- Асқазан-ішектен қан кету белгілері бар науқастарды жедел госпитализациялау қажет. Міндетті түрде зембілмен тасымалдау керек. Тасымалдау кезінде науқас жатуы керек.
- Іштің жоғарғы бөлігіне суық басу, қажет жағдайда трансфузионды терапия жүргізу қажет.
- Жүрек препараттары мен қан тамырларды тарылтқыш препараттар қарсы көрсетілген, себебі ол тоқтаған қанды көбейтуі немесе қайталандыруы мүмкін.
Дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің алгоритмі:
- Қатаң зембілдік режим.;
- Су мен тамақ қабылдауға мүлдем шектеу қою;
- Ішіне суық басу;
- 10 мл 10%-тік кальций хлориді ерітіндісін көктамырға енгізу, 4 мл 3%-тік викасол ерітіндісі;
- Плазма алмастырушы ерітінділерді шұғыл көктамырға инфузия жасау;
- Плазма алмастырушы ерітінді мен оттегі терапиясын жалғастыру.
- Жедел реанимациялық шаралар және интенсивті терапиядан соң науқасты стационарға шұғыл эвакуация.
Критикалық гиповолемия болған жағдайда вазоконстрикторлар қолданылады (АҚҚ 50 мм сын.бағ. және төмен) немесе 2 мл 0,2% норадреналин ерітіндісін, немесе 1 мл 1 % мезатон ерітіндісін 500 мл 5 % глюкоза ерітіндісімен көктамырға енгізу.
Қабылдау бөлімінде:
- Зембілмен науқасты шокқа қарсы палатаға жатқызады;
- Плазмаалмастырушы ерітінділерді құюды жалғастырып, магистральды венаны катетеризациялайды немесе пункция жасайды;
- Резус сәйкестілігін анықтауға және биохимиялық анализге қан алады;
- Қан тобын және резус-факторын анықтайды;
- Коагулограмманы зерттейді және қан жоғалту дәрежесін анықтайды;
- Гемотрансфузия жасайды.