Қазақстан Республикасында халыққа бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 6 қазандағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 қазанда № 40122 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- 135
- Қабылданған күні
- 06.10.2026
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
- Қазақстан Республикасында халыққа бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
- 1-тарау. Жалпы ережелер
- 2-тарау. Бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
- 3-тарау. Ересектер мен балаларға бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
- 4-тарау. Бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсетудің деңгейлері, түрлері, нысандары мен шарттары бөлінісіндегі тәртібі
- 1-параграф. Амбулаториялық жағдайда бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
- 2-параграф. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсету тәртібі
- 4-тарау. Қазақстан Республикасындағы халыққа бет-жақcүйек хирургиялық көмек қызметкерлерінің ұсынылатын штаты
- 5-тарау. Бет-жақсүйек хирургиялық көмекті көрсету үшін ұсынылатын жарақтандырылу
- Бет-жақсүйек хирургиясы бөлімшесін ұсынылатын штат нормативтері
- Ересектер мен балалардың бет-жақ хирургиясы бөлімшелеріне арналған жабдықтар мен медициналық бұйымдардың тізімі (операциялық бөлмені қоспағанда)
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында халыққа бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасында жақсүйек-бет хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № ҚР ДСМ-53/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20687 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Альназарова |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 6 қазандағы № 135 "бұйрығымен бекітілген" |
Қазақстан Республикасында халыққа бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында халыққа бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында балалар мен ересектерге бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) бірінші деңгей - медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде медициналық көмек көрсету деңгейі;
3) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
4) екінші деңгей - мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;
5) жоғары технологиялық медициналық көмек – бейінді мамандар тиімділігі мен қауіпсіздігі ғылыми дәлелденген диагностика мен емдеудің инновациялық және (немесе) бірегей әдістерін және медицина ғылымының және ғылым мен техниканың сабақтас салаларының жетістіктері негізінде әзірленген технологияларды қолдануды қажет ететін аурулар кезінде көрсететін мамандандырылған медициналық көмектің бір бөлігі;
6) жоспарлы медициналық көмек – көмек көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмек;
7) клиникалық хаттама (бұдан әрі – КХ) – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
8) медициналық көмек көрсетудің үшінші деңгейі – жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;
9) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі - МӘМС) – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
10) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;
11) Емдеуге жатқызу бюросының порталы - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттердің жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдамаларын электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай жүйесі.
3. Ересектер мен балаларға бет-жақсүйек хирургиялық көмекті "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 тіркелді) сәйкес "Хирургиялық стоматология", "Жақсүйек-бет сүйек хирургиясы (ересектер, балалар)", "Ортодонтия", "Ортопедиялық стоматология", "Пластикалық хирургия (ересектер, балалар)" мамандықтары бойынша және (немесе) "Травматология-ортопедия (балалар)", "Пластикалық хирургия (балалар)", "Ортопедиялық стоматология" маманданулары бар, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар бейінді мамандар көрсетеді.
4. Ересектер мен балаларға бет-жақcүйек хирургиялық көмек көрсететін меншік нысанына қарамастан барлық деңгейдегі медициналық ұйымдар "Бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21761 тіркелді) сәйкес медициналық құжаттаманың бекітілген нысандарына, оның ішінде "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) сәйкес электрондық нысанда медициналық құжаттаманы жүргізуді және есептерді ұсынуды және "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ–313/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 тіркелді) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрық) сәйкес есептік нысандарға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманы ұсынуды қамтамасыз етеді.
5. Халыққа бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсету КХ ұсынымдарына сәйкес, олар болмаған кезде дәлелді базасы бар халықаралық клиникалық ұсынымдарға (нұсқаулықтарға) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Бет-жақсүйек хирургиялық көмек амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, шұғыл және жоспарлы нысандарда, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.
2-тарау. Бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
7. Бет-жақсүйек хирургиялық көмек денсаулық сақтау ұйымдарының мынадай құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады:
1) емхананың (қалалық, аудандық), көпбейінді қалалық және облыстық аурухана жанындағы консультациялық-диагностикалық орталықтардың, консультациялық-диагностикалық орталықтардың, стоматологиялық емханалардың құрылымындағы бет-жақсүйек хирургінің кабинетінде (ересек, балалар);
2) аудандық ауруханалар немесе нөмірлік аудандық ауруханалар, көпбейінді орталық аудандық ауруханалар құрылымындағы төсектернде;
3) көпбейінді қалалық және облыстық ауруханалар құрылымындағы бет-жақсүйек хирургиясы бөлімшелерінде;
4) реконструктивтік хирургиялық операцияларды жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдарының базасында тіс техникалық зертханасы және 3D компьютерлік моделдеуі бар, бет-жақсүйек протездеу кабинеттерінде (бет-жақсүйек ортопедиясы (балалар).
3-тарау. Ересектер мен балаларға бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
8. Ересектер мен балаларға бет-жақсүйек хирургиялық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері мен бағыттары мыналар болып табылады:
1) бет-жақсүйек аймағының патологиясы мен жарақаттарының профилактикасы және ерте диагностикасы, саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
2) медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, дәлелді медицина қағидаттарына негізделген КХ-ға сәйкес диагностикалау мен емдеудің заманауи технологиялары мен әдістерін қолдана отырып, бет-жақсүйек аймағының аурулары мен жарақаттары бар пациенттерге мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету;
3) операциядан кейінгі кезеңде стационардан шығарылған пациенттерге байқауды қадағалап-қарау;
4) бет-жақсүйек аймағының патологиясы бар балаларды ортодонтиялық оңалту;
5) бет-жақсүйек патологиясы бар пациенттерді динамикалық байқау;
6) медициналық көмек көрсетудің әртүрлі деңгейлерінде бет-жақсүйек патологиясы бар пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету мәселелерінде денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау және сабақтастықты сақтау;
7) медициналық көмек көрсету деңгейін ескере отырып, өңірдегі (аудандық, қалалық, облыстық) медициналық ұйымдарға консультациялық, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету.
4-тарау. Бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсетудің деңгейлері, түрлері, нысандары мен шарттары бөлінісіндегі тәртібі
1-параграф. Амбулаториялық жағдайда бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
9. Бірінші деңгейде пациент бет-жақсүйек хирургиялық патологиясына, оның ішінде бет-жақсүйек аймағының ауытқулары мен деформацияларына, бет пен мойынның жұмсақ және қатты тіндерінің қабыну ауруларына, жұмсақ тіндер мен жақ сүйектерінің жарақаттарына күдіктенген немесе емделген кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандары (фельдшер, жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевт немесе педиатр) бет-жақсүйек аймағының және олардың асқынулары, бет-жақсүйек аймағының қатерсіз ісіктері, бастың, мойынның, жақтың бет бөлігінің туа біткен және жүре пайда болған ақаулары мен деформациялары, ауыз қуысының және бет-жақсүйек аймағының қатты және жұмсақ тіндерінің, мимикалық бұлшықеттердің парездері мен салдануын қарап-тексеруді жүзеге асырады және оны бет-жақсүйек хирургіне (бұдан әрі – БЖХ дәрігері) (ересектер, балалар) консультацияға жібереді.
Пациентте онкологиялық аурудың белгілері анықталған немесе күдіктенген жағдайда медициналық көмек "Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 25167 тіркелді) сәйкес жасыл дәліз бойынша онкологиялық пациенттің маршруты бойынша жүзеге асырылады.
БЖХ дәрігері болмаған жағдайда пациентті терапевт дәрігер стоматолог-хирургқа немесе хирургқа (ересектер, балалар) жібереді, ал шұғыл көмек көрсету қажет болған жағдайда пациентті жедел медициналық жәрдем қызметі арқылы стационарға жеткізуді ұйымдастырады.
10. Шұғыл емдеуге жатқызуға көрсетілімдер мыналар болып табылады:
1) бет-жақсүйек аймағының қабыну аурулары:
әр түрлі этиологиядағы мен орналасудағы бар бет-жақсүйек аймағының абсцесі және флегмонасы;
ороантральды жыланкөзі бар және одонтогенді жоғарғы жақсүйегі синуситінің онсыз өршуі;
бет аймағындағы фурункул және карбункулы;
әртүрлі этиологиядағы мен орналасудағы жіті және созылмалы остеомиелиттің өршуі;
2) бет-жақсүйек аймағының жарақаттары:
төменгі жақ сүйектің шығып кетуі: жіті және дағдылы;
жоғарғы және төменгі жақсүйектерінің сынуы;
бетсүйек-көзұя кешені сүйектерінің сынуы;
мұрын сүйектерінің сынуы;
әр түрлі этиологиядағы бет-жақсүйек аймағының жұмсақ және сүйек тіндерінің жарақаттары;
бет-жақсүйек аймағының жанамалас және аралас жарақаттары;
3) сілекей бездерінің қабыну аурулары және зақымдануы.
11. Бет-жақсүйек хирургиялық патологиясы бар пациенттерге амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 тіркелді) сәйкес екінші деңгейде жүзеге асырылады.
12. Амбулаториялық жағдайда бет-жақсүйек хирургиялық көмек БЖХ дәрігерінің кабинетінде жүзеге асырылады. Кабинетте: қарап-тексеру кабинеті және емшара кабинеті (манипуляциялау үшін) көзделген.
13. БЖХ дәрігері қабылдауда:
1) КХ сәйкес бет-жақсүйек (ересектер мен балаларда) аймағының ауруларын (жай-күйін) қарап-тексеруді және диагностикалауды;
2) КХ сәйкес пациентті емдеу жоспарын әзірлеуді және бет-жақсүйек аймағының аурулары бар пациенттерге емдеуді одан әрі тағайындауды;
3) аппликациялық, инфильтративті, өткізгіштік анестезияны қолдана отырып, медициналық араласуларды орындауды:
4) балаларға – жараны немесе жұқтырған тіндерді, тілдің жүгеншігі пластикасын хирургиялық өңдеу; жоғарғы еріннің жүргеншігі пластикасы, төменгі еріннің жүргеншігі пластикасы, жоғарғы жақ сүйек және төменгі жақсүйектерінің сынықтарын орнына салу және бекіту, мұрын сүйектерінің жабық репозициялау, тісті жұлу және бет-жақсүйек аймағының ауруларына (жағдайларына) байланысты өзге де медициналық араласулар;
5) ересектерге – ауыз қуысының абсцессін ашып-қарау және дренаждау, жоғарғы жақсүйегінің перфорациясы пластикасы, төменгі жақсүйектің дислокациясын түзету, жоғарғы жақ және төменгі жақ сүйектерінің сынықтарын орнына салу және бекіту, мұрын сүйектерінің жабық репозициялау, жараны немесе жұқтырған тіндерді хирургиялық өңдеу, сүйекішілік стоматологиялық имплантация, тісті жұлу және бет-жақсүйек аймағының ауруларына жағдайларына байланысты өзге медициналық араласулар;
6) бет-жақсүйек патологиясы бар пациенттерді мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету үшін консультацияға және стационардың бейінді бөлімшелеріне емдеуге жатқызуға жолдауды;
7) көрсетілімдер болған кезде басқа бейінді мамандарға жолдауды;
8) "Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 тіркелді) сәйкес бет-жақсүйек патологиясымен динамикалық байқауға жататын пациенттерді динамикалық байқауды;
9) "Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 тіркелді) сәйкес бет-жақсүйек патологиясы бар пациенттерге медициналық оңалтуды;
10) бет-жақсүйек хирургиялық патологиясының профилактикасы бойынша іс-шаралар ұйымдастыруды;
11) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына сәйкес пациенттердің еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жасауды;
12) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 тіркелді) сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға куәландыру үшін еңбекке қабілетінен айрылу белгілері бар пациенттерді жолдауды;
13) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес бекітілген есепке алу құжаттамасының нысандарымен сәйкес медициналық құжаттаманы дұрыс толтыруды және жүргізуді;
14) № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына сәйкес белгіленген тәртіппен есептерді қалыптастыра және ұсына отырып, есептік құжаттаманы уақтылы дұрыс толтыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
14. БЖХ дәрігері пациенттердің жоспарлауын және операция алдында:
1) бет-жақсүйек аймағының жүре пайда болған және туа біткен ақаулары мен деформациялары бар науқастарда бет-жақсүйек аймағының өмірлік маңызды функцияларын және эстетикасын алдын-ала жасалған пластиналарды (обтураторларды), резекциялық протездерді және эктопротездерді жасау арқылы қалпына келтіруді;
2) хирургиялық кезеңді операция алдындағы жоспарлау: фотоқұжаттаманы дайындау, компьютерлік томография деректерін (бұдан әрі – КТ) пайдаланып қашықтан бейнелеу, стереолитографиялық модельдерді, сондай-ақ жоспарланған остеотомия желілерінің хирургиялық үлгілерін жасауды;
3) туа біткен ерін мен таңдай жырығы бар балаларды алғашқы тамақтандырғанға дейін алдында алдын-ала жасалған ортопедиялық құрылғыны жасау бойынша (ай сайын ауыстырумен) дайындықтарын жүзеге асырады.
15. БЖХ дәрігері пациенттерді операциядан кейінгі қадағалап-қарауды:
1) туа біткен ерін мен таңдай жырығы бар балаларға хирургиялық жолмен қалпына келтіруден (уранопластика) кейін таңдай күмбезін қалыптастыру үшін алынбайтын және алынатын таңдай пластиналарын жасауды (көрсетілім бойынша);
2) заманауи ортодонтиялық аппараттарды (алынатын, алынбайтын, ауызішілік және ауыздан тыс, механикалық, миофункционалды және аралас) қолдана отырып, тіс деформациялары мен ақауларын, тіс қатарларын және миофункционалды бұзылуларды, соның ішінде самай-төменгі жақ сүйегінің дисфункциясын ортодонтиялық емдеуді;
3) озық технологияларды, материалдарды және әдістерді қолдана отырып, балалардың, жасөспірімдер мен ересектердің күрделі тіс протездеуді;
4) заманауи материалдарды қолдана отырып, анықталған анатомиялық ерекшеліктері бар ақауларды ескере отырып, ортодонтиялық емдеуде инновациялық технологияларды енгізуді;
5) бет-жақсүйек аймағының ақаулары мен деформацияларының көлемі мен топографиясын ескере отырып, эктопротездерді өндіру әдістерін әзірлеуді және жетілдіруді;
6) емдеу-диагностикалық жұмыстың сапасын жақсартуға және бет-жақсүйек хирургиялық аурулары кезінде өлімді азайтуға бағытталған шараларды әзірлеуді және енгізуді жүзеге асырады.
16. Бет-жақcүйекті протездеу кабинетінің дәрігері:
1) жүре пайда болған және туа біткен ақаулары және бет-жақсүйек аймағының деформациялары бар пациенттерде бет-жақсүйек аймағының өмірлік маңызды функцияларын және эстетикасын обтураторларды, резекциялық протездерді және эктопротездерді жасау арқылы қалпына келтіруді;
2) операция алдында ауыз қуысына орналастырылатын иммедиат протездің немесе алынатын ішінара протездің қорғаныш пластинасы түріндегі уақытша протезді жасауды;
3) операциядан кейін 15-30 күн өткен соң формативті резекциялық протезді жасауды;
4) операциядан кейін 150-180 күн өткен соң обтурациялық бөлігі бар тұрақты резекциялық протезді жасауды;
5) бет және көз алмасының ақаулары бар пациенттерді эктопротездермен емдеуді;
6) жаналас ақаулары бар пациенттерді эктопротездермен және тұрақты резекциялық протездермен емдеуді;
7) резекциялық протездерді жасауды жетілдіруді;
8) туа біткен ерін мен таңдай жырығы бар балаларға арналған алдын ала дайындалған ортопедиялық құралды (ай сайын ауыстырумен) жасауды және қолдануды;
9) туа біткен ерін мен таңдай жырығы бар балаларға арналған бүрлі жамылғысы және массажы бар дірілдейтін обтуратор құрылғысын жасауды;
10) туа біткен ерін және таңдай жырығы бар балаларға уранопластикадан кейін (көрсетілім бойынша) таңдай күмбезін қалыптастыру үшін таңдай пластиналарын жасауды;
11) тістер мен тіс түйістерді жақсүйек-ортопедиялық түзетуді;
12) жасөспірімдер мен ересектерге арналған функционалды ортопедиялық (алынатын) және ортодонтиялық (бекітілген) емдеуді;
13) ерін жырығы синдромдарын ортопедиялық емдеуді;
14) жақ буындарының ауруларын функционалды талдау және функционалды ортодонтиялық емдеуді;
15) аурулар кезінде тістердің бағытын өзгертуді;
16) күрделі тіс протездеуді;
17) заманауи материалдарды пайдалана отырып, анықталған анатомиялық ерекшеліктері бар ақауларды ескере отырып, инновациялық технологияларды енгізуді;
18) бет-жақсүйек аймағының ақаулары мен деформацияларының көлемі мен топографиясын ескере отырып, эктопротездерді дайындау әдістерін әзірлеуді және жетілдіруді;
19) бет-жақсүйек хирургиялық аурулары кезінде емдеу және диагностикалық жұмыстардың сапасын жақсартуға және өлімді азайтуға бағытталған шараларды әзірлеуді және енгізуді;
20) бет-жақсүйек аймағының және тіс-жақсүйек жүйенің жарақаттары мен аурулары бар пациенттердің профилактикасы, диагностикалаудың және емдеудің жаңа әдістерін енгізуді жүзеге асырады.
2-параграф. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсету тәртібі
17. Стационарды алмастыратын жағдайларында бет-жақсүйек хирургиялық көмек тәулік бойы медициналық байқау мен емдеуді қажет етпейтін және күндізгі уақытта медициналық байқау мен емдеуді көздейтін жағдайларда "Қазақстан Республикасындағы стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 тіркелді) медициналық көмектің екінші деңгейінде төсек-орын беріле отырып көрсетіледі.
18. Егер пациенттің жағдайы жақсарып, стационарды алмастыратын жағдайында байқауды қажет етпейтін емдеуді жалғастыру қажет болса, пациент амбулаториялық жағдайда әрі қарай емдеуге жіберіледі.
19. Аудандық деңгейде медициналық ұйымның хирургиялық бейіннің стационарында шұғыл бет-жақсүйек хирургия көмегі көрсетіледі, онда бет-жақсүйек патологиясы бар пациенттерге көмек көрсету үшін төсектер ашылады.
20. Пациенттің орналасқан жерінде бейінді маман болмаған жағдайда, "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейдегі мамандарды жеткізу немесе пациентті медициналық авиацияны тарта отырып, екінші және үшінші деңгейлерлерде медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға тасымылдау немесе "Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22151 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-12 бұйрық) сәйкес қашықтықтан медициналық қызметтер ұсыну арқылы пациенттерге бейінді мамандармен консультация беру және консилиумдар ұйымдастыру жүргізіледі.
21. Өмірлік маңызды функциялардың бұзылу қаупі төнген кезде пациент қарқынды терапия және реанимация бөліміне емделуге жатқызылады.
22. Бет-жақсүйек патологиясы бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек КХ-ға сәйкес тәулік бойы көрсетіледі.
23. Пациентті тәулік бойы стационарға жатқызу Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тәулік бойы медициналық байқау және емдеу үшін медициналық көрсетілімдер болған кезде жүзеге асырылады.
24. Медициналық ұйымға стационарлық емделуге түскен кезде пациентті қабылдау бөлімшесінде БЖХ дәрігері (немесе хирург-дәрігер) қарап-тексереді, көрсетілімдер болған кезде пациент бет-жақсүйек хирургиялық бөлімшесіне немесе бет-жақсүйек патологиясы бар пациенттерге көмек көрсету үшін төсек-орындары орналастырылған хирургиялық бейіндегі бөлімшеге емдеуге жатқызылады.
25. Бет-жақсүйек патологиясы бар пациенттерге стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 тіркелді) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 тіркелді) бекітілген Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес тәулік бойы медициналық байқаумен жоғары технологиялық медициналық көмек ұсынылады.
26. Күрделі, түсініксіз жағдайларды дифференциалды диагностикалау кезінде диагнозды верификациялау үшін, оның ішінде № ҚР ДСМ-12 бұйрығына сәйкес қашықтықтан қатысумен консилиум жүргізіледі.
27. Ықтимал салдарын көрсете отырып, медициналық көмектен бас тарту медициналық құжаттарда, оның ішінде электрондық форматта жазбамен ресімделеді және оған пациент немесе оның заңды өкілі, сондай-ақ Кодекстің 136-бабына сәйкес медицина қызметкері қол қояды.
28. Стационарда шұғыл көрсетілімдер бойынша хирургиялық араласу диагноз қойылғаннан кейін және КХ-ға сәйкес операцияға көрсетілімдер анықталғаннан кейін дереу жүргізіледі.
29. Стационарлық жағдайларда үшінші деңгейдегі бет-жақсүйек хирургиялық көмек "Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21471 тіркелді) сәйкес денсаулық сақтау ұйымының жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге сәйкестігі туралы қорытындысы бар денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.
4-тарау. Қазақстан Республикасындағы халыққа бет-жақcүйек хирургиялық көмек қызметкерлерінің ұсынылатын штаты
30. Халыққа бет-жақсүйек хирургиялық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрігерлердің штат саны осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. Бет-жақсүйек хирургиялық көмекті көрсету үшін ұсынылатын жарақтандырылу
31. Бет-жақсүйек хирургиялық патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
| Қазақстан Республикасында халыққа бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша |
Бет-жақсүйек хирургиясы бөлімшесін ұсынылатын штат нормативтері
1. Стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және/немесе олардың құрылымдық бөлімшелері үшін штат нормативтері.
| № | Лауазым атауы | Ұсынылатын лауазым саны |
| 1 | Бөлімше меңгерушісі | Бөлімшеге 1 лауазым |
| 2 | Аға мейіргер | Бөлімше меңгерушілерінің лауазымдарына сәйкес |
| 3 | Кеңейтілген практика мейіргері (біліктілік деңгейі 5,6) | 20 төсекке 1 лауазым |
| 4 | Шаруа бикесі | Бөлімшеге 1 лауазым |
| 5 | Санитар - буфетші | 20 төсекке дейінгі бөлімшеге ауысымда 1 лауазым. |
| 6 | Санитар тазалаушы | Қазіргі заманғы жуу техникасы болған кезде 500 ден 700 м2 дейінгі алаңға қызмет көрсету үшін ауысымда 1 лауазым Қолмен тазалау кезде 300 ден 500 м2 дейінгі алаңға қызмет көрсету үшін ауысымда 1 лауазым |
Медициналық көмек көрсету деңгейі бойынша төсектер (ересектер/балалар)
| р/н | Төсек бейіні | Б1 БЖХ дәрігерге және мейіргердің тәулік бойы 1 постына және кіші ммейіргердің тәулік бойы 1 постына төсек саны | |||||||
| Аудандық, орталық аудандық ауруханалар* үшін | Қалалық ауруханалар үшін | Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың ауруханалары үшін | ҒЗИ, ҰО және республикалық орталықтар үшін | ||||||
| ересектер | балалар | ересектер | балалар | ересектер | балалар | ересектер | балалар | ||
| 1 | Бет-жақсүйек хирургиясы (стоматологиялық) | 16 | 16 | 12 | 12 | 10 | 10 | 8 | 8 |
Қосымша:
| 1 | Стоматолог дәрігер | балаларға арналған бөлімшелерінде тәулік бойы 1 пост |
| 2 | Стоматолог дәрігер | ересектерге арналған бөлімшелерінде тәулік бойы 1 пост |
| 3 | Мейіргер | 1 балаларға арналған бөлімшелерінде 1 пост |
2. Амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелеріндегі штаттық нормативтері
| Лауазымы | Штат бірліктерінің саны | 1 лауазымға шаққандағы халық саны |
| БЖХ дәрігері | 1 | 200 000 ересек және 100 000 бала |
| Мейіргер | 1 | 1 хирург-дәрігерге |
| Таңу мейіргері | 1 | 1 кабинетке |
| Қазақстан Республикасында халыққа бет-жақсүйек хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша |
Ересектер мен балалардың бет-жақ хирургиясы бөлімшелеріне арналған жабдықтар мен медициналық бұйымдардың тізімі (операциялық бөлмені қоспағанда)
| № р/с | Жабдықтың (жарақтандырудың) атауы | талап етілетін саны, дана. |
| 1 | Дербес компьютері бар және "Интернет" ақпараттық-коммуникациялық желісіне шығатын бөлімше меңгерушісінің жұмыс орны | 1 |
| 2 | Дербес компьютері бар және "Интернет" ақпараттық-коммуникациялық желісіне шығатын дәрігердің жұмыс орны | кемінде 1 |
| 3 | Дефибриллятор | 1 |
| 4 | Стоматологиялық диатермокоагулятор | 1 |
| 5 | Стерильді құралды сақтауға арналған камера | 3 |
| 6 | Ларингоскоп | 3 |
| 7 | Амбу қабы | 3 |
| 8 | Төсекжараға қарсы матрац | кемінде 1 |
| 9 | Стоматологтың құралдар жинағы | 2 |
| 10 | Ортодонт - стоматологтың құралдар жинағы (балалар) | 2 |
| 11 | Емшара жиынтығы | 1 |
| 12 | Құндақтау үстелі (балалар бөлмесі) | кемінде 1 |
| 13 | Әр түрлі жастағы балаларға арналған манжеттері бар қан қысымын өлшейтін тонометр | кемінде 3 |
| 14 | Стерильді құралдар мен материалдарды сақтауға арналған стерилизациялық қорап (бикс) | кемінде 3 |
| 15 | Сырғытқы арба | кемінде 1 |
| 16 | Стоматологиялық қарап - тексеруге арналған кресло | кемінде 1 |
| 17 | Функционалдық керует | төсек саны бойынша |
| 18 | Медициналық қарап-тексеру кушетка | кемінде 3 |
| 19 | Бет-жақсүйек хирургиялық жиынтығы | кемінде 3 |
| 20 | Негатоскоп | кемінде 5 |
| 21 | Қабырғаға ілінетін ультракүлгін бактерицидті сәулелендіргіш (үй-жайлар үшін) | кемінде 5 |
| 22 | Хирургиялық вакуумды сорғышы | кемінде 3 |
| 23 | Жылжымалы реанимация жинағы | кемінде 1 |
| 24 | Ауыз-қуысының кеңейткіші | кемінде 3 |
| 25 | Көлеңкесіз медициналық жылжымалы шам | кемінде 3 |
| 26 | Стерилдеуші құрылғы | кемінде 3 |
| 27 | Стетофонендоскоп | кемінде 3 |
| 28 | Манипуляциялық үстел | кемінде 4 |
| 29 | Төсек жанындағы үстел (тумба) | төсек саны бойынша |
| 30 | Аспаптық үстел | кемінде 3 |
| 31 | Таңу үстелі | таңу саны бойынша |
| 32 | Құрғақтандырғыш шкафы | кемінде 3 |
| 33 | Пациентке арналған орындық | Төсек санына байланысты |
| 34 | Науқасқастарды тасымалдауға арналған арба | 10 төсекке 1 |
| 35 | Медициналық жуғыш | кемінде 1 |
| 36 | Дәрілік заттарға арналған тоңазытқыш | кемінде 3 |
| 37 | Операциялық киім мен құрал-саймандар жиынтығына арналған шкаф | кемінде 3 |
| 38 | Дәрілік заттарға арналған шкаф | кемінде 3 |
| 39 | Медициналық шкаф | кемінде 3 |
| 40 | Медициналық штатив (инфузиялық штатив) | кемінде 10 |
| 41 | Тіл ұстаушы | кемінде 3 |
| 42 | Құралдарды дезинфекциялауға арналған сыйымдылық (контейнерлер) | кемінде 6 |
| 43 | Тұрмыстық және медициналық қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылық | кемінде 3 |
| Құрылымында ересек және балалар бет-жақсүйек хирургиясы бөлімшесі құрылатын операциялық (операциялық блок) медициналық ұйымды жарақтандыру (операциялық блок онда жабдықтың аталған позициялары болмаған кезде жарақтандырылады) | ||
| 1 | Шығын материалдары бар дистракциялық остеосинтезге арналған аппарат | 1 |
| 2 | Бет-жақсүйек аймағының сүйектеріндегі остеотомия және остеосинтезге арналған құрылғы | 1 |
| 3 | Аспиратор (сорғыш) хирургиялық | кемінде 2 |
| 4 | Дефибриллятор | 1 операциялық үстелге |
| 5 | Венаішіне құюға арналған автоматты инфузоматы | кемінде 2 |
| 6 | Операциялық бөлмеге арналған жиһаз жиынтығы | операциялық үстелге 1 |
| 7 | Стерильді хирургиялық құралдар мен материалға арналған контейнерлер | кемінде 6 |
| 8 | Медициналық бұйымдарды зарарсыздандыру алдындағы тазартуға, дезинфекциялауға және зарарсыздандыруға арналған контейнер (сыйымдылық) | кемінде 4 |
| 9 | Операциялық монитор, оның ішінде: - қан қысымын инвазивті емес өлшеу; - жүрек соғу жиілігін бақылау; - электрокардиограмманы бақылау; - гемоглобиннің оттегімен қанығуын бақылау (импульстік оксиметрия); - соңғы шығарылатын газдағы СОг бақылау; - термометрияны бақылау; - тыныс алу жиілігін бақылау; - перифериялық перфузия коэффициенті | операциялық үстелге 1 |
| 10 | Интубациялық жиынтық | кемінде 3 |
| 11 | Шығын материалдары бар трахеотомияға арналған құралдар жинағы | кемінде 1 |
| 12 | Бет-жақсүйек хирургиялық жиынтығы | кемінде 3 |
| 13 | Шығын материалдары бар бет-жақсүйек аймағындағы сүйекпластикалық операцияларға арналған құралдар жинағы | кемінде 3 |
| 14 | Маңдай жарықтандырғыштары | кемінде 2 |
| 15 | Үш газбен (О2, N2O, ауа) желдету мүмкіндігі бар, ингаляциялық анестетиктерге арналған буландырғыштары бар (изофлуран, севофлуран) газ талдауға арналған блогы бар анестезиялық-тыныс алу аппараты | операциялық үстелге 1 |
| 16 | Көзілдірік / қорғаныс қалқандары | кемінде 4 операциялық үстелге |
| 17 | Уранопластикаға арналған жақ сүйегінің ауыз-қуыс кеңейткіші(балаларға) | кемінде 1 |
| 18 | Көлеңкесіз хирургиялық шам | кемінде 1 |
| 19 | Аспирациялық дренаждық жүйелер | кемінде 1 |
| 20 | Диспенсерлер мен инфузоматтарға арналған сөре | кемінде 1 |
| 21 | Инфузиялық жүйелерге арналған тірек (штатив) | кемінде 1 |
| 22 | Аспаптық үстел | кемінде 1 |
| 23 | Операциялық мейіргер үстелі | кемінде 1 |
| 24 | Операциялық әмбебап үстелі | кемінде 1 |
| 25 | Шығын материалдарына арналған тартпалары бар үстел | кемінде 2 |
| 26 | Пациентті жылытуға арналған құрылғы | операциялық үстелге 1 |
| 27 | Хирургиялық моно және биполярлы тиісті құралдар жиынтығымен электрокоагуляторы (коагулятор) | операциялық үстелге 1 |
| 28 | Хирургиялық стоматологиялық ұштық | кемінде 2 |
| 29 | Хирургия мен имплантацияға арналған стоматологиялық құрылғысы | кемінде 1 |
| 30 | Электрондық-оптикалық қабылдағышы бар мобильді рентген аппараты (радиовизиограф немесе өзгеше) | 1 |
| Бет-жақсүйек протездеу кабинетін және стоматолог-ортодонт дәрігерін (бет-жақсүйек) ортопедиясы (ересектер, балалар)) тіс техникалық зертханасымен жарақтандыру | ||
| 1 | Ұштықтарға арналған автоклав | 1 дана |
| 2 | Бедерлерді дезинфекциялауға арналған аппарат | 1 дана |
| 3 | Рециркуляторлық типтегі бактерицидтік ауа сәулелендіргіші | 1 дана |
| 4 | Дәрігерлік үстел | 1 дана |
| 5 | Құралдар мен шығын материалдарын дезинфекциялауға арналған сыйымдылық | кемінде 2 |
| 6 | Тұрмыстық және медициналық қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылық | кемінде 2 |
| 7 | Тұрмыстық және медициналық қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылық | кемінде 2 |
| 8 | Креслолары бар стоматологиялық қондырғы | 1 дана |
| 9 | Тіс балғасы | 1 дана |
| 10 | Стоматологиялық білтемір (төс) | 1 дана |
| 11 | Стоматологиялық шпатель | 2 дана |
| 12 | Тіс пышағы | 1 дана |
| 13 | Резеңке колба | 5 дана |
| 14 | Құйма қасықтар | 50 дана |
| 15 | Шиналауға арналған диаметрі 2 мм алюминий сым (қаптамада 5 м.) | 2 дана |
| 16 | Бактерицидтік эмитенттері бар стерильді бұйымдарды сақтауға арналған камера | 1 дана |
| 17 | Электроодонтомер | 1 дана |
| 18 | Стоматологиялық құралдарды тазартуға арналған ультрадыбыстық қондырғы | 1 дана |
| 19 | Екі шыны сөресі бар стоматологиялық үстел | 1 дана |
| 20 | Стоматолог орындығы | 1 дана |
| 21 | Сүйек стоматологиялық сым кескіштер | 1 дана |
| 22 | Алгинатты құйма маска | 50 дана |
| 23 | Силиконды құйма маска | 50 дана |
| 24 | Спирт құйғыш шөлмегі | 2 дана |
| 25 | Майсыз компрессор | 1 дана |
| 26 | Цемент (адгезор, фосфат, кеттакцем) | 10 дана |
| 27 | Электронды шпатель | 2 дана |
| 28 | Фотополимерлеу лампасы | 2 дана |
| 29 | Ұзындығы 145 мм, жұмыс ұшының қалыңдығы 0,6 мм № 1 ЩБ крампонды қысқышы | 2 дана |
| 30 | Скейлерлер | 1 дана |
| 31 | Құралдарды дезинфекциялауға арналған құрылғы | 2 дана |
| 32 | Ұзындығы 150 мм жалпы мақсаттағы пинцет | 2 дана |
| 33 | Скальпельдің әралуан түрлері, бір реттік | 50 орау |
| 34 | Стоматологиялық айна | 10 дана |
| 35 | Стоматологиялық айна тұтқасы, ұзындығы 136 мм | 10 дана |
| 36 | Иілген стоматологиялық № 1 ЗИ зонды | 10 дана |
| 37 | Стоматологиялық үшкір зонды № 2 ЗШ | 10 дана |
| 38 | Иілген тіс пинцет | 10 дана |
| 39 | Стоматологқа арналған қорғаныш пластикалы көзілдірігі | 2 дана |
| 40 | Цемент үшін стоматологиялық шпатель, екі жақты ұзындығы 180 мм | 10 дана |
| 41 | Цемент илеуге арналған шыны табақ | 10 дана |
| 42 | Бір өткір ұшы бар түзу қайшылар, ұзындығы 140 мм | 2 дана |
| 43 | Жалпы қолданыстағы анатомиялық пластика тәрізді ұзындығы 150 мм пинцеті | 4 дана |
| 44 | Карпульный шприці | 2 дана |
| 45 | Кремальерасы бар үлкен ауыз-қуысының кеңейткіші | 2 дана |
| 46 | Бүйрек тәрізді пластмастан жасалған ыдысы | 10 дана |
| 47 | Бүйрек тәрізді эмальданған ыдысы | 10 дана |
| 48 | Медициналық термометр | 5 дана . |
| 49 | Дөңгелек тесіктері бар екі жақты тіл шпателі | 10 дана |
| 50 | Ересектерге арналған тіл ұстаушы | 2 дана . |
| 51 | 150 мл бөтелкедегі гауһар тасты стоматологиялық құралдарды тазартуға арналған сұйықтық | 2 флакон |
| 52 | Анестетиктер | 5 орау |
| 53 | Карпулды инъекция | кемінде 3 |
| 54 | Полимерлеу лампасы | 1 дана |
| 55 | Стоматологиялық аспаптарға арналған дезинфекциялық зат | 20 дана |
| 56 | Бір кесіндісі бар конустық тіс кескіш | 5 дана |
| 57 | Тіс дәрігері ортопедіне турбиналық бұрыштық және түзу ұштыққа арналған қатты қорытпалы бұрғылар жиынтығы бір жылдық жұмысқа арналған | 3 дана |
| 58 | Турбиналық ұштар (микромоторға арналған тік және бұрышты, турбиналық) | 4 дана |
| 59 | Турбиналық ұштарға арналған тіс қашауыштарының жиынтығы | 2 жинақ |
| 60 | Ортодонтиялық қысқыштар мен қысқыштар жиынтығы | кемінде 3 |
| 61 | Дискілер | 5 дана |
| 62 | Түзу көз қайшы | 2 дана |
| Стоматологиялық зертханаға арналған жарықтандыру (кабинет (балалар, ересектер)) | ||
| 1 | Стоматологиялық бормашина | 2 дана |
| 2 | Тісті бұрғылауға арналған ұштық | 2 данадан кем емес |
| 3 | Пластмассаны полимерлеуге арналған стоматологиялық полимеризатор | 1 дана |
| 4 | Стоматологиялық полимеризаторға ауа беруге арналған компрессор | 1 дана |
| 5 | Тіс технигі үстелі | 2 дана . |
| 6 | Тіс протездеу бұйымдарын өңдеуге арналған әртүрлі қатты қорытпалы стоматологиялық фреза | 50 дана |
| 7 | Модельдік композицияға арналған таттанбайтын болаттан жасалған электрлі шпателі | 3-5 дана |
| 8 | Жасанды тістер | 100 гарнитура |
| 9 | Негізгі балауыздар 500 г. | 15 орам |
| 10 | Модельдеу балауыздары | 10 орам |
| 11 | Ортопедиялық пластмассаны полимерлеуге арналған үлкен кюветтер | 10 дана |
| 12 | Кювет жинауға арналған бюгель | 10 дана |
| 13 | Окклюзиялық бетті орнатуға арналған окклюзатор | 10 дана |
| 14 | Протездерді орауға арналған пресс | 1 дана |
| 15 | Протездерді жылтыратуға арналған сүзгіштер, щеткалар, резеңке шеңберлер | 20 дана |
| 16 | Гипс кескіш триммері | 1 дана |
| 17 | Металл тәждерді қалыптастыруға арналған тіс балғасы | 2 дана |
| 18 | Тіс қабын келтіргіш металды білтемірі (төс) | 2 дана |
| 19 | Тіс технигі құралдарын кесу және модельдеу үшін тіс шпателі | 2 дана |
| 20 | Тістің көшірме үлгісі материалын араластыруға арналған резеңке колба | 2 дана |
| 21 | Тіс технигі жұмысына арналған пинцеттер | 5 дана |
Іздеу атаулары: №135 бұйрық, 135-бұйрық, приказ 135, жүз отыз бесінші бұйрық, 135 бұйрық скачать.