Пельвиоперитонит

Пельвиоперитонит

Кіші жамбас перитониті (пельвиоперитонит) жергілікті перитонит формасы болып табылады. Ауру әдетте, екіншілік – инфекцияның жатыр қосалқылардан жамбас іш пердесіне өтуінен пайда болады. Кіші жамбас қуысында экссудат жиналады, оның фибринозды құрауы спайкалардың түзілуін жеңілдетіп, қабыну ошағын шектейді. Кіші жамбас қуысының қалған құрсақ қуысынан изоляциялануына төменгі ішек ілмегі мен шарбы майы әсер етеді, олар да жергілікті жабысқақ процеске қатысады. Экссудат шырышты – фибринозды, іріңді, жиі жатыр – тік ішек саңылауында (жатыр – тік ішек саңылау абсцесі) немесе сирек жағдайда біріншілік қабыну ошағының орналасуына байланысты, бүйір қалталардың бірінде жиналады.

Пельвиоперитониттің клиникалық көрінісі жалпы улану симптомдарымен, қалтырау, тұрақты жоғары қызбамен сипатталады. Тахикардия, артериалық гипотензия байқалады. Ауыру сезімі интенсивті іштің төменгі бөлігінде орналасып, сегізкөз, тік ішек, аяққа беріледі. Жатыр – тік ішек саңылауы абсцесі түзілгенде ауыру сезімі тік ішекке беріліп, ішекті қысқан тәрізді сезім пайда болады. Пельвиоперитониттің бүйір орналасуында ауыру сезімі зақымдану жағында айқын, қасағаға берілуі мүмкін. Жүрек айну, сирек құсу пайда болады. Нәжіс пен газ жүрмейді. Ішті тексергенде жергілікті ішастар қабырғасы кернелуі мен жергілікті іш перде тітіркену симптомы анықталады. Ауру ағымы организмнің қорғаныс мүмкіндігіне, микробтық флора вируленттілігіне байланысты. Науқастың қарсы тұруы жақсы болып, ем ерте жүргізілсе (абсцесс түзілгенге дейін), жамбас іш пердесінің қабынуын оперативті емсіз тоқтатуға болады. Бұл жағдайда қабыну орнында кең және тығыз өсінділер пайда болады, кейіннен тұрақты ауыру синдромына, ішек қызметі бұзылысына, бедеулікке алып келеді. Ауру ары қарай дамыса ірің бос құрсақ қуысына өтіп, жайылған перитонитке алып келеді.

пельвиоперитонит қазақша

Пельвиоперитонит диагностикасы жиі қиын болады. Процестің жергілікті болуы, пельвиоперитонит пен жатыр қосалқыларының іріңді түзілістері клиникасы ұқсастығы ажырату диагностикасын қиындатады. Диагнозды дәлелдеуге арнайы гинекологиялық зерттеу нәтижелері көрсетеді, бұл кезде жатыр – тік ішек саңылауында абсцесс болғанда артқы күмбездің темен түсіп, ауру сезімінің айқын болуы болады немесе бүйір қалталарда экссудат жиналған жағдайларда қасаға астында зақымданған жақта, жатыр түбінде ісік тәрізді түзілістің пайда болуы мен ауыру сезімі анықталады.

Шұғыл көмек дәрігер тактикасы жатыр қосалқыларының іріңді түзілістеріндегідей: гинекологиялық бөлімшеге зеңбілмен тездетіп жеткізіп, жатқызу. Науқасты тікелей кезекші дәрігерге тапсыру қажет. Пельвиоперитониттің абсцесс кезіндегі емі — оперативті. Жатыр – тік ішек саңылауы абсцесінде артқы күмбезді тіліп (кольпотомия), ол жерге дренаж қойып оны бірнеше тәулікке қалдырады. Абсцесс басқа жерде орналасса, абсцесті дренаждап, босату үшін лапаротомия жасалынады. Бір мезгілде антибактериалды, десенсибилизациялаушы, дезинтоксикациялық, жалпы ұстап тұрушы ем тағайындалады. Жекелеген жағдайларда (абсцестің клиникалық белгілерінің болмауы) консервативті ем жүргізіледі.

Ауруханаға дейінгі кезеңде тасымалдауды қамтамасыз ететін дәрілерді тағайындау қажет (витаминдер, антисептикалық препараттар).

Ұзақ әсер ететін ауыру сезімін басатын дәрілерді салуға болмайды!

Жіті гинекологиялық патологиялардың қарқынды ем алгоритмі:

  • қан кету көзі аймағына суық басу; қатаң төсектік тәртіп;
  • коллапс болса – Тренделенбург қалпын беру (оны жасай алмаса аяғын 30 градус бұрьшқа көтеру); науқасты зембілге салып көтеру
  • шок дамыса, шокқа қарсы ем жүргізу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!