Бүйректің функциональды зерттеу әдістері. Креатининнің эндогенді клиренсі. Реберг сынамасы
Бүйрек ауруларының кеш анықталу себебі:
- Аурудың көп уақытқа дейін жасырын өтуі
- Бала ағзасының және тікелей несеп шығару жүйесінің жоғарғы компенсаторлы мүмкіндіктері
Қазіргі кезде ауруды ерте анықтауға бағытталған диагностика шараларын жетілдіру мен бүйректің функциональды жағдайына нақты баға беруіне медицина саласы шарт қойып отыр.
Енді осы бүйрек аурулары кезінде қолданылатын бүйректің функциональды зерттеу әдістеріне тоқталсақ ( Креатининнің эндогенді клиренсі, Реберг сынасы).
Бүйректің функциональды сынамалары – бұл бүйрек патологиясы бар науқастарды бақылау кезіндегі комплексті шараларына кіреді
Ағзаның функциональды жағдайына сипаттама беру үшін – осындай сынамаларды қолдану қажет.
Сынамалардың қорытындылары дәрігердің басқа да бақылау көрсеткіштерімен салыстырылады.
Зимницкий әдісі (сынамасы)
Мақсаты: Бүйректің қызметін анықтау: күндізгі, түнгі, тәуліктік диурез, 8 порцияның әр қайсысының мөлшерін және тығыздығын анықтау.
Зерттеу барысы:
- Таңертең сағат 6-да бала кіші дәретке отырғызылады, және төгіледі.
- Сол күннің таңертеңгі сағат 6-дан келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрді 8 банкаға жинайды: зәрге отыру жиілігіне байланысты әр банкаға зәрге отырады немесе бірнеше рет отырады, бірақ тек 3 сағат бойы.
- Келесі күні барлық банкалар зертханаға жіберіледі.
- Ерте жастағы балалардан зәр 3 сағат сайын емес, талабына сай жиналады.
Нәтижесін бағалау: Қорытынды жалпы диурез бойынша бағаланады: күндізгі диурез (2/3 кем емес) бен түнгі диурез (1/3 көп емес) қарым-қатынасы және зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі (10 кем емес).
Ескерту: балаларда 12 сағат бойы жинауға болады.
Реберг сынамасы
(ағл. Glomerular filtration rate (GFR) шумақшалардың фильтрациясының жоғарлауын креатинин эндогенді клиренсі) — бүйрек каналшаларындағы реабсорбция мен шумақшалардағы фильтрация туралы ақпарат береді.
Зерттеу барысы: Таңертен ашқарында, сағаттық зәрдің порциясын жинайды, өздігінен зәр шығару көмегімен. Мөлшерін және ондағы креатининнің концентрациясын (мг%) анықтайды. Жарты сағатта венадан қан алып оның креатининдік концентрациясын зерттейді.
Ең алдымен креатининнің концентрациялық индексін санайды Ckr, ол мынаған тең болады: Ukr/Рkr,
мұнда Ukr — зәрдегі креатининнің концентрациясы, aРkr — плазмадағы креатининнің концентрациясы миллиграмм-процентте, одан кейін бұны минуттық диурезге көбейтеміз. F-фильтрацияның үлкендігін береді, ал Ckr тең.Каналшалардағы реабсорбция R-ді процентпен белгілейді және мына формула бойынша анықтайды: R = [F—V]/V ·100 .
Фильтрацияны анықтауда мочевинаның тзалау коэффициентіде қолдануға да болады.Бірақ ол кері диффузия беруі мүмкін
Нефрон шумақтары арқылы зәр сүзілу қарқынын, шумақтар арқылы сүзілетін және бүйрек өзекшелерінде кері сіңірілмейтін, әрі өзекшелерден зәрге шығарылмайтын заттардың клиеренсімен (тазарту коэффициентімен) анықтайды.
Бүйректің қызметін зерттеу – тазалау коэффициетін анықтауға негізделген
Клиренс (ағылшыннан clearance-тазарту) – белгілі уақыт мерзімінде ( бір минутта) белгілі заттан тазартылған қан плазмасының мөлшерін айтады. Оны анықтау үшін белгілі заттың зәрдегі мөлшерін,қандағы деңгейін және бір минутта шығарылған зәрдің көлемін табу қажет.
Клиренс мына формула бойынша табылады:
С=(U*Y)/P
мұндағы: U- заттың зәрдегі мөлшері; P -заттың қандағы деңгейі; Y -минуттық диурез;
Клиренсті анықтау үшін бүйрек өзекшелерінде кері сіңірілмейтін және олардың эпителий жасушаларымен зәрге шығарылмайтын, тек бүйрек шумақтары арқылы сүзілетін зат инулин,маннитол пайдаланылады. Бірақ бұл кезде бірнеше дүркін адамнан қан алу және инулиннің қандағы деңгейін бір мөлшерде ұстап тұру қажет болады.Сондықтан көрсетілген мақсатта инулин сирек қолданылады.
Сау адамда инулин клиренсы дененің стандартты бойынша (1,73) 130 мл/мин 30 құрайды.
Клиренсті анықтау үшін эндогенді креатининді анықтау жиі қолданылады. Осы жолмен бүйрек шумақтары арқылы зәр сүзілу қарқынын анықтағанда, ол минутына 80-120 мл болады. Зәр сүзілуінің азаюы немесе сирек қолданылады.
Зерттеуге дайындық:
Физикалық жүктемелер болмау, кәдімгі судың режимін сақтау. Мына дәрілерді ішпеуге немесе азайтуға тырысу фурасемид, кортизол, тироксин, метилпреднизолон. Бұл дәрілер өткізгіштікті жоғарлатады сол себепті емдейтін дәрігермен ақылдасу керек.
Зәр анализін өткізген соң ( зәрді жинау уақыты біткеннен ) креатининнін концентрациясын анықтау үшін пробаға қан тапсыру керек. Зерттеуге көрсеткіш:
- Бүйрек қызметін бақылау.
- Эндокринді аурулар.
- Ауыр физикалық жүктемлерді бағалау.
Референтті мәні: 88 – 146
Егер креатининнің концентрациясының мөлшері жоғарыласа, онда ол каналшаларда секрециялана бастайды. Ал бұл шумақшаларда фильтрациясы креатининнің эндогенді клиренсінің есебінен екенін көрсетеді. Референттік мәннің жоғарлау кездері:
- Қантты диабеттін бастапқы кезі;
- Гипертоникалық ауру;
- Нефротикалық синдром.
Төмендеу кезі:
- 30 мл/мин./1,7 м2 дейін-бүйректің қызметінің шамалы төмендеуі.
- 30 – 15 мл/мин./1,7 м2 — бүйректік жетіспеушілік (компенсирленген,субкомпенсирленген)
- < 15 мл/мин./1,7 м2 — декомпенсирленген бүйрек жетіспеушілігі.
Бүйректің функциональды жағдайын тағыда бүйректік плазма арқылы анықтауға болады. Проксимальды және дистальды каналшалардың функциясын зерттеу. Ол үшін жүктемелелік сынаманы жүргізу.Бүйректің жетіспеушілігін көруге, анықтауға болады-қандағы мочевинаның концентрациясын, индиканды, қалдық азотты, креатинин арқылы.
Функциональды әдістер арқылы бүйректің жеткіліксіздік дәрежесін, әртүрлі формалар арсындағы дифференциальды диагнозды жүргізуге, зақымдалуларды ерте анықтауға мүмкіндік береді