосамыз.
  • ЖДА, әйелдер консультациясына бірінші келуі жайлы мәліметтері бойынша (ерте мерзімде келсе).
    Объективті мәліметтрге: іш айналымының және жатыр түбі биіктігінің өлшемдеріне және 12 аптаға дейінгі жүктілік кезіндегі бимануальды зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып.
  • Ұрықтың УДЗ мәліметтері бойынша жүктілік мерзімін анықтау дайын күйде келеді.
  • Негеле формуласы бойынша жүктілік мерзімін анықтау: соңғы етеккірдің алғашқы күнінен үш айды алып, оған 7 күн қосу.
  • Босану мерзімін овуляция бойынша анықтау. Есептеліп, мүмкін деген овуляция күніне 273 күн қосу.

Алынған мәліметтер негізінде жүктілік мерзімі мен мүмкін болатын босану мерзімі бойынша қорытынды жасау.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Жүктілік кезіндегі кардиотокография
  2. Жүктілікті көтере алмау. Емдеу жолдары
  3. Жүктіліктің екінші жартысындағы бір апталық тамақтану тәртібі

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!