Босану тарихы

І. Паспорттық бөлім.

  1. Босанушының аты-жөні, фамилиясы: К
  2. Жасы: 12.1988
  3. Ұлты: қазақ
  4. Жұмыс орны: жұмыссыз
  5. Тұрғылықты жері:
  6. Клиникаға түскен күні: 12.14
  7. Бақыланған жері: №12 СВА

ІІ. Шағымдары.

Түскен кездегі: ретті толғаққа. Толғақ  әр 15-20 минут сайын  болды, ұзақтығы 15 секунд.

Курация кезінде: Іштің төмен аймақтарындағы, бел аймағындағы толғақ тәрізді ауырсынулар. Қағанақ маңы суы бүтін; толғақ аралығы  10 минут сайын, ұзақтығы 20 секунд.

ІІІ. Өмір анамнезі.

1988 жылы  21 –ші желтоқсанда дүниеге келген. 6 жасынан бастап мектепке барды. Білімі орташа. Қазір жұмыссыз. Пәтерде жолдасымен, ата анасымен тұрады.  Тамақтануы мен тұрмыстық жағдайы орташа. Бала кезінде тұмаумен, қызамықпен және қызылшамен ауырған. Аллергиялары жоқ.  Зиянды әдеттері жоқ. Спецификалық аурулармен (туберкулез, сифилис, венерологиялық аурулар) ауырмайды. Гемотрансфузия болған жоқ.

ІV. Арнайы анамнез.

  1. Етеккір қызметі: етеккір 13 жасынан бастап келе бастады,тұрақталуы 15 жастан, 7 күн келеді, қан жоғалтуы орташа мөлшерде. Ақырғы етеккірі 04.03.14 ж. келген.

Жыныстық қатынас өмірінің 4-ші жылында 21 жасында алғашқы жүктілік пайда болды.

Контрацепция: 2010-2012 жылдары аралығында презерватив қолданған.

2.Бала көтеру қызметі:

Жыныстық қатынасқа 18 жасынан бастап түскен, тұрмыста, некеге тіркелген.

Қазіргі бірінші жүктілік.

3.Қазіргі  жүктіліктің ағымы: есепке 20.05.14 ж. жүктіліктің 10аптасында алынды. Әр триместр сайын қаралып отырды, қаралу жиілігі -8рет. Ұрық алғаш рет  29.07.14ж. қозғалды.

  1. обьективті зерттеу.

Жалпы жағдайы  қанағаттанарлық. Дене салмағы 69кг, бойы 156см, дене температурасы 36,6 С.

Жүйе бойынша:

Жүйке жүйесі: Мінез-құлқы тұрақсыз, ашуланшақ, көңіл-күйі тез өзгеріп отырады, шаршағыш, ұйқышыл. Рефлекстері (кірпіктің, тізе, өкше және т.б.) сақталған. Қосымша аурулары: жоқ.

Қан түзу жүйесі: мөлшерлі  темір тапшылық анемиясы.

Тыныс алу ағзалары: везикулярлы тыныс, сырыл жоқ, тыныс алу актісіне кеуде қуысының екі жағы да бірдей қатысады. Минутына тыныс алу жиілігі 18 рет.

Жүрек қан тамыр жүйесі: Ірі қантамырларының иілуінен аздап систолалық шуыл естіледі. Жүректің минуттық көлемі артқан, пульс жиілеген  минутына 90 рет,  ААҚ 120\80 мм.с.б.б.

Асқорыту жүйесі: Ауыз қуысының шырышты қабықтары таза, жабынсыз, ылғалды, қызғылт түсті. Тіл мөлшері өзгермеген, таза, ылғалды, бүртіктері сақталған. Бадамша бездер ұлғаймаған.

Іші жүктілік есебінен ұлғайған. Іші симметриялы, құрсақ қабырғасы тыныс алуға бірқалыпты қатысады.

Беткей пальпацияда іш консистенциясы жұмсақ, ауырсынбайды.

Терең пальпация қиындаған.

Несеп жыныс жүйесі: бел аймағында, шап аймағында ауырсынулар бар. Зәр шығаруы кезінде аздап ауырсыну болады, зәр түсі сабан сары түсті. Қосымша аурулары:  Созылмалы пиелонефрит, ремиссия.

Эндокрин жүйесі: лимфа бездері үлкеймеген, ауырсыну жоқ.

Қимыл- қозғалыс жүйесі: Аяқ- қолдарында, бұлшықеттерінде, буындарында ауырсынулар байқалмайды.

  1. Арнайы акушерлік зерттеу

Ішті қарау: іші шар пішінді, жүкті жатыр есебінен ұлғайған,  жатыр контурлары айқын, қозғыш, пальпация кезінде ауырсынбайды. Іш шеңбері 103 см, жатыр түбі биіктігі 32 см. Ұрықтың орналасуын, позициясын, түрін анықтау үшін сыртқы акушерлік зерттеу жүргізілді.

Қорытындысы: ұрықтың орналасуы тігінен, екінші позиция, алдыңғы түрі, баспен келген. Ұрықтың жүрек соғысы кіндіктің сол жағында жақсы естіледі, бір минутта жүрек жиырылу жиілігі 130 рет, ырғақты, анық.

Сыртқы жамбас өлшемдері:

Жамбас өлшемдері бала басы мен әйел жамбасының қатынасын анықтау үшін,  босану ағымын анықтау үшін керек.

  • Distantia spinarum 26см
  • Distantia cristarum 29см
  • Distantia trochanterica 30см
  • Conjugata externa 21 см

Диоганальды коньюгата 12 см

Сегізкөз ромбы: пішіні қалыпты, тік өлшемі – 11 см, көлденең өлшемі – 11 см.

Соловьев индексі 15 см

Кіші жамбас кіреберісінің тік өлшемі 11см.

Кіші жамбас кіреберісінің  көлденең өлшемі13см.

Қасаға биіктігі 32см.

Ұрықтың болжам салмағы:

Джордани бойынша ҰБС=ІА*ЖТБ,

яғни ҰБС=103*32=3296 гр.

Якубова бойынша ҰБС=(ІА +ЖТБ)/4*100,

яғни ҰБС=(103+32)/4*100=3375 гр.

Ланковец әдісі ҰБС=(ЖТБ+ІА+ӘС+ӘБ)*10

яғни ҰБС=(32+103+74+164)*10 = 3730гр

  • Жорданиа бойынша 3296гр.
  • Якубово бойынша 3375гр.
  • Ланковиц бойынша 3730гр

Айнамен зерттеу:

Сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы қалыпты.

Қынап пен жатыр мойнының шырышты қабатының түсі қызғылт;  жатыр мойны: таза, қанды бөліністер бар.

Қынаптық зерттеу:

Зерттеу уақыты: 2.12.14ж.

Қынабы босанбаған әйелдікіндей, жатыр мойны қынаптың дәл ортасында орналасқан; Жатыр мойны өзегінен 1 саусақтан артық еркін өтеді. Жатыр мойнының ашылуы 4 см, шеттері орташа қалыңдықта, созылғыштығы жоғары. Кіші жамбас экзостоздары, деформациясы анықталмайды. Зерттеуде мүйіс жетілмейді.

Қорытынды: Жатыр мойны ашылуы 4 cм, жатыр мойны жетілген.

VII. Алдын ала қойылған диагноз.

Жүктілік: ақырғы етеккір бойынша 42апта; Овуляция бойынша 41апта;

Ұрықты алғашқы қозғалуы бойынша  39 апта.

Жүктіліктің 40аптасы. Босану кезеңі 2 .12.2014ж., ұрықтың орналасуы тігінен, екінші позиция, алдыңғы түрі, келуі басымен. Жүктіліктің асқынуы фетоплацентарлы жетіспеушілік. Экстрагенитальды патология: созылмалы пиелонефрит,  ремиссия, ТЖА.

VIIІ. Болжам, қауіптілік дәрежесі және жүктілікті жұргізу жоспары.

Босану болжамы жақсы, себебі жүкті әйелдің сыртқы зерттеуінде ұрық тігінен орналасқан, бірінші позицияда, алдыңғы түрі, ұрық басымен келіп тұр. Ұрықтың болжам салмағы 3300 гр. Анасының жамбас зерттеуінде жамбас өлшемдері қалыпты, сүйектері деформацияланбаған, толғақтары толқын тәрізді.

ІХ. Босану ағымының анализі

І кезең (жатыр мойнының ашылу кезеңі) –курациялданатын әйелдің  толғағы 10.00 – 2.12.14ж басталды.

10:00 уақытта Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары: ішінің, белінің ауырсынуы.  Пульсі минутына 90 рет, ретті, ырғақты, АҚҚ 120/80мм.с.б.б. Толғақ әрбір 7 минут сайын, 40 секундтан, 4 рет, ауырсынумен. Ұрықтың орналасуы тігінен, келуі басымен, жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында бас кіші сегментімен орналасқан.

Ұрықтың жүрек соғысы минутына 120 рет, анық, ретті.

Қынаптық зерттеу жатыр мойнының ашылу дәрежесін анықтау үшін жүргізілді. Жатыр мойнының ашылуы 4 см. Қағанақ суы бүтін.

14:00 уақытта Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары: ішінің, белінің ауырсынуы.  Пульсі минутына 90 рет,ретті, ырғақты, АҚҚ 120/80мм.с.б.б. Толғақ әрбір 5 минут сайын, 45 секундтан, ауырсынумен. Ұрықтың орналасуы тігінен, келуі басымен, жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында бас үлкен сегментімен орналасқан.

Ұрықтың жүрек соғысы минутына 130 рет, анық, ретті

Қынаптық зерттеу жатыр мойнының ашылу дәрежесін анықтау үшін жүргізілді. Жатыр мойнының ашылуы 9 см. Қағанақ суы кетіп жатыр, қағанақ суы мөлдір.

Қорытынды: жатыр мойнының толық ашылуы, босану ІІ кезеңінің басталуы.

ІІ кезең –  14:00 уақытта. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары: күшену, қатты ауырсынулар болды. Пульсі минутына 93 рет, ретті, анық, АҚҚ 120/80мм.с.б.б., дене температурасы 36,5 С.  Толғақ әрбір 2 минут сайын, 55 секундтан, ауырсынумен. Ұрықтың жағдайы қанағаттанарлық, жүрек соғу жиілігі минутына 130 рет, анық ретті.

Қынаптық зерттеу кезінде жыныс жолдарынан қағанақ суы кетіп жатты,  қағанақ суы қан араласқан, жатыр мойны толық ашылған.

14:25 уақытта Жалпы жағдайы орташа. Күшену әрекеттері кезінде терісінің қызаруы, тер басуы, аналь тесігі мен жыныс саңылауы күшену кезінде және одан тыс ашық болуы байқалды. АҚҚ 120/80мм.с.б.б.,  пульсі минутына 90 рет,ретті, ырғақты.  Уақытында қыз баланы босанды.

Х. Босану биомеханизмі.

Шүйдемен келудің алдыңғы түрі:

 1-ші негізгі кезең – бастың жамбастың кіреберіс жазықтығына қондырылуы. Босану басталған кезде, нәрестенің басы өзінің төбе жігімен жамбастың кіреберіс жазықтығының көлденең не қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Қосымша кезең – бас сәл еңкейіп, баланың иегі көкірегіне жақындайды. Баланың басындағы кіші еңбегі үлкен еңбегіне қарағанда төмен жатады. Кіші еңбек жетекші нүкте болады.

2-ші кезең – бастың жамбас қуысына түсуі. Нәрестенің басы жамбас қуысының кең және тар жазықтықтарынан өте отырып, біртіндеп ішкі бұрылысын жасайды (қосымша кезең). Шүйде шат сүйегіне бұрылып, бас жамбас қуысының түбіне төмен түседі. Осы кезде бастың төбе жігі жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді.

3-ші негізгі кезең – нәрестенің басы жыныс ернеуін жарып шығып шаттың төменгі қырының айналасында шалқайды (қосымша кезең). Жыныс ернеуінен ең алдымен төбесі, маңдайы, беті, иегі шықты. Осы кездегі бекіту нүктесі – шүйде шұңқыры. Бұл кезең нәресте басының жыныс ернеуінен толық босанып шығуымен аяқталды.

4-ші кезең – иықтың іштей, бастың сырттай бұрылуы. Бас туғаннан кейін нәрестенің екінші позицияда орналасуына байланысты, оның беті анасының сол санына бұрылды. Осы кезде нәресте иығының іштей бұрылуы аяқталады. Алдыңғы иық шаттың төменгі етегіне, артқы иық құйымшаққа тіреледі. Алдымен алдыңғы иық босап шықты, содан кейін артқы иық жыныс ернеуінен шықты. Осы сәттен кейін нәрестенің өмірге келуі аяқталады.

Уақытында босанды, қыз, салмағы 3500 гр, бойы 50 см. Апгар шкаласы бойынша 1 мин кейін – 8 балл, 5 мин кейін – 9балл. Бала басының формасы – долихоцефалдық. Босану ісігі оң жақ төбе сүйегінде, кіші еңбектің маңында орналасқан. Кіндіктің пульсациясы тоқтаған соң кіндік сақинасынан 10 см қашықтықта бір қысқышпен және одан 2 см сыртқа қарай екіншісімен кіндікті қысты да осы аралықта кіндікті кесті.

Босанудың ІІІ кезеңін жүргізу:

ІІІ кезеңді активті түрде жүргіземіз, ол босанудан кейінгі кезеңдегі қан кетулердің алдын алады.

  1. нәресте туылғаннан кейін, жатырды екінші ұрықтың бар жоғын анықтау үшін ішті пальпациялаймыз. Ұрық жоқ болған жағдайда, нәресте туылғаннан кейінгі 1 мин аралығында сан аймағына бұлшық етке 10 ЕД окситоцин енгіземіз.
  2. кіндіктің бақыланатын тракциясы:

Кіндікті қысқышпен шат аралығына жақын қысу. Қысылған кіндікті және қысқышты бір қолмен ұстау.

Екінші қолды әйелдің қасаға аймағына қойып жатырды ұстап тұрамыз, жатырдың айналып кетуінің алдын алу үшін, кіндікті бақыланатын тарту кезінде жатырды жоғары итеру.

Кіндікті сәл тартып жатырдың күшті жиырылуын тосу (әдетте 2-3 минут). Жатырдың жиырылуын сезгенде немесн кіндіктің ұзарғанын байқағанда, бала жолдасының туылуы үшін кіндікті өзімізге қарай төменге абайлап тартамыз.

Бала жолжасы босап шыққанда, ұрық қабықшалары туылғанға дейін бала жолдасын  екі қолмен ұстап, ақырындап бұра отырып тосамыз.

Бала жолдасының бүтіндігіне көңіл аударып тексереміз.

  1. бала жолдасы туылғаннан кейін жатыр тонусына баға береміз және әйелдің алдынғы құрсақ қабырғасы арқылы жатыр жиырылғанға дейін массаж жасаймыз.

Алғашқы бірінші сағат аралығында жатыр тонусын әр 15 минут сайын және босанғаннан кейінгі кезеңнін екінші сағаты аралығында әр 30 минут сайын тексереміз. Қажет жағдайда жатырға массаж жасаймыз.

Босанушының жағдайы қанағаттанарлық. Плацента 5 минуттан кейін өз еркімен бөлінді. Курацияланған әйелде ұрық жолдасы 14:25 минутында өздігінен бөлінді, тығыз емес. Ұрық жолдасы бүтін, барлық қабықшалары мен бөліктері толық. Кіндік 60 см. Қан жоғалту 200 мл.

Ерте босанудан кейінгі кезеңді жүргізу:

Босанған әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Тері түсі қалыпты. Пульс 70 рет/мин, АҚҚ 120/80 рет/мин. Дене қызымы 36,7˚С. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынбайды. Жатыр тығыз, шамалы мөлшердегі қанды бөліністер.

Тағайындаулар:

  1. Босанудан кейінгі палатаға ауыстыру.
  2. Жалпы тәртіп
  3. №15 диета
  4. Oxytocini 1,0 – 2 рет бұлшықетке

Нәрестенің екіншілік өңдеуі: Нәресте көзін құрғақ стерильді тампонмен сүрткеннен кейін 30% альбуцидтің натрий тұзы ерітіндісінің 1 тамшысынан тамызды. Терісін, әсіресе қатпарларды, стерильді күнбағыс майына малынған тампонмен өңдеді. Кіндік қалдығына скобка салды. Баланың салмағын, бойын, басының тік өлшемі мен иық белдеуінің шеңберін өлшеді. Үйден әкелген киімін кигізіп, жаялыққа орады. Арнайы жылытылатын үстелге жатқызылды.

Босанудан кейінгі бөлімшеге ауыстыру – 2.12.14ж.

 Босанған әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық, босанудан кейінгі палатаға ауыстырылды. Шағымдары жоқ. Пульсі минутына 80 рет, ретті, ырғақты. АҚҚ 120/80 мм.с.б.б. Жатыры тығыз, түбі кіндік деңгейінде. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

Босанудың жалпы ұзақтығы – 4 сағат 30 минут:

І кезең: 4 сағат
ІІ кезең 25 минут

ІІІ кезең 5 минут.

Қорытынды диагноз: Жүктіліктің 40 аптасында шүйдемен келген өздігінен босану. Созылмалы фетоплацентарлы жетіспеушілік I В дәрежесі.

Қосымша диагноз: Созылмалы пиелонефрит, ремиссия, мөлшерлі темір жетіспеушілік анемия .

ХІІ. Босанғаннан кейінгі кезеңде әйелді бақылау.

04.12.14ж. Шағымдары жоқ. Пульсі минутына – 78 рет, ретті, ырғақты. АҚҚ 120/70 мм.с.б.б. Сүт бездері жұмсақ, ауырсынусыз, емізіктері таза.Жатыр тығыз, ауырсынусыз, кіндіктің бойында. Лохий қанды, мөлшерлі.

05.12.14ж. Шағымдары жоқ. Пульсі минутына – 76 рет, ретті, ырғақты. АҚҚ 110/70 мм.с.б.б. Сүт бездері жұмсақ, ауырсынусыз, емізіктері таза.Жатыр тығыз, ауырсынусыз, кіндіктен 2 см төмен орналасқан. Лохий қанды, мөлшерлі.

06.12.14ж. Шағымдары жоқ. Пульсі минутына – 79 рет, ретті, ырғақты. АҚҚ 120/80 мм.с.б.б. Сүт бездері жұмсақ, ауырсынусыз, емізіктері таза.Жатыр тығыз, ауырсынусыз, кіндіктен 4 см төмен орналасқан. Лохий қанды, мөлшерлі.

ХІІІ. Лабораторлы-инструментальды зерттеу әдістері.

Қан тобы А(ІІ) Rh(+)оң.

04.12.2014ж. Жалпы қан анализі:

Гемоглобин – 103г/л

Эритроциттер – 4,6*10 12/л.

Лейкоциттер – 9,0*10 9/л

ЭТЖ – 30 мм/сағ.

ТК – 0,1

04.12.2014ж. Жалпы зәр анализі:

Түсі – сабан сары

Тығыздығы – 1,018

Гонорея – 16/ІІІ-ІІІ ст., 1/ VІ-ІІІ ст.

ВИЧ – №4831, 16/ VIIІ №2370 отр.

RW – 16/ІІІ №108, 22/ VI №57, 10/ VIIІ № 55 отр.

ХІV Эпикриз.

Кабдрахманова Раушан Муратовна

21.12.1988 жылы туған. 2.12.2014ж. перзентханаға түсті.

Қорытынды диагноз: Жүктіліктің 40 аптасында уақытында босану. Созылмалы фетоплацентарлы жетіспеушілік I В дәрежесі.

Босану мерзімі 40 апта, асқынуы фетоплацентарлы жетіспеушілік. Нәрестенің салмағы – 3500гр., бойы – 50см., қыз бала. Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл.

Перзентханадан шыққаннан кейінгі ақыл-кеңес

1.Құнарлы тамақтану, тағамы мениралдар мен витаминдерге бай, сапасы жоғары ас.

2.Ұйқының толық болуы, тыныштық, стресстік жағдайларды болдырмау, күніне 2 сағаттай таза ауада серуендеу, бөлмені желдету.

  1. Перзентханадан шыққаннан кейін жергілікті акушерканың, педиатрдің бақылауында болу.
  2. Сүт безінің жыныс мүшелерінің гинекологиялық күтімі.

5.Босанғаннан кейін 2 ай жыныстық қатынаста тыныштық.

6.Баланы ана сүтімен қоректендіру.

7.6 айдан кейін флюрографияны өту.

8.Лактациялы аменореядан кейін контрацептивтерді қолдану (КОК, жатыр ішілік спиральдар, барьерлік әдіс және т.б. өзінің қалауы бойынша таңдау).

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Чернуха Е.А. «Родовой блок» Москва 1974
  2. Совельева Г.М. «Акушерство» Москва 2000
  3. Бодежина В.И. «Акушерская помощь в женской консультации» Москва 1987
  4. Айломазян Э.К. «Акушерство» 1999
  5. Воронин К.В., Зимнский А.А. «Справочник акушерки» Москва, «триада-х» 2000

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!