Лепра (Алапес)

Лепра немесе алапес ауруы

Лепра (қазақша алапес) микобактериясының биологиялық ерекшелiктерi. Лепра қоздырғышы – M. leprae, лепра терiнiң сыртқы қабаттардағы перифериялық жүйкелерді және iшкi мүшелердi зақымдаумен жүретiн созылмалы түрдетi жұқпалы ауру. Лепра микобактериясы таяқшасының өлшем бiрлiктерi: 1 ден 7-ге: 0,2-0,5 мкм. Зақымдалған ұлпаларда микроорганизмдер жасуша iшiнде шар тәрiздi жинақталған: лепралы шарды түзедi, қышқылға төзiмдi, Циль-Нильсен әдiсiмен қызыл түске боялады. Жасанды қоректiк орталарда дақылданбайды.  Лепра  экстрактына 2 антигендi бөлiп алған: 1. Термостабильдi полисахаридтi. 2. Термолабильдi белокты. Лепра қоздырғышының көзi болып ауру адам болып саналады. Қарым-қатыңас арқылы жұғады.

Лепра ауруының патогенезi. Лепраның инкубациялық кезеңi 3-5 жылдан, 20-30 жылға дейiн болуы мүмкiн. Бiрнеше клиникалық формалары байқалады.1. Лепраматозды – бетте, бiлекте, аяқта көптеген лепраның инфильтраттары келiп шығады, олар ыдыраған кезде өте баяу жазылатын жараны тудырады. 2. Туберкулоидты формасы – жеңiл түрде өтедi, терiнi ғана зақымдайды, жүйке бағанасын және iшкi мүшелердi сирек зақымдайды. Терi беткейiнде майда папула түрiнде бөртпелер пайда болады.

Лепра кезiндегi иммунитеттiң ерекшелiктерi. Лепра ауруы кезінде иммунокомпетентті жасушалар үлкен өзгеріске ұшырайды. Т-лимфоциттердің саны азайып, белсенділігі төмендейді, нәтижесінде лепра микобактерияларының антигендеріне әсер ету қабілетін жоғалтады. Гуморальды иммунитет өзтеріссіз қалады, мұндағы түзілетін антиденелердің қорғаныштық қызметі мардымсыз болады.

Аурудың даму кезеңiнде имунокомпоненттi жасушалар үлкен өзгеріске ұшырайды. Бұл кезде лепра микобактериларында лимфоциттiң қабiлетi жоғалады. Гуморальды иммунитет өзгерiссiз қалады. Ауру қан құрамында жоғары титірлi антиденелер анықталады.

лепра қазақша
Лепра қоздырғышы

Лепраның лабораториялық диагностикасының ерекшелiктерi. Бактериоскопиялық әдiс арқылы кiлегейлi қабатпен жарақатталған терiнiң қорытындысын зерттеп белгiлi пiшiнi бойынша  микобактерияларды анықтаймыз. Жұқпаны Циль-Нильсен әдiсi арқылы бояймыз, басқа диагностиклық тәсiлi жоқ. Лепраны туберкулез қоздырғышынан ажырату үшiн, ақ тышқандарға биологиялық сынақ жүргiземiз, себебi оларға лепра микобактериялары патогендi емес.

Лепраның алдын алу және емдеу. Лепраның арнайы алдын алу жоқ. Лепрамен ауырғандарды клиникалық жазылғанынша лепразориеларда емдеймiз, одан кейiн амбулаторлы емдеуге болады. Лепраны сульфаниламидтi препараттармен және туберкулезде қолданатын преапраттармен емдейді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Туберкулезді анықтау
  2. Стафилококктар
  3. Стрептококктар
  4. Гонококктар
  5. Клебсиеллалар

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!