Ішек жыланкөздері

Ішек жыланкөздері

Ішек жыланкөздерін ішкі және сыртқы деп екіге бөледі. Ішкі ішек жыланкөзі, аппендикулярлық перитониттен кейін, асқынған жабысқақ ішек өтімсіздігінен кейін дамиды. Патологиялық үрдістің салдарынан және, манипуляция болғанда – хирург жабысқақты бөлген кезде, деструкцияға қолайлы жағдай тууы мүмкін. Сонымен қатар, ішек ілмектері қабырғаларының жабысуы салдарынан да перфорация болады. Сыртқы ішек жыланкөзі, ішкі ішек жыланкөзіне қарағанда, балаларда жиі кездеседі. Клиникалық көрінісі, жыланкөздің көлеміне, орналасуына және пайда болғаннан қанша уақыт өткеніне байланысты.

Сыртқы ішек жыланкөзі, қалыптаспаған және қалыптасқан деп екіге бөлінеді. Қалыптаспаған жыланкөз, клиникалық тұрғыдан негізгі екі нұсқада көрінеді: ірің қуысы арқылы өтетін жыланкөз және жараға ашылатын жыланкөз. Мұндай жыланкөз алғаш пайда болғанда, таңу кезінде, тампон немесе дренаж қойылады. Ірің қуысы арқылы өтетін жыланкөз 3-12 күнде пайда болады. Алғашында жыланкөз пішіні құмыра тәріздес болады. Уақыт өте келе, іріңді-септикалық асқынулар қосылмаса, қуыс грануляция дамуынан жылдам кішірейеді. Нәтижесінде мұндай жыланкөз қалыптасқан жыланкөзге ауысады (түтікшелі). Ішек жыланкөздерінің жараға ашылуына байланысты белгі – атология болады. Көбінесе, бұл, жара шеттерінің біртіндеп немесе толықтай ашылуында, жараның іріңдеуінде, қайталама эвентрацияда және т.б. байқалады. Орталық кесу орнында пайда болған жыланкөз, жоғарғы ащы ішектік болады да, одан қуыс арқылы жүріп аппендикулярлық жараға айналады. Көп жағдайларда, жыланкөз мықын ішектік терминальдық немесе соқыр және сигма тәрізді ішекте орналасады. Жыланкөз тесігінің орналасуы, клиникалық көрінісінде одан шыққан бөліністердің белсенді түрде ағуымен сипатталады. әсіресе парентеральдық тамақтануда жатқан науқастардағы жоғарғы ащы ішектік жыланкөздерінің жарасынан түсі және иісі өтке ұқсас сарғыш қаралау келген бөліністер бөлінеді, оның лакмустағы реакциясы сілтілі болады. Егерде науқас ауыз арқылы тамақтанатын болса (өзі шайнап) қорытылмаған немесе жартылай қорытылған тағам қалдықтары өт аралас күйінде алғашқы 10-20 минут ішінде жараның ішінде пайда болады.

Егер ішек сөлі жараға және теріге түсетін болса, оның жоғарғы ферментативтілігі, тітіркендіру қабілеті салдарынан науқасты күйзеліске ұшыратады. Ащы ішек жыланкөзінің мықын ішектің терминальдық бөлігінде орналасуы, сұйық және сарғыш түсті бөліністермен сипатталып, жоғарғы ащы ішектік жыланкөзіне қарағанда теріні тітіркендіру қасиеті азырақ болып келеді. Жыланкөз тесігі арқылы бөлінген бөліністер, тек қана оның пішініне, көлеміне және орналасуына ғана емес, ішектің перифериялық бөлімінің ары қарай өтімділігінің дәрежесіне де байланысты болады. Клиникада жыланкөздің жоғары орналасуын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы әдістер бар. Бұған, ұнтақты ауыз арқылы қабылдағанда жыланкөз тесігінен карболеннің шығу уақытын анықтау жатады. Ары қарай, ішек бөлімінің жеткізу мерзімінің ұзақтығын рентгендік контрастты тәсілмен тексеру керек. Бұл қалыптаспаған жыланкөзге емдеуді тәжірибелік тұрғыдағы тағайындауда маңызды сұрақтарды шешеді.

Қалыптаспаған жыланкөз екі түрмен сипатталады: түтік тәріздес және «ерін» тәріздес. Түтікше тәріздес жыланкөзде, ішек бөліністері теріде пайда болған кішкене тесік арқылы бөлінеді, тесік диаметрінің мөлшері 1,0-1,5 см-ден аспайды. Түтікше тәріздес жыланкөзге аздаған ғана бөліністердің болуы сай келеді. Науқаста, табиғи жолмен, қалыпты күнделікті нәжісі болады, бірақ ішектің перифериялық бөлімі осындай жыланкөздің дамуының көзі болып табылады.

«Ерін» тәріздес жыланкөз – диаметрінің үлкендігімен сипатталады және бөліністері мол болады. Сондықтан, оның ішектегі орналасуына байланысты, кейде эвагинация сияқты асқыну пайда болуы мүмкін.

Балалардағы операциядан кейінгі жыланкөз емі, болып кешенді және консервативтік шаралардан метаболкалық коррекция бұзылысын реттеуге бағытталуы керек. Су-электролит бұзылысына байланысты ақуыздық баланс та өзгеріске ұшырайды (гипо- және диспротеинемия, альбумин-глобулин коэффициенттері төмендейді және т.б). Сонымен қатар, қалыптаспаған жыланкөз бактериялармен ластануынан, құрсақ қуысының қабынулық өзгерістері жиі туындауы мүмкін. Сондықтан, жалпы терапиялық шараларда, ақуыздық және су-электролиттік бұзылысында антибиотиктік емдеу қосылуы керек. Осындай кезде, қан құрамының өзгерістеріне қарасты биохимиялық ақпаратты күнделікті қадағалау қажет. Жергілікті емдеу ішек жыланкөзінің сипатына байланысты болады. Алғашқы күнде және алғашқы аптада, қалыптаспаған жыланкөздің жоғарылығына қарамастан консервативтік ем жүргізіледі. Жыланкөз аузының маңында терінің ауыр жайылмалы мацерациясының (тітіркенуінің)алдын алу үшін әр түрлі пасталар, майлар жағылып, ішек сөлінің белсенділігін нейтрализациялау (бейтараптау) үшін шикі ет басады.

Алғашқы 1,5-2 аптада, ашық жарадағы ішектік бөліністерін тоқтатуға ешқандай көмек көрсетілмесе, жыланкөздің ерте даму сатысында ішектік ілмек аралығында, шарбыда және париетальды құрсақта кең көлемді флегмона дамуы мүмкін.

Ішек жыланкөздері
Тоқ ішек жыланкөздері

Жыланкөз қуыс арқылы өтіп, пайда болғаннан кейін 2 апта өткен соң, ішектің перифериялық бөлімінің өтімсіздігінің белгілері жоқ болса, жыланкөз жолына Вишневский майы жағылған тампонды кіргізуге тырысу керек. Бұл тампонды, кіргізбес бұрын, алдын ала, жыланкөз қабырғасының тұрақтылығын және ішектің дистальдық бөлімінің өтімділігі жақсы екеніне көз жеткізу керек. Осыдан кейін грануляция үрдісі жылдамдап, тұз және ақуыз жоғалту клемі азаяды.

Жараға ашылған қалыптаспаған жыланкөзде мұндай тактика қолданбайды және мұндай жыланкөзде жара ашық ұсталынып таңғыш астына және ішек ілмектеріне ішек бөліністерінің жиналуына жағдай жасалынады. Балаларда, қалыптаспаған жыланкөзде арнайы жабдықтарды (әр түрлі обтураторлар) қолданып көрген кезде нәтиже бермеді.

Оперативтік емге көрсеткіш, абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді. Жедел көрсеткіш жараға ашылатын, жоғарғы, «ерін» тәріздес жыланкөзде пайда болады. Операцияға абсолюттік көрсеткіш ретінде төменгі «ерін» тәріздес жыланкөз және кішіреюге, жазылуға тенденциясы жоқ, қалыптаспаған төменгі жыланкөз жатады. Операцияға салыстырмалы көрсеткіш қатарына түтікті жыланкөздің бірнеше ай бойы жасалған консервативтік емнің нәтижесінің болмағандығы, яғни қалыптаспаған түрі жатады.

Құрсақ ішілік операцияны жыланкөздің қалыптасқан және әлі қалыптаса қоймаған түрінде де жасайды. Қалыптаспаған жыланкөз түрінде – операцияның бірінші кезеңі – ішектің жыланкөзі бар бөлігін шектеу, яғни оның басқа бөлікпен қатынасын тоқтату. Жыланкөздің қалыптасқан түрінде, оперативтік емнің ең таңдаулы түрі – бір мезеттік құрсақ ішілік ішек резекциясы.

Сапасыз заттардан жасалған дренаждар және микроирригатор-лар кейінірек ішек жыланкөзінің пайда болуына себепкер болады. Үнемді және функциялық тұрғыдан болып резина перчаткадан жасалған түтікті дренаждар, силикондық каучуктен жасалған микроирригаторлар тиімді болады. Құрсақ қуысында дренаждың және микроирригатордың дұрыс орналасуының маңызы зор, олар ішек қабырғасын қысым түсуден сақтайды. Олар дұрыс қойылмағанда жауырлар пайда болуы мүмкін және ары қарай жыланкөздің пайда болуына жағдай жасайды.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Кеңірдек – өңештік жыланкөз
  2. Өт жолдарының атрезиясы
  3. Тоқ ішек дивертикулы

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!