Бастың “сақина” ауруы

Бастың “сақина” ауруы (орысша мигрень) бастың ауырсынуымен байланысты сырқат. Алғаш египеттіліктер мен ежелгі гректер заманында белгілі борлып, алғашқы суреті папируста анықталған болатын. Гален грек сөзі “гемикраниямен” атаған болатын. Қазіргі кездегі аталуы “мигрень” латын сөзінен «hemigranea», француз тілінде «migraine» , ағылшын тілінде «megrim» деп аталынады.

Дүниежүзілік бастың ауырсынуына қарсы қоғамының ( иә-иә сондай қоғам бар) анықтамасы бойынша “Сақина” ауруы – интенсивті пульсациялық сипаттағы бастың бір жақты ауырсынуның қайталама ұстамасымен көрінетін тұқым қуалаушылық ауру. Оның шоғырлануы жиі орбиталды, маңдай, самай аймағында және лоқсу, құсу, дыбыс пен жарықтан қорқу мезімдермен қатарласып жүреді.

Дүние жүзінде сақина ауруымен ер адамдардың 3,5%, әйелдердің 7,4%, балалардың 2-7%, аурасы жоқ сақина ауруымен халықтың 60-85%, аурасы бар сақина ауруына 15-40% сырқаттанған.
Дүниежүзілік бастың ауруымен күресетін қоғамның мәліметі бойынша сақина ауруына сырқаттанғандардың тек 48% диагностика шараларын жүргізеді. Бұл ауруға келісідей бірнеше анықтама беруге болады:

  • Қайталанба түрдегі бастың бір жақты пульсациялық ұзақтығы 4-72 сағатқа созылатын ұстамалы түрдегі ауыруы. Оның аталуы грек сөзі “гемикрания” – бастың жартысының ауыруын білдіреді.
  • Климатпен, тұрғылықты жеріне байланысты емес кең таралған ауру. Әйелдер еркектерге қарағанда жиі 4/1 қатынасында ауырады.
  • “Сақина” ұстамасы жас өспірімдік жасында пайда болып, уақыт өте ( ерлерде – 45 жастан кейін, әйелдерде – менопаузадан кейін) тоқтайды.

Бастың сақина аурының жіктелуі:

  • Офтальмиялық сақина ауруы
  • Қарапайым сақина ауруы
  • Бет сақина ауруы
  • Шоғырлы бас ауруы (Хортон синдромы)
  • Ассоцирленген сақина ауруы

Қарапайым сақина ауруы – аурусыз сақина ауруы атымен белгілі.

Классикалық сақина ауруы – аурасы жоқ сақина ауруы. Көпшілік жағдайда аура – көру қызметінің бұзылуын шақыратын белгілерді білдіреді. Аурамен байланысты белгілерге тағы – есту және өзге сезімдердің, қозғалыстық және психологиялық бұзылыстар жатқызылады. Аура сатысы әдетте 4-60 минутқа созылады. Классикалық сақина ауруынан науқастардың 15% шалдыққан.

бас ауруы
Сақина ауры кезіндегі аурсынудың ең жиі орналастын жері

Бастың сақина ауруының пайда болу себебі:

Аурудың белгілері ми қантамырларындағы өзгерістермен байланысты, алайда олардың туындау себебі белгісіз. Науқастардың 70% -да бұл ауру тұқым қуалайды.

Сақина ауруының туындауына әсер ететін факторлар:

  1. Күйзеліс
  2. Жүйке және физикалық жүктеме
  3. Тағамдық факторлар (сыр, жаңғақ, шоколад)
  4. Алкоголь (сыра мен қызыл шарап)
  5. Гормондық себептер (етеккір, контрацепция заттарын қолдану)
  6. Ұйқы (жеткіліксіздігі немесе көп ұйықтау).

Клиникалық көрінісі: Бас ауруының алғашқы белгілері қысқа мерзімді жарық, соқыр дақ түрінде не гемианопсия (көру алаңының кішірею) ұстама түріндегі көру қызметіне бұзылыстарынан басталады. Бастың ауруы негізінен бірнеше минутқа созылатын көру аурасы аяқталып не оның көріну интенсивтілігі төмендегенде пайда болады. Ұстаманың басқа белгілері сирек, кейде бірі арнынан бірі ілесіп жүреді: гемианапсиядан кейін бет немесе аяөқ-қолдарының солқылдап ауырсынуы. Сақиналы аураға пазитивті белгілердің негативтімен ауысуы тән. Сақина ауруына тән диспепсиялық бұзылыстар бастың ауыруы дәрежесіне байланысты жүреді. Құсу ауырсынуды басып , кейде ұстаманы да тоқтатуы мүмкін. Ұстама кезінде бастың жабындыларының ауырсынуы болуы мүмкін.

бас ауруы

Бас ауруының патогенезі:

Сақина ауруының ұстамасы үш кезеңнен тұрады:

  1. Қысқа мерзімді ангиоспазм
  2. Кезекті тұрақты вазодилятация гематоэнцефалиялық барьердің өткізгіштігінің бұзылуы
  3. Периваскулярлы ісік

Бас ауырсынуының тарихи теориялары:

  • Психогенді – бұрында күйзелісті – қан тамырлардың өзгеру себебі деп санаған, алайда антидепрессанттардың әсері кері әсерді шақырады. Қазіргі кезде психогенді стресс тек қана сақина ұстамасының іске қосушы факторлардың бірі екендігі белгілі.
  • Токсико-аллергиялық – табиғаты аллергиялық васкулиттер, оның негізгі медиаторы болып гистамин болып табылады, алайда экзогенді антигені анықталмаған, созылмалы өтуі тән емес, терапияла антигистаминдік препараттар тиімді емес.
  • Тригеминалоды-васкулярлы (қазіргі кезгі) – қантамырлық өзгерістер үштік жүйкесі қозған кездегі нейрогенді асептикалық қабынуымен іске қосылады. Бірінші кезеңде тамырлар спазмы адреналин, серотонин, арахидон қышқылының бөлінуіментүсіндіріледі, екінші сатысы – осы метаболиттердің жедел метаболизмі тамырлар дилятациясын шақыртады.

Сақина ауруының диагностикалау критерийлері

  • Ұзақтығы 4-72 сағатқа созылатын бастың ауырсынуы
  • Ауру сезімі аталған белгілердің кем дегенде 2 ие: бір жақты шоғырлану, екі жақтың ауысуы, пульсациялығы, ауырсынудың орташа не жоғары интенсивтілігі, физикалық жүктеме кезінде күшейеді.
  • Аталған белгілердің кем дегенде біреуі тән болады: құсу, фонофобия;

Америкалық жанұялық дәрігерлер академиясы мен Америкалық дәрігерлер коллегиясының сақина ауруын емдеу кезіндегі нұсқаулар:

  1. Көпшілік науқастар үшін терапияның бірінші жолындағы препараты болып стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қолданылады.
  2. Екінші қолданылатын препарат болып – арнайы сақина ауруына қарсы (антимигренозды) заттар: триптан және дигидроэрглтамин қолданылады (мұрыгн спрей түрінде)
  3. Құсу мен лоқсу сезімін жою үшін құсуға қарсы препараттар мен құсуды тоқтататын препараттар (антимимитиктер) қолданылады.
  4. Алдын алушылық емделуді ұстаманың айына бір және одан көп болған жағдайда тағайындайды. Бірінші орынды препараттардың әсері байқалмаса, триптан мен дигидроэрготамин мөлшерін жүмасына 2 есе арттырады.
  5. Ұстамаларды алдын алу үшін бірінші жолдағы препарат – пропранолол қолданады.
  6. Сырқаттанңан науқастарды алдын алу мен ұстамаларды қайтару қағидаларын үйрету керек.

Бас ауруының емі

Ұстама кезінде науқасқа төсек қалпы тағайындалып, қатты жарық пен дыбыс көздерінен алшақ орналастыру керек. Ұстаманы емдеу алғашқы белгілер басталған сәтте аспириннен (500-1000мл ішке) немесе метамизолдан бастаймыз. Суматриптан – 100 мл ішке ( күніне 3 рет), кофеинмен бірге парацетамол қолданылады. Қосымша құсуға қарсы препарат церукал (5-20 мг ішке), не мотилиум (5-20 мг ішке), не липольфен (25-50 мг ішке) қолданады, олар сіңіруді жақсартып, анальгетирктердің әсерін күшейтеді. Анальгетиктер әсері байқалмаса кетопрофен, ксефокам және т.б. Қабынуға қарсы препараттар тағайындалады.

Дигидроэрготамин интраназальды аэрозоль түрінде енгізеді. Ұстаманы қайтаруда триптандар да әсерлі, алайда жүрек аритмия, миокард инфарктісінен, ми инсультінен кейін қолдануға болмайды.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!