Босанудан кейінгі күтім

Босанудан кейінгі кезең күтімі

Босанудан кейінгі кезең –  жанұя үшін маңызды және жауапкершілікті кезең. Бұл кезең 8-9 аптаға созылады. ( ұрық жолдасы туғаннан бастап, барлық ағзалар мен мүшелер өз қалпына келетін кезең). Жатыр іші қалпына келген кезде босанудан кейінгі бөліністер бөлінеді – лохия, жарадан бөлінетін секрет болып табылады. Босанудан кейінгі кезеңде уақыт өте лохия құрамы өзгеріп тұрады: алғашқы күндері ол қан тәрізді болады, ал төртінші күннен бастап қоңыр – қызыл түске ауысады, ал оныншы күні ол сұйық, ашық түске ауысады және қан жолақтарынсыз болады, ал үш аптадан соң мүлде болмайды. Әйелде жатыр жиырылуына байланысты жағымсыз сезімдер болуы мүмкін. Дискомфортты азайту үшін, алдыға еңкейіп, ішке массаж жасау қажет. Егер жағымсыз сезімдер бала емізген кезде болса, тиімді басқа жағдай табыңыз, бір қырына жатып емізуіңізге болады. Іштің ауруы басқа себептен де болуы мүмкін, пресс бұлшықеттерінің ауырсынуынан болады, ол үшін босаңсып жатып, жеңіл массаж жасауыңызға болады.

Бала емізбейтін көптеген әйелдерде босанудан соң, 6 -8 аптада менструация пайда болады, ол жиі аналық жасушадан жұмыртқа жасушасының шығуынсыз дамиды. Бірақ кей жағдайда алғашқы айларда жүктілік және овуляция дамуы мүмкін. Ал, бала емізетін әйелдерде менструация ұзақ уақыт келмеуі мүмкін. Қалыпты босанудан кейінгі кезең әйелдің қалыпты жағдайымен, дене температурасының қалыпты болуы және жеткілікті лактация арқылы көрінеді. Инфекциялық асқынулардың алдын алу үшін қатаң түрде санитарлы – эпидемиологиялық ережелерді сақтап, жеке бас гигиенасын орындау қажет.

Босанудан кейінгі кезеңдегі гигиена:

Басты мақсат қатаң түрде тазалық сақтау.

  • Босанған әйел күніне екі рет душ қабылдауы қажет және сүт безін сабындап жуу және тістерін күнделікті тазалауы қажет.
  • Ерекше көңілді қол тазалығына беру қажет, тырнақтарыңыз алынған, қолды сабынмен бала емізер алдында жуу қажет. (егер қолыңыз кір болса балаға инфекция әкелуіңіз мүмкін)
  • Гигиеналық шаралар арасында сыртқы жыныс еріндерін тазалықта ұстау маңызды.
  • Дәрет алған кезде арнайы сұйық сабынмен және жылы сумен, әрбір дәретке барған сайын жуу қажет. Жуған кезде жыныс еріндерін алдынан артына қарай жуған дұрыс, яғни қасағадан анусқа қарай. (дәретке жиі барып тұрған дұрыс, зәрге толған қуық жатыр жиырылуына мүмкіндік бермейді). Дәрет алу алдында қолды сабынмен тазалап жуу қажет.
  • Төсеме (прокладка) тазалығын қамтамасыз ету қажет, толуына баланыссыз әрбір 3-4 сағат сайын ауыстырып тұрыңыз.Төсемені алған кезде алдынан артына қарай алу қажет, анустан микроорганизмдер қынапқа түспеуі үшін. Шап бөлігінде тігістер болса оны тазалап жуу қажет, ағып тұрған сууды тігіске қарай бағыттап жуу керек, болған соң құрғатып тазалап сүрту қажет.
  • Босанудан кейінгі кезеңде 6 аптада ваннаға түспеу қажет, себебі қынап кіреберісі толықтай жабылмаған, сумен бірге микроорганизмдер түсуі мүмкін. Онымен қоса өзен, көл, теңізге де түсуге болмайды.
  • Қысып тұратын іш киім кимеу қажет, ол шап аймағына қысым түсіріп, қан айналымын бұзады және тезірек жазылуына бөгет болады.
  • Тігістер болған жағдайда әйел адамға 7- 14 күндей отырмау керек. (зақымдалу деңгейіне байланысты) Ал, унитазға босанғаннан бірінші күннен бастап отыра беруге болады. Көп әйел адамдар ауырсынудан қорқып, дефекацияға бармайды, нәтижесінде шап аралық бұлшықеттеріне қысым түсіп, ауырсыну үдей түседі. Босанғаннан кейін іш қату болса, әр тамақ алдында 1 қасық өсімдік майын пайдаланыңыз.
  • Іш киім мен төсек орын синтетикалық емес маталардан болу қажет. Іш киімді күнделікті ауыстыру қажет, ал төсек орында әрбір 5 күн сайын ауыстырған дұрыс.
  • Кесер тілігінен кейінгі тігістер алынған соң, душқа түсе беруге болады, бірақ тігіс аймағын қатты ысқыламау қажет. Алдыңғы құрсақ маңындағы ауырсыну сезімін арнайы бандаж қолдану арқылы басуға болады. Бандаж 4 ай бойы қолданылады. Алғашқы екі – үш айда бала салмағынан ауыр салмақты көтеруге тиым салынады.
  • Егер тігіс аймағы қызарып, қан және ірің пайда болса, ол тігістің іріңдеуі және ашылуынан болуы мүмкін. Онда міндетті түрде әйелдер консультациясына қаралу қажет.
  • Босанудан кейін жыныстық қатынасты 6-8 аптадан соң бастаған дұрыс. Осы уақыт аралығында әйел ағзасы қалпына келіп үлгереді. Дәрігер контрацептива түрлерін түсіндіреді.
  • Келесі жүктілікке дейін ағза қалпына келуі үшін 2 жыл қажет.

Босанудан кейінгі тамақтану

Бала емізетін әйелдің тамақтануы калориялы болуы қажет (3200 ккал), қажетті көлемде ақуыз, май, көмірсу және витаминдерге бай болуы дұрыс. Тағамнан ащы, қуырылған, қақталған, консерві тағамдары және алкоголь мен аллергенді (шоколад, цитрус, кофе) тағамдарды алып тастау қажет. Босанған әйелдің тамақтануы 5- 6 реттік болуы қажет. Тағамдары құнарлығы бойынша, яғни ақуызға бай және асқазан – ішек жолында ауыр қорытылатын тағамдарды күннің бірінші бөлігіне (ет, балық, дақылдар), ал екінші күн бөлігіне сүтті – өсімдік тағамдарын қолдану қажет.

Ерекше жағдайлар

Босанудан кейінгі жағдай ылғи жақсы өтпеуі де мүмкін. Дәрігер көмегі қажет болатын жағдайлар жиі кездеседі. Өз жағдайыңызға көп мән беруіңіз қажет, дене температураңызды өлшеп тексеріп тұру қажет, себебі дене температурасының жоғарылауы босанудан кейінгі кезеңнің алғашқы асқынуы болып табылады.

Босанудан кейінгі асқынулар.

Жатыр жағынан болатын асқынулар:

Жатыр субинволюциясы – жатырда босанудан кейінгі бөліністердің болуына байланысты, жатыр жиырылуының төмендеуі. Босанудан кейін 5 – 7 күндері пайда болуы мүмкін, жатыр мойны каналының қан ұйындысымен бітелуіне байланысты немесе баланыс аппаратына байланысты жатыр бүгілуі. Жатыр құрамының инфицирленуіне байланысты,  жатыр шырышты қабатының қабыну процессі дамиды  – эндометрит. Эндометрит дамуына әкелетін факторлар: ауыр босану, босану кезінде плацента бөлінуінің дұрыс болмауы, жүктілік кезіндегі жыныс жолдарының  инфекциялық аурулардың болуы, иммунитет бұзылуы, аборт. Аурудың симптомдары: дене температурасының жоғарылауы,  лохияның жағымсыз иісі, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну. Бұндай симптомдар болған жағдайда дәрігерге қаралу қажет, аурудың себебін анықтау үшін ультрадыбысты зерттеу, қажетінше оперативті шаралар қолданылады. Оперативті шаралардан соң міндетті түрде антибиотиктер тағайындалады.

Сүт безі жағынан болатын асқынулар:

Лактостаз – сүт безінде сүттің тұрып қалуы. Бұл кезде сүт безі ісініп, ауырсынады, тығыздалу ошақтары пайда болады, қысқа уақытты дене температурасының жоғарылауы болады. Жеке өзі лактостаз ауру болып саналмайды, тек уақытында сүтті сауып алу, сұйықтық қабылдауды шектеу, ауырсынатын омыраумен баланы жиі емізуді қажет етеді. Егер оған инфекция қосылса, ол лактациялық маститке айналады. Ол кезде шұғыл түрде медициналық көмек және антибиотикотерапия мен қажетінше операция керек. Омыраумен емізу туралы шешім аурудың сатысына байланысты индивидуальды түрде шешіледі.

Тағы бір асқыну емізікшелерде жарылудың болуы. Басты себебі баланы омырауға дұрыс салмау, яғни бала бүкіл ареола емес, тек емізікшені ғана қамтиды. Бұлай емізу ана үшін ауырсынулы болып табылады, бұл қауіптің басты сигналы. Бала емізу анаға ауырсыну шақырмауы қажет. Сүт без емізікшелерін жара жазатын дәрілермен емдеу қажет.

Гипогалактия – сүттің толық емес түзілуі. Сүтті түзілуін жоғарылату үшін ана баласын жиі емізуі қажет, түнгі емізулерді жібермеу қажет және бір емізген кезде екі омырауын да беру қажет. Ана сұйықтық көп пайдаланып, дұрыс тамақтанып, жақсы ұйықтауы қажет.

Жатыр мойны тіндерінің және қынаптың, сонымен қоса тері жағынан болатын асқынулар:

Бұл тіндердің қабынулы жарасы босанудан кейінгі жара болып табылады. Инфекция қосылған кезде бұл жара ісінеді, іріңдейді және ауырады. Бұл жараны антисептикалық  заттармен өңдеу, ал қажетінше хирургиялық өңдеу қажет.

Венозды жүйе жағынан болатын асқынулар:

Геморроидальды түйіндер (тік ішектің варикозды кеңейген тамырлары) ауырсынудың бір себебі болып табылады. Қысылған кезде олар үлкейіп, ісінулі және ауырсынумен болады. Ауырсынуды басу міндетті түрде гигиена (әрбір дәретке барған соң душ қабылдау) және ауыратын жерде мұз басу қажет. Дәрігер тағайындауына байланысты дәрілер қабылдауына болады.

Тромбофлебит – венозды жүйенің қабынуымен және венада тромб пайда болуымен жүретін ауру. Босанудан кейін жамбас веналарының тромбофлебиті дамиды. Жиі босанудан кейін үшінші аптада пайда болады. Симптомдары бойынша ол эндометритқа ұқсас болып келеді, бірақ емдеу әдісі басқаша. Венозды жүйе асқынуларының емін хирургтар қадағалайды.

Ұқсас материалдарды оқи кетіңіз:

  1. Босануға физио- психопрофилактикалық дайындық
  2. Емізуші әйел дұрыс тамақтануы
  3. Омыраумен емізу ережелері

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!