Жұқпалы аурулармен медициналық күресте ең маңызды шаралардың бірі болып, алдын-ала егулер табылады. Қазіргі кезде сақтандыру егулері кең таралған. Әлемде жылына 1,5 миллиардтай адам егіледі. Тек біздің елімізде ғана, негізінен балаларға миллиондаған егулер жасалады. Біздің елімізде алғашқы сақтандыру егу күнтізбесі 1959 жылы бекітілді. Қазір алдын ала егу жұмыстары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкметі 2009 жылғы «30» желтоқсандағы бекітілген № 2295 Қаулысы негізінде жүргізіледі.
Алдын-ала егу жүргізілетін аурулардың тізбесі: Республикалық бюджет қаражаты есебінен мынадай инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі.
- Құтырма;
- Іш сүзегі;
- Көктемгі жазғы кене энцефалиті «В» вирусты гепатиті В типті гемофильдік инфекция;
- Дифтерия ;
- Көкжөтел;
- Қызылша;
- Қызамық;
- Полиомиелит;
- Сіреспе;
- Туберкулез;
- Оба;
- Эпидемиялық паротит;
- Дизентерия;
- Сальмонеллез.
Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мынадай инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі.
- «А» вирусты гепатит;
- Тұмау;
- Күйдіргі;
- Туляремия.