Бауыр және өт жолдарын тексеру. Пальпациясы және перкуссиясы

Бауыр және өт жолдары ауырған науқастарды сұрап, қарап тексеру. Бауыр және көкбауырдың пальпациясы мен перкуссиясы

Бауыр және өт жолдары ауырған науқастарды сұрап тексеру:

Шағымдары: оң қабырға доғасы астында ауыру сезімі немесе ауыртпалық, жүрек айну, құсу, кекіру, ауыздағы ащы дәм және құрғауы, сарғаю, терінің қышуы, іштің үлкеюі, кебуі, қан кетулер, тәбеттің төмендеуі, іштің өтуі, қатуы, нәжістің түссізденуі, зәрдің күңгірттенуі, қалтырау, себепсіз әлсіздік, шаршағыштық, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, ашуланшақтық, ұйқының бұзылысы, жүдеу, бас ауру, бас айналу.

 Дерттің даму тарихыanamnesis morbi:

  • дерттің басталу себебі ( тағам қабылдау реттілігінің, сапасының бұзылысы, уланулар, т.б.); б) белгілері, олардың ағымы, дамуы; бәсеңсу себептері;
  • қолданған ем, оның әсері;
  • жүргізілген тексерістер, олардың қорытындылары;
  • емханаға осы рет келген себебі, аурудың қайталану себебі;

 Науқастың өмір тарихы anamnesis vitae-осы дертке алып келген, себеп болған жағдайлар – тағамммен байланысты, көңіл-күйдің бұзылысы – шиеленістер; жіті немесе созылмалы бауыр – өт жолдарының дерттерінің болуы және т.б. тұрмыстары немесе жұмысындағы уланулар; аллергиялық әсерленулер, тұқым қуалаушылық; вирусты гепатит, ішімдікке салыну, анаша қолдану және т.б. себептер.

Бауыр және өт жолдарын ауруларын қарап тексерудегі іс-әрекеттерінің реттілігі

  • науқасты жалпы қарау.Науқастың хәлін, есін, төсектегі қалпын анықтау.
  • жалпы жағдайы (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өлім халінде;)
  • есі (сақталған, өзгерген;)
  • төсектегі қалпы (белсенді, мәжбүрлі)
  • жалпы дене бітімін, тері асты шел майының дамуын бағалау;
  • терісі мен кілегей қабаттары (көздің ақ қабығы) өзгермеген, өзгерген (түсі: әр түрлі реңді сарғыштанған, бозғылт; терісі – түлеген, құрғақ, қоңырланған, тері бетінде «қантамыр жұлдызшалары», рубин тамшылары, ксантелазмалар, қасынған іздер, көгерулер –тері асты қан құйылулары саусақтары- «дабыл таяқшалары», тырнақтары- «сағат беті» тәріздес өзгерген; алақандары мен табандары қызарған (таралған эритема)

Науқасты жергілікті қарау:

  • Ауыз қуысын қарау. Дәрігер науқастың оң жағында, қарсы, бетпе-бет отырады;
  • ауызын аштырып кілегей қабатын, тілін (ылғалдығы, өңезделуі, түсі, түгі), тістерін (түгелдігі, тіс жегі, жасанды тістер) қарайды.
  • Егерде науқас ес-түссіз жағдайда болса, дәрігер арнайы аспаптар (шпатель, тіл ұстағыш) қолданады.
  • ауыз қуысы кілегей қабаттарының түсі (жұмсақ таңдай, тіл асты – үзеңгісі) сақталған, әр түрлі реңді сарғыштанған;
  • ауыз бұрыштары терісінің қабынуы;
  •  тілі – ылғалды, құрғақ; түсі , түгі қалыпты, сақталған, айқын қызарған – (таңқурай түстес), тегістелген, жылтырақ таза немесе қоңыр түсті өңезделген;
  • – тістері – түгел, түгел емесе, тіс жегі, жасанды тістер.

Құрсақты қарау

  • Науқас шалқасынан жатады, қолдарын дене бойына созылған; іші ашық, киімнен бос;
  • басы төмендеу орналасқан, аяғы сәл бүгілген;
  • дәрігер оның оң жағында, қарсы бепе-бет орналасады
  • құрсақ пішіні және оның беткейіндегі көзге көрінетін өзгерістер
  • көлемі – шемендік
  • беткей қан тамырларының жағдайы
  • құрсақ терісі өзгермеген, бөртпелер, қан құюлар бар;
  • пішіні, көлемі сақталған, өзгерген – ұлғайған, «бақа құрсағы» тәріздес – семіздік, шемендік; бір бөлігі ұлғайған;
  • бетінде бір келкі таралған әлде ошақты шектелген (оң және сол қабырға доғасы аймақтары) томпаюлар бар, жоқ;
  • беткей қан тамырлары білінбейді, айқын тарбақталған –бүйірінде, кіндік аймағында – «медуза басы».

Бауыр, өт жолдары және көкбауыр пальпациясы мен перкуссиясы

Бауыр пальпациясы. науқасты шалқасынан жатқызып, қолдарын кеудесіне орналастырады және терең, ауызбен тыныс алуын түсіндіру;

  • Дәрігер науқастың оң жағынан, бетпе-бет, науқас төсегімен бір деңгейде орналасады.
  • бауырдың төменгі шекарасын бұғана ортаңғы сызығы бойынша анықтап нақтылау
  • сол қолымен дәрігер оң қабырға доғасы аймағын қабыстырып ұстайды – бұл кезде сол қолдың ІІ,ІІІ саусақтары ІХ және Х қабырлар деңгейінде, ІУ және У саусақтары – бел аймағында қабырға доғасы деңгейінің астында, ал үлкен бармақ (І саусақ) – оң қабырға доғасының үстінде орналасады. Бұл жағдайда қабырға доғасының тынысқа байланысты қимылы шектеледі, керісінше көкеттің тынысқа қатысуы жоғарлап, бауыр қимылын жақсартады
  • оң қол жалпағынан құрсақтың тік бұлшық еті қырынан сыртқары оң қабырға доғасы астына анықталған бауырдың төменгі шекарасы деңгейне және бірдей бүгілген 4 саусақпен қойылады;
  • тыныс алғанда тері төмен ығыстырылады қалта жасалады;
  • тыныс шығарғанда оң қолды бірте-бірте оң қабырға доғасы астына терең ендіріліп теріден қалта жасалады;
  • тыныс шығарғанда оң қолды бірте-бірте оң қабырға доғасы астына терең ендіріліп қалта жасалады;
  • науқастың терең тыныс алуын өтініп – осы кезде бауыр көкеттің қозғалысымен төмен түседі, ал оң қол жоғары көтеріліп саусақтар жазылып бауырдың төмені қырына жанасады – төменгі қыры туралы мәлімет алуға мүмкіншілік туады
Бауыр пальпациясы
Дәрігердің бауырға пальпация жасау кезіндегі көрінісі

Төменгі қырының сипаты:

  1. орналасу деңгейі (қалыпты, төмендеген, жоғарылаған)
  2. пішіні (қырланған, доғаланған)
  3. тығыздығы (қатайған, жұмсақ)
  4. қыры (бұдырланған, тегіс емес)
  5. ауырсынуы.
  6. бауыр ұлғаюында немесе төмен түсуінде беткейіне сипаттама беру (жұмсақ, қатты, тегіс немесе тегіс емес, бұдырланған, ауырсынулы)

Өт қапшығының пальпациясы

Дәрігер науқастың оң жағынан, бетпе-бет, науқас төсегімен бір деңгейде орналасады. Тексеру науқас шалқасынан жатқан жағдайда жүргізіледі және науқас ішімен дем алып аяқтары тізе буынында сәл бүгіледі.

  1. сол қолымен дәрігер оң қабырға доғасы аймағын қабыстырып ұстайды – бұл кезде сол қолдың ІІ,ІІІ саусақтары ІХ және Х қабырлар деңгейінде, ІУ және У саусақтары – бел аймағында қабырға доғасы деңгейінің астында, ал үлкен бармақ (І саусақ) – оң қабырға доғасының үстінде орналасады. Оң қолдың 2-5-і саусақтарын, әсіресе 3-і саусақ, – жартылай бүгіп бауырдың төменгі шекарасы мен оң жақ тік құрсақ бұлшық еті қырының қиылысында (Кера нүктесі) орналастырылады.
  2. тері төмен қарай, тері қатпары пайда болғанша ығыстырылады.
  3. сол қол науқастың дем алғаның пайдаланып, дем шығарған кезде оң жақ қабырға астына батырылады.
  4. терең дем алғызғанда бауыр мен өт қапшағы төмен түсіп, өт қапшығы сезілуі мүмкін, немесе ауырсынулы.

Қалыпты жағдайда өт қалтасы пальпацияға келмейді, ауырсынусыз;

Дерттік жағдайларда ұлғайғайып пальпацияда анықталады – холецисцит, өт тас ауруы, ұйқы безі басының қатерлі ісігі, өт қапшығының сирек кездесетін қателі ісіктерде – тығыздалған, кернелген.

Бауыр перкуссиясы

  • Науқас шалқасынан жатады, қолдарын дене бойына созылған; іші ашық, киімнен бос;
  • басы төмендеу орналасқан, аяғы сәл бүгілген;
  • дәрігер оның оң жағында, қарсы бепе-бет орналасады
  • дәргердің қолы жылы болуы қажет.
  • М.Г. Курлов әдісі бойынша бауыр өлшемдері мен шекаралары 3 сызықтар бойымен анықталады.

Дәрігер оның оң жағында, қарсы бетпе-бет орналасады, қолдары жылы.

Бауырдың жоғарғы шекарасын анықтау:

  1. оң бұғана ортаңғы сызығы бойымен 2-3 қ/а плессиметр- саусақты орналастырады;
  2. орташа күшпен төмен қарай ашық өкпелік дыбыс тұйықталғанға дейін перкуссия жасайды;
  3. шекара ашық дыбыс жағынан белгіленеді;

Бауырдың төменгі шекарасын анықтау:

  1. бұғана ортаңғы сызығы бойымен кіндік немесе одан 2-3 саусақ төменінен плессиметр-саусақты орналастырылады;
  2. жоғары бағытта орташа күшпен ашық, яғни тимпаникалық дыбыс тұйықталғанға дейін перкуссия жасады;
  3. шекара ашық дыбыс жағынан белгіленеді;

Бауырдың төменгі шекарасын алдыңғы ортаңғы сызығы бойымен анықтау:

  • плессиметр- саусақ кіндік немесе одан 2-3 саусақ төменінен орналастырылады;
  • жоғары бағытта әлсіз перкуссия жасалады;
  • ашық, яғни тимпаникалық дыбыс тұйықталғанда шекара ашық дыбыс жағынан белгіленеді;

Бауырдың жоғарғы шекарасын алдыңғы ортаңғы сызығы бойымен анықтау: бауырдың оң бұғана ортаңғы сызығы бойымен анықталған жоғарғы шекарасы нүктесінен алдыңғы ортаңғы сызығына тік сызық түсіріліп белгіленеді;

Бауырдың төменгі шекарасын сол қабырға доғасы бойымен анықтау:

  1. плессиметр саусақ ІХ қабырға деңгейінде сол қабырға доғасына тік орналастырылады;
  2. жоғары бағытта – ортаңғы сызығы бойынша анықталған жоғарғы шекара нүктесіне қарай әлсіз перкуссия жасалады;
  3. ашық, яғни тимпаникалық дыбыс тұйықталғанда шекара ашық дыбыс жағынан белгіленеді
Бауыр перкуссиясы
Бауырға Курлов бойынша перкуссия жасау әдісі

Бауырдың өлшемдерін анықтау – әр шекараның жоғарғы және төменгі нүктелерін бір-бірімен сызықпен жалғастырып 3 өлшем анықталады:

  1. үлкен өлшем –бұғана ортаңғы сызығы бойымен – 9 ±1см;
  2. ортаңғы өлшем – алдыңғы ортаңғы сызығы бойымен – 8±1см;
  3. кіші өлшем – сол қабырға доғасы бойымен – 7±1см;

қалыптыда УІ қабырғаның жоғарғы қыры;

-қалыптыда оң қабырға доғасы деңгейі;

қалыптыда төстің семсер тәріздес өсіндісінен 2-3 см төмен анықталады;

-қалыптыда УІІ-УІІІ қабырғалар деңгейінде анықталады.

өзгерістері:

  • әр шекараның жоғарғы немесе төмен ығысуы – бауыр дерттеріне байланысты немесе байланысты емес;
  • бауыр өлшемдерінің үлкеюі немесе кішіреюі бауыр дерттеріне байланысты, байланысты емес;

Көкбауыр перкуссиясы

М.Г.Курлов әдісі бойынша көкбауыр шекаралары мен өлшемдерін анықтау.

Көкбауыр перкуссиясын жасау ережелері: науқас оң жақ қырымен, оң аяғын созып, сол аяғын тізе және жамбас буындарында бүгіп, сол қолын оң иығына немесе екі қолын жастанып жатады.

Көкбауыр перкуссиясын жасау реттілігі:

  • Дәрігер оның оң жағында, қарсы бетпе-бет орналасады, қолдары жылы;
  • ұзындығын анықтау:
  • саусақ-плессиметр сол жақ қабырға доғасының қырына, Х қабырғаға перпендикулярлы, орналастырылады;
  • дәрігер перкуссияны әлсіз күшпен Х қабырға бойымен, сол жақ қабырға доғасынан омыртқа бағанасына бағыттап ашық дыбыс тұйықталғанша жүргізеді – бұл ұзындығының жоғарғы нүктесі;
  • қолтық артқы сызығынан алдыңғы бағытта ашық дыбыс бұл ұзындығының төменгі нүктесі;
  • екі нүкте арасы өлшенеді – көкбауыр ұзындығы өлшемі;

көлденең енін анықтау:

  • анықталған ұзындығын қақ ортасынан Х қабырғаға перпендикуляр түсіріп соның бойымен жәй күшпен, өкпелік дыбыс тұйықталғанша перкуссия жасалады – нүкте белгіленеді;
  • тимпаникалық дыбыс тұйықталған дыбысқа ауысқанша перкуссияны жүргізіліп белгіленеді;
  • анықталған екі нүктені қосып, көк бауырдың көлденен өлшемі анықталады.

Қалыптыда көкбауыр ұзындығы 6-8 см, көлденен ені – 4-6 см; дерттік жағадайда өлшемдері өзгереді – ұлғаяды

Көкбауыр пальпациясы

Науқас оң жақ қырымен, оң аяғын созып, сол аяғын тізе және жамбас буындарында бүгіп, сол қолын оң иығына немесе екі қолын жастанып жатады.

Көкбауыр пальпациясын жасау реттілігі:

  1. науқасты ережесіне сәйкес жатқызу;
  2. дәрігер оның оң жағында, қарсы бетпе-бет орналасады, қолдары жылы;
  3. қолдарды орналастыру – дәрігер сол қолын науқас кеудесінің сол бүйір бөлігінде басып орналастырып оның қимылын шектетеді;
  4. алақан бүгілген 4 саусағымен қабырға доғасы астына орналасады – бұл жағдайда ортаңғы саусақ Х қабырғасының жалғасы ретінде болу керек.
  5. тері қатпарын жасау – оң қолмен теріні төмен қарай, қатпар түзілгенше ығыстырады;
  6. қолды құрсақ ішіне енгізу – тынысты шығару кезінде, оң қолды, сол жақ қабырға доғасы астына бағыттап, терең енгізеді;
  7. науқастан терең дем алуды сұрап – осы кезде көкбауыр үлкейген болса, көкеттің қозғалысымен төмен түседі, ал оң қол жоғары көтеріліп саусақтар жазылып төменгі қырына жанасады – төменгі қыры туралы мәлімет алуға мүмкіншілік туады

Қалыпты жағдайда көкбауыр пальпация әдісімен анықталмайды!!!

Дерттік жағдайда ұлғаюына байланысты пальпацияда анықталады

Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі.

Құрсақ үлкейген, жан-жағына жайылған, тыныс алуға толық қатыспайды. Кіндік үлкейіп шығып тұр. Іштің бүйір жақтарында білеуленіп кеңейген тер асты көк тамырлары көрініп тұр. Беткей пальпацияда ауыру сезімі жоқ, қабырғасы ептеп кернеген, «толқын» белгісі анықталады. Құрсақ қабатының кернелуіне байланысты ішектер сезілмейді. Бауырдың шеті тығыз, бұдырланған, ауырмайды, бұғананың ортаңғы сызығы бойынша қабырға доғасынан 6см төмен, Курлов бойынша өлшемдері 17х15х10см. Сол жақ қабырға доғасынан 2 см төмендеу, тығыздау, эластикалық, ауырсыну сезімсіз көк бауырдың шеті анықталады. Оның өлшемдері – ұзындығы 10 см, көлденең ені – 7 см.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!