Дем алу әдісі науқас жатқан жердің жағдайына және дем алуының тоқтауының себебіне қарай таңдап алынды.
1.Сельвестр әдісі–науқас шалқасынан жатады, науқастың қолдарын білезік тұсынан қысып ұстап және жүйелі түрде жоғары көтеріледі. Соңынан олар көкірек клеткасына түсіріліп, оған күшпен қысылады, минутына 14-16 рет осылай демалу жасалынады.
2.Шиллер әдісі– қабырға доғаларын қолмен ұстап қапталынан тартылады яғни, дем алынады, соңынан олар қысылады, дем шығарылады. Жасанды дем берудің қарапайым жабайы ұсыныстарының көбірек нәтижесі ауызға ауызбен, мұрынға ауызбен дем беру есептеледі. Науқастың мұрынын бармақпен қысып салфеткамен аузын жауып, өзі терең дем алып науқастың аузына ауа жібереді. Дем берудің бұл түрін ауа жібергіш арқылы жүргізген жақсы. Ол тілді ауыз қуысының түбіне қысып ауыз ішіні енгізеді. Ауа пассивті түрде шығады. Быр минутына 12 рет үрленеді. Науқастың жақтары қатты қарысып қалған жағдайда ауыздан мұрынға дем беру өте пайдалы бұл мақсат үшін 1 қолмен маңдайынан ұстап басы артына қайрылады. 2-ші қолмен иегінен ұстап және тілін жоғары көтеріп ауыз жабады. Соңынын терең үрленіп еріндері мен мұрын қысылады. Белсенді түрде дем сыртқа шығарылады.