Тірек қимыл жүйе ауруларын сұрастыру

Қимыл-тірек, тері және оның қосалқыларының аурулары бар науқастарды сұрап тексеру

Шағымдарын анықтау: буындардағы “таңертеңгі құрысу” және оларың ісінуі, бұлшықет әлсіздігі, тері қышуы, қалтырау, терідегі бөртпелер, тері түсінің өзгерісі, тырнақтардың сыңғыштығы мен сызықтану, шаштың шамадан тыс түсуі.

Негізгі шағымдарды талдау, сараптау.

  • Буындардағы ауру сезімі және олардың қимылының шектелуі:
  • Орналасу орны – ауру сезімі қай буында? (аяқ-қолдың ірі немесе майда буындарында, омыртқа бағанасында (жотада) – қолмен көрсетуді сұрау);
  • сипаты – қалай ауырады? (ұзақ, сыздап әлде ұстамалы, қатты), ауру сезімінің қарқыны және пайда болу жағдайы – үдейді немесе дамиды қимылда, кешке қарай, түнде, дымқыл ауа райында, бір кейпінде ұзақ тұрғанда;
  • қанша буындар ауырады және реттілігі қалай? – бір буын; бірнеше буындар, ауру бастапқыда бір буында дамыды және бірнеше күнде немесе бір жетіде біртіндеп қалған буындарда пайда болды («ауру сезімі кезбелі») немесе бір мезгілде екі жақтағы бірдей буындарда пайда болды, мысалы қол ұшының буындары («симметриялық ауру сезімі»)
  • буын үсті терісі өзгерді ме? – қызару, сипағанда ыстық, ауру сезімді;
  • буынның ісінуі мен қозғағандағы ауырсынуы ?

Бұлшықеттегі ауру сезімі және әлсіздік:

  • Орналасу орны – қай бұлшықетте? (барлығында, біреуінде немесе бөлек топталған бұлшықеттерде – қолмен көрсетуді сұрау);
  • сипаты – қалай ауырады және ұзақтығы? (ұзақ, сыздап әлде ұстамалы, қатты; бірнеше күн бойы);
  • ауру сезімінің қарқыны және пайда болу жағдайы – қимылда күшееді немесе дамиды; қайталанатын қимылдарда бұлшықеттің әлсіздігі мен шаршағыштығы бар ма?
  • Бөлек әлде топталған бұлшықеттердің белсенді қимылдарының әлсіреуі немесе толық жоғалуы байқала ма?

Тері және оның қосалқылары:

  • Қол саусақтарының, құлақ, мұрын ұштарының мұздауы мен бозаруы байқалады ма?
  • Болған жағдайда олар суық, жарақат немесе көңіл-күйінің бұзылысымен байланысты ма және ауру сезімімен бірге жүре ме?
  • Ауыру сезімді, дене қызуын теріңізбен қаншалықты жақсы сезе аласыз ба?
  • Шашының айқын және жиі түсуі, тырнақ сыңғыштығы бар ма?

Терідегі бөртпелер:

  • Алғашқы рет қашан, қай жерінде пайда болды, қандай пішінде болды, бірең-сараң немесе көптік, қалай тарады;
  • бөртпелер түстері, оның өзгерісі – тез, баяу;
  • қосымша дене қызуы көтерілді ме?
  • Туа біткен қалдардың өзгерісін байқадыңыз ба (түсі, көлемі) (егерде ол науқаста болса)? Қанша уақыттан бері?

Пайда болу себебі

жұқпалы дерті бар кісімен жанасу, тағам әлде дәрілер қабылдау, жақында болған аурулары.

  • Терінің қышуы – қандай? – тұрақты, ұстамалы, қоймайтын, қинап, маза кетіретін; қай мезгілде жиі мазалайды?
  • Жиі түнде немесе күндіз; себебі?- тағам әлде дәрі қабылдағаннан кейін; жануарлармен жанасқаннан кейін;
  • қай жерде? – бөлек аймақтар – қол, бет, иықтың, қардың сыртқы аймағы, құрсақ бүйірі, дене бойымен)

ІІ. Дерттің даму тарихы (дерттің анамнезы).

  • Дерттің басталуын анықтау. «Бірінші рет аурып тұрсыз бе әлде осы дерт біраздан бері мазалайды ме?» «Немесе қалай басталды?» – дерттің басталуын анықтау.

а) кенеттен, жіті – дене қызуының жоғарлауы, буындардың ісінуі мен қызаруы және олардың қимыл-қозғалысың шектелуімен;

б) кенеттен, жіті –кенеттен дене бойында жаппай ұсақ бөртпелер, қышып, дене қызуының жоғарлауымен қоса пайда болды;

в) бірте-бірте дамыды – біраз уақыттан бері жотада және арқа бұлшықеттерінде бір кейпіде болғанда ауру сезімі байқалады;

г) бірте-бірте дамыды – бірнеше айдан бері қолымның шаршап, тіпті қимылдай алмайтынымды байқадым, бірнеше уақыттан кейін басылады, бірақ ұзақ қимылдан кейін қайталанады;

д) соңғы бірнеше айдан бері шашым көптеп түседі, тырнақтарымда бір сызықтар пайда болды және олар сыңғыш;

бұрыннан бар созылмалы дертінің өршуі (қандай шағымдармен басталды, жылына өршуі қанша рет болады, қандай жағдайлар әсер етеді, бәсеңсу кезеңінің ұзақтығы).

Тірек қимыл жүйесі

  • Дерттің дамуын анықтау. Қандай шағымдармен басталды; әрі қарай қандай шағымдар қосылды немесе қандай шағым қалай өзгерді»? Мысалы:

а) басында біраз уақыттан бері жотада және арқа бұлшықеттерінде ауру сезімі, әрі қарай қозғалудың шектелуі қосылды және т.б».

б) кенеттен қалтырау, сосын буындарымның қызарғаны мен сырқырауы қосылды;

в) бастапқыда шашымның тарағанда көптеу түсетіні болды, біршама уақыттан кейін уысталып түсетінін байқадым және қайызғақтанатыны қосылды.

  • Дерттің басталуына әсер ететін жағдайларды анықтау (дерттің болжама немесе нақты себебі)
  • а) Қалай ойлайсыз осы дертіңіздің басталуына қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін?
  • б) Өзіңізше осы ауруыңыз қандай жағдайдан кейін пайда болды деп ойлайсыз?

Дерттің басталуына әсер ететін себептер болуы мүмкін:

  • Коньюнктивит, уретрит (Рейтер ауруы)
  • Тері бөртпелері – Боррелиоз (Лайма ауруы), йерсиниоз, мерез, вирустық жұқпалар;
  • Жіті жұқпалар, іріңді жұқпалар ошақтары (бруцеллез, туберкуллез, мерез);
  • Артрит басталу алдында 1-1,5 ай бұрын болған жоғарғы тыныс жолдары жұқпалары, ішек жұқпалары, вирустық жұқпалар (корь ж/е басқа);
  • Созылмалы жұқпа ошақтары (құлақта, мұрында, ауыз қуысы мүшелері – тістер, бадамшалар);
  • Жыныс ағзаларының жұқпалары (гонореялық артрит);
  • Дәрілерді, бұрын қолданбаған тағам, құлпынай, шоколад, жұмыртқы қабылдау;
  • Жұқпалы ауруы бар науқаспен қатынаста болу
  • Косметикалық заттарды пайдалану
  • Тітіркендіретін әртүрлі химиялық немесе басқада заттардың теріге түсуі
  • Стрестік жүктемелер

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!