Аорта аневризмасы

Аорта аневризмасы– аорта қабырғасының патологиялық локальды (қап тәрізді) және диффузды (циркулярлы) аорта бөлігінің кеңеюі.

 

Жіктелуі:

Орналасуына байланысты аневризманың келесі түрлерін ажыратады: Вальсальв синусының, кеуде аортасының жоғарлаған және төмендеген бөлігіндегі аневризмасы, аорта доғасының, құрсақ аортасының  аневризмалары.

Этиологиясына байланысты туа пайда болған (сирек кездеседі) және жүре пайда болған аневризмаларды ажыратады. Себебіне қарай: қабынулық (сифилитикалық, аортит, туберкулезді, ревматикалық, инфекционды) және қабынулық емес (атеросклездық, травмалық).

Аневризма қабырғасының құрылымына байланысты:

  1. Шынайы аневризма аортаның өз қабырғалық құрылымы сақталады
  2.  Жалған аневризмада органикалық тыртықты тін болады

85247.jpg

Құрсақ аортасының аневризмасы – бұл жағдайда қалыптыға қарағанда  аорта қабырғасының жергілікті немесе диффузды 2 есе томпая кеңейуі. Құрсақ аотасының аневризмасының жоғарғы және төменгі бөліктерінен бастау алатындығына байланысты супраренальды және инфраренальды болып бөлінеді. Супраренальды аневризма кеуделік аортаның дистальды бөлігінен бастау алады оны торакоабдоменальды аневризма дейміз.

Патологоанатомиялық зерттеулердің мәләметтері бойынша құрсақ аорта аневризмасы 1,06 % жиілікте кездеседі. Әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі. Құрсақ аорта аневризмасының ең негізгі себебі атеросклероз. Науқастардың 89 % жағдайда аневризма құрсақ аортасының инфраренальды сегментінде орналасады.

Патологиялық анатомиясы. Аорта қабырғасындағы патологиялық немесе диффузды кеңейуі аорта қабырғасындағы құрылымдық бұзылыстардың нәтижесі болып табылады.  Атеросклероз кезінде тамырдың бұлшық етті қабаты липоидоз түрінде, атероматозда эластикалық және коллаген мембранасының некрозды және дистрофиялық зақымдалуы байқалады. Гистологиялық зерттеу кезінде тамырдың ортаңғы мен адвентиция қабаттары жұқарып, интимасы керісінше атрематозды масса мен табақшалар есебінен қалындайды. Тамыр қабырғасының эластикалық қасиеті толық бұзылады. Аневризма қабырғасын ішінде фибрині бар жаңадан түзілетін тін құрайды.

Клиникалық көрінісі:

Аневризмалардың клиникалық көрінісі оның орналасуы мен мөлшеріне байланысты болды. Кеуде аортасының аневризмасындағы клиникалық белгілер оның көкірекаралық тіндер мен қоршаған мүшелерді ығыстыру факторына тәуелді. Мұндай кезде науқастар кеуде клеткасының жоғарғы бөлігіндегі төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Ол аорта қабырғасындағы нерв өрімінің кеңуіне байланысты. Стенокардиядан айырмашылығы аурсыну интенсивтілігі төмен, біртіндеп басталып, біртіндеп тоқтайды және нитроглицеринге басылмайды. Ал аортаның төменгі бөліміндегі аневризма кезінде аурысынулар наркотиктармен де басылмауы мүмкін. Кеңірдек пен бронхтардың аневризмамен ығысуына байланысты жиі ентігу байқалады. Тыныс жолдарын көп мөлшерде ығыстырса науқастар мәжбүрлік жағдайда бүйіріна басын жоғарлатып жатады.

Сонымен кеуде аорта аневризмасы жүрек тұсындағы ауырсынумен, ентігу, дауыстың қырылдауы, объективті белгісі аортаның жетіспеушілігіндей. Құрсақ аортасының аневризмасында – іш және бел аймағында периодты ауырсынулар болып, пульсацияның сезілуі, сонымен қатар пальпацияланатын пульсация омыртқаның сол жағы мен кіндік аймағында және одан жоғары, сол тұстан систолалық шу естіледі.

Клиникалық ағымы бойынша құрсақ аорта аневризмасының келесі түрлерін ажыратады: асқынбаған, асқынған (жыртылуы) және ажырауы. Құрсақ аорта аневризмасының ағымы үнемі өршумен болады. Көптеген авторлардың мәліметтері бойынша операция жасалмаған науқастарың, диагноз қойылғаннан кейінгі алғашқы 1-2 жыл ғана өмір сүреді.

Асқынбаған құрсақ аорта аневризмасы бар науқастарда іш аймағында тұйықталған, сыздаған ауырсыну болады. Ауырсыну көбінесе тұрақты немесе перодты болып, кіндік аймағы мен іштің сол жақ тұсында орналасады. Бірқатар науқастарда ауырсынудың бел аймағы мен шап аймағына беріледі.

Дегенмен ауырсыну мөлшері үлкен аневризма кезінде міндетті симптом болып табылмайды. Басқа симптомы ретінде – іштегі пульсацияның күшеюі, кейде ауырлық сезімі мен керу. Қарау кезінде арық науқастарды жатқан қалпында құрсақ қабырғасы арқылы күшейген пульсацияны байқауға болды. Пальпация арқылы іштің жоғарғы, жиі сол жақ аймағында ісік тәрізді түзілістің пульсациясы сезіледі. Көп жағдайда аневризма тығыз эластикалық консистенцияда болып, аз ауырсынады немесе ауырсынбайды және саусаққа айқын пульсация білінеді.  Экспансивті сипаттағы пульсацияда аурысыну барлық аймаққа беріледі.

Құрсақ аорта аневризмасының үшінші симптомы –  систолалық шудың естілуі. 76 % науқастарда аускультацияда систолалық шу естіледі

Диагностика:

Аспаптық зерттеулер ішіндегі ренгенологиялық әдіс маңызды болып табылады. Сонымен қатар ретропневмоперитонеум, қажеттілік туған кездері вена ішілік пиелография жасалады. Ренгенограммада аневризма қабының көлеңкесі мен қабырғасының кальцинозы көрінеді. Науқастардың 43 % жағдайда аорта аневризма қабының кальцинозы кездеседі.

Зерттеулердің қарапайым әдісі ретінде изотропты аортография жасалынады. Вицеральды аорта тармағының аневризмасына күдік болған жағдайда ғана бұл әдіс тиімді. Егер аневризма қабында тромб табақшалары болса, мұндай жағдайда аневризманың тек ортасында қан ағатын орын болады да, оның нақты мөлшерін анықтауда қиындық туады. Құрсақ аортасының аневризмасында маңызды диагностикалық әдіс ретінде УДЗ мәліметтері, жиі эхосканирлеу (КТ) маңызды рөл атқарады. Құрсақ қуысына көлденең және ұзына бойы сканирлеу жүргізгенде аневризма мен аортаның нақты мөлшерін алуға болады. Аневризма диамертрі 3 мм- 3 см дейін нақты анықтайды.

99987.jpg

Ренгенограмма

99875.jpg

аортография

Аорта аневризмасының асқынуы:

Аневризма ақырындап, бірақ үнемі өсе береді. Аневризма қуысында тромб түзілген жағдайда, ол қан ағымы арқылы төменгі артерияларға түсіп олардың бітеп, жедел ишемия мен гангрена шақырады. Аневризманың жыртылуы кенеттен болатындықтан массивті қан кетуден науқас өліп кетеді. 

Аорта аневризмасының емі:

777896.jpgДиаметрі 5 см-ден асатын аневризманың жыртылу қаупі жоғары болғандықтан, операция жасалмаған науқастар кемінде 3 жылдай ғана өмір сүреді. Құрсақ аорта аневризмасы хирургиялық жолмен емделеді. Диаметрі 4 см-ден жоғары аневризмаларға операция жасау міндетті. Жоспарлы аневризма резекциясында қолайсыз нәтиже 5 %, ал жыртылу қаупі бар аневризмада 50 %. Уақытында жасалған операциялардың болжамы қолайлы, операциядан кейінгі науқастардың өмір сүру ұзақтығы популяциядағыдай. Операцияға қарсы көрсеткішке қосымша ауыр ауырулары мен тыныстық, жүрек және бүйрек жетіспеушілігінің асқынуларының жатады. Сүйемелдеуші терапия ретінде немесе операция жасау мүмкіндігі болмаса кальции антагонистері мен бета-адреноблокаторлар қолданылады.

Аневризма ақырындап, бірақ үнемі өсе береді. Аневризма қуысында тромб түзілген жағдайда, ол қан ағымы арқылы төменгі артерияларға түсіп олардың бітеп, жедел ишемия мен гангрена шақырады. Аневризманың жыртылуы кенеттен болатындықтан массивті қан кетуден науқас өліп кетеді. 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!