Антибиотикті қалай қолдану керек?

Бұлшықетке салатын антибиотикті тамыр ішіне салуға бола ма?

Бастан өткен оқиға: Осыдан 2 жыл бұрын ауылды жерде жергілікті терапевт болып қызмет еткенімде бір танысым бұлшықетке тағайындалған антибиотик цефазолинды қалай қолданғандығы жайлы айтты, ол бұлшықетке цефазолинды лидокаинмен бірге қолданса да ауру сезімімен жүретіндіктен, бұл антибиотикты лидокаинмен сол қалпында тамыр ішілік жібермекші болады. Ол 1 г цефазолинды  5 мл 1%-дық лидокаинға араластырып, кейін  5-10 секунд ішінде тамыр ішілік жіберген. Екі препаратты тез уақыт аралығында жібергеннен, ары қарай тамыр ішілік бұл дәріні пайдалануға кері әсер сезімі болуына байланысты қасындағы адам қолдандырмаған. Пайда болған кері әсер туралы төменде айтылады, ал әлгі танысым дәріні қайтадан бұлшықетке пайдалана бастады. Бұл мақалада, бұлшықетке тағайындалған антибиотикты тамыр ішілік пайдалануға бола ма және антибиотик ұнтағын немен араластыру қажеттігін түсіндіреміз.

1976 жылдан бастап барлық антибиотиктерді екі топқа бөлу қарастырылған. Бірінші топ антибиотиктерінің әсері ошақта сақталу уақытына байланысты, екінші топ – ошақтағы максималды жоғары концентрациясына байланысты.

Бактерия сезімталдығына антибиотиктер екі түрлі әсер көрсетеді:  

  • бактериостатикалық (грек. statike — қозғалыссыз) —бактерияның өсуі мен көбеюінің тоқтауы;
  • бактерицидты (лат. cidere — өлтіру) — бактерияларды өлтіру, кейінен ыдырату.

Кейбір антибиотиктер тек бактериостатикалық әсер көрсетеді. Басқа антибиотиктер аз дозада бактериостатикалық әсер береді, ал жоғары дозада — бактерицидты әсер береді.

  • Тамыр ішілік препаратты енгізген кезде қанда оның жоғары концентрациясы анықталады және бірден төмендейді, себебі дәрілік зат тіндерге кетеді және бауыр немесе бүйрек арқылы шығарылады.
  • Бұлшықет арқылы енгізген кезде дәрілік зат қанға баяу сіңіріледі және ұзағырақ әсер етеді, бірақ пиктік концентрациясы тамыр ішілік енгізгенге қарағанда азырақ.
  • Дәрілік затты ішке қабылдаған кезде баяу сіңірілу және ағзадан баяу шығарылу жүреді, пиктік концентрациясы төмен болады.

Әсері уақытқа байланысты антибиотиктер

  • Әдісі (қайда) және саны (тәулігіне неше рет) бұл топ антибиотиктері қанда және инфекция ошағында өзіндік концентрацияны минимальдыдан жоғары, максималды жоғары деңгейде ұстауға негізделген. Басты параметр — уақыт, сол аралықта антибиотик деңгейі минимальдыдан жоғары деңгейде болады.
  • Сонымен, бірінші топқа жататын антибиотиктер үшін уақыт маңызды (әсер ету ұзақтығы). Бұл топ антибиотиктері бұлшықетке тағайындалады, себебі тамыр ішілік пайдалану кезінде әсері аз болады. Интенсивті терапия бөлімінде препараттың тұрақты концентрацияда ұстау үшін тамыр ішілік катетор арқылы енгізген кезде арнайы дозатор қолданылады(инфузомат, инфузионды насос, инфузор, шприцты насос), ол арқылы дәрілік затты бірнеше сағат бойы енгізуге болады.

Уақыт маңызды антибиотиктер (алғашқы 4 топ  бета-лактамды антибиотиктарға жатады):

  1. Пенициллин: бензилпенициллин, ампициллин, амоксициллин, оксациллин, карбенициллин, тикарциллин, азлоциллин

Бензилпенициллинның натрий тұзы  флаконда физиологиялық ерітіндімен (0,9% натрий хлорид ерітіндісі), инъекцияға арналған сумен  немесе 0,25—0,5% новокаинның ерітіндісімен араластырылады. Бұлшықет ішілік енгізіледі тәулігіне 4-6 рет, тамыр ішілік енгізу де рұқсат етілген (тек инъекцияға арналған сумен немесе физиологиялық ерітіндімен араластыру қажет).

Бензилпенициллинның  новокаин тұзы (бензилпенициллин прокаин) инъекцияға арналған сумен немесе физиологиялық ерітіндімен араластырылады. Оны тамыр ішілік енгізуге болмайды, ол бұлшықет ішілік енгізіледі.

Пенициллинның ұзартылған формасы немесе бициллиндер (бензилпенициллин бензатин), тек бұлшықет ішілік енгізіледі, себебі олар қиын ерітіледі, баяу сіңіріледі және қанда пенициллинның қажетті концентрациясын ұстап тұрады.

  1. Цефалоспориндер: цефазолин, цефалексин, цефепим, цефиксим, цефоперазон, цефотаксим, цефпиром, цефтазидим, цефтриаксон, цефуроксим
  2. Карбапенемдер: меропенем, эртапенем, дорипенем.
  3. Монобактамдар: азтреонам.
  4. Макролидтер:эритромицин, рокситромицин, кларитромицин, олеандомицин, спирамицин, мидекамицин.

Назар аударыңыз: азитромицин (саудалық атауы — сумамед), макролид тобы, антибиотиктердің екінші тобына жатады. Оның әсері максималды концентрациясына байланысты. Себебі азитромицин жасуша ішінде жинақталады және жасуша ішілік патогендерге эффективті. Азитромицинның тіндер мен жасушаларда концентрациясы қан  сарысуымен салысырғанда 10-50 рет жоғары, ал сау тіндермен салыстырғанда, инфекция ошағында —24-34% жоғары. Азитромицин тәулігіне 1 рет қабылданады. Оны тамыр ішілік бірден немесе бұлшықетке енгізуге болмайды, тек ішке немесе тамыр ішілік баяу енгізуге болады.

антибиотикті қай жерге салады?

  1. Линкозамидтер: линкомицин, клиндамицин.

Әсері концентрациясына байланысты антибиотиктер

Антибиотиктердің екінші тобы максималды әсерін максималды концентрациясына жеткен кезде береді. Оларды тамыр ішілік енгізуге болады:

Екінші топты антибиотиктер:

  1. Аминогликозидтер: гентамицин, амикацин, канамицин, нетилмицин, стрептомицин, тобрамицин, фрамицетин, неомицин.

Аминогликозидтер ішекте сіңірілмейді, сондықтан ішке ішек санациясы үшін ғана қабылданады (жоғары токсигенділігіне байланысты неомицин тек ішке қабылданады). Аминогликозидтер бұлшықетке тәулігіне  2-3 рет қабылданады, бірақ жүргізілген зерттеулер бойынша тәуліктік дозасын бірден күніне 1 рет тамыр ішілік енгізу кезінде эффективтілігі бойынша кем түспейтіндігі, арзан және кері әсерін аз беретіндігі байқалған. (аминогликозид бүйрек және ішкі құлақ қызметіне кері әсер етеді). Тамыр ішілік енгізілуге болмайтын жеке жағдай  бактериальды эндокардит (қақпақшалармен бірге, жүректің ішкі қабатының зақымдалуы), ол кезде бұлшықет ішілік енгізілу қажет. Қарт адамдарда және бүйрек қызметі бұзылыстары бар адамдарда абайлау қажет, аминогликозидтің тәуліктік дозасын бұлшықетке бөлшектеп енгізу қажет және енгізу алдында препараттың деңгейін қанда анықтап алу қажет.

  1. Фторхинолондар: офлоксацин, ципрофлоксацин, норфлоксацин, ломефлоксацин, левофлоксацин, спарфлоксацин, грепафлоксацин, моксифлоксацин, гемифлоксацин, гатифлоксацин.

Жануарларға жүргізілген зерттеулер бойынша тамыр ішілік тәуліктік дозасын енгізу жоғары антибактериальды әсерін көрсеткен, бірақ жоғары концентрацияда фторхинолондар нерв жүйесі бойынша кері әсер шақыруы мүмкін, сондықтан фторхинолонның тәуліктік дозасы тамыр ішілік тамшылатып 60-90 минут бойы енгізіледі.

  1. Тетрациклиндер: тетрациклин, окситетрациклин, доксициклин, миноциклин, тигециклин.
  2. Азитромицин: (макролид тобынан бөлек).
  3. Ванкомицин

Антибиотик уколдары үшін еріткіштер:

Инъекциялық дәрілік формалар үшін 5 еріткіш қолданылады:  (флакондағы құрғақ затты еріту үшін):

  • инъекцияға арналған су
  • изотониялық (0.9%)  натрий хлориды
  • глюкоза ерітіндісі (жиі 5%),
  • новокаин ерітіндісі
  • лидокаин ерітіндісі

Инъекцияға арналған барлық еріткіштер дәріханадан алынуы қажет, стерильды және қолданар алдында ғана ашылуы қажет. (ампула, флакон).

Мақаланың маңыздысы:

Енгізуге байланысты антибиотиктер екі топқа жіктеледі. Бірінші топ үшін уақыт маңызды (қандағы қажетті концентрацияны тұрақты ұстап тұру) бұған барлық бета-лактамды антибиотикитер (пенициллин, цефалоспорин, карбапенем, монобактам), макролид (азитромициннан басқасы ) және линкозамид жатады.

Екінші топ үшін ошақта антибиотиктің пиктік концентрациясы маңызды, оларға аминогликозид, фторхинолон, тетрациклин, азитромицин және ванкомицин жатады.

Ұзартылған антибиотиктерді тамыр ішілік енгізу қарсы көрсетілген, оларды тек бұлшықетке тағайындайды (мысалы, бициллин-1, бициллин-3, бициллин-5). Егер бициллинды тамыр ішілік енгізсе ауыр асқыну  —  өкпе тамырлары және бас ми тамырларының эмболиясы дамуы мүмкін (ерімейтін бөлшектермен тығындалу), нәтижесінде сол ағзаның инфарктісі және өлімге әкелуі мүмкін. Бициллинды артериалды енгізу ұсақ артерияларды бітеп, аяқтың немесе басқа мүшелердің гангренасына әкелуі мүмкін. Бициллинды бұлшықетке енгізер алдында  шприц поршенін өзіңізге тартып көрген дұрыс, шприцқа қан түспейтіндігін байқау үшін ( ине тамырға түспегендігін тексеру үшін).

Тамыр ішілік енгізу үшін антибиотикты инъекцияға арналған сумен араластырады. Қолдану инструкциясында көрсетілген болса, физиологиялық ерітіндімен  немесе 5%- глюкоза ерітіндісімен ерітуге болады. Ауырсынулы әсерлі инъекция кезінде  антибиотикті бұлшықетке енгізу үшін лидокаин қолданылуы мүмкін.

Егер арнайы қолдану инструкциясында көрсетілмесе антибиотикты бір шприцте басқа дәрілермен бірге енгізуге болмайды. Мысалы, препараттың өзара инактивациясы болуы мүмкін — белсендігін жоғалту (мысалы, пенициллин және цефалоспориндер аминогликозидпен араласқан кезде  аминогликозидты инактивирлейді, бірақ жеке енгізген кезде ағзада бір – бірінің әсерін жоғарылатады). Антибиотиктер мен басқа препараттарды өзіңізге өзіңіз енгізу дұрыс емес. Жана дайындалған антибиотик ерітінділерін бірден пайдалану қажет, ерітілген антибиотиктер еріткішпен әсерлесуі мүмкін, сондықтан сақтауға келмейді. Антибиотикті қолдану түрінің ақырғы қорытындысын дәрігер шешеді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Антибиотиктер. Түрлері, пайдаланылуы
  2. Рациональды антибиотикотерапия принциптері

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!