Велосипед тебудің адам ағзасына пайдасы

Велосипедтің пайдалы және зиян жақтары

Қазіргі заманда велосипед теуіп көрмеген адам жоқ шығар. Ойлап табылғанынан бастап велосипед қазіргі уақытта ең танымал әрі жеңіл үйренетін көлік түрі болып табылады. Көпшілік ғалымдар велосипедты адамзат тарихыдағы ең гениалды өнертабыс ретінде таниды.

Бүгінгі күнде велосипедтер жеңіл, ыңғайлы, жылдам әрі пайдалы болып келеді. Велосипедпен жүру бұл –спорт, хобби және емдеу, кейбір аурулардың алдын алу тәсілі ретінде белгілі. Қай жағынан қарасақ та оң жақтарын байқаймыз. Орынды түрде сұрақ туындайды, велосипедпен жүрудің адам ағзасына теріс жақтар бар ма? Осы мақалада біз екі аяқты көліктің денсаулық үшін оң және теріс жақтарын талқыламақпыз.

Өкінішке орай көпшілік Қазақстандық қалалар велосипед жүру үшін арнайы жолақшалармен жабдықталмаған. Бірақ бұл велосипед теппеуге себеп бола алмайды. Себебі ғалымдардың айтуынша велосипед ағзаның барлық ағзаларына айтарлықтай пайдалы әсер көрсетеді. Жеке жеке тоқтала кетейік.

Велосипедтің адам ағзасы үшін пайдалы жақтары:

Гиподинамияға (аз қозғалу) қарсы ең үздік жаттықтырушы. Көпшілік қала тұрғындары аз қозғалуға бейім. Олар автобуспен, көлікпен жүріп, кейін өз пәтерлерінде отырып, гиподинамияға шалдығады. Велосипед осы барлық проблемалардың ең жеңіл шешімі.

Велосипед тамаша кардио тренажер. Велосипед тебу кезінде жүрек бұшықеті белсенді қызмет етіп, ол шыныға, шымырлана түседі. Мұндай жүктемелерге күнделікті бейімделген жүрекке басқа физикалық жаттығулар жеңіл ойын тәрізді болып көрінбек.

Велосипедті әрдайым жүргізу миокард инфарктісін алдын алатынын бұрыннан дәлелденген факт. Белсенді физикалық жаттығулар қан тамырының склерозын шақыратын ТТЛП (тығыздығы төмен липопротеидтер) деңгейін төмендетеді. Және керісінше адам үшін пайдалы ТЖЛП (тығыздығы жоғары липопротеидтер) мөлшерін көбейте түседі.

Бірақ әрдайым есте ұстайтын жайт, 15 км/сағ артық жылдамдықта тік тауларға шығу, белсенді жүру тәрізді қимылдар алдын ала дайындалмаған адамдар үшін кері эффект береді. Жүрекке шектен тыс жүктеме түсіру дұрыс емес. Жаттығуларды аз мөлшерден бастап, біртіндеп көбейту керек.

Велосипед ОЖЖ қызметін қалпына келтіреді. Велосипед тебу жайсыз жағдайларды ұмытудың ең жеңіл жолы. Темір тұлпарға отырып, бірнеше километр желдей ұшып көріңізші, барлық теріс ойларыңыз басыңыздан өзі ақ кетіп қалатын болады. Циклдық спорт түрлері жүгіру, жүру, ескекті қайық, велосипедтің ең айтарлықтай пайдалы жағының бірі осында. Велосипед тебу кезіндегі монотонды қозғалыстар, біркелкі жылдамдық пен дұрыс дем алу өзінен өзі ақ Орталық Жүйке Жүйесін өз орнына қойып, оны тыныштандырады.

Көпшілік адамдар өзінің жайсыз жағдайларында клубқа бару, музыка тыңдау, алкоголь ішу секілді зиянды шараларға барып жатады. Оның бәріне қарсы бір ғана қарсы спорт түрі бар, ол Велосипед тебу (немесе басқа циклдық спорт түрлері).

Ұзақ уақыт (1 сағ артық) велосипдпен жүру, адам өкпесін толыққанды жұмыс істеуіне алып келеді. Өкпемен белсенді жұмыс істеу, ағзаға оттегінің көп түсуі және оның басқа органдарды (ми, жүрек, бұлшықет және т.б) қамтамассыз ету күшейте түседі. Әрине барлығы мегаполисті ірі қалаларда оттегі лас жерде велосипед тебу мұндай жағдайға әкеле қоймайтынын біледі. Сондықтан бұл жағдайда велосипед тебетін жолды қала шетіне қарай бұрған жөн.

Әсіресе велоспорт шылым шегетіндер өкпесіне аса пайдалы. Жаттығу кезінде белсенді жұмыс істеген өкпе өзінде жиналып қалған токсикалық заттарды жылдамырақ шығаруға бейім болады.

Аяқтың тамырларының варикозды кеңеюіне генетикалық тұрғыдан бейімділігі бар адамдарға велосипед педальін айналдыру өте пайдалы. Аяқтың айналмалы қозғалысы кезінде қан тамырлар бойымен бұрынғыдан қарағанда 3 есе жылдам ағады.

Барлық дәрігерлер айтынша, велосипед өте пайдалы спорт түрі. Біріншіден жүгіруге қарағанда велосипедте аяққа соққылы жүктеме жоқ, бұл буындар үшін пайдалы. Екіншіден, аяқ әрдайым жазылып бүгіліп отырады. Соның арқасында вена тамырлары ішіндегі қысым жоғарылап, қан ағу жылдамдығы жоғарылай түседі. Барлық тамырлы хирургия дәрігерлері бір ауыздан айтады: аяқ тамырларының варикозды кеңеюі кезінде кейбір спорт түрлері зиян. Абсолютті түрде барлық динамикалық спорт түрлері жарамайды, мысалы футбол, баскетбол, гантельдермен жаттығу, жүк көтеру. Варикозы бар науқастарға тек велосипедпен шектелу ұсынылады. Артық күштеме түсірмей, біркелкі тепкен велосипед мұндай науқастар аяғы үшін ең жақсы спорт түрі.

Қандай жермен жүрсеңіз де велосипедте отырған адам көзі әрдайым жан жаққа қарап отыруға мәжбүр. Көз айналадағы, алдындағы заттарға, далаға барлық бөгеттерге қарау арқылы әрдайым жаттығу үстінде болады. Көз бұлшықеттерінің бұлай жаттығуы, жаққынан көргіштікті (близорукость) алдын алады.

Тірек қимыл жүйесі. Веложаттығу кезінде дененің көпшілік бұлшықеттері қызмет етеді. Әсіресе аяқ, жамбас, пресс. Әрдайым велосипед тебу осы бұлшық еттерді жаттықтырып, оларды шыдамды әрі күшті ете түседі (целюлит, варикоз аурулары жайлы ұмытуға болады). Сонымен қатар аяқтағы барлық буындар жүйесі де белсенді қызмет етіп, жаттыға түспек.

Велосипед тебу

Зат алмасу. Велосипедпен жүру денедегі артық салмақты керемет жояды. Орташа есеппен бір сағаттай велосипед тебу шамамен 200-500 калория жоғалтуға себеп. Физикалық жаттығу зат алмасуды белсенді қылып, аяқтың, жамбастың әрі белдің сымбатты болуына себеп.

Велосипедпен жүру  – бұл тек қана олимпиядалық спорт түрі емес бұл әлеуметтік жағдайды жақсартатын себептердің бірі.

Веложарыстар, велосипед тебушілердің жиындары көп жағдайда жаңа достардың пайда болуына, жаңа танысуларға алып келеді.

Тіпті жаңа велосипедпен жүріп жүрген адам өзін бір жарысқа қатысса немесе өздігінен айтарлықтай алыс қашықтықты жүріп өтуінің өзі ақ, оның өз өзін сезінуін жақсартып (повышает самооценку), белсенді жарысқұмарлық, жеңістің тәтті дәмін сезіндіреді.

Ал енді велосипедтің ағзаға теріс жарқтарын талдай кетейік.

Қуанышымызға орай бұл минустардың бәрін алып тастауға және жеңуге болады.

Бірінші қателік ол велосипед орындығының дұрыс таңдалмауы және велосипедисттің дұрыс отырмауы. Велосипед орындығында әрдайым шонданай сүйегімен (седалищный кость- лат. os ischii) отыру керек. Көпшілік адамдар бұны ұмытып, шатаралықтағы жұмысақ тіндермен отырып, нәтижесінде келесі күні шатаралығында ауырсыну тәрізді ыңғайсыздықтар пайда болады. Әрдайым мұнай жағдайда велосипед тебу ер адамдарда импотенция туындауына алып келеді деген зерттеулер бар.

Әйел адамдар үшін де велосипедте дұрыс отырмау, шатаралықтың жаншылуына, қанайналым төмендеуіне алып келіп, жыныс ағзаларының сезімталдығын төмендетуі мүмкін.

Әйелдер және ерлер велоорындықтары
Әйелдерге және ерлерге арналған орындықтар. Байқасаңыз әйелдердің орындығындағы отыратын жері біраз кеңректеу болады. Бұл әйел жамбасының анатомиялық ерекшелігін ескеріп жасалған.

Мұндай жағдайды болдырмау үшін әйел адамдар үшін және ер адамдар үшін бөлек велосипед орындығын алу керек. Көпшілік спорттық велосипедтер ер адамдар орындығымен сатылады. Әйел адам үшін арнайы бөлек орындық алу керек. Әйел адамдар орындығының ерекшелігі оның жамбас бөлігі кеңірек болып, әйелдер шонданай сүйегімен толықтай отыра алуында.

Шонданай сүйегімен дұрыс отыру
Велосипед орындығына шонданай сүйегімен дұрыс отыру

 

Велосипедте дұрыс отыру
Орындықта дұрыс отырудың тағы бір көрінісі. Бұл жерде байқасаңыздар шонданай сүйегі арқылы отыру көрсетілген.

 

Велосипедте дұрыс отыру
Шонданай сүйегімен отырғанда шатаралығындағы жыныс ағазалрына баратын барлық жұмсақ тіндер бос тұрады.

Тағы бір айта кететін жайт, велосипед педальін айналдыру жеңіл болу керек. Егер велосипед педальі ауыр болатын болсы оны айналдыру үшін артық күш жұмсаумен қатар бұл тізе буынына артық күштеме түсіреді. Әрдайым өз мүмкіндігінен артық күшпен жұмыс істейін тізе буынында артроз дамып, буындардың зақымдалуына алып келеді.

Сондықтан велосипед алу кезінде әрдайым арнайы жылдымдық ауыстырғыш жұлдызшалары бар велосипед таңдау керек. Мұндай велосипедтердің артықшылығы, қара жолмен жүрген кезде мөлшері кіші жүлдызшаға цепьті түсіріп, велосипед педальін жеңілдетуге болады. Ал таза асфальт тәрізді біркелкі жерде үлкен жұлдызшаға ауыстырып, жылдымдықты арттыруға болады.

Велосипед қазақша
Жұлдызша ауыстырғышы бар (переключатель скоростей) велосипед көрінісі. Ең ыңғайды әрі жүрісін жеңілдететін велосипедтер тобы

Әрине бұл жұлдызша ауыстырғышы жоқ, әдеттегі велосипедтерді көп жағдайда (кеңес одағы кезіндегі немесе ресейлік велосипедтер) мүлдем тебуге болмайды деген сөз емес, тек оларды өте ұзақ қашықтыққа тебуге жарамайтынын айтқымыз келеді. Күнделікті тебуге олар да жаман емес.

Қарапайым велосипед
Жұлдызша ауыстырғышы жоқ, әдеттегі қарапайым велосипед. Бұл велосипед тобы қаладағы біркелкі таза жолдармен асықпай жүруге арналған.

ЕСКЕРТУ! Велосипед тебу кезінде әрдайым жарты саған немесе 1 сағат сайын аз мөлшерде су ішіп отыру керек. Себебі велосипед ағзаның суды жоғалтқызатын ең белсенді спорт түрлерінің бірі. Сонымен қатар велосипедте ең белсенді жұмыс істейін буын ол ТІЗЕ БУЫНЫ. Белсенді жұмыс істеген тізе буынында, сұйықтық деңгейі азайып отырады. Сондықтан жоғалған суды қалпына келтіру үшін су ішіп отыра аса маңызды. Аз аздан су ішіп отырып сіз тізе буынында артроз дамуын алдын аласыз. (байқасаңыз көпшілік велоспортшылар әрдайым су ішіп отырады, бұл шөлдегеннен бөлек, тізе буынындағы суды орнына келтіру үшін жасалатын жағдай).

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!