Мақала
Терапия

Асқорыту жүйесінің аурулары. Себептері. Емі.

Асқорыту жүйесінің аурулары. Себептері. Емі.

Асқорту жүйесінің аурулары сан алуан, және әрқайсысы өзіне тән клиникалық көріністерімен ерекшеленеді. Асқорту жүйесіне жататын ағзалар (өңеш, асқазан, бауыр, ішек) әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөліп қарауды талап етеді. Сондықтан осы мақалада біз оларға бөлек тоқталмай, жалпы көріністері мен себептерін айтып кетеміз.

Өңештегі негізгі симптомдар және синдромдар

  •   Өңеш бойынша тамақтың асқазанға өтуінің дисфагиялық өзгерістері:
  • Өңештің қатерлі ісігі
  • Асқазанның кордиалды бөлігінің аденокорциномасы
  • Өңештің қатерлі емес ісігі
  • Өңеш стриктурасы
  • рефлюкс-эзофагит
  • Өңештің қолқа аневризмасымен, медиастиналды ісіктермен, диафрагмалды жарықпен басылуы
  • Жүйелі аурулар: склеродермия, дерматомиозит
  • Жүктілік

  Диагностикасы:

  • Баримен рентгендік тексеру
  • эзофагоскопия
  • биопсия
  • Монометриялық және кинорадиографиялық тексеру

Іштің ауырсынуы

Себептері:

  • Ішек қабырғаларының шамадан тыс созылуы немесе спастикалық тартылуларының нәтижесінде, күшті толқын тәрізді ауырсынуларға әкеледі, ол тамақ түрлерәне де байланысты болуы мүмкін;
  • Ішкі ағзалардың ишемиялары, сонымен қатар жүректің, колика түріндегі ішектің ишемиясы;
  • Іш қуысының қабынуы – «жедел іш» суретімен перитонит.
  • Іштегі ауырсынудың сипаттамасы:
  • орналасуы, берілуі, үзақтығы: жиілігі және уақыты, факторлары, күшейетін және басатын ауырсыну.

Диагностикасы:

  •  физикалық әдістер, лабораторлы тестер қанның, зәрдің, нәжістің, контрастпен АІЖ рентгенологиялық тексерілуі, өзгерген тіндердің биопсиясымен эндоскопия, УДЗ, КТ, лапароскопия, лапаротомия.
  • Әштегі ауырсынуды тудыратынаурулар:
  • холецистит, холелитиаз, сүлелі панкреатит, сүлелі перитонит, жүйелі аурулар: жүйелі қызыл жегі, түйінді периартериит, Шенлейн-Генох ауруы;
  • уланулар: диабеттік кетоацидоз, порфирия, қорғасынды улану.

Асқазандық диспепсия.

Бірқатар симптомдармен сипатталады: жүрек айну, құсу, кекіру, аузында ашты дәм, күйдіру.

Себептері:

  1. Ұлтабар және асқазанның ойық жарасы
  2. Антралды гастрит, дуоденит
  3. Сүлелі холецистит
  4. Өт тас ауруы
  5. Жүйке жүйесінің аурулары
  6. улану
  7. инфекция
  8. жүктілік

Диагностикасы:

Емі: 1) диета; 2) антисекреторлы препараттар: холинолитиктер, антацидтер, Н2-блокаторлар, протонды помпа блокаторлары; 3) антиоксиданттар, иммуномодуляторлар; 4) антихеликобактериалды ем: протонды помпаның блокаторлары, висмут, метронидазол, тетрациклин, кларитромицин, азитромицин; 5) антидепрессанттар

Диарея

Ішек  қызметінің бұзылыстары:

  • қортылу
  • Қортылған тамақтардың, сұйықтықтың, электролиттердің, витаминдердің сіңірілуі.
  • қорғаныс (иммунологиялық, механикалық, энзиматикалық, перисталтикалық).

Себептері:

  • инфекциялар: холера, дизентерия
  • Қалқанша бездің қатерлі ісігі
  • Жаралы колит, Крон ауруы
  • Медикаменттермен улану: колхицин, дигоксин, хинидин, антибиотиктер
  • демпинг-синдромы
  • Карциноидты ісіктер
  • гипертиреоз
  • диабеттік нейропатия
  • склеродермия

Диагностикасы: 

  • қан және зәрдің лабораторлық текесрулері
  • капрология, нәжісті себу
  • Эндоскопиялық әдістер

Іш қату – тоқ ішектің сирек босаңсуымен нәжістің кідіруі.

  1. Ауру, іш қатумен жүреді
  2. Механикалық обструкция: қатерлі ісік, стриктуралар, ректоцеле, мегаколон, аналды тескітің жарылулары, операциядан кейінгі асқынулар;
  3. Метаболикалық ем: қант диабеті, гипотиреоз, гиперкальциемия, гипокалиемия, гипомагниемия, уремия, ауыр металдармен улану;
  4. Жүйелі аурулар: амилоидоз, жүйелі склеродермия;
  5. Неврологиялық аурулар: Паркинсон ауруы, жұлын жарақаты немесе ісігі, цереброваскулярлы аурулар, склероз;
  6. Басқа жағдайлар: депрессия, буынның дегенеративті аурулары, иммобилизация, жүрек ауруы.

Диагностикасы: проктосигмоскопия, нәжісті тексеру.

Емі:

  1. Толықтыратындар: отруби, жолжелкен дәні
  2. Осмосты босататын заттар: лактулоза, магнидің сульфаты, полиэтиленгликоль, макрогол
  3. Ішектің қызметін ынталандыратын заттар: бисокодил, сенна
  4. прокинетиктер: тегасерод (6 мг/тәу)

Сіңірілудің  бұзылу  синдромы

  • Колоридің жетіспеушілігінің нәтижесінде саламқтың азаюы
  • Тамақтың жеке компоненттерінің жетіспеушілігі шақыратын симптомдар: анемия, қанталау, тетания
  • Диарея және стеаторея түрінде ашы ішектің қызметінің бұзылуы

  Себептері:

  1. Асказан ішек жолында ас қорытылуының жетіспеушілігі : панкреатит, ісіктер , гастроеюностомия кезіндегі билиарлы обструкция.
  2. Шырышты қабық эпителиінің сіңіру қабілетінің бұзылысы: целиакия, спру, лямблиоз, ішек резекциясы , ферментопатиялар,   Крон ауруы , Уиппл ауруы , амилоидоз, лимфома.
  3.  лимфа жолдарының обструкциясы салдарын ішектен лимфа және қан ағымының  бұзылысы (лимфома, туберкулез, мезентериальды тамырлық жетіспеушілік )
  4. Созылмалы алкоголизм
  5. Ұзаққа созылған жара ауруы
  6. Кең спектрлі антибиотиктермен емдеу

Асқорыту жолдарынан   қан кету

Симптомдары:

  • кофетәрізді құсу
  • мелена (қара түсті нәжіс)
  • АҚ төмендеуі, тахикардия, суық жабысқақ тер
  • Орталық веноздық қысымның төмендеуі (қалыпты жағдайда 6-13 мм су бағанасы)
  • Қызба және азотемия
  • гематокриттің 30-40% және одан да төмендеуі

Себептері:

жоғары бөлімдерден:

  • 12-ішек және асқазан жарасы, гастрит
  • Өңеш веналарының варикозды кеңеюі
  • Маллори-Вейс синдромы
  • эзофагит
  • Асқазан және өңеш ісіктері
  • телеангиэктазиялар
  • Көптеген полипоздар.

Төменгі бөлімдерден:

  • жаралы колит
  • Крона ауруы, амебиаз
  • геморрой
  • Тоқ ішектің полипозы,ісіктері

Диагностика:

  • эзофагогастродуоденоскопия
  • ангиография
  • Радиоизотопты зерттеу
  • Асқорыту жолдарын рентгеноконтрастты зерттеу
  • Қан анализі
  • Жасырын қанға нәжісті тексеру

Гастроэнтерологиядағы қазіргі кездегі зерттеу, диагностика әдістері:

  • Рентгенологиялық әдістер
  • УДЗ
  • КТ және МРТ
  • Селективті  ангиография
  • Эндоскопия
  • Helicobacter pylori-ды анықтау
  1. серологиялық иммуносорбентті әдіс
  2. тыныстық тест
  3. шырышты қабаттың биоптаттарын морфологиялық бағалау (ПЦР)

Бауыр зақымдануының негізгі симптомдары

Холестаз және сарғаю

Себептері:

1) билирубин метаболизмінің бұзылуы

  • Конъюгирленбеген  гипербилирубинемия
  • Билирубин өнімінің жоғарылауы (гемолиз, гематоманың таралуы, гемотрансфузиялар)
  • Бауырдың сіңіру қабілетінің төмендеуі (дәрілік генез)
  • Конъюгацияның төмендеуі (нәрестелерде Жильбер, Криглер-Найар синдромы);
  • Каналшалық транспорттың төмендеуі (Дубин-Джонсон, Ротор синдромы);
  1. Бауыр аурулары: — вирусты гепатиттер А, В, С, гепатотоксиндер (саңырауқұлақтар, алкоголь), дәрілік (изоланид, метилдопа), метаболикалық бұзылыстар (жүктілік, Вильсон-Коновалов ауруы), бауыр ишемиясы(гипотония, операциядан кейінгі), альфа 1-антитрипсин жетіспеушілігі, гемохроматоз

-Айқын холестазбен көрінетін бауыр аурулары: отбасылық бұзылыстар, саркоидоз, лимфомалар, инфекциялар;

-Бауыр ішілік, өт өзектерінің қабынуы(біріншілік билиарлы цирроз, дәрілер)

  1. Өт өзектерінің обструкциясы: тастар,өт жолдарының аурулары, біріншілік склероздаушы холангит, операциядан кейінгі стриктуралар, ісіктре,ұйқы безі басының қатерлі ісігі, панкреатит, порталды венаның аневризмасы.

  Бауыр  паренхимасының цитолизі зақымдалған бауыр клеткаларынан аминотрансфераза, лактатдегидрогеназа, γ глютамилтранспептидаза ферменттерінің қанға өтуімен сипатталатын лабораторлы синдром.

Бауырклеткалық жетіспеушілік:

  • Протромбин,белок синтезінің бұзылуы
  • Холестерин синтезінің бұзылуы
  • Бірнеше биологиялық белсенді заттар инактивациясының бұзылуы: токсиндер, эстрогендер (бауырлық энцефалопатия, бауырдан тыс белгілер)
  • Серотонин мөлшерінің жоғарылауы.

  Емі: белокты шектеу,антибактериальді заттар, іш өткізетін заттар,  омепразол, ацетилцистеин.

  Гиперспленизм – порталды гипертониямен қатар, эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер мөлшерінің төмендеуі.

  Диагностика:  гемограмма, жасырын гиперспленизм кезінде сүйек миын зерттеу.

 Емі: спленэктомия.  

Порталы  гипертензия:

  • Асцит
  • Кіндік және іштің бүйір қабырғасының веналарының кеңеюі, өңеш веналараның варикозды кеңеюі
  • Көкбауыр ұлғаюы
  • УДЗ кезінде порталды веналар диаметрінің 12 мм-ден жоғарылауы

  Диагностика: рентгенконтрасты зерттеу, эзофагогастроскопия, спленопортография, құрсақ қуысының УДЗ.

  •   Өңеш веналарынан қан кетуді емдеу:
  • Вазопрессин (терлипрессин), дицинон, жаңа  мұздатылған плазма,үнемі β-адреноблокаторларды қабылдау.

  Хирургиялық әдістер: өңештің варикозды  кеңейген веналарының эндоскопиялық склеротерапиясы, оларды лигирлеу, бауыр трансплантациясы.

 Ісінулік асциттік синдром

Натрий мен судың ұсталуы, порталды гипертония

  Диагностика: 1) асциттік сұйықты  (клеткалық құрам), белок, нейтрофилдер мөлшерін, амилаза белсенділігін анықтау, бактериологиялық зерттеу, атипиялық клеткаларға цитологиялық зерттеу, МТ;

   2) Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ-і

  Емі: 1) диуретикалық терапия: спироно лактон (100-400 мг/с)  фуросемидпен бірге (40-160 мг/с), натрий сарысуын бақылау (126-135 ммоль/л)

  2) рефрактерлік асцит кезінде терапевтік парацентез жасау.

Бауырлық энцефалопатия (БЭ) бауырдың детоксикациялық бұзылысы нәтижесінде қайтымды психикалық және неврологиялық бұзылыстар(аммиак детоксикациясы).

Триггерлі факторлар: асқазан-ішек жолдарынан қан кету, инфекция, тағам белогының артық мөлшнрі, алкоголь қабылдау, диуретиктермен улану, массивті парацентез.

 БЭ формалары: 1) латентті – клиникалық симптоматиканың және ЭЭГ да өзгерістердің болмауы; 2) БЭ жедел және жедел асты рецидивирлеуші формалары I — IV  кезеңдері (команың)

3) портожүйелі БЭ – порталды гипертония және бауыр жетіспеушілігі

4) созылмалы  портожүйелі БЭ – айқын портожүйелі коллатералдар.

Емі: негізгі принциптері

  • этиологиялық факторды шектеу
  • Триггерлі  факторды жою
  • Тоқ ішекті тазарту (клизма)
  • диета (белок тағамдарын шктеу)
  • Медикаментозды терапия:
  • лактулоза (дюфалак)
  • антибиотиктер: метронидазол, рифампицин, дипрофлаксоцин, альфанормикс.
  • Бауырда аммиакты инактивациялайтын препараттар (орнитин)
  • ОЖЖ тежеуші процестерді азайтатын препараттар (флумазенил)

 

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.