Энурез

Энурез (грекше enureo зәрлену ) яғни түнгі зәрдің еріксіз шығуы немесе түнде зәрді ұстай алмау деген мағына береді. Энурездің балалар арасындағы жиілігі 2,3 %-дан 28,1%-ға  дейін онымен көбінесе ұл балалар зақымданады.
Энурезбен ауырудың жиілігі  3 жасқа дейінгі балаларда 40% -ды,6 жасқа дейінгі балаларда -10%-ды, ал 12 жасқа дейінгі балаларда 3%-ды және 18 жасқа дейінгілерде 1%-ды құрайды. Энурез 3-12 жас аралығындағы балалардың 10%-да кездеседі және пубертат басына дейін өтеді.

Жанағы айтып өткен пайыздық көрсеткіштер ішінен үлкен емес топ ерекшеленеді (0,2%-ға дейін), осы балаларда энурез түнгі эпилептикалық ұстамалардың белгісі болып табылады.Эпилептикалық энурезге пароксизмның қысқалығымен олардың периоттылығы тән болып табылады.

Бастапқыда энурездің кез келген түрі біріншілік және екіншілік болуы мүмкін. Біріншілік энурез зәр шығаруды бақылау қабілетінің бұзылуы салдарынан туындайды, ал екіншілік болса жүре пайда болған болып табылады. Ол стабильді түрде зәр шығаруды бақылай алу кезінде көрінеді.

Энурездің мүмкін болатын себептері:

  • Мидың және жұлынның ақаулары(органикалық энурез)
  • Ауыр туа біткен немесе жүре пайда болған психикалық ақаулар(психопатикалық энурез)
  • Зәр жыныс жүйесінің дисплазиясы(диспластикалық энурез)
  • Жіті және ауыр психотравма(невротикалық энурез)

Осы көрсетілген  энурез формаларынан энурезді бірге қосарланып жүретін ауыру екеніне назар аудару керек.

Энурезге алып келетін себептер:

  • Жүйке жүйесінің толығымен жетілмеуі
  • Қуықтың жеткілікті көлемінің болмауы
  • Гормональді дисфункция (антидиуретикалық гормонның бөліну циклының бұзылуы)
  • Соматикалық аурулар:қантты диабет,зәр шығару жолдарының инфекциясы
  • Стресстік жағдайлар

Энурез клиникалық көрінісі

Энурезбен ауыратын балалардың көбінде ұйқысы өте терең,ұйқыға кету уақытының ұзақтығымен және ауыр оянумен көрінеді.Жиі энурез ұйқының басқада ерекшеліктерімен бірге жүреді оларға ұйқы кезінде қозғалысты мазасыздану,ұйықтап жатып сөйлеу,ұйқы кезінде тұрып жүріп кету т.б

Энурез диагностикасы

  • Энурезбен ауыратын балалардың барлығы зерттеуді қажет етеді. Өйткені зерттеу энурездің себебін ғана анықтап қоймай сонымен қатар басқа да зәр шығару жүйесінің ақауларын анықтауға көмектеседі.
  • Энурезбен ауыратын науқастарға урофлоуметрикалық зерттеу жүргізу керек (қуықты функциональді бағалау). Рентгенконтрастты зерттеу әдістері цистография (қуықты арнайы контрастты затпен толтыру арқылы зерттеу)
  • Микционды цистография (дәл цистографияға ұқсас бірақ науқастың зәр шығаруы кезінде зерттейді)
  • Бүйректің және қуықтың УДЗ-і, цистоскопия көрсеткіш бойынша қолданылады.
  • Кейде омыртқаның рентгенографиясы қажет

Энурезбен ауыратын балаларды уролог, педиатр, невропатолог, ЛОР дәрігерлер бірігіп зерттеу жүргізеді.
Инструментальді зерттеулер тек зәр шығару жүйесінің органикалық ауруларында қажет, Алексеев-Шрамм симптомы (артқы уретрада ұрықты төмпектің пайда болуы), және цистограммада “тіл” симптомының пайда болуы қуықтың сфинктерінің жабылу қабілетінің бұзылуын көрсетеді. Аурудың нақты белгісі болып түнде төсекке зәр шығару болып табылады.
Осыған байланысты ең қиындықты диагностика емес экспертиза алады.

Балалардағы энурезді емдеу

Энурезбен ауыратын 6-10 жастағы балаларды урологиялық зерттеуден өткізу керек.Адекватты терапия алынған зерттеу қорытындыларына бойланысты жүргізіледі.

Кіші жастағы балаларға келесілер тағайындалады:

  • Ұйықтағанға дейін 2 сағат бұрын су ішуді тоқтату
  • Түнде баланы кіші дәретке отырғызу (мәжбірлеу арқылы зәр шығару)
  • Психиканы қоздырушы және тітіркендіруші әсерлерді тоқтату (теледидар, қозғалмалы ойыншықтар)
  • Памперстарды қолдануды тоқтату (памперстар тітіркендіруші әсерді алады және рефлекстың дамуын баяулатады)
  • Фитотерапия (седативті емдік шөптерді қолдану:мята,валериана,пустырник)
  • Жалпыға ортақ физикалық әсерлер (таңертеңгісін контрастты душ және т.б)

Ең алдымен дамудың ақауларын жояды, жергілікті және ортақ ауруларды жояды. Қуықтың қозғыштық қасиетін төмендету үшін белладонна 1-5 тамшы қабылдауға және атропин сульфат 0,00005-0,0005 г ұйқы алдында күнде бірнеше айға тағайындайды.

Ұйқының тереңдігін қысқарту үшін қытай лимоннигының тұнбасын 2 тамшыдан күніне бір рет ұйқыға дейін 15 мин қалғанда. Хлозепидті 2,5-5 мг ұйқы алдында, имизинді 10-20мг ұйқыға дейін 30-60мин қалғанда және адиурекринді эндоназальді 0,01-0,03 г түнде қолдану жақсы нәтиже береді.
Профилактика. Ең шешуші болып бұл жағдайда баланы дұрыс тәрбиелеу болып табылады: дымқыл жаялықтарды ауыстырудың жаңа түрлері, тұрақты түрде кіші дәретке отырғызып арнайы рефлекстерді қолдану (мысалы: ағып тұрған су дыбысы) арқылы үйрету. Ұйқының дұрыс уақытын сақтау және тамақтануды уақытында тұрақты сақтау.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!