Психиатриядағы синдромдар. Жіктелуі

Негізгі психопатологиялық синдромдар. Психикалық аурулардың жіктелуі.

Позитивты және негативты синдромдар

Психопатологиялық синдромдар- түрлі сырқаттанған үрдістердің ағымымен байланысты болатын жоғарғы психикалық функцияларының бұзылыстарының жиыны. Осы психопатологиялық синдромдардың негізінде психикалық аурулардың көрінісі туындайды. Синдром аурудың  ауырлық дәрежесін және сапалық ерекшеліктерін анықтайды. Психикалық сырқат кезінде симптомдар полиморфизмі орын алатынына байланысты синдромалды анализге маңызды орын беріледі.

Психопатологиялық синдромдардың  жіктелуі.

  • Қарапайым  (бір синдром)
  • Күрделі  (бірнеше синдромдар)
  • Позитивты (елес – сандырақтық, кататониялық, аффективты және т.б.)
  • Негативты (психопатиялық, амнезиялық, апатиялық, олигофрения, деменциялық)

Негативты және позитивты симптоматика көп синдромдарда қатарласып жүреді. Мысалы, Корсаков синдромында негативты көріністер ( өмірдің оқиғаларының ұмытылуы, критиканың төмендеуі) және позитивты көріністер ( конфабуляциялар) орын алады.

Астениялық синдром

Бұл синдром нерв – психикалық әлсіздік жағдайы. Психиатрияда және неврологияда ең жиі тараған синдром. Ол психиканың сандық бұзылыстарын көрсетеді. Оның негізгі көрінісі- психикалық астения. Оның 2 варианты бар:

  • гиперстениялық
  • гипостениялық

Гиперстениялық түріне тән:

  • Тітркендіргіштік
  • Эмоциялық лабильділік және әлсіздік
  • Гипобулия
  • Ес қабілетінің бұзылуы
  • Метеопатия
  • Вегетативтіқ өзгерістер ( іш қату, іш өту, гипергидроз, бас ауырсынуы, тахикардия, акроцианоз, ұйқының бұрмалануы – инверсия)
  • Ойлаудың бұзылуы

Гипостениялық түріне тән:

  • Физикалық астения
  • Шаршағыштық
  • Пессимизм
  • Жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі
  • Ұйқышылдық. Демек таңертең әлсіздік, ұйқыдан нәр алмауы, баста ауырлық сезімнің сезінуі.Кездесуі
  • Соматикалық аурулар ( жұқпалы және жұқпалы емес)
  • Интоксикация
  • Органикалық және эндогенді психикалық аурулар ( шизофрения, эпилепсия)
  • Невроздар

Истериялық синдром– психика, моторика, сезім, сөйлеу және сомато-вегетациялық бұзылыстармен сипаталатын синдром. Мұнда негізгісі өзіне көңіл аударту. Оған келесі бұзылыстар тән:

  • Психика бұзылыстары ( астения, субдепрессия, амнезия, фобия,ипохондрия, эмоция әлсіздігі)
  • Қозғалыс бұзылыстары ( классикалық үлкен истериялық ұстама, истериялық парез бен параличтер, ступор, контрактура, абазия, астазия, дисфагия)
  • Сезімнің бұзылыстары ( анестезия, парестезия, амавроз, гемианапсия, скатома, адигестия)
  • Сомато-вегетациялық бұзылыстар ( асқазан-ішек трактінің парезі, іш қату, анорексия, метеоризм, жүрек айнуы, бас айналуы, синкопалды жағдайлар, кардиалгия, акроцианоз, кейде викарлы қан кетулер жыныстық әуестіктің бұзылуы, жалған жүктілік сезімі)

Кездесуі

  • Шизофрения
  • Истериялық невроздар
  • Мидың органикалық аурулары
  • Төтенше жағдайлар
  • Реактивты психоздар

Жабысқақ жағдайлар синдромы

Обсессивты синдромға тән:

  • Жабысқақ еске алулар
  • Қозғалыс ритуалдары
  • Антипатияны көндіру сезімі

Кездесуі:

  • Психопатия
  • Шизофрения
  • Мидың органикалық бұзылыстары

Фобиялық синдром

Көптеген жабысқақ қорқыныш сезімдермен көрінеді. Қазіргі кезде 600- ге тарта фобиялардың ( агарофобия, мизофобия, нозофобия) түрлері бар.Науқас адамда қозғалыс ритуалдары ерте көрініс береді.

Кезедесуі:

  • Невроздар
  • Шизофрения
  • Мидың органикалық бұзылыстары.

Депрессивті синдром  көңіл –күйдің төмендеуімен, психомоторлық сөздік және қимылдық тежелумен сипатталады. Науқастың хал-жайы нашар, айырықша мұң еңсені езе түседі. Ауру уақытының көбін бір сарынды,жаңтайған күйінде өткізеді немесе төсекке жатуға тырысады. Әдетте науқас ештеңе туралы сұрамайды,сұрақтарға ұзақ кідірістен кейін жауап береді. Ойлары ауыр, естеріңе өмірінің ең қолайсыз сәттері түседі, бар жақсылық ығыстырылып қалады. Бұл жағдайда кеуде мен бүкіл денеде қолайсыз сезім, ауырлық байқалады. Бет кескіні қатып қалғандай, мұңлы көрінеді.Ауру өзін түкке тұрғысыз, күнәхар сезініп, өзіне қол жұмсауға тырысады. Депрессивті синдромға сезімсіздік, яғни психикалық анестезия тән.Ауруды қуаныш та, қайғы да толғандырмайды. Депрессивті синдромға соматовегетативті бұзылыстар да тән:ұйқының бұзылуы, тәбеттің жоғалуы, іш қату, тахикардия, мидриаз.

Депрессивты синдром

Оған тән: депрессивтік үштік

  • Көңіл-күйінің төмендеуі
  • Идеаторлық ( интеллектуалдық) мелшию
  • Моторлық мелшию

 

  • Ипохондриялық, өзін-өзі кінәлау сандырағы
  • Гипобулия
  • Ұйқы бұзылыстары ( ұйқы қысқа, беткей, ерте ояну)
  • Соматикалық бұзылыстар ( шырышты қабықшаларының құрғақтылығы, тахикардия, іш қату, мидриаз, артериялық қысымның жоғарлауы, дене салмағының азаюы)

Кездесуі: Эндогенды депрессиялар (МДП, шизофрения)

Депрессия түрлері:

  • депрессивті ступор-толық қимылсыздық, мелшиіп қатып қалу, кейде кенеттен сұрапыл жабырыңқы қозумен алмасуы мүмкін(raptus melancholicus).
  • Сандырақты депрессия-депрессивті синдромның ең басты белгісі сандырақ болады.
  • Үрейлі депрессия-қамығуға қарағанда мазасыздақ, үрей басу басым болып, қимылдық белсенділік тән болады.
  • Жасырын, соматикалық депрессия- клиникада соматовегетативті бұзылыстар басым болып, типтік депрессивті симптомдар әлсіз білінеді немесе жоқ болады. Бұл жағдайлар эндогенді депрессияға, негізінен МДП-ң депрессивті фазасына,шизофренияға, инволюциялық меланхолияға тән.

Лавирленген субдепрессия түрлері

  • Алгиялық-сенестопатиялық варианты
  • Агрипиялық варианты ( ұйқы бұзылыстары)
  • Вегето-висцералдық варианты ( пульс лабилділігі, артериялық гипертензия,тахипноэ, гипергидроз, дизуриялық бұзылыстар, қалтырау сезімі, субфебрилды дене қызуы)

Көпшілік жағдайда диэнцефалды-гипоталамустық пароксизмдерде, вазомоторлық аллергиялық бұзылыстарына, бронх демікпеге ұқсас болады.

  1. Психопатияға ұқсас варианты (үйден кету, бағынбау, жалқаулық ). Көп жағдайда жасөспірімдерде кездеседі.
  2. Наркоманиялық варианты ( алкогольды және нашақорлық масаюға ұқсас )
  3. Сексуалдық сферадағы бұзылыс варианты ( периодты және маусымдық импотенция немесе фригидтілік,)

Маңызды диагностиалық депрессия симптомдары:

  • депрессиялық көңіл-күй-көңіл-күйдің төмендеуі қайғымен, уайымдаумен, азаптанумен, еңсенің төмендеуімен және т.б. сипатталады. Және осы белгілер өміріне сай келмей, үздіксіз, ауыр болады.
  • Қызығушылықтың жоғалуы-сүйсінушілік, қызығушылық, рақатқа бөлену төмендеп немесе жоғалады.
  • энергияның жоғалуы-шаршағыштық, әлсіздік, қуаттылықтың жоғалуымен сипатталады. Бір істі бастап, аяғына жеткізу қиынға түседі, тіпті мүмкін емес болады.
  • Өзін – өзі қадірлеу сезімін жоғалту – өзін түкке тұрғысыз, қабілетсіз адам ретінде сезінеді, жақындарына қасірет әкелетіндігіне сенеді.
  • өзін себепсізден кінәлау – үнемі өзін бірдеңеге айыпты сезінеді.Ауру өзінің бүкіл өмірін қателіктердің тізбегі ретінде көреді, сәл-пәл елеусіз істері аса ауыр қылмыс ретінде суреттеледі.
  • суицидальді ойлар – науқаста өзін-өзі жою идеясы дамып, оған дайындалады, орын таңдайды, ешкімге айтпайды.
  • ойлау процессінің баяулауы, қиындауы – ауруға назарын аудару, ойын жинақтау,  пайымдау қиынға түседі.Науқас жаңа ақпаратты меңгере алмайтындығына, ақыл-есінің жоғалғандығына шағымданады.

ұйқының бұзылуы-ұйқы сипатының бұзылуы келесі белгілермен көрінеді:

  • түнде жиі ояну
  • ерте ұйқыдан ояну, ұйқының қашуы
  • ұйқы циклiнiң  бұзылуы: түнi бойы науқас ұйықтамай  ояу жүредi, ал күндiз ұйықтайды.
  • гиперсомния, яғни ұйқысының ұзақтығы қалыптыдан шамамен 2 сағатқа ұзақ болады,  ұйқысының сипаты өзгерiске ұшырайды.
  • Тәбет пен салмағының өзгеруi: қалыпты дене салмағының 5 % және одан жоғарғы түрде азаюына немесе көбеюiне әкелетiн тәбетiнiң төмендеуi немесе жоғарлауы.
  • Рақаттанушылықты сезiнуге қабiлетiнiң жойылуы ( ангедония ): кезiнде ұнаған  әрекеттерден рақаттану сезiмiн алуға қабiлетiнiң жоғалуы. Жиi индивид рақаттанушылықты дәмелене алмайды
  • Таңертеңгі уақытта депрессиясының тереңдеуi: әсiресе таңертең көңiл-күйiнiң төмендеуi, депрессивтi жағдайдың болуы. Индивидке ерте оянып жату, тұрып жаңа күндi қарсы алуға мұршасының болмауы тән. Кешкiге қарай депрессиялық жағдай азаяды.
  • Жиi жылау : түсiнiксiз себептерден  жиi жылау.
  • Жауапкершiлiкке қабiлеттi емес. Күнделiктi  iстер мен мiндеттерiн орындуы нашарлайды.
  • Болашаққа деген пессимизмдiк : нақты жағдайларға байланысты емес болашаққа деген көзқарасы жаман. Өзiнiң және қоғамдық жұмыстарын болашаққа деген сенiмсiздiгiнен тастап кетедi. Болашаққа деген пессимизм суицидальдi ойлар мен iстердiң негiзгi себебi болып табылады

Кездесуі

  • Невроздар
  • Циклотимия
  • Циклофрения
  • Шизофрения
  • Инволюциялық және реактивты депрессия
  • Мидың органикалық бұзылыстары

Маниакалды синдром

Маниакалдік үштік:

  • Көңіл-күйінің жоғарлауы
  • Ойлаудың тездетілуі
  • Психомоторлық қозу

 

  • Оптимизм
  • Ұлылық сандырағы
  • Гипербулия
  • Ұйқы бұзылысы ( ұйқы қысқà мерзімді, шрашағыштық сезімі жоқ)
  • Соматикалық бұзылыстар ( дене салмағының төмендеуі )

 

  • Маниакальды жағдайдың атипиялық түрлері де болуы мүмкін:
  • шатасқан маниакальды жағдай, яғни ретсіз көңіл-күйдің кілт жоғарылауы
  • ызақорлық маниакальды жағдай, яғни ашуланшақ,
  • маниакальды ступор.

Маниакальді жағдайда келесі симптомдар маңызды диагностикалық мәнге ие:

  • Көтеріңкі (экспансивті ) көңіл-күй: науқастың өміріне сай келмейтін жоғары көңіл мен ашуланшақтық.
  • Жоғары физикалық белсенділік: аяқ-қолдың, дененің себепсіз қозғалуы. Олар себепсізден-себепсіз орын ауыстырумен, тыныш отыра алмаумен көрінеді.
  • Сөзшеңділік: науқас тез, көп, айқайлап сөйлейді, көп қажет емес сөздерді қосады.
  • Дерексіздік ( отвлеченность) : ешқандай жаңалығы жоқ жағдайлар науқастың көңіл-күйін аударады, ойын бір нәрседе тоқтата алмайды.
  • Ұйқы сағатының азаюы: науқастың гиперактивтілігі мен, яғни науқастар күндізгі уақытта көп қозғалып шаршағанымен кеш жатып, ерте тұрады. Өздерін тыныққандай сезініп, жоғары белсенділікпен жұмысқа кірісуге талпынады.
  • Жыныстық құмарлық: науқас жыныстық тақырыпта көп сөйлейді, сәл таныс немесе таныс емес адамдармен жыныстық байланысқа түседі. Науқас тіпті жалаңаштанып, дәрігерге немесе медициналық персоналға әуестік жағынан дөрекілік көрсетеді.
  • Желікпе көңіл-күй: кез-келген қиындықты жеңе алатынына кәміл сеніп, атқара алмайтын міндеттерді өзіне жүктейді, ақшаны қисынсыз шығындайды, бір істің аяғына жетпей басқасына кірісіп кетеді.
  • жөнсіздік жасау: науқастың адамдармен ара-қатынасының бұзылады, қалыпты әлуметтік шектеулердің жойылады, тұрпай сөйлесу, орынсыз арсаландау байқалады.
  • назарының бұзылуы: ойлау қарқыны жоғары және  ретсіз, идеялары жылдам ауысады, тез және үзіліссіз сөйледі. Жиі рифмалар мен каламбур қолданады.
  • Өзін, асыра бағалау: өзін сынау азаяды, талантын және мүмкіндігін асыра бағалайды, мақтаншақтыққа көп орын береді, ұлылық сандырағы пайла болады.

Кездесуі

  • МДП
  • Шизофрения
  • Циклофения
  • Эпилепсия
  • Симптомдық, органикалық, интоксикациялық психоздар

 Корсаковтың амнестикалық синдромы

Бұл синдромды алғаш рет 1887 жылы С.С. Корсаков суреттеген. Ол естің қазіргі оқиғаларға бұзылуымен және болған оқиғаларға, тәжірибелік дағдыларға қатысты естің сақталуымен сипатталады. Оған:

  • Фиксациялық амнезия
  • Антероретроградты амнезия
  • Парамнезиялар
  • Амнезиялық  бағдар бұзылуы

 Кездесуі

  • Мидың органикалық бұзылулары
  • Корсаковтың  психозы
  • Ісіктер
  • Инсульттер
  • Интоксикация
  • Инфекциялық сырқаттар

 Паранойялды синдром

Ол жүйелеудің жоғарғы дәрежесімен сипатталатын І интерпретациялық сандырақ.

  • Қудалау, қызғану, ипохондриялық, шығармашылық, материалдық зақым келтіру сандырағымен сипатталады.
  • Галлюцинациялар болмайды.
  • Кейде синдромның манифестациясына өте бағалы ойлар әсер етеді.
  • Синдром сүлелі ағымға бейім.
  • Емге нашар көнеді.

Кездесуі

  • Инволюциялық психоз
  • Шизофрения
  • Пароанойялды психопатияның декомпенсация кезеңі

 Параноидты синдром

  • Оған тән:
  • Галлюцинациялар
  • Қудалау, қарым-қатынас, әсер ету сандырағы және басқалар
  • Ойлаудың бұзылулары.
  • Сенестопатиялар

Кандинский- Клерамбо синдромынан бұл синдром дәм сезу елес пен сандырағымен ерекшеленеді.Синдромның ағымында жіті, баяу және сүлелі түрлерін бөледі. Шизофренияда кездеседі.

 Кандинский- Клерамбоның психикалық автоматизм синдромы.

  • Оған міндетті түрде тән:
  • Псевдгаллюцинациялар
  • Әсер ету сандырағы
  • Психикалық автоматизм
  • Идеаторлы
  • Сенсорлы
  • Моторлы
  • Идеаторлы автоматизмдер: ойдың көп болуы, бөтен ойлардың пайда болуы, өзінің және жасалған ойлардың қайталануы. Бұған келесі феномендер кіреді.
  • Жаңғырық ойлар – өзіндік ойлар қайталанып, жаңғырық арасында интервалдар болуы, ойдың жаңғырып тұруын сезіну. Ойдың қайталануына байланысты сапалығының өзгерістері болуы мүмкін. Бұл көріністі вербальды есту галлюцинациясынан және қайталанбалы оймен салыстыру керек. «Жаңғырық – ой» кезінде қайталамалар ой ретінде қабылданады.
  • Қосымша ойлар – өзінің жеке ойлары басқа, бөтен, сырттан мидың ішіне салынған тәрізді сезінеді.  Жеке тұлға бұл ойдың қайдан келгенін білмейді. Бөтен ойдың туындауы қосымша ойдың қосылуымен бірге пайда болуын сендіреді.
  • Ойдың алынуы – жеке тұлғада өзінің ойларының  басқа күш әсерінен жоғалып жатқан тәрізді сезінеді. Ойдың қосылуындағы сияқты, басқа, бөтен әсер етуден ойдың жоғалуын сезу.
  • Ойдың таралуы – жеке тұлғаның мидағы ойлары басқа адамдармен бөлісуге, халыққа жария жасауға мүмкін сияқты сезіну.
  • Сенестопатикалық автоматизм біреудің әсер ету мақсатынан туған жағымсыз әртүрлі сезімдердің пайда болуы.
  • Кинестетикалық автоматизм ( сөзқозғалтқыш) – өз еркімен емес, басқа біреудің әсерінен туындайтын қозғалыс және әрекеттер.
  • Физикалық автоматизм – сырттан қинау арқылы туындайтын әрекетті бұзылыс.

 Кездесуі

  • Шизофрения
  • Интоксикациялық және соматикалық аурулар

 Парафрендік синдром

  • Ұлылық сандырағы
  • Көңіл-күйінің жоғарлауы
  • Әсер ету сандырағы
  • Вербалді псевдогаллюцинациялар
  • Ой үзілуі
  • Сонымен қатар конфабуляцилар кездесуі мүмкін. Мидың органикалық ауруларында интеллект және ес бұзуылуымен қатар жүреді.70% жағдайда эйфория түрінде өтеді. Түрлері:
  • Жүйеленген
  • Жүйеленбеген
  • Елестік
  • Конфабуляциялық

Кездесуі

  • Мидың органикалық аурулары
  • Нейросифилис
  • Психоздар
  • Котар синдромы – ипохондриялық саңдырақ идеясымен және өзіндік кінәлау идеясымен сәйкес үлкен масштабтағы нигилистикалық саңдырақ.
  • Капгра синдромы – өзінің жақын туыстарының ішінде ұқсайтын адаммен жиі, периодты түрде кездесетіндігін сендіреді.
  • Капгра синдромына жақын Фреголи синдромы – метаморфоза саңдырағы және оң немесе теріс екінші адам ( двойник) саңдырағы – науқас өз туыстарын бөтен адам ретінде көреді.
  • Интерметаморфозды саңдырақ қоршаған адамдар сыртқы және ішкі өзгерістерге ұшыратындығын байқайды.

Олигофрения

  • Науқас адамның алғашқы жылдарында әсер еткен немесе туа пайда болған психикалық функцияларының кемістігі. Олигофренияның критерилері:
  • Абстрактық ойлаудың әлсіздігі және айқын емес эмоция бұзылыстары
  • Интеллектуалдық дефектінің прогредиентсіз сипаты
  • Индивидтің психикалық дамуыдың баяу темпы

Этиология

  • Эндогенды және генетикалық факторлар ( хромосомды аберрациялар, ферментопатиялар)
  • Эмбриопатия, фетопатия ( құрсақішілік инфекция)
  • Перинаталды және постнаталды кезеңіндегі зиянды факторлар (асфиксия, менингэнцефалиттер, босану жарақаттары)

Түрлері

  • Дебилділік IQ 50-69
  • Имбецилділік IQ 35-49
  • Идиотия IQ 20-дан төмен

 Деменция

Интеллектуалдық фнукцияларының бұзылуымене басым сипатталатын жүре пайда болған психикалық дефект. Оған тән:

  • Білімнің жоғалтуы
  • Психикалық әрекеттің продукцияның бұзылыстары
  • Тұлға өзгерістері

Түрлері

  • Органикалық деменция ( абстрактық ойлаудың төмендеуі,естің терең бұзылыстары)
  • Лакунарлы ( критика сақталады,профессияналды дағдылар ұçақ уақытта сақаталады, эмоциялық лабильділік, тұлға ядросы сақталады)
  • Тоталды ( естің терең бұзылуы, абстракты ойлаудың терең бұзылыстары, тұлға ядросы, пейілі жойылады, Плюшкин және Абели симптомдары)
  • Эпилептикалық ( концентрациялық) деменция – ой пайымдылығы, олигофазия, тілдік стереотипиялар, эгоцентризм, өзіне ғана керекті оқиғаларды есте сақтау.
  • Шизофрениялық деменция (апатия, абулия,керемет жалқаулық,мақсаттылық жоқ,немқұрайлық, пассивтілік )

Кататониялық синдром

Оған тән:

  • Гипокинезия көріністері
  • «Ауалы жастық», капюшон симптомдары
  • Негативизм (пассивты және белсенді)
  • Каталепсия
  • Патологиялық рефлекстер (сору, ұстау)
  • Павлов симптомы

Гиперкинезия көріністері

  • Импульсивты қозғалыстар
  • Қозғалыс және тіл стереотипиялар
  • Паракинезия көріністері
  • Пантомимика
  • Эхолалия, эхопраксия, эхомимия

Сана-сезімнің сақталуымен жүретін кататониялық ступор люцидты деп, ал сананың бұзылуымен жүретін онейройдты деп аталады.

Өзінің дамуында кататониялық қозу бірнеше этаптан өтеді:

  1. Абыржу-патетикалық қозу, экзальтация, көпсөздік, бір тақырыптан екінші тақырыпқа секірумен, сөйлеудің ұғынықсыздығымен сипатталады.
  2. Гебефренді қозу-мағынасыз қиқалаңдау,  күлу,  түсініксіз істер жасауға бейімділікпен сипатталады. Ойлау қабілеті тізбекті емес, жыртылған.
  3. Импульсивті қозу-күтпеген іс-қимылдармен сипатталады. Науқастар секіреді, айқайлайды, айналасының бәрін шашады және бұзады. Эхолалиялар (айналасындағы адамдар сөзін қайталау), эхопроксиялар( қимылын қайталау),персеверация (бір ойдың басым болуы), вербигерациялар байқалады.
  4. Тілсіз қозу-интенсивті қозғалғыш қозумен жүретін сөйлеу контактысын жоғалту.

Кездесуі

  • Шизофрения
  • Эпидемиялық энцефалит Экономо

 Гебефрениялық синдром

  • Қозу
  • Жымыраю
  • Инфантилизм
  • Белсенді негативизм
  • Апатия
  • Немқұрайлық

Кездесуі: шизофренияның гебефрениялық түрі

Сана сезімінің бұзылулары

Санаулы түрлері:

  • Есенгіреу
  • Сопор
  • Кома

Сапалы түрлері:

  • Делирий
  • Онейроид
  • Аменция
  • Сананың бұлынғыр алжасуы

Делирий, оған тән:

  • Көру елестер (панорамикалық, сақина тәрізді, зоопсия, микропсия)
  • Бағдардың бұзылуы
  • Психикалық қозу
  • Қорқыныш, үрей сезімі
  • Көбінесе сананың бұзылыстары кешке қарай немесе түнде байқалады.Күндіз сананың салыстырмалы түрде қалпына келуі байқалады ( «ақ терезелер»).Бұл кезде науқас адам дұрыс жауап береді, критикасы болады. Атипиялық түрлері:
  • Мусситирлеуші
  • Профессионалды

Аменция, оған тән:

  • Ойдың байланыссыздығы
  • Контакт үзілген
  • Елестер
  • Кахексия

Нәтижесі:

  • Өлім
  • Органикалық дефект ( Косаковтың синдромы, деменция, протаргирленген астениялық жағдайлар)
  • Ұзақ соматикалық аурулар кезінде байқалады.

 Онейроид, оған тән:

  • Қорқыныш, үрей сезімдері
  • Амбивалентілік
  • Псевдогаллюцинациялар
  • Кататониялық синдромының көріністері
  • Екілік пседоориентировка
  • Жіті сезім сандырағы

Кездесуі

  • Шизофренияның жіті ұстамасы
  • Психомиметиктер ( ЛСД, кетамин, гашиш) қабылдағанда
  • Глюкокортикоидтар қабылдаған кезде

 Сананың бұлыңғыр алжасуы

  • Аяқ астынан басталуы
  • Қысқа уақытқа созылуы
  • Тез арада аяқталуы
  • Амнезия

Түрлері:

  • Сандырақтық және елестік түрі
  • Психикалық қозу
  • Бруталдық агрессия
  • Ызалы аффект

2.   Амбулаторлық автоматизм түрі. Оның варианттары:

  • Фугалар – сананың қысқа уақытқа түнілуі (бірнеше минут)
  • Транстар – ұзақ түрдегі байқалатын мағынасыз қанғымастық
  •  Сомнамбулизм – ұйықтаған кезде адамның тұрып жүруі

Кездесуі

  • Эпилепсия
  • Жарақаттар
  • Церебралды атеросклероз
  • Ісіктер

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Эпилепсия
  2. Психиатриялық аурулар ХАЖ 10 жіктелуі
  3. Психиатрия
  4. Адам психикасы. Психика функциялары
  5. Шизофрения

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!