Сүт безінің ҚАТЕРСІЗ ісіктері

омырау обырыАдамда сүт бездері 15 – 20 безді бөліктерден тұрады. Жалпы омырау дәнекер тіндер және май қабатымен қоршалған. Сүт жолдары  омырауда радиалды бағытта орналасады. Көбінесе рак сүт өзектерінің ішкі қабығы-шырышты қабатынан,сирек жағдайда оның алвеоларынан дамиды. Сүт бездерінің өсіп-жетілуі ішкі секреция бездерінің (гипофиз, қалқанша без) бөліп шығаратын гормондарына байланысты. Cүт бездерінің жағдайына эндокриндік жүйенің аурулары үлкен әсер етеді. Мысалы, қыздар мен әйелдерде жыныс органдарының (аналық жұмыртқаның) жұмысы бұзылса, Cүт бездерінде қатерсіз ісіктер пайда болады.

Сүт безінің рагы жасушалардың қалыпты өсу және олардың көбеюінің бұзылуы нәтижесінде безді тіндердің өсуімен сипатталады.

  • —Омырау  бездерінің қатерсіз ісіктері- полиэтиологиялық ауру  болып табылады.    Оның пайда болуына  бiр немесе бiрнеше этиологиялық факторлар әсер  етуі  мүмкін.
  • —дисгормоналдық өзгерiстер
  • —аналық бездер ,сүт безiнiң, гипофиздін , қалқанша без, эстрогендердiң функциясынын бұзылысы
  • —организмның гормон регуляциясының қайта құруы
  • — қоректенудiң тәртiбi
  • —Тұқым  қуалаушылық  фактор
  • —Нейроэндокринді бұзылыстар
  • —психикалық стресс эндокрин бездерiнiң секреторлық функциясының өзгерiсiне алып келуі  мүмкін.

Омырау  бездерінің қатерсіз ісіктері 30  жасқа дейінгі әрбір 4  әйел  адамда кездеседі,  ал  40  жастан  аскқан  әйелдерде 60%  пайызында кездессе, ал 75 жастан асқан  әйелдерде 80%  омырау  бездерінің қатерсіз ісіктері  кездеседі.

Омырау  бездерінің қатерсіз ісіктерінің түрлері:

  1. Фиброаденома
  2. Папилломалар
  3. Липомалар
  4. Мастопатиялар

Фиброаденома – сүт безiнiң қатерсiз iсiгi, дәнекрлеуші тіндері мен эпителиальды элементтерден тұратын қатерсіз ісік. Мастопатиясының формаларының бiрi, гормон дисбалансының фонында пайда болады.

Формасы дөңгелек , шар  тәрізді  тығыз түйiн болады. Фиброаденома  қатерлі  ісіктерге  қарағанда  қозғалмалы болады.  Өлшемі 2 мм ден 5-7 см  дейін  кездеседі. Фиброаденома  эстрогендер  ықпалына байланысты,  менустралды   циклда және жүктілік кезінде оның өлшемі өседі. Менопаузадан кейін  эстрогендердің  деңгейі  төмендеу нәтижесінде  фиброаденоманың   көлемі  кішірейеді, ал гормон алмастырушы терапия  ағзада  эстрогендер  деңгейін көтере  отырып , сүт  безінің   фиброаденомасының  өз  көлемін сақтап калуға жағдай туғызады.

Түтік  іші папилломалар сүт безiнiң тармақтарының эпителиында  пайда болады.

Олар кез келген жас шамасында дами алады – постменопаузаға пубертат мерзiмiнен. Макроскопиялық карағанда сүт безiнiң түтік  іші папилломачсы  киста  сиякты еміздік  тәрізді болып көрінеді. Клиникасы ісiктiң төңiрегiдегi қан құйылу және некроздар болуы мүмкiн.

Қатерсіз папиллома (өзекше ішіндегі диффуздық папилломатоз) сүт бездерінің сот жолдарында орналасатын түйіндеме болып табылады. Папилломалар әдетте жалғыз және көпше түрде болады. Клиникалық белгісіне жүктілік немесе емізу кезеңінен тыс емшек ұшынан бөліністердің шығуын жатқызуға болады. Бөліністердің түсі мен сипаты қан аралас немесе мөлдір сары болады. Емшек ұшынан бөлінетін сұйықтықтың мұндай сипаты фиброзды-кистозды өзгерістер мен өзектер кеңеюі кезінде кездеседі. Өзек ішіндегі өсінділерді анықтаудың жалғыз жолы дуктография (сүт безі өзегінің контрасты затқа толтыру) болып табылады. 

Липома – май тіндерінен туындайтын қатерсіз ісік. Сүт безiнiң  липомасы өсiмтал май ұлпасынан және  сыртын қоршаған капсуладан  тұрады.Сүт безiнiң барлық  катерсіз ісіктерінде 9% жағдайларында кездеседi.  Диагностикасы   УДЗ ,маммография, термомаммография , окоцитология.Емі  хирургиялық  жолмен   алып тастау. Хирургиялық  жолмен   алып тастаудан кейін :

  • Қабынуға  қарсы преппараттар
  • Иммуномодярлы  препараты (циклоферон, иммунал)
  • Витаминді препараттар  (А,В,С,Е)
  • Гомеопатикалық  заттар  (мастодинон, эдас )

Мастоптия: 

  • Эстероген гормонының кобею салдарынан сүт безінде ісік алды аурулар пайда болады. Қазіргі кезде оларды мастопатия деп атайды. Мастопатия өте жиі кездесетін ауру. Оған дәнекер және шырышты қабаттағы клеткалардың пролиферациялы гиперплазисы мен дисплазиясы жатады. Ол үш сатыдан тұрады:
  • 1-дәрежелік гиперпазиясы мен дисплазиясы.
  • 2-дәрежелік гиперпазиясы мен дисплазиясы.
  • 3-дәрежелік гиперпазиясы мен дисплазиясы.

Бұлардың 1-ші дәрежелік гиперплазиясы, нақты ісік алды емес, ал кейінгі 2-ші,3-ші дірежедегілері нақты ісік алды аурулар болып саналады. Гиперплпазия 1-2 осу дәрежесі дәрі дәрмектермен емделеді, ал 3-ші өсу дәрежесінде операция қолданылады.

 Клиникасы:

  • Омырау   безінде тығыз түйіннің  пайда болуы.
  • Омырау безі аумағындағы терінің  өзгеруі( терінің  қалындауы, түсінің  өзгеруі,  емізікше   немесе   ареола маңында   жараның   пайда болуы)
  • Қолтық асты аймақтағы   лимфа түйіндерінің   үлкеюі.Үлкейген лимфа түйіндерінде  пальпация кезінде ауырсыну  байқалады.
  • Емізікшені   қысқан кезде  бөліністің  шығуы. Бөлініс    мөлдір  немесе қан  аралас болуы мүмкін.
  • Сонымен  қатар  температураның   жоғарлауы ,  омырау безінің   ауырсынуы  байқалады.

 

Диагностика жасау: Фибрааденоманын диагностикасында пальпациялау, маммография, УДЗ жасап, биопсия алынады. Биопсияда  атипиялық  клеткалар  табылады. Ақырғы диагноз iсiктiң алып тастаудан кейiн гистология зерттеу негiзiнде қойылады . 


сүт безі қатерлі ісігі
Түтiк iшi папиллома диагностикасы тексеру арқылы жүргiзiледi, қолмен басып қарау, маммография, УДЗ, цитологиялық зерттеу. Наукас  дәрігерге ауырсыну сезімі . Оның сипаты және емшектен болінетін боліністерге шағымданады.

Пальпация кезінде Iрi тармақтардағы емшек жанындағы аймағындағы дөңгелек тығыздауды бар болу және оларды  қолмен  басқанда  емізікшеден  бөліністер шығады.

Дуктография – жалғыз және түтiк iшi папилломасын диагностикасын ақпарат беретін әдiс, бұл  әдіс  контрасты заты  енгізу  арқылы ренгенографиялау.

Емі:

  • Омырау  безінің  қатерсіз ісіктерін  емдеу  асқынусыз өтеді,  егер де   әйел   адам  уақытында  қаралса.
  • Мастопатия  аурудың  ауырлығына байланысты  медикоментозды   немесе  оперативті  емделуі  мүмкін.
  • Фиброаденома   және түтікішілік  папиллома   тек  қана   оперативті  емделеді.
  • Қатерсіз   ісіктердің  басқа  түрлері  науқастын индивидуальді  жағдайына және  аурудың   асқыну  дәрежесіне  байланысты емделеді.

Сонымен қатар СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ісігі жайлы осы сілтемеден оқыңыз

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!