Ес бұзылыстары

Ес дегеніміз информацияны жинақтау, сақтау және қажет жағдайда жиналған дағдылар мен тәжірибелерді іске асыру.

Естің түрлері:

  • Қысқа уақытты және ұзақ уақытты
  • Механикалық және ассоциативті

Естің негізгі компоненттері:

  • Фиксация
  • Ретенция
  • Репродукция
  • Ұмыту

Естің бұзылу түрлері: 

  • Сандық (дисмнезия)
  • Сапалық (парамнезия)
ес бұзылысы
Естің бұзылуы

Дисмнезия (Сандық) келесідей болып жіктеледі:

  • Гипермнезия -науқас адамның есіне өткен оқиғалар ретсіз, ұсақ-түйектеріне дейін түсіп, ойлау процесіне, жаңа информацияны қабылдауына кедергі келтіреді. Жиі маниакальді синдромда, кейде психотропты заттарды қолданғанда кездеседі.
  • Гипомнезия -естің барлық функцияларының,әсіресе бекітудің әлсіреуі. Науқас адам жаңа атаулар мен мерзімдерді, болған оқиғаларды есіне сақтай алмай қиналады. Жиі себебі болып мидың органикалық аурулары, әсіресе атеросклероз табылады. Бірақ психиканың функционалды бұзылыстары кезінде де (астениялық синдром, шаршау) болуы мүмкін.
  • Амнезия естегі информацияның жоғалуы.

Ол (амнезия)өз кезегінде келесідей болып бөлінеді:

  • Ретроградты ауру пайда болғанға дейінгі немесе жарақатқа дейінгі оқиғалардың естен шығуы. Жиі тікелей сананың жоғалуы немесе аурудың басталуы алдында болған оқиғалар мен деректерді еске түсіре алмайды.
  • Бекіту естің фиксациялық (бекіту) функциясының төмендеуі немесе жоғалуы. Науқас адам жаңа ғана естіген, көрген, оқыған информацияны есте сақтай алмайды, бірақ ауру басталғанға дейін болған оқиғалардың барлығы есінде бар, профессионалдық дағдылары сақталған, бірақ жаңа ситуациаларда науқастың дезориентировкасы болады.
  • Антроградты аурудан кейінгі тікелей іле-шала болған оқиғаларды естен жоғалту. Жиі себебі болып сананың бұзылыстары (сананың бұлыңғыр болуы) табылады. Бұл жағдайда есте бекіту функциясы тез қалпына келеді.
  • Өрістеуші Рибо заңына сәйкес алдымен есте сақтау қабілеті төмендейді (гипомнезия), кейін жақын арада боған оқиғалар, одан кейін бұрын өткен оқиғалар ұмытылады. Алдымен неғұрлым ұйымдасқан (ғылыми, абстракті) білімдер естен жоғалады. Ұзақ уақыт бойы эмоционалды тұрғыдан әсер қалдырған (балалық, жастық шақ), автоматтанып, жаттықтырылған дағдылар есте сақталады.
  • Конградты бұл амнезия сананың жоғалуы кезінде пайда болады, яғни кома немесе сопор жағдайында науқас адам информацияны қабылдай алмай, естің функциялары бұзылады.
  • Ретро- антероградты

Парамнезия Грекше para – жақын, осы арада + mneme – ес, естелік. Жалған, қате естеліктер.

Парамнезия:

  • Псевдо- реминисценция науқас адам есінен жоғалған уақыт аралығын шын мәнінде, бірақ басқа уақытта болған оқиғалармен толтырады. Естің иллюзиясы деп те атайды.
  • Конфабуляция ( латынша con + fabula -әңгімелеу, ертегі) Науқас адам есінен жоғалған уақыт аралығын шын мәнінде болмаған, өзі шығаран оқиғалармен толтырады. Естің галлюцинациясы деп те аталады.
  • Криптомнезия ( грекше kriptos-құпия + mneme-естелік) науқас адам кітаптан, түсінен немесе басқа адамдардан алған мәліметпен есінен жоғалған уақыт аралығын толықтырады.
  • Эхомнезия  (Пиктің редуплицирлеуші парамнезиясы) науқас адамда осы шақта болып жатқан оқиғаға ұқсас оқиға өткенде болған тәрізді сезім туады. Дежа-вю-ға қарағанда пароксизмальді қорқыныш сезімі жоқ және өткен мен қазіргі оқиға арасында тек ұқсастық сезімі бар.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!