Асқазанды зонд арқылы жуу

Бағалау қағазы

Емтихан күні:  «____» __________ 20___

Мамандық: Жалпы медицина

Курс: 5

Студент №________________

Станция: Асқазанды зонд арқылы жуу

Кезеңдері 

Іс-әрекет кезектілігі

(қадамдар)

1Көрсеткіш-тер мен қарсы көрсетілім-дерді анықтау1. Көрсеткіштер: Сапасыз тағам өнімдерімен және   химиялық уланулардан кейін.
2. Қарсы көрсетілімдер:

– асқазанды зонд арқылы шаюға абсолютті қарсы көрсетілімдер: өңештің күрделі дивертикулдары мен тарылулары  (6-8 сағаттан асқан), қышқыл-сілтілермен күрделі уланулар болғаннан кейін (өңеш перфорациясы қаупі бар)

-салыстырмалы қарсы көрсеткіштер: миокард инфаркті, инсульттің жедел кезеңі, жиі тырысу ұстамаларымен жүретін эпилепсия (зондты  тістеп қалу мүмкіндігі бар)

2Коммуни-кативті дағдылар1. Науқасқа сыпайы сөйлеп, өзіңді таныстыру. Жасайын деп жатқан шараның мақсаты мен жолын түсіндіру. Зондты жұту кезінде жағымсыз әсер, жүрек айну мен лоқсу болуы мүмкін екенін түсіндіріп, оларды басу үшін мұрынмен терең демалу керектігін айту.
2. Науқастың келісімін алу.
3Асқазанды жууға дайындық1. Бұл шара орындықта отырып немесе бір қырында жатқан қалпында жасалады.
2. Ұзындығы 1-1,5м қалың асқазан зондын,  сыйымдылығы 0,5-1,0 л  воронка, су құйылған кувшин, 1% сода ерітіндісі немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісін, шелек және науқасқа клеенкалық алжапқыш дайындаймыз.
3. Науқастың аузынан алмалы тістерін алып тастаймыз және ауыз қуысын тазалаймыз. Егер науқастың есі анық болса алжапқышты кигізіп, орындыққа отырғызамыз. Алжапқыштың төменгі бөлігін  шелекке салып қоямыз.

 

4.Зондтың енгізілуіне қарай, ұзындығын анықтау:  зондтың жұмыр ұшын пациент кіндігіне қойып, жоғарғы күрек тісіне, одан құлақ сырғалығына дейінгі қашықтықты өлшейміз. Зондты енгізбестен бұрын оның өтуін жеңілдету үшін глицерин, сұйық май немесе вазелинмен өңдейміз.
 
4Асқазанға зондты енгізу техникасы1. Зондты тіл түбірінің артына тез енгізіп, науқасқа аузын жабуын және жұту әрекеттерін жасауын сұраймыз.
2. Зонд трахеяға түскен кезде (науқас жөтеліп, тұншығып, көгере бастайды)   зондты тез арада алып тастап және қайтадан енгізуді бастаймыз.
1.                 3. Зондтың дұрыс орналасқанын анықтау үшін, Жане шприціне 30-40мл ауа тартып оны зондқа  жалғаймыз. Фонендоскоппен бақылау арқылы ауаны енгіземіз. Тербелген дыбыстар естіледі.
5Асқазанға сұйықтықты бірінші рет енгізу1. Зонд асказанға тускеннен кейін, оның жоғары ұшына воронка кигізіп, оны іш аймағының тұсында ұстап тұрып, сұйықтық құйып, науқастың аузынан жоғары ақырын көтеру.
2. Біріншілікті енгізудегі сұйықтықтың мөлшері 1 л
3. Егер сұйықтық вороканың басына дейін жетсе,сонғы бөлігін төмен түсіріп,  асқазанды шайған жуынды суды шелекке ағызу керек.
6Асқазанды жуу1. Іс-шараны бірнеше рет қайталап, жуынды су тазаланғанша жалғастырамыз
2. Ересек адамдарда асқазанды жууға шамамен 8-10 л су , балаларда жасына 1 л су қажет. Күрделі уланулар болған кезде (мысалы, фосфороорганикалық қосындылармен) 30-60л ге дейін су қажет  етеді.

 

3. Жуынды судың  бірінші және соңғы порциясын лабораторияға зерттеуге жібереміз.
7Асқазан жууды аяқтауЖуынды су тазарған соң, воронканы шешіп, зондты тез арада алып тастаймыз.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!