ІС-ӘРЕКЕТ АЛГОРИТМІ
ОҚКЕ 4 станциясы
№4 станциядағы іс-әрекеттің жалпы қағидалары (жүрек аускультациясы)
Есеп №. Тапсырма. Шарттармен танысыңыз, қойылған міндеттерді аяқтап қорытынды жасаңыз.
№ | Қадамдар | Орындау критериі |
1 | Жүрек ұшының аускультациясын жүргізу (митральді қақпақшаның проекциясымен аускультация). | Сол жақтан, бесінші қабырға аралығының маңына, 1 см ішке қарай ортаңғы бұғана сызығы бойымен фонендоскопты қойыңыз. Іс-әрекетті баяндаңыз: «жүрек ұшы– митральді қақпақша». |
2 | Төстен оңға қарай екінші қабырға аралығымен аускультация жүргізу (қолқа проекциясымен аускультация). | Төстен 1 см оңға қарай, екінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Іс-әрекетті баяндаңыз: «қолқа». |
3 | Төстен солға қарай екінші қабырға аралығымен аускультация жүргізу (өкпе артериясының проекциясымен аускультация). | Төстен 1 см солға қарай, екінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Іс-әрекетті баяндаңыз: «өкпе артериясы». |
4 | Семсер тәрізді өсінді аймағында аускультация жүргізу (үш ашпалы қақпашасының проекциясымен аускультация). | Семсер тәрізді өсінді маңына фонендоскопты қойыңыз. Іс-әрекетті баяндаңыз: «үш ашпалы қақпаша». |
5 | Боткина нүктесін де аускультация жүргізу (қолқа қақпашасы проекциясымен аускультация). | Төстен солға қарай, төртінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Іс-әрекетті баяндаңыз: «Боткина нүктесі – қолқа қақпашасы». |
6 | Жүректің соғу жиілігін санау, интерпретация. | Сол жақтан, бесінші қабырға аралығының маңына, 1 см ішке қарай ортаңғы бұғана сызығы бойымен (жүрек ұшына) немесе басқа классикалық нүктеге фонендоскопты қойыңыз, 1 минуттың ішінде ЖСС санаңыз. Анықтамлған санды айтып, интерпретациялау. |
7 | Жүрек тондарын анықтап, сипаттама беріңіз. | Талдау жасау: _ . |
8 | Жүрек маңындағы шуларды анықтап, сипаттама беріңіз.
| Талдау жасау: _ . |
9 | Қорытынды жасау | Болжамды диагноз: _ . |
Ескертпе: 6,7,8,9 тармақтар – жауап нәтижелері таңдаған есепке байланысты, 1,2,3,4,5 тармақтар – барлық есептерде бірдей орындалады. Емтихандық есептердің, осы станция бойынша тәжірибелік дағдыларды игеру сабақтары мен дұрыс жауаптарын талқылау ОКО кестесіне сәйкес өткізіледі.