Күннен қорғайтын көзілдірік пайдасы. Дұрыс таңдау

Күн көзінен қорғайтын көзілдірік

Асмик Амбарцумян. Дәрігер – офтальмохирург, медицина ғылымының кандидаты, ғылыми-практикалық «Көруді қалпына келтіру орталығы»

Ерте кезден бастап ата – бабаларымыз күн көзі адамға үлкен көлемде көруіне пайдалы емес екендігін айтқан. Фараон Тутанхамон мәйітінде археологтар қара түсті көзілдірікке ұқсас зат тауып алған. ХVI ғасырда көзілдірік жасайтын мамандар жарық жұтынуын жоғарылату үшін бағалы тастарды үгітіп қосқан. Бұндай қымбат көзілдірікті тек бай адамдар ғана сатып ала алған. Казіргі таңда күннен қорғайтын көзілдіріктер ультрафиолет сәулесінен қорғайтын міндетті атрибут.

Күн жарығынан қорқыныш

Ақырғы жылдары дәрігерлер күн көзінде ұзақ болмауға шақырады. Оған екі себеп бар.

 №1 себеп: заманауи адамдардың өмір сүру ұзақтығы бұрынғы кезге қарағанда ұзарды. Яғни, біз оларға қарағанда көбірек күн көзінде боламыз, тек көзіміз емес бүкіл ағза. Ультрафиолет сәулесінің әсері айтарлықтай әсерін көрсетеді.

№2 себеп: атмосфераның озонды қабатының бұзылысы. Қазіргі кездегі адамдардың «белсенді» өмір сүруіне байланысты озонды қабат азайып ақырғы он жылдықта 12% көлемде азайған. Озонды қабаттың азайғаны таулы аймақтарда және қыстың күні оңтүстік аймақтарда сезіледі. Мамандардың айтуы бойынша озонды қабаттың ісік ауруларының  4% жоғарылауына әкеледі. Бұның барлығы атмосфераның ультрафиолет толқындарын ұстай алмауының төмендеуі, соның ішінде ең қауіптісі қысқа толқынды сәулелер.

УФ сәулесі

Жарық көзі ретінде табиғи (күн көзі), сонымен қоса жасанды (компьютер дисплейі және т.б.) Жарық – электромагнитті сәулеленудің радио толқындары тәрізді түрі. Бұл толқындар әртүрлі ұзындықта болады. Оптикалық сәулелену шкаласы жер бетінде нанометрмен өлшенеді және 290 нан 1 000 000 нм диапазонда таралады.

Ультра-фиолеттік сәулелену

С В А

Көк жарықИнфра қызыл сәулелену
200                400          500            600             700

Толқын ұзындығы(нм)

Суретте көрсетілген жарық толқындар арқылы  400 нм ден  700 нм дейін  «таралады».  Дәл солар көз торында орналасқан нерв жасушаларын қоздырады және жарықтық қоздыру пайда болады, нәтижесінде осы толқындарға байланысты адам күннің жарығын “ақ түс” ретінде қабылдайды. Ақ түс призмадан өткен кезде немесе белгілі заттардан шағылысқан кезде ол жеті түрлі кемпірқосақ түстеріне тарайды. Шағылысқан түсті біз обьекттің түсі ретінде қабылдаймыз. Ол 400 нм ден 700 нм диапазонындағы  көрінген жарықтың қоспасы болып табылады. Адам көзі  400 – 500 нм ұзындықтағы толқындарды көк түс ретінде, 500 – 600 нм жасыл түс ретінде, 600 – 700 нм қызыл түс ретінде қабылдайды. Табиғатта кездесетін барлық түстерді осы үш толқын ұзындығының интенсивтілігін өзгерте отырып алуға болады. Әр түстен 100% тұратын қоспа ақ түсті туындатады. Әр түстен  0% тұратын қоспа түссіз немесе қара түсті береді. Көрінетін жарық адам көруі үшін қажет, бірақ айқындығы жоғары жарықтың көк жолағы 400 ден 500 нм дейін болса, адам көзі үшін зиян.

Ультрафиолеттік қысқа толқынды диапазон 100–400 нм шамасында орналасады. Күн спектрінің УФ-зонасының төрт аймағын бөліп қарастырады: А (320-400 нм), В (280-320 нм), С (190-280 нм) және V (100-190 нм). УФ ең зиян спектрі V және С толықтай атмосфераның озонды қабатымен бөгеледі. Сондықтан көзге әсер ететін зиянды УФ сәулесін айтқан кезде УФ-А (жақын, жұмсақ УФ) және УФ-В (алыс, қатаң УФ) айтамыз. Екіншісі әсіресе көзге зиян, ол таулы аймақтарды “қарлы” соқырлық шақырады, сонымен қоса электрлік сваркілеу кезінде, бактерцидтік ультрафиолеттік шамдарды дұрыс қолданбаған кезде көздің күйюіне әкеледі. УФ сәулелер күн спектрінде әртүрлі ауа – райында сақталады, сондықтан олар аса зиян және көзге көрінбейді. Бұлтты күні УФ-сәулелену аздап азаяды. Күнделікті адам қабылдайтын УФ – сәулеленудің 50%  шашыраған және көлеңкелік ультрафиолет болып табылады. Сонымен қоса, құм, су, әсіресе қардан шағылысқан УФ сәуле интенсивтілігі тікелей күн сәулесінен де жоғары болады.

Күн сәулесінен қорғайтын көзілдіріктің пайдасы

Көздің табиғи қорғаныш қасиеті жеткіліксіз, сондықтан адамға қосымша қорғаныш көзі керек. Бірақ, барлық күн көзінен қорғайтын көзілдіріктер пайдалы емес екенін де білу қажет. Сондықтан олардың пайдасын дұрыс білу үшін оларды дұрыс таңдау қажет. Күн көзінен қорғайтын көзілдірік сатып алмас бұрын окулистке баруыңыз қажет. Егер сіздің көзіңіздің көруі нашар болса дәрігер диоптриямен қажетті күннен қорғайтын көзілдірік таңдап беруге көмектеседі. Дәрігер тек ультрафиолет жарығын өткізбейтін және көк пен фиолет түсін әлсіздендіретін күннен қорғайтын көзілдірік тағуды ұсынады.

Күн көзінен қорғайтын көзілдірікті таңдау критерилері

Қорғаныш дәрежесі бойынша

Cosmetic (косметикалық) категориясы  –  сәндік және заманауи аксессуар. Олардың күн көзін жұту қасиеті жоғары емес.

General категориясы – ол жақсы, жазғы, күннен қорғайтын көзілдіріктің бірі, орта жолағындағы адамдарға арналған қорғаныш қабілеті бар. Ол қатты интенсивті емес қалалық аллея мен жол шетіне арналған деңгейде қорғайды.

High UV–protection жазуы бар көзілдіріктер жоғары қорғаныш қасиетіне ие. Бұндай көзілдіріктер экватор-тропикалық елдерге саяхат кезінде немесе жағажайда демалған кезде, таулы аймақтарда таптырмайтын қорғаныш көзі.  Ондай көзілдіріктер макисмальды қара линзалы және жоғары дәрежеде ультрафиолет сәулесінен қорғайтын, көк аймақты көру спектрі бар көзілдірік топтамасы болып табылады. Оларды көздің торы ауыратын науқастарға үнемі тағу ұсынылады.

Егер сіз сапалы емес пластик,  ультрафиолет сәулесін өткізетін  көзілдірікті таққан болсаңыз, көз қарашығы аз интенсивті күн сәулесіне реакция береді, нәтижесінде көзге көбірек ультрафиолет сәулесі және көк түс енеді, яғни сіз көзіңізді қорғаудың орнына бұндай көзілдірікпен көзіңізді күйдіретін сәулені екі есе қабылдайсыз. Күнделікті өмірде онша қара емес жарық өткізгіш дәрежесі 50% дейін болатын  көзілдірік таққан дұрыс, себебі тым қара линзалар көзді шаршатады. Күн көзінен қорғайтын көзілдірік киген кезде сіз өзіңізді ыңғайлы сезінуіңіз керек. Орташа есептегенде қалыпты көру үшін көзге 20–30 рет азырақ жарық қажет, бірақ әр адамның жарыққа қажеттілігі әр түрлі болады.

УФ сәулесін өткізу дәрежесі бойынша

 «Қолданушылар құқығы бойынша» күннен қорғайтын көзілдірік этикеткамен және түсінікті тілде барлық информация жазылған болуы тиіс. Ультрафиолеттік сәулелену UV аббревиатурасымен белгіленеді. Жақсы көзілдіріктерде UVB- және  UVA сәулесін бөгейтін процент  жазылуы тиіс. Мысалы: «Blocks at least 95% UVB and 60% UVA». Мағынасы: «95% УФ-В және 60% УФ-А өткізбейді». Кейде этикеткада линза өткізбейтін, шектелген толқын ұзындығы көрсетіледі. вlue-blocker көзілдіріктері УФ – сәулемен қоса таңдамалы түрде көк спектр бөлігін ұстап қалады. Егер, көзілдірік 400 нанометр (нм) барлық толқын ұзындығын өткізбейтін болса, ондай көзілдірік көзді толықтай ультрафиолет жарығынан қорғайды. Бұндай күннен қорғатын көзілдіріктің эффективтілігін тексеру үшін, көзілдірікті бірнеше күн киіп, қараған кезде көздің маңайында күнге күймеген  «маска» болады. Егер көзілдірік 359 нм дейін толқын өткізетін болса, онда бұл көзілдірік ультрафиолеттің жартысын өткізетіндігін айтады және көзіңіздің қорғанышы толық емес болады. Көзілдіріктің ультрафиолеттен қорғанышын анықтау үшін арнайы құрылғылар қолданылады, сондықтан оптика  салонына барып анықтап алуыңызға болады (спектрофотометр, калориметр немесе қарапайым тестер).

Күннің көзінен қорғайтын көзілдіріктер

Материал түріне байланысты. Күн көзінен қорғайтын қандай көзілдірік таңдаған дұрыс – шыны немесе пластик? Шыны күн көзінен қорғайтын көзілдіріктердің басты тиімділігі – қара түсті болмаса да ультрафиолет сәулесін өткізбейді. Бірақ олар ауыр және зақымдалған кезде көзге зиян. Пластикалық линза технологиясының дамуына байланысты бүгін ситуация өзгерген.  Пластик шыныны ығыстырды, себебі ол екі есе жеңіл және сынбайды. Сонымен қоса, полимерлі композицияға жарық жұтатын қоспалар енгізіледі – ультрафиолет абсорбері және органикалық бояулар.

Көзілдірік шынысының түсі бойынша. Сәндік әртүрлі түсті көзілдірік тағу сән үлгісіне айналды, бірақ әртүрлі линзалы көзілдіріктер зиянсыз дүние емес. Заманауи ғалымдардың айтуы бойынша әртүрлі түсті фильтрлер көздің  бір фоторецепторларының жұмысын күшейтіп, келесі түрлерін азайтады, ол өз кезегінде торлы қабатта суреттің сапасын өзгертеді. Адам белгілі көлемдегі информация көлемін әртүрлі көру қысымымен көреді. Көзілдірік сататын дүкендерде спектральды мінездемені анықтауға мүмкіндік жоқ, сондықтан тек мамандардың сөзіне құлақ асқан дұрыс.

Қызғылтым (розовые) күн көзінен қорғайтын көзілдірік. Имидж аксессуары ретінде әдемі, бірақ олар қараюдың төмен дәрежесіндегі көзілдіріктер. Бұл дәрежеде күн жарық кезде әлемге толықтай қарау сізге ыңғайлы болмайды. Бұндай көзілдіріктер компьютер алдында жұмыс істеуге ыңғайлы, себебі олар түсті компьютер экранындағы суреттің контрасттылығын күшейтіп, көру қажуын азайтады.

Қызыл күн көзінен қорғайтын көзілдірік. Олардың түсі нерв жүйесін тітіркендіреді, сондықтан адамдар тезірек шаршайды.

Сары күн көзінен қорғайтын көзілдірік. Әлемді ашық түсті етеді, әсіресе бұлтты күндері. Олар контрасттылықты күшейтеді, кеш құрым, тұман және ауа райы қолайсыз кезде,  жүргізушілерге  тиімді, себебі жолда көргіштікті жақсартады. Бұл фильтрлер көздің көру күштемесін төмендетеді, көру сапасын жақсартады, көру реакциясын жақсартады және жолда аварияларды азайтады.

Қызғылт сары (оранжевые) күн көзінен қорғайтын көзілдірік. Түнгі кезде адам көзіне жарықтың шағылыстыру әсерін төмендетеді, соның ішінде қарсы машина фар жарығын да азайтады. Сонымен қоса, адам жарық түскен заттарды анық көреді, жарықпен шағылысқаннан кейін көруі тез қалпына келеді. Шынылары көз рецепторларына ұзын толқындарды өткізеді (қызыл, сары, жасыл), көк түстің спектрінің жартысын азайтады.

Жасыл күн көзінен қорғайтын көзілдірік. Табиғатта демалуға жақсы, теннис ойнаған кезде, балық аулап, автомобиль жүргізу кезінде тиімді. Жасыл түс көз рецепторларын жайландырады және қатты тітіркендіргіш күн көзіне қарсы тұруға көмектеседі.

Көк күн көзінен қорғайтын көзілдірік– бұндай түсті көзілдірік әдемі, бірақ жүргізушілерге тағуға болмайды, себебі ол жарық таралуын бұзады және бағдаршам түстерін ауыстырып алуға мүмкіндік жоғары.

Күлгін түсті күн көзінен қорғайтын көзілдірік. Егер жеңіл қоңырқай түсі болса көзге комфорт сыйлайды.

Күн көзінен қорғайтын көзілдіріктердің басқа түрлері

Жарыққа сезімтал немесе Фотохромды, халықта бұндай әйнектерді  “хамелеон” деп атайды. Олар тек көруі нашар адамдарға арналған. Бұндай линзалар үнемі көзілдірікті далада және кеңседе болсын тағып жүретін адамдар болмаса, басқаларға қажетсіз болып саналады. Ал қажет адамдарға “хамелеон” заттың түсін әртүрлі қылып әлсіз немесе күшті қылып жарықтандыруы мүмкін.  «Хамелеон» көзілдіріктерін таңдаған кезде әйнектеріне қараңыз, қараю бірдей болу қажет. Күн көзінде қараған кезде екі линза бірдей синхроннды түрде қараю керек, ал электрлік жарықтандыру кезінде төзу қажет, яғни өзгеріссіз болу керек.

Поляризацияланған көзілдіріктерді жиі жүргізушілер, аңшылар тағады. Заманауи технологияларға байланысты линзалар поляроидты пленкадан тұрады.  Қара поляризацияланған линзалар жарықты жақсы өткізеді, бірақ  ультрафиолет сәулесін қағады. ОЛ туралы «UV 400» жазуы дәлел, яғни жүз пайызды қорғаныш.

Айна жабындысымен қапталған көзілдіріктер. Әр түрлі түсті болады: жылтыр ақ, сары, қызғылт – қызыл,  күлгін түсті. Ондай линзалар күн жарығын жақсы қағады және көзге қажетті комфорт береді.

Градиентті жабындылы көзілдіріктер (жоғары жағы төменгісіне қарағанда қаралау) жүргізушілерге өте ыңғайлы: жоғары жағы қара, көзге жақсы қорғаныш береді, ашық төменгі бөлігі аспап тақтасын панельін қарауға жақсы шолу.

Спорттық көзілдіріктер формасына байланысты (бетке жақын орналасады) және тығыз материалдардан жасалады.  Бұндай көзілдіріктерде  пластик орнына  кевлар қолданылады – ол мықты және коррозияға ұшырамайды. Үнемі машина жүргізетін жүргізушілерге ойлап табылған көзілдіріктер  қарама – қарсы келе жатқан машина жарқын жарығынан қорғайды: антибликті жабынды “қоян” пайда болуын алдын алады, мультижабынды комплексті қорғаныш береді: су жұқпайтын, антибликті және  сызаттар түспейді.

Көзілдірікті дұрыс таңдау

  • Егер сізге күн көзінен қорғайтын көзілдірік қажет болса жақсы дүкендерден алған дұрыс, себебі жақсы көзілдіріктер арзан тұрмайды. Көзілдірікті тағып көріңіз, мұрын қалқанын қыспай ма және басыңызды төмен түсірген кезде көзілдірік төмен түспеу қажет.
  • Линза сапасын тексере отырып, эксперимент жүргізуге болады: көзілдірікті тағып, түстің таралуына қараңыз. Жарық интенсивтілігі төмендеген кезде түстер өзгермеу керек. Ақ түс ақ болып, басқа түстер қосылмау қажет. Кішкентай объект, мысалы ағашта отырған торғайды алыңыз және оны толықтай қараңыз, кейін көзілдірікті шешіп салыстырып қараңыз. Егер ешқандай өзгерісті байқамаған болсаңыз көзілдірікті дұрыс алдыңыз деген сөз.
  • Егер түсті линзамен көзілдірік киген болсаңыз және барлық түстер өзгерген болса ол түп нұсқа емес, яғни жасанды көзілдірік. Себебі фирмалық линзалар барлық түстерді шынайы сақтайды және тек аздап қана өзгереді.
  • Линза өлшемін таңдау кезінде, көзілдірік тек қарашықты ғана емес бүкіл көз айналасындағы теріні де қорғауы қажет.

Күн көзінен қорғайтын көзілдіріктерге күтім.

  • Арнайы көзілдірік тұратын қаптама сатып алыңыз және көзілдірікті тек сонда сақтаңыз
  • Үстелге немесе басқа жерге көзілдірікті әйнегімен төмен қаратып қоймаңыз, себебі сызаттар түсуі мүмкін.
  • Линзаларды жұқа жұмсақ тері (тонкой замшей) немесе түкті матамен сүрткен дұрыс.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!