Иммунизацияның кеңейтілген бағдарламасы (икб). (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы)
Бағдарламаның басты мақсаты – тұрғылықты халықтың көпшілігіне егу жұмыстарын жүргізу, егу жұмыстарының деңгейін жоғарылатудың негізгі жолдары: негізі жоқ әдіс жолдарының санын азайту және уақытша қарсылықтан соң дер кезінде егу жұмыстарын жүргізу; алдын алу егу жұмыстарына қарсы ата-аналар санын азайту.
Иммунизацияның құқықтық негіздері:
18.09.2009 жылғы ҚР «халық денсаулығы мен денсаулықты сақтау жүйесі туралы» кодексі
156 бап. Алдын алу егу жұмыстарын жүргізу
- Қазақстан Республикасы аумағындағы жеке тұлғалар кепілдік тегін медициналық көмек көрсету аясында инфекциялы және паразитті ауруларға қарсы алдын алу егу жұмыстарын алуға міндетті.
- Алдын алу егу жұмыстары жүргізілетін аурулардың тізімі, олардың реті, жүргізу мерзімі және жоспарлы егу жұмыстарына енетін тұрғын топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
2009 жылдың 30 желтоқсанынан ҚР Үкіметінің Жарғысы «Алдын алу егу жұмыстары жүргізілетін аурулардың тізімі, олардың реті, жүргізу мерзімі және жоспарлы егу жұмыстарына енетін тұрғын топтар туралы бекіту (2010 жылдың 29 маусымынан өзгерістері мен қосымшасымен).
ҚР-да балалар мыналардан қарсы иммунизацияланады:
- вирусты гепатит В
- гемофильді инфекция
- күл
- көкжөтел
- қызылша
- қызамық
- пневмококкты инфекция
- полиомиелит
- тырыспа
- туберкулез
- эпидемиялық паротит
Қазақстан Республикасының алдын алу егу жұмыстарының стратегиясы
- Қолжетімділік
- Тегін
- Эффективті иммунизация
- Иммунизацияның қауіпсіздігі
- Жаңа, соның ішінде комбинирленген ваакциналарды енгізу
- Медициналық кадрларды дайындау
- Тұрғылықты халықпен жұмыс жасау
- Нормотивті-құқықтық актілерді дайындау
Қауіпсіздік
Тұрғылықты халыққа екпе жұмыстарын жасау алдын алу іс-шараларына жатады және де ол тегін кепілденген медициналық көмек көрсету ауқымына енеді. Республика бюджеті көлемінде 14 инфекцияға қарсы екпе (вакцина) сатып алынса, жергілікті бюджет көлемінде 4 инфекцияға қарсы екпе (вакцина) алынады.
ҚР халқын иммунизациялау құжаттарының негізгі нормативтері
- 2009 жылдың 18 қыркүйегінен ҚР Кодексінің 156 бабы «Халық денсаулығы мен денсаулықты сақтау жүйесі».
- 2009 жылдың 30 желтоқсаны №2295 ҚР Үкіметінің Жарғысы «Алдын алу егу жұмыстары жүргізілетін аурулардың тізімі, олардың реті, жүргізу мерзімі және жоспарлы егу жұмыстарына енетін тұрғын топтар туралы бекіту (2010 жылдың 29 маусымы өзгерістері мен қосымшасымен).
- 2008 жылдың 04 желтоқсанынан №636 бұйрығы «Иммунизацияға қарсы көрсеткіш жайында, екпеден кейінгі асқынуларды анықтау және есеп жүргізу».
- Астана қаласы, 2015 жылдың 06 наурызынан ҚР ДСМ бұйрығы. Санитарлық ережелерді нақтылау «Халық арасында профилактикалық екпелерді жүргізудегі санитарлы-эпидемиология талаптар».
- Астана қаласы 2015жылдың 17 наурызынан ДСМ ҚР №215 бұйрығы. Санитарлы ережелерін бекіту жайында «Инфекциялық ауруларға қарсы жүргізілетін профилактикалық екпелер шараларын жүргізуге қажетті санитарлы-эпидемиологиялық талаптар».
- 2015 жылдың «24» қаңтарынан ҚР халықтық экономикалық министрлігінің бұйрығы. Санитарлық бұйрық «Денсаулық сақтау нысандарына санитарлы-эпидемиологиялық талаптар». Профилактикалық препараттарды(иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфицирлеуші) сақтау және транспортировкасы жайлы ережелерді бекіту.
Иммунизацияның эффективтілігі
- Кепілдігі бар екпені қолдану, яғни ҚР тіркелген (БСҰ сертифицияланған балаларға арналған екпе).
- Екпемен үздіксіз қамсыздандыру.
- Екпелермен қамтылу– әр әкімшілік территорияларында 95% кем емес.
- Екпе алмағандарды күнделікті анықтау және оларды иммунизациялау.
- Иммунизациялау апталығының өткізуде халықты ақпараттандыруды күшейту.
Халықтық екпе салу күнтізбесімен бекітілген мерзімге сәйкес екпе жасау жұмысының уақтылығы:
- тұрғылықты жеріне қарамастан Республиканың қай облысында орналасуына қарамастан әрбір бала кезекті екпені уақтылы алуы тиіс. Бұл ретте біріңғай екпе алу паспорты
- көрсетілген жағдайда иммундеудің медициналық ұйымының балаларды түрлі тексеріс жасауды қолдану
- екпелерді біріктіру, сондай-ақ аралас екпе жасау
Иммунизациялаудың қауіпсіздігі:
- Екпе алушыға қауіпсіздік.
- Екпе салушыға қауіпсіздік .
- Халық пен қоршаған ортаға қауіпсіздік.
Комплексті жеткізу ұстанымы – өзіндік бұзылатын (өзіндік жабылатын) шприцтермен екпелерді сатып алу және қолданылған шприцтерді қауіпсіз жинау және жою қораптарын алу.
- Жаңа екпелерді енгізу, соның ішінде аралас екпелер
- 1998 жылдан бастап ВГ қарсы «В» екпесі.
- 2005 жылдан бастап желшешекке қарсы екпе .
- 2005 жылдан бастап ККП екпесі мен АКДС+ВГВ енгізілген.
- 2008 жылдан бастап b типті «гемофильді» инфекцияға қарсы – АКДС + ВГВ + Хиб екпесі, АКДС + Хиб екпесі (тетравакцина) енгізілген.
- 2010 жылдың 1 желтоқсанынан бастап пневмококті инфекцияяға қарсы Превенар – 13
Медициналық кадрларды дайындау
Екпе салу ісіне қатысты дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер жыл сайын екпе сұрақтарына байланысты дайындық пен аттестациялаудан өтеді, екпе салуға рұқсат кәуілігін алып шығады (№ 2295 ҚР Үкіметінің Жарғысы).
Тұрғылықты жұртпен жұмыс
1.Жыл сайын иммунизация апталығын өткізу:
- брошюралар, парақтар, үндеулер, плакаттар дайындау, жүгіртпе жолақты қолдану;
- баспаларда мәлімет беру, теледидар, радиоларда үн салу, дөңгелек үстелде кездесу өткізу, пресс- конференциялар;
- тұрғылықты елмен кездесулер, қызығушылығы бар ұйымдармен, басшылармен кездесулер т.б. өткізу
2. Ата-аналармен жұмыс, медициналық ұйымдардың келуімен босану үйінен бастап жұмыс жасау.