Асқазан мен ішекте қан кету кезінде жедел көмек көрсету принциптері

  • Асқазан-ішектен қан кету белгілері бар науқастарды жедел госпитализациялау қажет. Міндетті түрде зембілмен тасымалдау керек. Тасымалдау кезінде науқас жатуы керек.
  • Іштің жоғарғы бөлігіне суық басу, қажет жағдайда трансфузионды терапия жүргізу қажет.
  • Жүрек препараттары мен қан тамырларды тарылтқыш препараттар қарсы көрсетілген, себебі ол тоқтаған қанды көбейтуі немесе қайталандыруы мүмкін.

Асқазан мен ішекте қан кету кезінде жедел көмек көрсету принциптеріАсқазан мен ішекте қан кету кезінде жедел көмек көрсету принциптері

Дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің алгоритмі:

  1. Қатаң зембілдік режим.;
  2. Су мен тамақ қабылдауға мүлдем шектеу қою;
  3. Ішіне суық басу;
  4. 10 мл 10%-тік кальций хлориді ерітіндісін көктамырға енгізу, 4 мл 3%-тік викасол ерітіндісі;
  5. Плазма алмастырушы ерітінділерді шұғыл көктамырға инфузия жасау;
  6. Плазма алмастырушы ерітінді мен оттегі терапиясын жалғастыру.
  7. Жедел реанимациялық шаралар және интенсивті терапиядан соң науқасты стационарға шұғыл эвакуация.

Критикалық гиповолемия болған жағдайда вазоконстрикторлар қолданылады (АҚҚ 50 мм сын.бағ. және төмен)  немесе 2 мл 0,2% норадреналин ерітіндісін, немесе 1 мл 1 % мезатон ерітіндісін 500 мл 5 % глюкоза ерітіндісімен көктамырға енгізу.

  Қабылдау бөлімінде:

  1. Зембілмен науқасты шокқа қарсы палатаға жатқызады;
  2. Плазмаалмастырушы ерітінділерді құюды жалғастырып, магистральды венаны катетеризациялайды немесе пункция жасайды;
  3. Резус сәйкестілігін анықтауға және биохимиялық анализге қан алады;
  4. Қан тобын және резус-факторын анықтайды;
  5. Коагулограмманы зерттейді және қан жоғалту дәрежесін анықтайды;
  6. Гемотрансфузия жасайды.

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 3 недели

AdminNaz

0
Комментарии: 0Публикации: 106Регистрация: 14-11-2018
0 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 5 (0 оценок, среднее: 0,00 тен 5)
Загрузка...