Патологиялық анатомия бойынша дәрістер
ТАҚЫРЫБЫ: Бауыр ауруларының патологиялық анатомиясы МАҚСАТЫ: Студенттерге бауыр ауруларының патоморфологиясы жөнінде түсініс беру. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ: Гепатоз – гепатоциттердің дистрофиясы мен некрозымен сипатталатын бауыр ауруы; оның тұқым қуылаушылық және жүре пайда болған түрлері болады. Бауырдың токсикалық дистрофиясы (бауырдың өршімелі массивті некрозы) – бауырдың өршімелі массивті некрозы және бауыр жетіспеушілігі дамуымен сипатталатын жедел, стрек жағдайда ғана созылмалы …