Гидроцеле (су шемені) және Фуникулоцеле

Гидроцеле және фуникулоцеле (қазақша айтқанда  су шемені “аталық безбен ұрық бауының қабығына судың жиналуы”) – құрсақ қуысының астарының қынап тәрізді өсіндісінің қуысының бітелмей қалуына байланысты пайда болатын ауру. Қалыпты жағдайда нәресте өмірне келген соң бұл өскін бітеліп, аталық безді орап жатқан бөлігі оның қабығына айналады. Егер қынап тәрізді өскін ұзын бойына бітелмей қалса, онда сұйықтық құрсақ қуысынан ағып келіп аталық без қабығының ішіне жиналады. Оны аталық без бен ұрық бауы қабықтарының құрсақ қуысымен байланысатын су ісігі дейді.

гидроцеле қазақша су шемені
қалыпты және гидроцеле кезіндегі ұма

Егер қынап тәрізді өскіннің төменгі бөлігі бітеліп, жоғарғы бөлігі құрсақ қуысымен байланысты болса, ол – ұрық бауының қабығымен байланысатын су ісігі деп аталады. Қынап тәрізді өскіннің тек ортасы ғана бітелмей сұйық жиналатын болса, ол – ұрық бауының қабығымен байланыспайтын су ісігі немесе ұрық бауының торсылдағы деп аталады.

Гидроцеле және фуникулоцеле пайда болу себебі. Гидроцеленің пайда болуы, қынап тәрізді өскіннің қабырғаларының сіңіру қасиетінің төмендеуімен және аймағының лимфа тамырларының толық жетілмеуімен байланысты, сәби өсе келе ол азайып, мүлде жоғалып кетуі мүмкін. Ересектерде гидроцеленің пайда болуына жарақат пен қабыну да әсер етеді.

Гидроцеле сипаттамалары:

  • Жұмыртқа қабығына су жиналуы;
  • Жұмыртқа қабығы мен ұрық бауының байланысатын су ісігі;
  • Ұрық бауы қабығына су жиналу;
  • Ұрық бауының торсылдағы.гидроцеле қазақшаГидроцеле түрлері

Гидроцеле клиникалық көрінісі: Егер гидроцеле бір жұмыртқада болса, ұманың осы жақ бөлігі, ал екі жағында да болса, ұманың екі жағы да үлкейеді. Жұмыртқаның құрсақ қуысымен байланысатын су ісігі-шап өзегінің сыртқы шеңберінен бастап ұманың түбіне дейін созылатын сопақшалау жұмсақ серіппелі ісік. Пальпация жасағанда ауырмайды.

Құрсақ қуысы мен жұмыртқа қабығының арасындағы құрсақ астары өскінінің қуысындағы қақпақша болатын болса, жұмыртқа қабығына жиналған сарысу тырсылдап кернеп кетеді де, бала мазасызданады.
Ұрық бауының қабығында пайда болатын торсылдақтың сырты жұмыр, дөңгелек не сопақша болып, төменгі және жоғарғы шеттері анық білінеді.

Гидроцеле мен фуникулоцеледе шап жарығымен ажырату диагнозын жүргізу керек. Шап жарығында, жарық дорбасындағы құрылымды құрсақ қуысына енгізгенде жарыққа тән “шұрқ” еткен дыбыс естіледі және шап аймағындағы ісік жоғалып кетеді. Жұмыртқа мен ұрық бауы қабықтарының құрсақ қуысымен байланыспайтын су ісігі болса, оның ішіндегі сұйық күш жұмсап итергенмен кірмейді. Баланы шалқасынан жатқызып ісікті ақырындап басып, сұйықты құрсақ қуысына итергенде, ісіктің көлемі біртіндеп кішірейеді.

гидроцеле қазақшагидроцеле кезіндегі ұманың үлкеюі

Гидроцеле және фуникулоцеле диагностикасы:

Диафоноскопия жасау. Диафоноскапия жасағанда су ісікке ғана тән жарқырап көрінетін белгілерді анықтауға болады. Диафоноскапияда шап жарығында жарық күңгірттеніп көрінеді.

Гидроцеле емі. Алғашқы 2-3 жылдың ішінде құрсақ қуысы астарының қынап тәрізді өсіндісінің өздігінен бітуі нәтижесінде гидроцеле мен фуникулоцеле өздігінен жоғалуы мүмкін. Сондықтан операцияны 3 жастан бастап жасаған дұрыс.
Көп жағдайда Винкельман және Росс, Бергман әдістері қолданылады.

  • Винкельман әдісі – су ісігінің қабығы тілініп, ол жұмыртқа және оның қосалқыларының сыртына қарай айналдырып тігіледі.
  • Росс әдісі – қынап тәрізді өскін шап өзегінің сыртқы шеңберінде тігіліп, екі жағына байланады, төменгі бөлігінің біразы кесіп алынады, жұмыртқа қабығына сұйық шығу үшін тесік жасалады.
  • Бергман әдісі – су ісігінің қабығын сарысудан босатып, қайталанбас үшін түгел кесіп алып тастайды.

Егер 2 жасқа дейін балаларда жұмыртқа қабығының кернелген су ісігі жедел пайда болып, мазасыздандырса, инемен сарысуды сорып алу керек. Содан кейін ұмасының сыртынан қап кигізіп көтеріңкіреп таңып қою керек(суспензорий). Бұл жұмыртқаға түсетін қысымды уақытша азайтып, операцияны бала өскенше шегеруге мүмкіндік береді.
Егер балада жарақат әсерінен не Винкельман не Росс операцияларынан кейін ауру қайталанса, Бергман операциясы жасалады.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!