Геморрой

Геморрой  – геморрой түйіндерінің патологиялық өзгерістерінің әрқилы клиникалық көріністерін (қан кету, ішкі түйінінің түсуі, сыртқы түйіндердің тромбозы және ісінуі, олардың өлеттенуі,т.б.) атайды. Халық ішінде көтеу ауруы деп те аталып жүр.

геморрой ауруы қазақша

Аурудың негізінде артериалдық веналық қан айналымға ие, тік ішектің соңғы бөлімінің шырышты қабаты астында орналасқан қуысты (эректилбді) денелердің аурулары жатады. Аурудың пайда болуына септігін тигізетін себептер:

  • адамның тік жүруі,
  • тамақтану екекшеліктері,
  • арақ ішу, -отырықты жұмыс,
  • гиподинамия, т.б.
  • дәмді және ащы тағамдарды шектен тыс мол жеу,
  • анальдық аймақтың гигиенасын сақтамау
  • ретсіз жыныстық қатынастарда болу сияқты т.б факторлар әсер етеді.

ЖІКТЕЛУІ:

Ағымына қарай:

  • Жіті
  • Созылмалы

Түйіндердің орналасуына қарай:

  • сыртқы
  • ішкі
  • аралас

Ауырлық дәрежесіне байланысты:

  • жеңіл
  • орташа
  • ауыр
  • Біріншілік
  • Екіншілік (пайда болуы портальдық гипертензия, ісіктер, кіші жамбас қуысы веналарының флеботромбозы сияқты ауруларға байланысты)

Жеңіл дәрежеде түйіндер шамалы қабынады, тромбозға ұшырап, қан кетуі мүмкін, ауырсыну сезімі айтарлықтай күшті болмайды, сыртқа шығып кеткен түйін өз бетінше орнына келеді.
Орташа дәрежеде перианальдық тері мен түйіндер қабынған және қатты ісінген, шығып кеткен түйіндер өз бетінше қалпына келмейді, тромбозданып қан кетеді.Науқас жағдайы бұзылып, дене қызуы көтеріледі, әлсіздік, мазасыздық пайда болады, тәбеті нашарлайды.
Ауыр дәрежеде – сыртқы шыққан ішкі түйіндер қысылады, өліттенеді немесе іріңдейді.Дене қызуы жоғары көрсеткіштерге  дейін көтеріліп, науқас қалшылдайды.Ауырсыну сезімі тек анус аймағында ғана емес, тік ішекте, тіпті іште болуы мүмкін, өздігінен дәрет сындыра алмайды.

көтенішек

КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ

Науқастың негізгі шағымдары:

ауырсыну геморрой түйіннің аурудың асқыну кезінде, қысылып және жіті қабынып анустан шығып тұрғандығымен байланысты болады.
қан кету тамшы түрінде не қан жолағынан бастап құйылып ағуға дейін барады. Бұл шағымдар дефекациямен байланысты болатын тік ішектің керілу, артқы тесіктің қышуы сияқты, қан кетудің алдында болатын симптомдармен бірге кездеседі.
Қан кету, әдетте бірнеше ай немесе жылдар бойы ауыратын науқастарда анықталады. Жиі қан кету анемияны дамытады.

Артқы тесік аймағын қарағанда үлкейген, солған немесе қатайған және қабынған геморрой түйіндерін анықтауға болады (3,7 және 11сағаттарда). Бұл тік ішектің қуысты денелерінің диффузды түрде орналасқанын сипаттайды. Геморройдың ішкі және сыртқы түйіндері болады. Ішкі түйіндер тұт ағашының жидегіне ұқсас болып, жеңіл қанағыш келеді. Олар науқас күшенгенде және ұлғайғанда томпайып, сыртқа шығып кетеді. Тік ішектің шырышты қабатының шығуы аурудың келесі, ауырлау сатысына өткендігінің белгісі саналады.

Аурудың даму сатылары:

  • Бірінші сатыда анус аймағында солғын түйіндер анықталады, олар дефекация кезде күшенгенде ұлғаяды, тұт жидегіне ұқсайды, қан кету айқын болмайды, анустың қабынуы мен қышуы сирек(жылына 2-3рет), сфинктердің бітегіштік қасиеті бұзылмаған.
  • Екінші сатыда – дефекация кезінде шамалы қанап тұрған геморой түйіндерін сыртқа шығып тұрғанын көруге болады. Тромбоз белгілері анықталады,шыққан түйіндер өздігінше келмейді, белсенді түрде қан кетіп тұрады.Асқыну ай сайын қайталанып тұрады, артқы тесіктің қышуы айқын, сфинтерінің тонусы әлсіреген.
  • Үшінші сатыда – күшенгенде, жұмыс істегенде,тік тұрғанда геморой түйіндері мен тік ішектің шырышты қабатының түсіп кетуі байқалады. Олар өздігінше орнына келмейді, қан кету тұрақты,кейде ауыр анемия дамуы мүмкін, сфинктердің бекіту қызметінің қарқынды түрде нашарлап, газдар мен нәжісті ұстай алмағандықтан науқастың психо-эмоциональдық ой-өрісінің бұзылуын анықтауға болады.

геморрой сатылары

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

-Саусақпен зерттеу кезінде аналық каналда геморрой түйіндерін анықтауға болады. Асқыну кезінде олар қатайған және қатты ауыратын болады. Ұзақ уақыттан кейін ауырып жүрген науқастарда тік ішектің шырышты қабатының бітегіш аппаратының тонусының әлсіздігі байқалады.
-Ректоманоскопия жасау керек. Ол аурудың түрі мен даму сатысын және тік ішектің басқа ауруларын анықтауға мүмкіндік береді.

анаскоп құралыАнаскоп құралы 

ректоскопРектоскоп

 

АУРУДЫҢ АСҚЫНУЫ: 

Сыртқы геморрой түйіндерінің тромбозы. Диетаны бұзғаннан немесе ауыр жұмыс атқарғаннан кейін пайда болады.

Ішкі геморрой түйіндерінің қысылуы әдетте диетаны бұзу(арақ ішу және ащы тағамдар мен қоспаларды қолдану), ауыр жұмыс істеу және іштің қатуы салдарынан болады. Ішкі түйіндер сыртқа шығып, артқы тесікте қысылып қалады да, тромбоз және өліктену дамиды.

Жіті геморрой кезінде аспаптық зерттеу құралдарын қолданбауға тырысу керк. Себебі ауырсыну сезімінің айқындығымен қатар қарқынды қан кету мүмкіндігі жоғары.
Науқасқа диагноз қою айтарлықтай қиындық туғызбайды. Дегенмен аурудың сипатын(біріншілік,екіншілік), тік ішектің зақымдалу дәрежесін, ауырлығын, түрін және сатысын көрсету керек.

ЕМДЕУ

1. Консервативті ем (асқыну кезінде жүргізілу керек)

  1. Арнайы диета(арақ-шарапқа тыйым салу, ащы, қуырылған және майлы тағамдарды шектеу),
  2. Жергілікті ыстық (жылы суда ерітілген антисептиктермен ванна жасау)
  3. Гемостатикалық қабынуға қарсы және анальгезиялық әсері бар майлар мен суппозитарлар(анастезол, бетиол, проктозон,неоанузол,релиф,негипан)
  4. жалпы антибактериалдық, анестезиялық және седативті дәрілер қолдану жатады.

Наркотикалық заттарды қолдануға болмайды.

2.Оперативті ем

Аурудың клиникасы айқын болған жағдайларда, яғни түйіндер жиі қабынғанда, қарқынды және қатты қанағанда, түйіндер түскенде және қысылғанда қолдануы тиіс.

Операцияның мағынасы тік ішектің  қуысты денелерін алып тастауда болып табылады. Ең тиімді операциялар қатарына Паркс Миллиган-Морган және оның модификациялары жатады

Миллиган бойынша-Морган бойынша геморрой түйінінен төмендеу тік ішектің шырышты қабаты тілінеді. Түйіннің қан тамырлардан тұратын аяқшасына лигатура салынып түйін кесіп алынады. Пайда болған жараға ұзыннан біріншілік тігіс салынады.Осылайша 3,7 және 11 сағаттарда орналасқан тік ішектің қуысты денелері алма кезек алынып тасталады.

Геморрой түйіндерін И.А. Ташев тәсілімен емдеу патогендік тұрғыдан дұрыс операция деуге болады. Геморрой түйінінің аяқшасын айналдыра шырышты және шырыш асты қабаттары тілініп, 1см көлемінде айналдыра демукозация жасалады. Түйін аяқшасына лигатура салынып, кесіп алынған соң пайда болған жара көлденең бағытта тігіледі.Бұл тәсіл әдетте қолданылатын операцияларға тән асқынулардан қалыс болуымен қатар бір мезетте артқы тесікті айнала орналасқан барлық геморрой түйіндерін алып тастауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ  науқастың қосалқы ауруларының ауырлығына байланысты операциялық қауіптілік дәрежесі жоғары болған жағдайларда түйіндерді латекс немесе резина сақиналарымен қысады. Хирургиялық еммен салыстырғанда  бұл 3 тәсіл де радикалдық емес, және көп науқастарда жиі рецидив береді.Портальды гипертензияның ауыр түрімен немесе гипертониялық аурудың 3 сатысымен ауыратын науқастарға операция жасауға болмайды.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!