Жалпы нәжіс анализі

Жалпы нәжіс анализінің қалыпты көрсеткіштері

Жалпы нәжіс анализі – қалыпты көрсеткіштері
Жасы және тамақтану түрі
Анализ көрсеткіштері Омыраумен тамақтандыруЖасанды тамақтандыру Үлкен жастағы балалар Ересектер
Көлемі 40-50  г/тәул.30-40 г/тәул.100-250 г/тәул.100-250 г/тәул.
КонсистенцияЖабысқақ, созылғыш (ботқа тәрізді)Замазка тәрізді консистенциялыҚалыптыҚалыпты
Түсі Сары , алтын –сары, сары –жасылСары – қоңырҚоңырҚоңыр
Иісі ҚышқылШіріктіНәжістікНәжістік
Қышқылдығы  (pH)4,8-5,86,8-7,57,0-7,57,0-7,5
Шырыш ЖоқЖоқЖоқ
Қан ЖоқЖоқЖоқЖоқ
Ерігіш ақуыз БолмайдыБолмайдыБолмайдыБолмайды
СтеркобилинБоладыБолады75-350 мг/тәул.75-350 мг/тәул.
БилирубинБоладыБоладыБоладыБолады
Аммиак20-40 ммоль/кг20-40 ммоль/кг
ДетритӘртүрлі көлемдеӘртүрлі көлемдеӘртүрлі көлемдеӘртүрлі көлемде
Бұлшықет талшықтары Аздаған көлемде немесе болмайдыАздаған көлемде немесе болмайдыБолмайдыБолмайды
Дәнекер тінді талшықтар БолмайдыБолмайдыБолмайдыБолмайды
КрахмалБолмайдыБолмайдыБолмайдыБолмайды
Өсімдік текті клетчатка (қортылытатын)БолмайдыБолмайдыБолмайдыБолмайды
Нейтральды май ТамшыАздаған көлемдеБолмайдыБолмайды
Май қышқылдары Аздаған көлемде кристаллАздаған көлемде кристаллБолмайдыБолмайды
Сабын Аздаған көлемдеАздаған көлемдеАздаған көлемдеАздаған көлемде
Лейкоциттер Бірен –саранБірен – саранПрепаратта бірен – саранПрепаратта бірен – саран

Нәжіс көлемі

Балалар  0 ден 1 ай10-20 г/тәул
Үлкен жастағы балалар100 -250 г/тәул
Ересектер100 -250 г/тәул

1 айдан 6 айға дейінгі балалар: – омыраумен емізу 40-50 г/тәул; жасанды тамақтану 30-40 г/тәул. Нәжіс көлемі пайдаланатын тамақ пен көлеміне байланысты өзгеріп тұрады.
Өсімдік тектес тағамдарды пайдаланған кезде нәжіс көлемі де үлкейеді (жеміс, ботқа, жидектер), ал жануар тектес тағамдарды пайдаланған кезде нәжіс көлемі азаяды (ет, балық). Кейбір кезде нәжіс көлемі қалыптыдан көп немесе аз болады:

Нәжіс көлемінің жоғарылау себептері:

  • Өт бөлінудің бұзылыстары (өт – тас ауруы, холецистит)
  • Ішектің сіңірілуінің бұзылысы (энтерит)
  • Жіңішке ішекте қорытылудың бұзылыстары ( іріңді диспепсии)
  • Ішек перистальтикасының жоғарылауы (диарея)
  • Ұйқы без қызметінің төмендеуі (панкреатит)

Нәжіс көлемінің төмендеу себептері:

  • Іш қату.

 Нәжіс консистенциясы

Қалыпты жағдайдағы нәжіс консистенциясы

Омыраудағы балаларжабысқыш, созылмалы  (ботқа тәрізді)
Жасанды тамақтандырудағы балаларЗамазка тәрізді консистенциялы
Ересек жастағы балаларҚалыпты
ЕресектерҚалыпты

Нәжіс консистенциясына оның құрамында болатын сұйықтық әсер етеді. Қалыпты жағдайда нәжісте 70-75 % сұйықтық (су), ал қалған бөлігі қорытылмаған тағам қалдықтары және ішек беткейінен түскен өлген бактериялардан тұрады.

Нәжіс консистенциясының өзгеруінің себептері:

  • Өте тығыз нәжіс (қойдың нәжісі тәріздес)  – (іш қату, тоқ ішек стенозы, тоқ ішек спазмы)
  • Ботқа тәріздес нәжіс (ішек перистальтикасының жоғарылауы, ішек секрециясының жоғарылауы, колит пен диарея, божыған диспепсия)
  • Созылғыш (ұйқы без секрециясының өзгерісі  (созылмалы панкреатит), өттің болмауы (өт – тас ауруы, холецистит)
  • Сұйық(жіңішке ішекте қорытылудың бұзылысы (диспепсия), жуа ішекте сұйықтықтың сіңірілуінің бұзылысы немесе сұйықтың көп болуы)
  • Көпіршікті(ашыған диспепсия кезінде)

Қалыпты нәжістің түсі

Омырудағы балаларсары, алтын-сары, сары-жасыл
Жасанды тамақтандырудағы балаларсары-қоңыр
Ересек балаларқоңыр
Ересектерқоңыр

Нәжістің түсі оның құрамындағы стеркобилинге байланысты (нәжісте болатын қалыпты пигмент). Нәжіс түсіне қолданылатын тағам түрі, дәрі – дәрімектер де әсер етеді.

Нәжіс түсінің өзгеруінің себептері:

  • Қара түсті (қара қарақат, қаражидек, висмут препараттары (Викалин, Викаир, Бисал) қолдану, асқазан жоғары бөліктерінен қан кету кезінде)
  • Қара-қоңыр (ақуызды тағамдарды пайдалану, асқазанда зат алмасу бұзылысы, колит, іш қату, шіріген диспепсия)
  • Ашық -қоңыр (өсімдік тектес тағамдарды көптеп пайдалану, ішектің жоғарылаған перистальтиксасы)
  • Қызғылтым (жарақаттық колит кезінде)
  • Жасыл (билирубин, биливердин жоғарылаған кезде, ішектің жоғарылаған перистальтиксасы)
  • Жасылқара (темір препараттарын қолдану)
  • Ашықсары(ұйқы безі жұмысының бұзылысы (панкреатит),  диспепсия)
  • Күлгін ақ (өт жолының механикалық бітелуі (холедохолитиаз), жедел панкреатитгепатит)

Қалыпты нәжіс иісі

Омырудағы балаларқышқылтым
Жасанды тамақтандырудағы балаларшірікті
Ересек балаларнәжістік
Ересектернәжістік

Нәжіс иісі қорытылатын тағамдардан құралады. Басты құрамды бөліктері ароматты заттар скатол, индол, фенол және метан.

Нәжіс иісі өзгеруінің себептері :

  • Сасық иісті (тоқ ішектің гиперсекрециясы, ұйқы без қызметінің бұзылысы (панкреатит), өт түсуінің бұзылысы (холециститпен холедохолитиаз )
  • Шірікті (шірікті диспепсия, асқазандық зат алмасу бұзылысы, колит, ішектің моторлы бұзылыстары)
  • Қышқыл (ашытқы диспепсия)
  • Май қышқылды иісті (тоқ ішектен жылдам эвакуация)

Нәжіс қышқылдығы (pH)

Қалыпты нәжіс қышқылдығы

Омырудағы балаларқышқыл (4,8-5,8)
Жасанды тамақтандырудағы балаларӘлсіз қышқыл (6,8-7,5)
Ересек балаларНейтралды  (7,0-7,5)
ЕресектерНейтралды  (7,0-7,5)

Ішектің қышқыл – сілтілі жағдайына ішектің бактериалды флорасы әсер етеді. Бактерия көп болса, pH қышқыл жаққа ауысады  pH-6,8. Сонымен қоса, көмірсулы тағамдарды көптеп пайдаланған кезде ашу әрекетіне байланысты pH қышқыл жаққа ауысады. Ақуызды тағамдарды көптеп пайдаланған кезде немесе ақуыз ыдырауына әсер ететін ауралар болса ішекте шірікті процесс туындап,  pH сілтілі жаққа ауысады.

Нәжістің pH өзгеруінің себептері:

  • Әлсіз сілтілі рН 7,8-8,0 (жіңішке ішекте қорытылу жеткіліксіз болса)
  • Сілтілі – рН 8,0-8,5 (ұйқы без секрециясының бұзылысы, жуан ішектегі гиперсекрециясы, колит, іш қату)
  • Бірден сілтілі – рН > 8,5 (шірікті диспепсия)
  • Бірден сілтілі – рН < 5,5 (ашытқы диспепсия)

Қалыпты жағдайда нәжісте шырыш

Омырудағы балаларАз мөлшерде қосылыс түрінде
Жасанды тамақтандырудағы балаларБолмайды
Ересек балаларБолмайды
ЕресектерБолмайды

Шырыш ішек эпителиі арқылы өндіріледі және нәжістің өтуіне, ішектік заттардың эвакуациясына, патогенді заттардың шығарылуына әсер етеді. Омырудағы балаларда аздаған мөлшерде нәжіс құрамында шырыш кездесуі мүмкін, ол нәресте толықтай қорытып үлгермейтін «сүттің майлығына» байланысты.

Нәжісте шырыштың пайда болу себептері

  • Ішектік инфекция
  • Қозған ішек синдромы (СРК)
  • Геморрой
  • Ішектегі полип
  • Мальабсорбция синдромы
  • Лактоза және сүтті тағамдарды көтере алмаушылық
  • Целиакия
  • Дивертикулит
  • Муковисцидоз

Нәжіссіз шырыштың пада болуы

  • Сұйықтықты аз мөлшерде пайдалану
  • Ішектік паразиттер
  • Ұзақ іш қату
  • Ішек өтімсіздігі

Нәжісте қанның болуы

Омырудағы балаларБолмайды
Жасанды тамақтандырудағы балаларБолмайды
Ересек балаларБолмайды
ЕресектерБолмайды

Ішектің шырышты қабатының бүтіндігінің бұзылысы кезінде орын алады. Үрейлі жағдай болып табылады, себебі белгілі аса ауыр арулардың көрінісі болып табылады.

Нәжісте қанның пайда болуының себептері:

  • Геморрой
  • Ішектегі жарықтардың болуы
  • Проктит
  • Жаралы колит
  • Тік ішектің полипы
  • АІЖ инфекциясы
  • Асқазан жарасы
  • Он екі елі ішек жарасы
  • Дивертикул
  • Өңеш веналарының кеңеюі ( цирроз)
  • АІЖ ісіктік аурулары

Артқы ішектен кеткен қан не туралы айтады?

  • Нәжісте қан жолақтарының болуы– қалыпты немесе сұйық. Бейспецификалық жаралы колит, асқазан – ішек жолының ісігі (тоқ ішек рагы, тік ішек рагы).
  • Ашық түсті қан, нәжіспен араласпаған. Артқы ішек жарақаты немесе ішкі геморрой.
  • Ашық түсті дәретхана қағазында қалатын қан. Геморрой немесе артқы ішек жарақаты, сонымен қоса тік ішек рагы кезінде байқалады.
  • Ішкі киімде қалатын қан. Тік ішектегі қатерлі ісіктің барын көрсетеді.
  • Нәжісте қан мен шырыштың болуы. Проктит, жаралы колитте, тік ішек ісігі мен полипы кезінде болады.
  • Сұйық нәжістегі қан. Жиі сұйық қан аралас және шырыш аралас нәжіс инфекция барын көрсетеді.
  • Қара түсті нәжіс. Асқазан жарасы немесе асқазан рагы, өңеш венасының кеңеюі кезінде болады.
  • Тік ішектен ұзақ уақыт кететін қан. Ишемиялық колит және тік ішек дивертикулезы кезінде болады.

Нәжісте еритін ақуыздың болуы.

Омырудағы балаларБолмайды
Жасанды тамақтандырудағы балаларБолмайды
Ересек балаларБолмайды
ЕресектерБолмайды

Нәжісте еритін ақуыздың пайда болу себептері:

  • АІЖ қабыну әрекеті (гастрит, колит, энтерит, панкреатит)
  • Жаралы колит
  • Шірікті диспепсия
  • Тоқ ішектің шамадан тыс секрециясы
  • АІЖ қан кету

Нәжістегі стеркобилин

Нәжістегі қалыпты стеркобилин көрсеткіштері

Омырудағы балаларБолады
Жасанды тамақтандырудағы балаларБолады
Ересек балаларБолады  (75-350мг/тәул)
ЕресектерБолады  (75-350мг/тәул)

Стеркобилин – өтті пигмент, билирубин ыдырауы кезінде тоқ ішекте пайда болады. Бұл пигмент нәжісті өз түсіне бояйды.
Нәжісте стеркобилин көлемінің жоғарылауы (гиперхолитикалық нәжіс)

  • Гемолитикалық анемия
  • Тездетілген өт бөліну

Нәжісте стеркобилин көлемінің азаюы (ахолитикалық нәжіс)

  • Обтурациялық сарғаю
  • Холангит
  • Холелитиаз (өт – тас ауры)
  • Жедал панкреатит,созылмалы панкреатит
  • Жедел вирусты гепатит
  • Созылмалы гепатит

Нәжістегі билирубин

Нәжістегі билирубиннің қалыпты көрсеткіштері

Омырудағы балаларБолады
Жасанды тамақтандырудағы балаларБолады
9 айға дейінгі балаларБолмайды
Ересек балаларБолмайды
ЕресектерБолмайды

Үш айға дейінгі балаларда ішектің бактериальды флорасы қалыптасады, ол билирубинді стеркобилинға ауыстырады. Тоғыз айға дейін флора жартылай билирубинді өңдейді, яғни тоғыз айға дейінгі балаларда билирубиннің болуы қалыпты жағдай болып саналады. Бірақ тоғыз айға қарай бактериальды флора дамып болуы қажет және тоғыз айдан бастап ересек адамдарда қалыпты жағдайда билирубин нәжісте болмауы қажет.

Нәжісте билирубиннің пайда болуы

  • Мықты антибиотиктермен емдеу (патогенді және қалыпты ішек флорасын бұзады)
  • Ішек дисбактериозы
  • Ішектің жоғарылаған моторикасы
  • Ішектен нәжісті заттардың шығарылуының тездеуі

Нәжістегі қалыпты аммиак көрсеткіштері

Ересек жастағы балалар20-40 ммоль/кг
Ересектер20-40 ммоль/кг

Нәжістегі қалыпты детрит көрсеткіштері

Омырудағы балаларӘртүрлі деңгейде
Жасанды тамақтандырудағы балаларӘртүрлі деңгейде
Ересек балаларӘртүрлі деңгейде
ЕресектерӘртүрлі деңгейде

Тағам неғұрлым жақсы қорытылған сайын нәжісте детрит көлемі жоғарылайды. Детрит тағам қалдықтары, АІЖ эпителий жасушалары, бактериялардан тұратын ұсақ бөлшектер.

Нәжістегі қалыпты бұлшықет талшықтары

Омырудағы балаларБолмайды
Жасанды тамақтандырудағы балаларБолмайды
Ересек балаларАздаған көлемде немесе болмайды
ЕресектерАздаған көлемде немесе болмайды

Мал текті тағамдардың өңделуінің өнімі болып табылады. Нәжісте олар неғұрлым аз болса, соғұрлым асқазан – ішек жүйесі жақсы жұмыс жасайтындығын көрсетеді. Қалыпты жағдайда нәжісте аздаған мөлшерде бұлшықет талшықтары кездеседі, олар қорытылған болуы тиіс.

Бұлшықет талшықтарының жоғарылау себептері:

  • Гипоацидты гастрит
  • Анацидты гастрит
  • Ахилия
  • Диспепсии
  • Ішек перистальтикасының жоғарылауы
  • Жедел немесе созылмалыпанкреатит

Нәжістегі дәнекер тінді талшықтар

Нәжістегі дәнекер тінді талшықтардың қалыпты көрсеткіштері:

Омырудағы балаларБолмайды
Жасанды тамақтандырудағы балаларБолмайды
Ересек балаларБолмайды
ЕресектерБолмайды

Дәнекер тінді талшықтар  – мал текті тағамдардың қорытылмаған бөлшектері. Қалыпты жағдайда нәжісте олар болмауы тиіс.

Дәнекер тінді талшықтардың нәжісте пада болу себептері:

  • Гипоацидты гастрит
  • Анацидты гастрит
  • Жедел немесе созылмалы панкреатит

Нәжістегі крахмал

Нәжісте қалыпты жағдайда крахмалдың болуы

Омырудағы балаларБолмайды
Жасанды тамақтандырудағы балаларБолмайды
Ересек балаларБолмайды
ЕресектерБолмайды

Крахмал жеміс – жидектерде кездесетін көмірсу болып табылады. Қалыпты жағдайда крахмал нәжісте болмауы тиіс. Ауыз қуысынан бастап тоқ ішекке дейінгі қашықтықта крахмал ыдырауға ұшырады. Бірақ кейбір жағдайларда крахмал нәжісте кездеседі.

Нәжісте крахмалдың пайда болу себептері:

  • Панкреатит
  • Ашытқы диспепсия
  • Ішектен заттардың жылдам эвакуациясы
  • Гипоацидты және анацидты гастрит

Нәжістегі өсімдік текті клетчатка

Нәжістегі өсімдік текті клетчатканың қалыпты мөлшері

Омырудағы балаларБолмайды
Жасанды тамақтандырудағы балаларБолмайды
Ересек балаларБолмайды
ЕресектерБолмайды

Екі түрлі өсімдік текті клетчатка түрі болады: қорытылатын және қорытылмайтын. Қорытылатын клетчатка қалыпты жағдайда нәжісте болмауы тиіс. Қорытылмайтын клетчатка нәжісте болуы мүмкін және оның көлемі өсімдік текті тағамдарды пайдалануға байланысты болады. Қорытылмайтын клетчатка ешқандай диагностикалық мағына бермейді.

Нәжісте қорытылатын клетчатканың пайда болу себептері:  

  • Өсімдік текті тағамдарды үлкен көлемде пайдалану
  • Тоқ ішектен заттардың жылдам эвакуациясы
  • Асқазандық қорытылудың жеткіліксіздігі (гипоацидты және анацидты гастрит)
  • Шірікті диспепсия
  • Жаралы колит
  • Панкреатит

Нәжістегі нейтралды (бейтарап) май

Нәжістегі нейтралды майдың қалыпты көрсеткіштері

Омырудағы балаларТамшы
Жасанды тамақтандырудағы балаларАздаған көлемде
Ересек балаларБолмайды
ЕресектерБолмайды

Нейтралды майлар (немесе триглицеридтер) нәжісте болмауы тиіс, себебі олар біздің ағзамыздың жасушалары үшін энергия көзінің бірі болып саналады және толықтай қорытылуы қажет. Омыраудағы балалар нәжісінде аздаған мөлшерде нейтралды майлар болуы мүмкін, ол ферментативті жүйенің толықтай дамымауына байланысты.

Нәжісте нетралды майлардың пайда болу себептері:

  • Ұйқы безі секреторлы қызметінің бұзылыстары (панкреатит)
  • Өт түзілу бұзылыстары және жіңішке ішекке өт түсуінің бұзылысы
  • Ішекте сіңірілу бұзылыстары
  • Ішектегі заттардың жылдам эвакуациясы

Майлы қышқылдар

Нәжістегі майлы қышқылдардың қалыпты көрсеткіштері:

Омырудағы балаларАздаған көлемдегі кристалл
Жасанды тамақтандырудағы балаларАздаған көлемдегі кристалл
Ересек балаларБолмайды
ЕресектерБолмайды

Май қышқылдары нейтралды майлардың қорытылған өнімі болып табылады немесе сол қалпында тағам құрамында кездеседі. Май қышқылдары нейтралды майлар сияқты ішекте толығымен сіңіріледі.

Нәжісте май қышқылдарының пайда болу себептері:

  • Ұйқы безінің секреторлы қызметінің бұзылысы (панкреатит)
  • Өт түзілу бұзылысы және өттің жіңішке ішекке түсуінің бұзылысы (бауыр және өт жолдарының аурулары )
  • Ішекте сіңірілудің бұзылысы
  • Ішектен заттардың жылдам эвакуациясы
  • Ашытқы диспепсия

Нәжістегі сабындар

Қалыпты жағдайда нәжістегі сабын көрсеткіштері:

Омырудағы балаларАздаған көлемде
Жасанды тамақтандырудағы балаларАздаған көлемде
Ересек балаларАздаған көлемде
ЕресектерАздаған көлемде

Сабын өңделген май қалдықтары болып табылады. Қалыпты жағдайда нәжіс құрамында болуы тиіс, олар асқазан – ішек жолы қызметінің қалыпты жағдайын көрсетеді, яғни ыдырау, қорыту, майдың сіңірілуі.

Нәжісте сабындардың болмау себептері:

  • Ұйқы безі секреторлы қызметінің бұзылыстары (панкреатит)
  • Өт түзілу бұзылыстары (бауыр аурулары) және өттің жіңішке ішекке түсуінің бұзылыстары (өт – тас ауруы)
  • Ішекте сіңірілу бұзылыстары
  • Ішектен заттардың жылдам эвакуациясы
  • Ашытқы диспепсия

Нәжістегі лейкоциттер

Нәжістегі қалыпты лейкоциттер көрсеткіштері

Омырудағы балаларБірен –саран
Жасанды тамақтандырудағы балаларБірен –саран
Ересек балаларБолмайды
ЕресектерБолмайды

Лейкоциттер – инфекциямен күресуге жауап беретін қан жасушалары. Нәжісте лейкоциттердің болуы асқазан – ішек жолындағы қабыну әрекетін көрсетеді. Сонымен қоса, лейкоциттер нәжістің анализге дұрыс жиналмағандығын көрсетеді (жиі әйел адамдарда, лейкоциттер зәр шығару жолдары немесе қынаптан түсуі мүмкін). Омыраудағы балаларда бірен – саран лейкоциттік жасушалар кездесуі мүмкін және ол қалыпты жағдай болып саналады.

Нәжісте лейкоциттердің пайда болу себептері:

  • Анализға дұрыс жиналмаған материал
  • АІЖ инфекциясы
  • Тік ішек жаралары
  • Колит
  • Энтерит
  • Энтероколит
  • Жаралы колит

Нәжіс анализіне қалай дұрыс дайындалу қажет?

Белсенді түрде кейбір дәрілерді пайдалану нәжіс анализіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан анализ тапсыратын кезде оларды пайдалануды тоқтата тұру қажет. (дәрігер кеңесі бойынша 1-2 апта бұрын)

  • Дәрілерді қабылдауды тоқтату, оларға келесі дәрілер жатады:
  1. Антацидты препараттар (Ренни, Альмагель, Маалокс, Фосфалюгель)
  2. Диареяға қарсы препараттар (Смекта, Неосмектин, Полифан, Имодиум, Энтерол)
  3. Гельминтке қарсы препараттар (Немозол, Декарис, Вермокс, Гельминтокс)
  4. Антибиотиктер – барлық түрі
  5. Темір және висмут препараттары (Темір – Феррум Лек, Космофер, Сорбифер Дурулес, Висмут – Викалин, Викаир, Бисал )
  6. Емдік және тазартқыш клизмалар
  7. Іш өткізгіш препараттар (Бисакодил, Экстракт сенна, Форлакс, Порталак)
  8. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (Аспирин, Парацетамол, Ибупрофен)
  • Сонымен қоса, дәрігеріңізге басқа да қабылдайтын дәрілеріңіз жайлы айту қажет.
  • Егер сізге жақында асқазан – ішек жолына барий арқылы радиологиялық зерттеу жүргізілсе немесе колоноскопия жасалса міндетті түрде емдеуші дәрігерге айту қажет.
  • Егер ақырғы бірнеше айда басқа мемлекеттерде болсаңыз, ол жайлы дәрігерге хабарлау қажет. Спецификалық елдерде кездесетін паразит, саңырауқұлақты инфекция, вирус және бактерия анализ нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
  • Анализ тапсырар кезде қанды геморрой немесе менструалды цикл болса анализды кейінге қалдыру қажет.
  • Сонымен қоса, унитазды жуу үшін арналған тазартқыш немесе дезинфицирлеуші заттармен байланыста болған нәжісті анализ үшін пайдалануға болмайды.

Анализ үшін нәжісті қалай жинау қажет?

  1. Материал жинамас бұрын кіші дәретке отырып алу қажет, себебі зәр нәжіске түспеуі қажет.
  2. Сыртқы жыныс мүшелер мен анусты жуу. (жылы таза сумен балалар сабынымен жуып, кейін шайқап тазарту қажет) Сонымен қоса фурацилин ерітіндісін қолдануға болады (0,5 л. жылы қайнаған суға 5-6 таблетка), немесе дәріханадан арнайы дайын ерітінді )
  3. Таза, құрғақ ыдыс алып дефикация жасау қажет.
  4. Алынған материалдан 3-5 см3(~1 шай қасық мөлшерде) алу қажет. Нәжіс контейнерге салынған арнайы «қасық» арқылы алынады.
  5. Материал (кал) контейнерге салынады және тығыз қақпағы жабылады.
  6. Контейнер сыртына толық аты – жөніңізді жазу қажет.

Лабораторияға жібермес бұрын нәжісті қанша уақыт сақтауға болады?

Нәжісті ертерек тапсырған дұрыс. Бірақ, егер сіз нәжісті тапсырып үлгермесеңіз тығыз жабылған контейнерде тоңазытқышта +3 ºС -+5 ºС аралығында сегіз сағаттай сақтауға болады.

Глист жұмыртқасына нәжіс анализы нені анықтайды?

Қалыпты жағдайда адам нәжісінде ешқандай құрт болмауы тиіс. Анық нәтиже алу үшін анализды құрт жұмыртқасына 2-4 ретке дейін, анализ арасында бірнеше күн қалдырып алу қажет. Кең дамыған үш түрлі паразит топтары

  1. Нематод немесе домалақ құрттар ( аскарида, власоглава, некатор, он екі елі ішектік қисық бас)
  2. Трематоднемесе сорғыштар ( шистосома, мысықтық двуустка, бауырлық двуустка, лейкохлоридия)
  3. Цестоднемесе ленталық құрттар ( өгіз таспа құрты, шошқа таспа құрты)
жалпы нәжіс анализі
Нәжіс тасымалдауға арналған арнайы ыдыстар

Энтеробиозға соскоб

Бұл анализ үшкір құрт (острица) жұмыртқасын анықтауға негізделген. Энтеробиозға соскопты жылына 1-2 рет барлық адамдарға жүргізу қажет. Бұл анализ арқылы 50 % жағдайда үшкір құрт бары анықталады, ал қарапайым гельминт жұмыртқасы 10-15% жағдайда анықталады. Гельминт пен үшкір құрттар адамдарда кең тараған құрттардың бірі. Сондықтан бұл анализ түрін бала бақша мектеп ауруханаға жұмысқа тұрар кезде барлығы тапсыру қажет. Қалыпты жағдайда үшкір құрт жұмыртқалары нәжісте болмауы тиіс.

Энтеробиозға соскопқа қалай дайындалу қажет?

Арнайы ешқандай дайындықтың қажеті жоқ. Арнайы шарт анус аймағын жумау және үлкен дәретке бармау қажет, сонда толықтай нақты ақпарат алынады.

Энтеробиозға соскопты қалай алу қажет?

  • Анализға материал таңертең ұйқыдан тұра сала алынады. (анус аймағын жумау және үлкен дәретке бармау қажет)
  • Материалға анализды ауруханада, лабораторияда немесе поликлиникада алу қажет.
  • Егер өзіңіз материал алғыңыз келсе, материалды арнайы пластик ыдысқа немесе заттық шыныға алу қажет.

Пластик ыдысқа материалды қалай жинау қажет?

Қақпағы бар пластиктан жасалған пробирка және ұзын басында мақтасы бар таяқша (бұл дайын контейнер).

  • Медициналық перчатканы киу.
  • Пробирканы ашу және мақтасы бар таяқшаны алу.
  • Жабасты ашып және мақтасы бар таяқшаның ұшымен анус аймағы терісін сүртіп өту қажет.
  • Кейін таяқшаны ешқайда тигізбей қайтадан пробиркаға салу.
  • Қақпағын толықтай жабу.

Материалды қалай арнайы заттық шыныға мөлдір жабысқақ лента арқылы жинайды?

  1. Медициналық перчатканы киу.
  2. Жабысқақ лентаны аламыз (жабысқақ лентаны алған шыны беткейге ештенге тигізбеу қажет)
  3. Жамбасты ашып жабысқақ лентаны анус аймағына жабыстыру қажет. (1-2 секундқа жабыстыру
  4. Теріден қайтадан ақырын аламыз да, қайтадан лента тұрған заттық шыныға жабыстырамыз. (лентаның жабысқыш жағына ештеңке тигізбеу қажет)

Гельминт жұмыртқасына нәжіс анализіне қалай дайындалу керек?

Гельминт жұмыртқасына нәжіс анализін тапсыру үшін ешқандай дайындықтың қажеті жоқ.

Гельминт жұмыртқасына анализды қалай дұрыс жинау қажет?

  1. Материал жинамас бұрын кіші дәретке отырып алу қажет, себебі зәр нәжіске түспеуі қажет.
  2. Дефекация жасауға таза, құрғақ ыдыс алу қажет.
  3. Алынған материалдан 3-5 см3 (~1 шай қасық мөлшерде) алу қажет. Нәжіс контейнерге салынған арнайы «қасық» арқылы алынады.
  4. Анализ үшін нәжістің әртүрлі бөліктерінен материал алынады (жоғары, бүйір, ішкі жағы)
  5. Материал (кал) контейнерге салынады және тығыз қақпағы жабылады.
  6. Контейнер сыртына толық аты – жөніңізді жазу қажет.

Гельминт жұмыртқасын анықтайтын анализ үшін нәжісті сақтауға болады ма?

Нақты нәтиже алу үшін нәжіс анализін дефекациядан соң, 30-45 минут ішінде тапсыру қажет. Нәжісті 5 – 8 сағат бойы тоңазытқышта, ауызы тығыз жабылған контейнерде +4ºС-+8ºС аралығында сақтауға болады. Бірақ бұндай сақтау кезінде анализ нәтижесіне кері әсер беруі мүмкін.

Гельминт жұмыртқасы үшін нәжістің қанша көлемін тапсыру қажет?

Алынған материалдан 8-10 см3 (~2 шай қасық мөлшерде) алу қажет.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Биохимиялық қан анализі
  2. Жалпы қан анализі
  3. Жалпы зәр анализі. Қалыпты көрсеткіші
  4. Жалпы қан анализі мен жалпы зәр анализіне дайындық ережелері.
  5. Нечипоренко бойынша зәр анализі
  6. Балалардың зәр шығару жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!