Созылмалы гастрит (СГ), созылмалы гастродуоденит (СГД) – созылмалы рецидивті үдеуге бейім асқазан (және 12 елі ішек) шырышының қабыну – дистрофиялық бұзылысы.
Созылмалы гастрит этиологиясы (себептері):
1) Экзогендік себептердің ішіндегі ең сенімділері:
- дәрі-дәрмектер, әсіресе глюкокортикостероидтар, СҚҚД
- тағамдық аллергия (эозинофильдік гастрит)
- паразитарлық инвазиялар, әсіресе лямблиоз
- Психоэмоционалды жүктемелер
Эндогендік СГ басқа аурулар бойында дамиды
- қант диабетінің І типі
- аутоиммунды тиреоидит
- созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
Қазіргі кезде гастрит этиологиясында 3 топ қарастырылады, осыған сай 3 формасын ажыратады:
- Экзогендік – инфекциялық, яғни Helicobacter pylori-ге қатысты В-гастрит – бактериалдық (85%)
- Эндогендік (аутоиммундық А гастрит) – асқазан клеткаларына қарсы денелер түзіледі (1-3%)
- Эндо-экзогендік – дәрі-дәрмектер мен айқын ДГР-те кездеседі (С-гастрит – химиялық немесе реактивті). (10-12%)
Созылмалы гастрит патогенезі
- Нр – тіркес СГД. Жұғу отбасында немесе фекальды-оральды жолмен, таза емес эндоскоп, зонд арқылы асқазанға кіреді.
- НР асқазанның антральды бөлігін жайлайды, сонан кейін денесіне, 12 елі ішекке жайғасады
- Вирулентті факторлар түзеді (муциназа, фосфолипаза А, уреаза, токсиндер)
- СО2 және аммиак бөлінім, ол эпителийді жарақаттайды
- Асқазан рН (қышқылдығы) жоғарылайды, J-клеткалар гастринді көп түзіп, секреция күшейтеді
- Қабыну процессі дамиды, ІgA, цитокининдер түзіледі
Осындай өзгерістер 12 елі ішекте де болады. 12 елі ішек асқазан-ішек жолының “гипофизі” болғандықтан (А.М.Уголев), гормондар түзілісі бұзылады, моторика мен секреция өзгереді.
Аутоиммундық гастрит – ең басынан асқазан бойындағы басты клеткалар жарақаттанып, атрофияға ұшырайды.
С-гастрит (реактивті, химиялық)
- дәрі-дәрмектер, ДГР
- жергілікті әсері → Н+ қосу
- жалпы әсері → циклооксигеназа ингибициясы
- простагландер азаюы
- бикарбонаттар мен шырыш түзілуі кемиді
- лейкотриендер, бос радикалдар түзіледі, микроциркуляция
- нашарлап, эрозиялар пайда болады.
Созылмалы гастрит патоморфологиясы
- басты белгі – қабыну
- атрофия – әсіресе А гастритінде
- Эпителий регенерациясының бұзылуы (метаплазия)
Яғни негізгі үш морфологиялық критерий – қабыну, атрофия, дисрегенерация – процесстің белсенділік, тереңдік, орны және адаптациялық мүмкіндігі туралы толық мәлімет береді.
Гастрит және гастродуоденит жіктелуі
Формасына байланысты:
- Жедел
- Созылмалы
Орналасуына (локализациясына) байланысты:
- Антральды
- Фундальды
- Пангастрит
- Дуоденит
- Антродуоденит
- Жайылмалы гастродуоденит
Эндоскопиялық көрінісіне байланысты:
- Беткейлі
- Эрозивті
- Атрофиялық
- Гиперпластикалық
Ауру кезеңі:
- Өршу
- Субремиссия
- Ремиссия
Гистологиялық көрінісі:
Қабыну:
- жеңіл
- орташа
- айқын
Атрофия:
- шамалы
- аз
- көрнекті
Ішектік метаплазия
Гастрит кезіндегі барлық жіктелуіді қолдана отырып дұрыс диагноз қою мысалдары:
1) Созылмалы гастродуоденит, гиперпластикалық антральды гастрит, дуоденит, жалпақ эрозиялармен, көрнекті қабыну белсенділігімен, Нр (+), секреторлық қабілеті жоғары, өршу кезеңі
2) Созылмалы гастрит, фундальды, атрофиялық орта дәрежелі, ішектік метаплазия, Нр (-), секреторлық қабілеті төмен, ремиссия кезеңі
Созылмалы гастрит клиникалық көрінісі
Науқас шағымдары: іш ауруы қатты, жиі, ұстама тәрізді, эпигастрий маңында. Ауру сезімі көбінесе ашқарынға білініп, тамақтан соң азаяды.
Өршу мерзімдігі: әдетте қыркүйек-қазан айлары – мектепке барып, тамақтану стереотипіне байланысты, ал наурыз-сәуірде науқастардың метеолабильдігіне байланысты көрінеді.
Клиникасында 2 типті ажыратады:
- жара тәрізді
- дискинетикалық
СДГ-тің 40%-да латентті ағым байқалып, морфологиялық өзгерістер дәрежесі клиникалық белгілерімен үйлеспеуі мүмкін. Бұл шырыш қабатта нерв талшықтарының болмай, негізінен моторика бұзылысының айқындалуымен түсіндіреді.
Созылмалы гастрит диагностикасы
- ФГДС
- РН метрия
- Нр (Хеликобактер пилори) инфекциясын анықтау
- Гастродуоденальды аймақ моторикасын функционалдық тексеру
- Рентген түсірілімі
- Гастро- және дуоденобиопсия
Тексерудің негізгі қорытындылары: Диагноз қою негізі – ФГДС-те көзге байқалатын өзгерістер (көбіне беткейлі гастрит, дуоденит), РН-метрияда асқазан қабілеті сақталуы не жоғары. Сирек жағдайда гипо немесе антацидтік жағдай анықталады. Мұны шын атрофия емес, 12 елі ішектен сілтілі құрамның түсуімен түсіндіреді.
Хеликобактериоз диагнозын қою тәсілдері:
І. Инвазивті (биопсия қажет)
- гистологиялық
- бактериоскопиялық
- бактериологиялық
- биохимиялық (уреаза тесті)
ІІ. Инвазивті емес
- Серологиялық
- ПТР – полимеразды тізбекті реакция
- Тыныстық
- Нр антигенін нәжісте анықтау (ИФА)
1. Гистологиялық әдіс хеликобактериоз диагнозының “алтын стандарты”. Нр гематоксилин-эозинмен немесе арнайы бояулармен анықтайды.
2. Бактериоскопия – биоптаттан шыныға цитологиялық жағынды жасалады.
Нр жайылуының 3 дәрежесін анықтайды:
- І дәреже жеңіл – көру аймағында 20-ға дейін микроб денелер
- ІІ –орташа – 20-50-ге дейін, ІІІ – жоғары – 50-ден аса микроб денелер
3.Бактериологиялық – арнайы ортада Нр өсіру. Себуді биоптаттан жүргізеді.
4.Биохимиялық – биоптат мочевина мен индикатор бар ортаға қойылады. Биоптатта Нр уреазасы болса, мочевина СО2 мен аммиакқа ажырайды, соңғысы индикаторға әсер етеді.
Созылмалы гастрит емі
1.Асқазан гиперсекрециясын реттеу
- сіңірілмейтін антацидтер: гелюксил-лак, алмагель, гестал т.б. күніне 3-4 рет тамақтан кейін 1 сағат өткен соң, курс 3-4 апта.
- Н2 –гистаминоблокаторлар: ранитидин, фамотидин, роксатидин. Күніне 1-2 рет 1/2 – 1 табл., 1-2 апта бойы.
- Н+, К+, АТФ-аза – протондық насос ингибиторлары: омепразол, пантопразол, лансопразол. Күніне 1-2 рет, 2 апта бойы.
- екіншілік вегетодистония, базальдық секреция жоғары болса, холинолитиктер: гастроципин, телензепин. Күніне 2 рет, тамақ алдынан 30 минут бұрын, 2-3 апта бойы.
Нр инфекциясын емдеу Халықаралық консенсус (Маастрихт – 2,2000) ұсынысына сай жүргізіледі.
Балаларға арналған ұсыныстар:
- Нр инфекциясы балаларда созылмалы гастрит туғызады
- Нр инфекциясы балаларда ойық жара ауруымен тіркес
- Нр эрадикацисы созылмалы гастриттен жазылуға әкеледі
- Нр эрадикациясы ойық жара ауруының ұзақ ремиссиясына әкеледі
- Жоғарғы асқазан ішек жолдарының ауру симптомдары органикалық дертке келсе, тексерудің ең қажеттісі ФЭГДС пен биопсия болуы тиіс, т.б.
Нр (Хеликобактер пилори) эрадикациясы
Үштік ем: (Протондық насос ингибиторы +2 антибиотик қолданылады)
І қатар
- ПНИ + амоксициллин + кларитромицин
- ПНИ + амоксициллин + метронидазол
- ПНИ + кларитромицин + метронидазол
Төрттік (квадро ем) ем (Протондық насос ингибиторы+ 2 антибиотик+ коллоидтық висмут препараты)
- Де-нол + ПНИ + амоксициллин + метронидазол
- Пилорид + кларитромицин + метронидазол
Ем тиімділігіне 4 апта өткен соң баға беріледі