Тірек қимыл жүйесін қарап тексеру

Қимыл-тірек, бұлшықет және тері мен оның қосалқыларын тексеру

Науқасты жалпы қарап тексеруді: науқастың жалпы хәлі (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі).

Терісі мен оның қосалқылары, кілегей қабаттары (түсі, бөртпелер, құрғақтығы, түлеуі;     шаш  өзгерістері –түсуі, жұқалануы).

Буындар мен сүйектерді қарау, сипап тексеру – көлемі, үйлесімі,  қозғалу деңгейі, ауырсынуы. Бұлшықеттерді қарау, сипап тексеру, күші, кернелуі

Қимыл-тірек, бұлшықет және тері мен оның қосалқылары жүйесі ауруларын қарап тексеру іс-әрекеттерінің реттілігі

  • Науқасты жалпы қарау. Науқасқа тексеру   мағынасын түсіндіріп  рұқсат алу әрі қарай хәлін,  есін, төсектегі қалпын бағалау.
  • жағдайы (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім халінде);
  • есі – сақталған (анық), өзгерген
  • төсектегі қалпы (белсенді, қимылсыз –сұлық түсіп жатыр, мәжбүрлі –қимылдары шектелген

Жалпы қарау:

  • дене бітімін, терісі мен оның қосалқыларын және кілегей қабаттарын қарау;
  • жалпы дене бітімін, тері асты шел майының дамуын бағалау;
  • науқастың жағдайына байланысты- тік тұрғызып
  • тері асты шел майының дамуын бағалау –  жауырын асты теріні бас бармақ пен сұқ саусақ арасына қысып тексеру – 2см аспау қажет

Дене бітімі қалыпты; өзгерген; тері асты шел майының дамуы сақталған; төмен (жүдеу, азған,); шамадан тыс    дамыған (толық).

 Жергілікті қарау:

  • Омыртқа бағанасын
  • тік тұрғызып омыртқа бағанасын қарап – түзулігі, жауырын бұрыштары мен иықтары және жамбас қырларының орналасу деңгейін қарау;
  • иықтары мен жамбас қырларының және бір деңгейде орналаспауы (сколиоз)
  • жаурын бұрыштарының бір деңгейде орналаспауы (сколиоз) «садақа сұраушы» келбеті – Бехтерев дерті;

Буындарды қарау:

Кейпі:

  • бүгілген (жіті артрит);
  • бұлшықет қимылының шектелуіне (контрактурасы) байланысты буынның мәжбүрлі кейпі (созылмалы артропатия);

Көлемі:

  • біркелкі домбығуы (домалақтануы, жіті артрит)
  • үйлесімінің бұзылысы (созылмалы артрит)
  • буынның анатомиялық орналасуына сәйкес емес шектелген ісіну (киста, гигрома, тендинит, тендовагинит, бурсит);

Пішіні – тегістелуі (жіті артрит)

Өзгеріс түрі – домалақтанған(жіті артрит)

үйлесімінің бұзылысы  – буын пішінінің айқын бұзылысы (остеартроздардағы остеофиттер, буынның толық және толық емес  шығып кетуі, анкилозы)

Үйлесімінің бұзылыс  түрлері:

  • Білезік буыны пішінінің найза тәріздес өзгерісі (РА алақан сүйектері қимылсыздығы мен білезік буынының шығып кетуі);
  • Қол ұшының жүзбеқанат тәріздес өзгерісі  – ульнарлық  девиация – (алақан-бунақтар буындарының жартылай шығып кетуі мен саусақтардың шынтақ жілігі жағына қисаюы;
  • «Қаз мойыны»- алақан – бунақтар буындарының жазылмауы, шеткі бунақтар аралық буындарының шамадан тыс жазылуы мен ішкі бунақтар аралық буындарының бүгілуі;
  • «Түймелік топса»- шеткі бунақтар аралық буындарының айқын  бүгілуі мен ішкі бунақтар аралық буындарының шамадан тыс жазылуы;

Буын аймағындағы тері  өзгеріс түрлері:

  • Кернелген, жылтырақ (жіті артрит);
  • Қызарған(жіті артрит);
  • Шектеліп домбыққан аймақтарының қызаруы (тендовагинит, бурсит);

Бұлшықеттерді қарау:

  • симметриялық бұлшықеттердің пішінің сақталуы (көлемі)

Тері, буындар, бұлшықет пальпациясы. Дәрігер оның оң жағында, қарсы бетпе-бет орналасады, қолдары жылы;

Тері пальпациясын жасау:

  • серпінділігін (құрсақ бетінің немесе қолдың ішкі бетінің терісін екі саусақпен жинап, қатпар жасайды, қатпарды босатады) тез жазылады; жәй жазылады
  • ылғалдылығын (саусақ ұшымен терінің әр аймағын сипау) ылғалды; құрғақ;
  • қызуын (қол сыртымен майын сипау) бар, жоқ;
  • ісінуі, қалыңдауы (саусақ ұшымен терінің әр аймағын сипау) ісінуі, қалыңдауы 

Буындар пальпациясы: алақан және саусақ ұштарымен  буындарды сипап келесі мәліметтерді анықтау:

  • қызуы
  • аурусыңғыштығы
  • өзгерген буынның тығыздығы
  • жұмсақтығы;

Өлшегіш лентамен симметриялық жағдайда буындар шеңберін анықтады. Қозғалыс көлемін тексеру:

  • науқасқа нақты бір буынын қозғалтуды сұрау – әкету, жазу, бүгу ( өзі қозғалту);
  • дәрігер науқастың буындарын өзі қозғатады – осы  буынға тән қимылдарын жасайды;
  • қозғалыстағы сықыр

Буындар пальпациясын жасау:

  1. буын аймағын сипап тексеру;
  2. буын шеңберін анықтау
  3. қозғалыс көлемін тексеру

Бұлшықет пальпациясы:

  1. симметриялық жағдайда буындар көлемін өлшегіш лента қолданып салыстыра отырып анықтады
  2. алақан және саусақ ұштарымен  бұлшықеттерді сипап   анықтау;
  3. шынтақ немесе тізе буындар бұлшықеттері бүгілген жағдайындағы   қарсыластығында   дәрігер жазуға тырысады

Келесідей көріністер қаралады:

  • бұлшықеттер  шеңберінің  айырмашылығы бар (өзгерген), жоқ
  • ауырсыңғыштығығы бар, жоқ;
  • бұлшықет тығыз, жұмсақ, бос;
  • қарсыластығы төмен, бұлшықет кернелмеген, жұмсақ, оңай тез жазылады, яғни күші төмен –
  • қарсыластығы жоғары, жазу қиын, бұлшық

Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:

«Науқастың шағымдары: біраздан бері  әлсіздік, бас айналу, көзі  алдының қарауытуы, құлақ шуылы, ентігу,жүрек қағуы, жүрек айнуы мазалайды. Анамнезінде – бірнеше жылдардан бері асқазан ойық жарасы бар. Соңғы уақытта бірнеше рет үлкен дәретінің қоңырланғанын байқады, бірақ оған мән бермеді. Қарап тексеруде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есі сақталған, төсектегі кейпі белсенді. Терісі – бет әлпеті, еріндері мен қол ұштары бозарған. РS – минутына 104; АҚ – 90/60 мм.сын.бағ.  Жүрек шекаралары сәл солға ығысқан; аускультацияда –тондары бәсеңсіген, жүрек ұшында- систоликалық шуыл. Көк бауыр пальпацияда анықталмайды; өлшемдері -4×6см.

Науқастың шағымдары: Біраздан бері  әлсіздік, дімкәстік, дене қызуының жоғарлауы, терлегіштік мазалайды.  Анамнезі  – бұл шағымдар осыдан 3-4 ай бұрын пайда болды; бірақ оған мән бермеген. Соңғы уақытта көп және жиі мазалайды, қоса жұмысқа қабылеті  төмендеді, терлегіштігі көбейді, дене қызуы 39˚-қа дейін жоғарлайтын болды. Анамнезі: ғылыми зертеу институтында аға лаборант болып 15 жылдан бері жұмыс істейді – лабораториялық зерттеулерде химиялық реактивтерді  қолданады. Қарап тексеруде: жалпы дағдайы орташа ауырлықта, есі сақталған, төсектегі кейпі белсенді. Терісі – бет әлпеті, еріндері мен қол ұштары бозарған. Мойын аймақтары лимфа түйіндері ұлғайған, жұмсақ, қозғалғыш, терімен жанаспаған, аурусынусыз, көлемі бөдене жұмыртқалары тәріздес. Бауыр мен көкбауыр ұлғайған, пальпацияда –тығыз; өлшемдері: бауыр – 11 ×10×9см; көкбауыр – 8 ×12см.  РS – минутына 98; АҚ – 90/60 мм.сын.бағ

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Тірек қимыл жүйе ауруларын сұрастыру
  2. Науқастың белсенділік тәртібі, төсектегі қалпы. Дене биомеханикасы
  3. Науқасты тексеру жоспары

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!