Демікпелік (астматикалық) статус

Демікпелік статус

Демікпелік статус немесе астматикалық статус деп бронх қабырғаларының жалпылама ісінуінен,өзектерінің қою кілегеймен бітелуінен дамитын және симпатомиметиктерге резистентті аса ауыр бронхтық обструкция. Оның дамуы бронхтар қабырғасында β адренорецепторларының терең блокталуынан болады.

Патогенезіне байланысты астмалық статустың екі түрін ажыратады:

  1. Анафилаксиялық
  2. Метаболизмдік

Анафилаксиялық түрі. Дәрінің немесе аллергендердің әсерінен тез дамитын тотальды обструкциямен жүретін анафилаксиялық шоктың бір түрі. Кейде бұл β-адреноблокаторларды қате қолданғанда болады.

Метаболизмдік түрі . Жиілеу кездеседі және анафилаксиялық түріне қарағанда баяу астманың өршуінің үстінде біртіндеп дамиды.Астмалық статустың бүл түрі де β адренорецепторлардың терең тежелуіне алып келетін жағдайларда пайда болады:

  1. Қабыну процесі;
  2. Симпатомиметиктерді жиі бей берекет қолдану.Бұл дәрмектер тамырларды аса кеңітуінен, қанның сұйық заты бронхтардың қабырғасына сіңіп өзегіне өтедіжәне қою кілегейдің секрециясын күшейтеді.Сондықтан ауыр обструкцияны бронхтардың “құлыпталу” аталатын синдромын туғызуы мүмкін.
  3. Кортикостероидтардың дозасын күрт төмендету немесе тоқтату;
  4. Инфекциялық қосылу.

Демікпелік статустың клиникалық сатылары:

  1. І сатысы (біршама компенсацияланған). Көрінісі ұзаққа созылатын тұншығу ұстамасына ұқсайды,бірақ симпатомиметиктерге берілмейтін,қақырықтың түсуі тоқтайды.Ұстама он екі сағат,одан да ұзақ уақытқа емге берілмейді.Бірақ жағдайының ауырлығына қарамастан, қанның газдық құрамы шамалы өзгереді.Бұл кезде гипервинтеляция болып жатса,науқас гипокапнияның салдарынан тыныстық алкалозға түсуі мүмкін.
  2. ІІ декомпенсация сатысы (“үнсіз өкпе”). Бронхтар өтімділігі одан сайын нашарлайды,өзектері қою кілегеймен бітеледі, “үнсіз өкпе” көрінісі пайда болады. Өкпенің кейбір аймақтарында бұрын естілген ысқырықты сырылдар жойылады,тыныс әлсіреп шаққа естіледі.Қанның газдық құрамы едәуір өзгереді.Науқастың жағдайы өте ауыр,цианоз күшееді,тер шығады, тахикардия минутына 120 ға дейін барады.
  3. ІІІ гипоксемиялық және гиперкапниялық команың сатысы. “Үнсіз өкпе” көрінісі күшейе түседі, терінің бозғылт көкшіл түсі қызғылт көкшілге ауысады.Қанның газдық құрамының ауыр өзгерістері мен респирациялық ацидозға байланысты церебральдік, неврологиялық бұзылыстар пайда болады,науқас есінен айырылады.

Демікпелік статус диагностикалық критерийлері:

  1. Симпатомиметиктерге резистенттіліктің күшейе түсуі
  2. Қақырықсыз жөтел
  3. Комаға дейін алып баруы мүмкін жедел тыныс шамасыздығының тез дамуы.

Сонымен қатар сусыздану, полицитемия және қанның қышқыл-сілтілік жағдайының бұзылыстары пайда болады.

Асқынуы. 

  • Ем көмегі болмағанда тыныс бұзылыстарының күшеюі
  • Гипоксияның және эуфиллиннің,симпатомиметиктердің, кардиотоксиндік әсерінен жүректің тоқтауы.
  • Пневмоторокс,пневмомедиастинум( спонтанды немесе өкпенің жасанды вентиляциясының салдарынан)
Демікпелік статус
Астматикалық статус

Демікпелік статус емі:

1. Глюкокортикоидтық ем.

  • І сатыда преднизалон вена ішіне 60-90 мг әр 2-3 сағат сайын, қосымша 15-20 мг ішкізіледі.
  • ІІ сатыда преднизалон 90-120 мг вена ішіне әр 1-1,5 сағат сайын және 15-20 мг ішкізеді.Жеңілдік болмаса глюкокортикоидтардың дозасын көбейтіп, гидрокортизонды 125-250 мг әр 6 сағат сайын енгізеді.
  • ІІІ сатыда преднизалон 125-150мг әр сағат сайын,гидрокортизонды 125-250 мг 4 сағат сайын енгізеді.

Метилксантиндер. Эуфиллин 6мг/кг бастап шамамен 15 мл өте жай,10-15 мин көлемінде вена ішіне енгізеді.әрі қарай сағатына 1мг/кг есебімен, жағдайы жақсарғанша салады.
Қақырықтың түсуін жеңілдету үшін 2-2,5 л одан да артық көлемде гидратация жүргізеді. Гидратация жүргізгенде диурез сағатына 80 мл аз болып,мойын веналары ісінсе және оң қарынша шамасыздығы, өкпенің ісінуі басталса диуретиктер салынады.
Бактериялық инфекциядан күдіктенгенде антибиотиктер тағайындалады, бірақ астмалық статуста немесе оның даму қаупінде гентамицинді қолданбайды себебі ол нерв бұлшықеттік байланысты бұзады.

Обструкциямен күресу үшін иптратроиум бромидінің ингаляциясын куніне 4 рет жасайды және сонымен бір уақытта сальбутамолды вена ішіне 2,5 мкг/кг дозада немесе тербуталин 5-10 мкг/ кг 4-6 сағат сайын тері астына. Тыныс шамасыздығы ауырлай түссе онда әр 15 минут сайын адреналинді 0,10 мг/кг тері астына салады немесе 0,05-0,1 мкг/кг мин вена ішіне бояу тамшылатады.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!